Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тін» ымыны анытамасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Көрнекі материал

Тақырыбы: «Бұлшықет тіндері: қаңқалық көлденең -жолақты»

Дәрістің жоспары

  1. Жалпы морфофункционалдық сипаттамасы

  2. Бұлшықет тіндерінің жіктелуі

  3. Қаңқалық бұлшықет тінінің гистогенезі

  4. Бұлшықет талшығының құрылысы

  5. Қаңқалық бұлшықет тінінің регенерациясы

  6. Бұлшықет талшығының түрлері

Жалпы морфофункционалдық сипаттамасы

Бұлшық ет тіндері жалпы қызметі-жиырылу қызметіне біріктірілген тіндердің түрі болып табылады. Қаңқалық бұлшық ет тіні дененің кеңістікте қозғалуымен қамтамасыз етеді.

Бұлшық ет тіндерінің жіктелуі.

1.Физиологиялық жіктелуі.

Бұл жіктеу бойынша бұлшық ет тіндері ерікті және еріксіздіге бөлінеді.

Ерікті бұлшық ет тініне қаңқалық бұлшық ет тіні жатады. Оның жиырылуы санамызға бағынады. Бұл тіннің жиырылуы өте тез, бұлшық ет жиырылған жағдайда шамалы уақыт бола алады, босаңсуы сол сияқты тез жүреді.

Еріксіз бұлшық ет тіндеріне қалған барлық бұлшық ет тіндері жатады. Бұл кезде тегіс бұлшық ет тінінің жиырылуы айтарлықтай ұзақ уақыт барысында өтеді, жиырылған жағдайда тегіс миоциттер ұзақ уақыт болуы мүмкін, ал босаңсу процесі де сол сияқты ұзақ. Жүректің бұлшық ет тінінің жиырылуы автоматты. Жиырылу акттарындағы айырмашылықтар бұлшық ет тіндерінің жүйкелену ерекшеліктерімен, сондай-ақ жүректің бұлшық ет тінінде өткізгіш кардиомиоциттердің болуымен түсіндіріледі.

2.Морфологиялық жіктелуі. Бұлшық ет талшықтарында жолақтылықтың болуы немесе болмауына байланысты құрылымдық ерекшелігіне негізделген. Бұл жіктелу бойынша бұлшық ет тіндері былай бөлінеді:

  1. көлденең жолақты

  2. тегіс

Тегіс бұлшық ет тіндеріне мезенхимадан дамитын бұлшық ет тіні (тамырлар мен ішкі мүшелердің), эктодермадан дамитын (тер, сүт, сілекей, көз жасы бездерінің миоэпителиоциттері), шығу тегі мионейралды (көз қарашығын кеңейтетін және тарылтатын бұлшық еттер ) жатады. Бұл тіндердің миофибрилдерінің компоненттерінің орналасуында оларда жолақтылық болмайды. Жолақты бұлшық ет тіндеріне қаңқалық және жүрек бұлшық ет тіндерін жатқызады. Оларда миофибрилдер ақшыл және күңгірт аймақтардан тұратын құрылымдық- қызметтік бірліктер саркомерлерден құралған. Олар миофибрилдерге және барлық бұлшық ет талшығына жолақтылық береді.

3.Бұлшық ет тіндерінің гистогенетикалық жіктелуінде олардың даму көздері ескеріледі. Бұл жіктелу былайша бейнеленеді:

Бұлшық ет тіндері

Мезодермалды

мезенхималық

эктодермалды

Миотомды

қаңқалық

Целомдық

жүректік

Тегіс

мезенхималық

Терілік

Эктодермалық

(миоэпителиалды)

Нейроэктодермалды

(мионейралды)

Қаңқалық бұлшық ет тінінің гистогенезі.

Оның даму көзі сомиттердің миотомдары болып табылады. Миотомдар жасушаларының негізгі бөлігі митозбен бөлінетін (пролиферативті митоз) митоздық миобласттарға (q1-миобласттар) айналады. Бұл кезде G1 миобласттардың бір бөлігі миосателлитоциттерге айналады. Қалған миобласттар квантальды (деференсалданып жатқан) митоздың көмегімен бөлініп жатады, және дифференсалданып, арнайы ақуыздарды синтездеу-қабілетіне ие болатын митоздан кейінгі миобласттарға (G0-миобласттар)-бір ядролы ұршық тәрізді жасушаларға айналады. Олар келешек бұлшық еттердің пайда болатын орындарына миотомдардан орын ауыстырып келеді. Орын ауыстырып жатқан миобласттардың ішінде өмірінің соңына дейін аз дифференсалданған жасушалардың қасиеттерін сақтайтын миосателлитоциттер де болады. Бұл миобласттық саты (миогенездің I сатысы) деп аталады.

