- •1. «Тін» ұғымының анықтамасы
- •2. Тіндік элементтер
- •3. Тіндердің жіктелуі
- •4. Эволюция барысында тіндердің дамуы
- •5. Тіндердің дің және дифференцияланған жасушалары туралы түсінік
- •6. Тіндердің даму негізі (көзі)
- •7. Камбиальдық және камбиальдық емес (тұрақты, стационарлық) тіндер туралы түсінік, олардың гистогенезінің механизімі
- •8. Регенерация.
- •Жабу эпителийінің морфологиясы Бір қабатты эпителий.
- •Эпителий тіндерінің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы
- •Көп қабатты эпителий.
- •Секреторлық циклдың сатылары.
- •Бездердің жіктелуі.
- •Бездердің морфологиялық жіктелуі. Бездердің құрылысы.
- •Қанның құрылысы
- •Қанның пішіндік элементтері
- •Агранулоциттер
- •Қанның адам жасына байланысты өзгерістері
- •Меншікті дәнекер тіннің жіктелуі
- •Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінінің құрылысы.
- •Жасушааралық затты
- •Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушалары
- •Ұлпалық базофил (лаброцит, тучные)
- •Көрнекі материал
- •Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер
- •Көрнекі материал
- •Қаңқалық тіндердің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
- •Шеміршектің әртүрлі түрінің ерекшеліктері
- •Көрнекі материал
- •Қаңқалық бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі.
- •Көрнекі материал
- •Тегіс (жазық) бұлшық ет тіндері.
- •Жалпы морфофункциональдық сипаттамасы
- •Көрнекті материал
- •Жүйкелік талшықтар
- •Көрнекті материал
- •Сезім мүшелерінің қызметі
- •Көз алмасының құрылысы
- •Көздің мөлдір қабықшасының құрылысы
- •Торлы қабықша
- •Иіс сезу анализаторы
- •Көрнекі материал
- •Есту және тепе -теңдік сақтау мүшесінің жалпы құрылысы
- •Ортаңғы құлақ
- •Тепе-теңдік сақтау мүшесі немесе вестибулярлы аппарат.
- •Спиральды мүшенің құрылысы
- •Көрнекі материал
Агранулоциттер
Лимфоциттер. Адам қанының құрамыда 20-35% болады (көлемі 4.5-10 мкм). Көлеміне орай оларды кіші (4.5-6), орташа (7-10) және үлкен (10 - >) деп жіктейді. Үлкен көлемді лимфоциттер жас балаларда кездеседі, ересек адамда болмайды. Ядролары базофилді, дөңгелек болып кездеседі.
Лимфоциттерді даму орнына, дифференцировкасына байланысты екі топқа бөледі: тимуске тәуелді Т-лимфоциттер, және В-лимфоциттер. Т-лимфоциттер антигендік ақпаратқа тәуелді төрт топқа дифференцияланады: цитотоксикалық (киллерлер) Т-лимфоциттер, көмекші (халперлер), басушы жасушалар (супрессорлар), есте сақтау жасушалары. В-лимфоциттер қызыл жілік майында дің жасушасынан дамиды, олар плазмоциттерге айналады. Ал плазмоциттер қорғаныш белоктарын (иммуноглобулиндер) өндіретін болғандықтан оларды иммуноглобулиндердің кластарына қарай бөледі. Лимфоциттерді аз және ұзақ өмір сүретін жасушаларға да жіктейді.
Моноциттер – ең үлкен жасушалар (олардың диаметрі 12 мкм, әйнекте 20 мкм). Қанда 6-8% болады. Ядролары полиморфты болады, көбінесе бұршақ тәрізді, кейде таға тәрізді болуы мүмкін. Цитоплазмасы ашық көкке боялады. Цитоплазмасында көптеген пиноцитоздық вакуольдер орналасады. Моноциттер организмнің макрофагтық жүйесіне немесе мононуклеарлық фагоцитарлық жүйесіне жатады. Қанда моноциттер 36-104 сағат болады. Тіндерге орын ауыстырған моноциттер макрофагқа айналады.
Тромбоциттер қызыл жілік майында болатын мегакариоциттердің цитоплазмасының үзіндісі. Олар 5-8 күн өмір сүреді, қанның ұюына көмектеседі. Әрбір тромбоцит гиаломерден және грануломерден тұрады. Тромбоцитердің бес түрін ажыратады:
Базофильді гиаломерлі, бірнеше азурофильді түйіршікті жас түрі
Жетілген, аз оксифильді гиаломері бар, қанық азурофильді түйіршікті түрі
дегенеративті (бұзыла бастаған)
гиганттық (тітіркенген) түрі
Лейкоцитарлық формула. Гемограмма
Лейкоцитарлық формула дегеніміз— қанның құрамындағы барлық лейкоциттердің пайыздық мөлшері.
-
Базофилдер
Эозинофилдер
Нейтрофилдер
Лимфоциттер
Моноциттер
Ж
Т
С
0,5—1
3—5
0—0,5
3—5
60—65
20-35
6—8
Цифрлармен лейкоциттердің пайыздық мөлшері берілген Ж — жас нейтрофилдер (метамиелоциттер), Т — ядросы таяқша тәрізді, С — ядросы сегменттелген нейтрофилдер.
Лейкоцитарлық формуланың диагностикада маңызы зор. Мысалы, клиникада келесі ұғымдар қолданылады: лейкоцитарлық формуланың солға және оңға ойысуы. Солға ойысу — жас және ядросы таяқша тәрізді нейтрофилдердің мөлшерінің артуы. Ол қабыну үрдісі кезінде байқалады. Оңға ойысу — нейтрофилдердің жас түрлерінің жоқ болуы. Ол нейтрофилопоэз зақымданған жағдайда байқалады. Лейкоцитоз кезінде "лейкемиялық ойық" (hiatus leukemicus) байқалады, яғни лейкоциттердің жас және толық дамыған түрлерінің мөлшері бірдей күрт артып, аралық түрлері байқалмайды. Эозинофилдердің мөлшерінің артуы (эозинофилия) аллергиялық реакциялар, глисттік инвазиялар және басқадай паразитарлық сырқаттар кезінде байқалады. Олардың санының төмендеуі жедел инфекциялар, глюкокортикоидтармен және адренокортикотропинмен емдеу жағдайында байқалады. Базофилдердің санының артуы (базофилия) терілік базофилдік сезімталдықтың (гиперчувствительность) артуы бронхиалдық астмада, ал төмендеуі қабыну үрдістері кезінде, тиреотоксикоз және қанның басқадай бірқатар сырқаттары кезінде байқалады.
Гемограмма дегеніміз— қанның пішіндік элементтерінің абсолюттік мөлшері, сонымен қатар, гемограммаға келесі көрсеткіштер кіреді: ретикулоциттердің мөлшері; эритроциттердің шөгу жылдамдығы (СОЭ); гемоглобин мөлшері; гематокрит және лейкоцитарлық формула. Төменде гемограмманың көрсеткіштері лейкоцитарлық формуласыз берілген.
Эритроциттер (109/л) |
Гемоглобин (г/л) |
Ретикулоциттер (%) |
СОЭ (мм/ч) |
Тромбоциттер (109/л) |
Лейкоциттер (109/л) |
Гематокрит (%) |
4-5,5 |
130-160 |
0,5—1 |
4-9 |
200-400 |
3-8 |
40/60 |
