Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тін» ымыны анытамасы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер

Бұл топқа ретикулярлық, май , шырышты және пигментті тіндер жатады. Оларға да меншікті дәнекер тіндердің құрылымдық принциптері тән. Олардың ерекшеліктеріне жатады:

  1. белгілі бір аймақта орналасуы (тек ақ май тіні ғана көп жерлерде орналасады)

  2. ерекше қызметтерді атқаруы

  3. бір дифферон жасушаларының басқаларынан басым болуы (тіннің түріне сәйкес)

  4. жасушааралық заттың белгілі бір құрылысының болуы

1. Ретикулярлық тін. Иммундық қорғау және қанжасау мүшелерінде орналасып, гемопоэз және иммунопоэз үрдістерін қамтамасыз етеді. Жасушалардан, жасушааралық заттардан тұрады. Ретикулярлық тіннің жасушаларына жатады: 1) ретикулярлық жасушалар (фибробластыларға ұқсас); 2) макрофагтар; 3) адвентициальды (аздифференцияланған) жасушалар. Ретикулярлық жасушалар өсінділі, олардың өсінділері бір-бірімен саңылаулы байланыстар арқылы байланысады. Ашық түсті ядролары, азоксифильді цитоплазмасы болады. Цитоплазмада белок синтезінің оргнеллалары орташа дамыған. Ретикулярлық жасушаларға түйісе ретикулярлық талшықтар орналасқан, олар жартылай цитоплазмаға кіре орналасқан. Ретикулярлық жасушалардың қызметі жасушааралық заттарды өндіру. Ретикулярлық ұлпаның макрофагтары полиморфты, қызметі де әртүрлі. Олар фагоцитозға қабілетті, секреторлық, реттеушілік, антигентаныстырушылық т.б. қызметтерді атқара алады.

Жасушааралық зат аморфты заттан және ретикулярлық талшықтардан тұрады. Негізгі аморфты заттың құрамы БТДТіндегідей. Ретикулярлық талшықтар III типті коллагеннен құралып, 3 жазықтықта орналасқан тор құрайды.

Ретикулярлық тіннің атқаратын қызметтері — трофикалық, тіректік, қорғаныш, реттеушілік және гомеостатикалық.

2. МАЙ ТІНІ. БТДТ бір түрі, оның құрамында липоциттер басым анықталады. Жасушалардан, жасушааралық заттардан тұрады. Жасушааралық заттың құрамы БТДТіндегідей. Липоциттер басым болады, бірақ олармен қатар басқадай да дәнекер тіннің жасушалары болады. Құрамына кіретін липоциттерге байланысты май тінінің екі түрі ажыратылады: ақ және қоңыр.

Ақ май тіні гиподерманың құрамында, ішмайда, бұлшық ет араларында, ішкі мүшелердің қабырғаларында орналасады. Ол келесі қызметтерді атқарады: 1. Қоймалау (Депо): 1) қоректік заттарды қоймалау — трофикалық қызмет; 2) су қоймасы (майлар ыдыраған кезде судың көп мөлшері түзіледі); 3) майда еритін витаминдерді қоймалау А, Д, Е, К, сонымен қатар стероидты гормондарды, әсіресе аналық жыныс гормондарын (эстрогендерді); 2. Энергия көзі. майлар ыдыраған кезде энергияның көп мөлшері түзіледі 3. Термореттеушілік қызметі майдың жылуды нашар өткізуіне байланысты және майдың ыдырауының суықта артуы арқылы жылу өндіру арқылы іске асырылады. 4. Қорғаныш-механикалық және тіректік қызметі оның қоршаған мүшелерін механикалық қорғаудан көрінеді. Тез арықтау барысында май ұлпасының көмегімен бекітілетін мүшелердің қалыпты орнынан ауысуы мүмкін, мысалы, бүйрек.; 5. Косметикалық: тері асты майы дене бітімінің қалыптасуына қатысады. 6. Кейінгі жылдарда ақ май ұлпасының эндокриндік қызметі анықталды, онда эстрогендер және тамақ ішуді реттеуге қатысатын гормон — лептин өндіріледі. Лептин гипоталамуста өндірілетін тамақ ішуді жоғарылататын ерекше нейропептидтің (нейропептид Y, NРY) өндірілуін тежейді. Ашыққанда лептиннің өндірілуі төмендейді, тойынғанда — артады. Лептиннің аз өндірілуі семіздікке әкеледі.

Ақ май тіні бір-бірінен БТДТ қабаттарымен бөлінген, липоциттерден құралған бөліктерден тұрады. БТДТ қабаттарында қан тамырлары, жүйкелік аяқтамалар орналасады. Липоциттерден басқа жасушалар да кездеседі, мысалы, фибробластылар макрофагтар, лейкоциттер т.б.

Қоңыр май тіні нәрестелер мен қысқы ұйқыға жататын жануарларда жақсы дамыған. Ересек адамдарда ол аз болады, ірі тамырлардың айналасында, бүйректің жанында, көкірекшеде орналасады. Құрамында қоңыр липоциттер және жасушааралық зат болады. Құрамында аздаған ақ липоциттердің кездесуі мүмкін. Липоциты бөліктерді түзейді, олардың арасында БТДТ өте жұқа қабатшалары болады. Тіннің тамырлануы өте жақсы жетілген, және симпатикалық жүйкеленуі де анықталады. Жүйкелік талшықтар әрбір қоңыр липоцитпен тығыз байланысқан.

Қызметі: 1 Термореттеу. 2. Май қоймасы.

