Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тін» ымыны анытамасы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Қаңқалық бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі.

Физиологиялық қайта қалпына келуі. Қалыпты жағдайда қызмет етуі кезінде бұлшық ет талшықтарының бөліктерінің қартаюы мен бұзылуы жүреді. Қалпына келуі жасуша ішілікпен қоса, жасушалық қайта қалпына келу есебінен жүреді. Жасуша ішілік қайта қалпына келу кезінде қартайып келе жатқан органеллалармен бұлшық ет талшықтарының басқа да бөліктері қалпына келеді. Жасушалық қайта қалпына келу кезінде миосателлитоциттер көбейеді, миобласттарға айналады, кейіннен олар бұлшық ет талшығының құрамына қосылып, бұлшық ет талшығының бір бөлігіне дифференсалданады.

Репаративті қайта қалпына келуі. Ол да миосателлитоциттердің көмегімен жасуша ішілік және жасушалық деңгейде жүзеге асады. Бұлшық ет талшықтары зақымданғаннан кейін қайта келу процесінің ерте сатыларында, зақымданған жерде қабыну реакциясы дамиды. Онымен бір уақытта бұлшық ет талшықтарының бір бөлігінің бұзылуы, кейбіреулерінде зақымдалған жерден жойылуы жүреді. Қабыну инфильтратының жасушалар (нейтрофилдер мен макрофагтар)өлген тіндер бөлігінің, қарқынды түрде фагоцитоздайды, қалпына келу аймағын тазалайды. Фаготоциттердің өте күшті белсенденуі кезінде (тіндердің езіліп, жаншылып, өлуі кезінде байқалады) фагоциттердің секреция өнімдері бұлшық ет талшықтарын қосымша бұзуы мүмкін. Тіндердің бұзылуы кезінде түзілетін заттар (некрогомондар) кайта қалыпқа келуді күшейтеді. Бұл кезде бұлшық ет тінінің қалпына келуі қантамырлардың кайта калпына келуімен (реваскуляризация) бірге жүреді.

Бұлшық ет талшықтарының түрлері. Үш негізгі түрін ажыратады.

Тегіс (жазық) бұлшық ет тіндері.

Құрылысы. Ересек организмде тегіс бұлшық ет тіні асқорыту жолы мүшелерінің құрамына кіреді, қан және лимфа тамырларының, бронхиалды тармақтың, жатыр түтікшелерінің, жатырдың, несепағардың, қуықтың бұлшық ет қабықшаларынын құрайды, көк бауырдың капсуласының құрамына кіреді, эндокардта бар. Тамырлардың қабырғаларының тегіс бұлшық ет тіні бірнеше құрылымдық-қызметтік белгілері бойынша басқа жерде орналасқан бұлшық ет тінінен ерешеленеді.

Тегіс миоциттердің цитоплазмасының маңызды компоненті-жиырғыш ақуызды жіпшелер, немесе миофибрилдерді құрайтын миофиламенттер. Бұл жіпшелер миоциттің ұзын осінің бойымен, ал бір-біріне қатысты көлденең жолақтылықты құрамайтындай болып орналасқан. Жіңішке актинді миофиламенттер бір жағының соңымен тығыз денешікке бекиді. Қаңқалық бұлшық ет тінінен айырмашылығы, олар тек актин ақуызынан ғана тұрады (бұлшық етті және бұлшық етті емес), тропонин мен тропомиозині жоқ . Актинді жіпшелер қалың миозинді жіпшелермен жиырылғыш бірліктерді құра отырып өзара әсерлеседі. Қаңқалық бұлшық ет тінінің миозинді жіпшелерінен ерекшелігі, тегіс миоциттердің миозинді жіпшелері тұрақсыздау, миозиннің молекулалары тыныштық жағдайында деполимерленген түрде болады, және миозинді жіпшелер тікелей жиырылудың алдында жинақталу жолымен біріктіріледі, жиырылудан соң қайтадан ыдырайды. Сондықтан тегіс бұлшық ет тіндерінде миофибрилдер, саркомерлер құрамайды және көлденең жолақтылық болмайды. Қалың миозинді жіпшелердің миозин молекуларынан жинақталуы жиырылу кезінде жүреді, осы процесс, сонымен бірге актинді және миозинді жіпшелердің өзара әсерлесуі кальцидің қоры-СПР, кавеолалар мен митохондриялардан келіп түсетін кальций иондарын белсендіреді. Құрылып жатқан жиырылғыш бірліктер миоциттің ұзына бойына бұрыш жасай бағытталады.