Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тін» ымыны анытамасы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Ортаңғы құлақ

Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан, есту сүйектернен және есту түтігінен тұрады. Дабыл жарғағы бірқабатты жазық немесе текшелі эпитеий, меншікті табақшасы сүйек қабымен тығыз байланысты болады.

Есту сүйегі — табақшалы сүйек тінінен тұратын, буынның жоғарғы бөлімі гиалинді шеміршекпен жабылады. Сүйек сыртынан бірқабатты жазық эпителиймен тысталған. Олар есту тербелісін дабыл жарғағына береді. Сүйек көлденең-жолақты бұлшықетпен байланысты.

Есту (евстахиева) түтігі дабыл жарғағын мұрынжұтқыншақпен байланыстырады. Сүйек қабырғасы көпқатарлы кірпікшелі эпителийден құралған, меншікті табақшасы болады. Меншікті табақшасында қарапайым шырышты бездер, сонымен қатар лимфоидты тіннің жинақталуы, бадамша безінің түтікшесін түзеді. Дабыл жарғағының ішіндегі ауа қысымы есту түтігі арқылы реттеледі. Есту түтігінің жұтқыншақ өсіндісі жабық болады, тек жұтынғанда ашылады, өйткені дабыл жарғағының теп-теңдігін сақтайды. Қабыну кезінде есту түтігін қаптайтын өсінділерде мұрынжұтқыншақтың шырышты қабатында ісінуі жүреді. Есту түтігінің өсінділері жұтынғанда көрінбейді, дабыл жарғағының денесінде герметизация жүреді, әтижесінде теріс қысым пайда болып, ауаның кері сорылуы жүреді. Бұл құбылыс дабыл жарғағының өлуіне, есту суйегінің қозғалысының бұзылуына, уақыт өте келе естудің төменденуіне әкеледі..

Ішкі құлақ.

Ішкі құлақ сүйек лабиринтінен, оның ішінде орналасқан жарғақты лабиринттен тұрады. Жарғақты лабиринт аймақта есту, тепе-теңдік сақтау мүшелерінің рецепторлық жасушалары орналасады. Есту мүшесі спиральды мүшеде немесе ұлуда орналасады. Тепе-теңдік сақтау мүшесінің рецепторлық жасушалары эллиптикалық қапта, сферикалық қапта, жартылай иірімді каналдың ампула тәрізді аймағында орналасады.

Тепе-теңдік сақтау мүшесі немесе вестибулярлы аппарат.

Есту мүшесі ұлу каналында орналасады. Оның пішіні үшбұрыш тәрізді, оның жоғарғы қабырғасын - вестибулярлы мембрана құрайды, ол бірқабатты жазық эпителиймен қапталады. Сыртқы қабырғасын – тамырлы жолақ құрайды, ол көпқатарлы эпителиймен қапталады, құрамында қан тамырлары болады, ол ұлу каналының ішінде орналасқан эндолимфаны түзуге және есту мүшесін қоректендіруге қатысады. Ал төменгі қабырғасын – базиллярлық табақша құрайды.

Ішінен базальды мембранамен қапталады, онда есту мүшесі орналасады. Ол бағаналы, рецепторлық, тіректік эпителиоциттерден тұрады.

Бағаналы жасушалар бір-бірімен ұштары арқылы бірігіп үшбұрыш құрайды. Ортадағы қуысты тунель деп атайды. Туннельден тамырлы жолаққа қарай орналасқан жасушалар – сыртқы деп, ал қарама-қарсы – ішкі деп аталады.

Базальды мембранада орналасқан тіректік эпителиоциттердің екі түрін ажыратамыз:

  • сыртқы тіректік эпителиоциттердің пішіні басында призма тәрізді, тамырлы жолаққа жақындаған сайын биіктігі төмен текшеліге ауысады және тамырлы жолақтың эпителиімен жалғасады. Алғашқы 3-4 қатар орналасқан тіректік эпителиоциттердің апикальды ұшы ішіне қарай ойыстанған, ол жерлерде 3-4 қатар болып сыртқы рецепторлық жасушалар орналасады.(пішіні призма тәрізді)

  • ішкі тіректік эпителиоциттердің пішіні призма тәрізді, олардың апикальды бетінде бір қатар болып орналасқан ішкі рецепторлық жасушалар болады. Олар ірі, пішіні сауытша тәрізді.

Рецепторлық жасушалардың апикальды бетінен қозғалмайтын өсінділер – стереоциялар щығады. Олардың жоғарғы беті жабынды немесе текториальдымембранамен қапталады.

Қаптарда тепе-теңдік сақтау мүшесінің рецепторлық жасушаларының орналасқан аймағы – макула немесе дақ деп аталады. Ал ампула тәрізді кеңейген аймақ кристілер немесе айдаршалар деп аталады. Дақ пен айдаршалар тіректік және рецепторлық жасушалардан тұрады. Рецепторлық жасушалардың апикальды ұшынан екі түрлі өсінді шығады: көп мөлшерде қозғалмайтын – стереоциялар, тек бір қозғалатын – киноцилия жоғарғы полярлы орналасады. Дақтарда рецепторлық жасушалардың апикальдық ұшы отолиттік мембранамен қапталған. Айдаршалар желатинозды күмбезбен қапталады. Эллиптикалық қаптарда орналасқан рецепторлық жасушалар жазықтық үдеумен гравитациялық рецепторлары болып табылады. Ал сферикалық қаптарда орналасқан рецепторлық жасушалар гравитаци мен вибрацияның рецепторлары болып табылады.

Айдаршаларда орналасқан рецепторлық жасушалар бұрыштық үдеудің рецепторы болып табылады.