3. ШЫРЫШТЫ ТІН. Бұл эмбриональдық дәнекер тін. Өзгеріске ұшыраған БТДТ болып табылады. Оның құрамында талшықтар өте аз болады, ал гиалурон қышқылы өте мол анықталады. Ұрықтарда кіндік баудың құрамында, амнионның қабырғасында кездеседі. Ересектерде көз алмасының шыны тәрізді денесінің құрылысы оған ұқсас болады.

Жасушалардан және жасушааралық зат болады. Жасушалары – шырышты жасушалар немесе мукоциттер деп аталады, құрылысы фибробластыларға ұқсас болады. Пішіні өсінділі, жасушааралық затты өндіреді (негізінен аморфты затты өндіреді, коллаген талшықтары аз бөлінеді).

Жасушааралық заты жіңішке коллаген талшықтарынан және аморфты заттан тұрады, кейінгінің құрамында гиалурон қышқылыеың мөлшері күрт жоғарылаған. Ол тінге тығыздық және метахромазиялық қасиет береді. Дерманың құрамында шырышты тін бірте-бірте қалыпты БТДТінге алмасады. Кіндік бауда шырышты тін механикалық-қорғаныш қызметін атқарып, қан тамырларын сығымдалып қалудан сақтайды.

4. ПИГМЕНТТІ ТІН. Құрылысы жағынан бұл тін БТДТ ұқсас, айырмашылығы оның құрамында пигментоциттер мол болады. Бұл тін көбінесе көздің нұрлы және тамырлы қабықтарында, терінің кейбір аймақтарында, қалдарда кездеседі.

Құрамында көптеген пигментоциттер, сонымен қатар фибробластылар, макрофагтар, ұлпалық базофильдер, лейкоциттер т.б. жасушалар болады. Пигментті тіннің пигментоциттерін екіге бөледі: меланоциттер және меланофоралар. Меланоциттер өздері меланин пигментін өндіруге қабілетті, ал меланофоралар оларды меланоциттерден алып, қоймалайды. Кейбір авторлар пигментоциттер тек эпителий тінінде ғана орналасады, ал дәнекер тінде тек меланофорлар болады деген пікірді айтады.

Жасушааралық заты БТДТіндегідей. Қызметі де дәнекер тінге ұқсас, бірақ меланоциттерге байланысты бірінші орынға ультракүлгін сәуледен қорғау қабілеті шығады.

БТДТіннің және қанның қабынуға қатысуы

Қан және БТДТ бір-бірімен қызметі жағынан тығыз байланысты. Бұл организмнің қорғаныш реакцияларында жақсы байқалады, мысалы, репаративті регенерация, иммундық реакциялар, қабыну кезінде.

Қабыну иммундық реакциялар қатарында жалпыбиологиялық қорғаныш-бейімделу реакциялар қатарына жатқызылады және тіндердің физикалық, химиялық, биологиялық т.б. факторлармен зақымдалуы кезінде байқалады. Морфологтар қабынуда бір-біріне жартылай кіре анықталатын 4 фазаны ажыратады: бастапқы (зақымдалу фазасы, альтерация), лейкоцитарлық, макрофагтық және фибробластылық.Альтерация фазасы тіннің зақымдалуымен және қабыну медиаторларының бөлінуімен сипатталады. Медиаторлар қанның плазмасынан келетін гуморальдық және қанменен БТДТ көптеген жасушаларының өнімдері- жасушалық деп екіге бөлінеді. Зақымданудан кейін ұлпалық базофильдердің дегрануляциясы өтеді. Дегрануляция барысында бөлінетін заттар (гепарин, серотонин, гистамин) капиллярлардың диаметрін кеңейтеді, өткізгіштігін жоғарылатады. Вазобелсенді заттарды макрофагтар, базофильдер, тромбоциттер т.б. жасушалар бөледі. Бұл капиллярлардан қан плазмасының және нейтрофильдердің шығуына әкеледі (лейкоцитарлық фаза).Нейтрофильдер қабыну ошағына түскен микроорганизмдерді фагоциттейді. Фагоцитоз барысында олар өздері де өлуі мүмкін (ірің пайда болады) – іріңді қабыну. Өлу кезінде бөлінген хемотаксистік заттар жаңа нейтрофильдерді тартады. Қанның нейтрофильдердің өте молынан шығуы таза сау тіндерді зақымданған тіндерден бөлектейтін лейкоцитарлық үйеменің түзелуіне әкеледі.

Лейкоциттер тінге қаннан моноциттердің шығуына әсер ететін заттарды бөледі. Моноциттер макрофагтарға айналады, яғни лейкоцитарлық фаза моноцитарлық фазамен алмастырылады. Моноциттермен бірге, кейде сәл кешірек, қабыну ошағына Т- и В-лимфоциттер орын ауыстырады. Олар бөгде және өзгеріске ұшыраған меншікті антигендерге қарсы иммундық реакциялардың басталуына негіз болады. Кешірек уақытта лимфоциттер зақымданған тіннің қалпына келіп жатқан компоненттерінің саны мен сапасын реттейді. Макрофагтар тіннің өлген жасушаларын, нейтрофильдерді, микроорганизмдерді фагоциттейді және фибробластылардың белсенділігін арттыратын заттарды өндіреді (фибробласттық фаза). Фиьробластылардың бастамасы көбейеді, қабыну ошағына орын ауыстырады, жасушааралық зат өндіріп, тіннің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Егер тіннің құрамына бөгде дене енсе, фибробластылар олардың сыртында тығыз капсула құрап, оны сау тіннен бөлектейді.