- •1. «Тін» ұғымының анықтамасы
- •2. Тіндік элементтер
- •3. Тіндердің жіктелуі
- •4. Эволюция барысында тіндердің дамуы
- •5. Тіндердің дің және дифференцияланған жасушалары туралы түсінік
- •6. Тіндердің даму негізі (көзі)
- •7. Камбиальдық және камбиальдық емес (тұрақты, стационарлық) тіндер туралы түсінік, олардың гистогенезінің механизімі
- •8. Регенерация.
- •Эпителий тіндерінің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы
- •Жабу эпителийінің морфологиясы Бір қабатты эпителий.
- •Көп қабатты эпителий.
- •Секреторлық циклдың сатылары.
- •Бездердің жіктелуі.
- •Бездердің морфологиялық жіктелуі. Бездердің құрылысы.
- •Қанның құрылысы
- •Қанның пішіндік элементтері
- •Агранулоциттер
- •Қанның адам жасына байланысты өзгерістері
- •Меншікті дәнекер тіннің жіктелуі
- •Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінінің құрылысы.
- •Жасушааралық затты
- •Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушалары
- •Ұлпалық базофил (лаброцит, тучные)
- •Көрнекі материал
- •Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер
- •Көрнекі материал
- •Қаңқалық тіндердің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
- •Шеміршектің әртүрлі түрінің ерекшеліктері
- •Көрнекі материал
- •Қаңқалық бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі.
- •Көрнекі материал
- •Тегіс (жазық) бұлшық ет тіндері.
- •Жалпы морфофункциональдық сипаттамасы
- •Көрнекті материал
- •Жүйкелік талшықтар
- •Көрнекті материал
- •Сезім мүшелерінің қызметі
- •Көз алмасының құрылысы
- •Көздің мөлдір қабықшасының құрылысы
- •Торлы қабықша
- •Иіс сезу анализаторы
- •Көрнекі материал
- •Есту және тепе -теңдік сақтау мүшесінің жалпы құрылысы
- •Ортаңғы құлақ
- •Тепе-теңдік сақтау мүшесі немесе вестибулярлы аппарат.
- •Спиральды мүшенің құрылысы
- •Көрнекі материал
5. Тіндердің дің және дифференцияланған жасушалары туралы түсінік
Тіндердің құрамында дің (бағаналық) және дифференцияланған жасушалар болады.
Дің немесе камбиальдық жасушалар қоршаған ортаның әсеріне орай әртүрлі бағытта дифференциялану қабілеті бар жасушалар ұрпағын бере алатын сирек бөлінетін жасушалардың популяциясы болып табылады. Дің жасушаларға келесі қасиеттер тән:
1. Өзінің популяциясының санын екі үрдістің көмегімен тұрақтандырады: сирек жүретін митоздар және жетілген жасушаға дифференциялану арқылы (дің жасушасы бөлінгеннен кейін біреуі дің жасушасы болып қалады, ал екіншісі — дифференцияланады). Дің жасушаларының митозбен бөлінуі өте сирек жүретіне көңіл аудару керек, көбінесе олар тиыштық жағдайын сақтайды (G0 немесе ұзартылған G1,-кезеңде (олардың хроматині бұл кезде конденсияланады) және (қажет жағдайда)) жиі бөлінетін жартылай дің жасушалар бере отырып қайтадан митоздық циклге ене алады.
2. Бұл көлемі кіші жасушалардың ядро мен цитоплазмасының арақатынасы жоғары деңгейде болады, цитоплазмасында аздаған жалпы органеллалары бар, жасушаның геномы дерепрессияланған түрде сақталады.
3. Дің жасушаларына зат алмасудың аутосинтетикалық түрі тән: олар өздерінің өмірін сақтау үшін ғана зат өндіреді.
4. Дің жасушалары әдетте зақымдаушы әсерлерге төзімді. Бұл қасиет митоздық тиыштық кезінде хроматиннің тығыз жинақталуымен қамтамасыз етіледі (гетерохроматин көбірек болады). Сонымен қатар көп тіндерде дің жасушалардің орналасқан аймақтары да қосымша қорғаныш болып табылады (мысалы, қанның дің жасушалары сүйектердің қуысында, эпидермистің дің жасушалары эпидермальдық айдаршалардың түбінде, ішек эпителиінің діңгекті жасушасы – криптілерде, асқазанның – шырышты қабықшаның дәнекер тіндік қабатындағы асқазан безінде орналасады). Сонымен қатар эпидермистің дің жасушаларында меланин түйіршігі мол болады, ал бұл оны ультракүлгін сәуледен қорғайды.
5. Әртүрлі бағытта дифференциялана алады.
Дифференцировка барысында сатылардың келесі дәйектілігі байқалады: дің жасушасы жартылай дің(гекті) жасуша унипотентті бастапқы жасуша бластты жасуша (белсенді көбеюдегі) дифференцияланушы жасуша дифференцияланған жасуша.
Дифференцияланған (маманданған) жасушалар — арнайы қызмет атқаруға қажетті құрылысы қалыптасқан жасушалар. Олардың келесі қасиеттері болады:
1. Бөліне алмайды.
2. Олардың геномдарының тек арнайы қызметті қамтамасыз ететін бөлігі ғана белсенді (экспрессияланған).
3. Ядро-цитоплазмалық ара қатынасы өте төмен болады (цитоплазмасы өте жақсы дамыған, онда жасушаның түріне байланысты арнайы органеллалар көбірек анықталады).
4. Оларға гетеросинтетикалық зат алмасу түрі тән (организмге қажетті заттарды өндіріп бөледі).
5. Дифференцияланған жасушалардың арнайы қызметтерін атқаруға қажетті құрылысы және тинкториальдық қасиеттері болады: цитоплазма базофилиясы, полярлық айырмашылықтары, қажетті органеллалардың жақсы жетілуі, ерекше жасуша беткейі, белгілі деңгейдегі ядроның гетеро- және эухроматинінің арасындағы арақатынас т.б.
6. Тіндердің даму негізі (көзі)
Тіндердің даму көзі эмбриональдық бастамалар болып табылады. Эмбриональдық бастамалар, өз кезегінде, ұрық жапырақшаларынан олардың дифференцировкасы кезінде пайда болады. Осының нәтижесінде бастамалардың осьтік кешені қалыптасады. Эмбриогенез барысында тіндік бастамалардан ұлпалардың түзелуі эмбриональдық гистогенез деп аталады. Гистогенездің механизімі күрделі және оның құрамына келесі компоненттер кіреді:
1. Жасушалардың бөлінуі.
2. Жасушалардың өсуі.
3. Жасушалардың бағдарланған өлімі (апоптоз).
4. Жасушалардың адгезиясы және жасушааралық байланыстар.
5. Детерминация.
6. Дифференцировка.
7. Эмбриональдық индукция.
8. Жасушалардың орын ауыстыруы (көшуі, миграциясы).
9. Жасушалардың сегрегациясы.
