Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тін» ымыны анытамасы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Көрнекті материал

Тақырыбы: «Көру және иіс сезу мүшелері»

Дәрістің жоспары

  1. Сезім мүшелерінің қызметі

  2. Көз алмасының құрылысы

  3. Мөлдір қабықшаның құрылысы

  4. Торлы қабықшаның құрылысы

Сезім мүшелерінің қызметі

Сезім мүшелері – күрделі құрылымдық қызметтік жүйе, олар орталық жүйке-жүйесімен

сыртқы және ішкі ортаны байланыстырушы анализаторлар.

Әрбір анализатордың 3 бөлігін ажыратуға болады: шеткері, аралық, орталық. Олар рефлекторлық доғаның афферентті бөлімінде орналасады. Сезім мүшелері анализаторлардың шеткері бөлігін, өткізу жолдары аралық бөлігін, ал орталық бөлігін орталық жүйке жүйесі құрайды.

Сезім мүшелері 3 топқа жіктеледі:

І. 1-ші реттік сезім мүшелеріне көру және иіс сезу мүшелері жатады. Олардың құрамына ерекше рецепторлық жүйкелік жасушалар (нейросенсорлық) кіреді. Бұл жасушалар жүйке ұлпасынан дамиды, арнайы өсінділері болады (дендриттер). Дендриттер тітіркенуді қабылдап, оны нейриттер арқылы анализатордың аралық бөлігіне жеткізеді.

ІІ. 2-ші реттік сезім мүшелеріне дәм сезу, есту және тепе-теңдік сақтау мүшелері жатады. Бұл мүшелер эктодермадан туындайтын плакодардан дамиды. Бұл мүшелерде тітіркенуді қабылдауға маманданған эпителиальдық жасушалар (сенсоэпителиальдық) болады. Олардан өзгерген тітіркену жүйкелік жасушаларға жеткізіледі.

ІІІ. 3-ші реттік сезім мүшелеріне капсуламен қапталған және қапталмаған жүйкелік аяқтамалар жатады. Мысалы Фатер Пачени денешігі, Гербет денешігі. Кейде оларды тұйықталған және тұйықталмаған деп атайды.

Көру мүшесі

Көру анализаторының шеткері бөлігі көз болып табылады. Ол көз алмасынан және қосымша аппараттан тұрады.

Көз алмасы үш қабықшамен қапталған: фиброзды (склера, мөлдір қабықша), тамырлы және торлы (сенсорлы) және олардың туындыларынан (көз бұршағы, кірпікшелі денешік, алдыңғы артқы камералардың сұйықтығы, шыны тәрізді денешік т.б.) тұрады.

Көз алмасында 3 негізгі қызметтік аппаратты айырады: диоптрикалық, аккомодациялық, рецепторлық.

Дамуы. Көздің бірнеше даму негіздері болады. Торлы қабықшасы мен көз нервісі жүйке түтікшесінен туындайды. Одан көз көпіршіктері пайда болады. Бұл көпіршіктер көз сабағы арқылы эмбриональдық мимен байланысты. Көз сабағының бойымен тамырлар өтеді. Көз көпіршігінің алдыңғы бөлігі ішіне қарай ойысады, осының нәтижесінде оның пішіні бокалға ұқсайды. Көз бокалының ойығына қарсы орналасқан эктодерма қалыңдап, бокалдың ішіне ойысады да, эктодермадан бөлінеді.

Дамудың нәтижесінде көз бокалының ішкі қабырғасы көздің торлы қабықшасына, ал сыртқы қабырғасы оның пигментті қабатына айналады. Көз бокалының ішкі қабатының нейробластарынан фоторецепторлық жасушалар (таяқшалар мен сауытшалар) дамиды. Көз бокалының сабағы көздің торлы қабықшасында пайда болған ганглиозды жасушалардың нейриттерінен құралады (көз нервісі). Көз бокалының айналасындағы мезенхимадан көздің тамырлы қабықшасы және склера туындайды. Склераның алдыңғы бөлігі мөлдір қабықшаға (роговицаға) айналады. Көздің қарашығының бұлшықеттерінің даму көзі жүйкелік ұлпа болып табылады.