Миогистогенездің II сатысы-миосимпласттық. Бұл сатыда миобласттар тізбек құрай орналасып, бір-бірімен қосылып орналасады. Миосимпласттар құралады. Олардың цитоплазмасында синтезделген жиырылғыш ақуыздардың жинақталуы нәтижесінде шеткі жағында жататын миофибрилдер пайда болады. Ядролары орталық бөлігінде орналасады. Миобласттар миосимпласттарға қосылғаннан кейін, ядролардың бөлінуі жүрмейді, миосимпласттардың ұзынынан өсуі жаңа миобласттардың қосылуы есебінен, ал қалыңдығынан-жиырылғыш аппараттың синтезделуі есебінен жүреді.

III саты-миотубулалар, немесе бұлшық еттік түтікшелер сатысы. Бұл сатыда симпласттарда әлі талшықтардың шетінде жататын миофибрилдердің саны көбейеді, ал ядролары ортасында орналасады. Миотубулалардың саны олардың бойлай ыдырауы есебінен де көбеюі мүмкін. Миотубулалармен барлық жаңа миосателлитоциттер қосылып, олардың ұзындығы өседі.

IV-саты-ересек бұлшық ет талшығы сатысы. Бұл сатыда миофибрилдердің көлемінің өсетіні соншалықты, олар ядроларды шетіне қарай ығыстырады және өздері ортасына қарай орын аустыра отырып, талшықтың негізгі бөлігін алып жатады. Тегіс эндоплазмалық тор жақсы дамиды, митохондриялардың өлшемдері үлкейеді, ал миобласттар мен миосимпласттарда жақсы дамитын табақшалы комплекс айтарлықтай кері қарай дамиды.

Қаңқалық бұлшық ет тіні.

Қаңқалық бұлшық ет тінінің тіндік элементері. симпласттар (көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары), сонымен бірге-жасушалар миосателлитоциттер болып табылады.

Талшықтың протоплазмасын саркоплазма деп атайды. Онда көп мөлшерде жалпы органеллалар бар (центриольдерден басқа): митохондриялар (саркосомалар), лизосомалар. Гольджи комплексі нашар дамыған. Саркоплазмалық ретикулум (СПР) деп аталатын тегіс ЭПТ жақсы дамыған, ал түйіршікті ЭПТ керісінше нашар дамыған. Энергияны алу үшін қолданылатын липидтер мен гликоген қосындылары, сонымен бірге миоглобиннің пигментті қосындылары бар. Миоглобин гемоглобин сияқты құрамында темірі бар пигмент болып табылады. Ол фосфорланып тотығу мен АТФ түзілу процестеріне ықпал ететін оттегіні байланыстыруға қабілетті. Әсіресе ол миоглобин үлкен концентрацияда қызыл бұлшық ет талшықтарында болады да, оларға түс береді.

Талшықтың негізгі бөлігін маманданған органеллалар-миофибрилдер алып жатады. Бір талшықта олар 2000дейін болуы мүмкін. Миофибрилдердің диаметрі 2мкм дейін жетуі мүмкін, ұзындығы бұлшық ет талшығының ұзындығына тең болады. Сәулелік микроскоппен қарағанда әрбір бұлшық ет жіпшесінде жолақтылық анықталады-ашық және күңгірт дискілер. Полярлы микроскопта күңгірт дискілер сәулені екі рет сындырады сондықтан анизотропты немесе А-дискілер деп аталады. Ашық дискілерде сәулені екі рет сындыру болмайды және изотропты немесе I-дисклер деп аталады. I-дискінің ортасынан Z-жолақ (телофрагма) деп аталатын сызық өтеді. Миофибрилдің бойлай кесіндісінде Z-жолақ зигзаг тәрізді орналасады, ал көлденең кесіндіде төрт бұрышты тор түрінде көрінеді, оларға актинді жіпшелер бекиді. А-дискінің ортасында ашық Н жолақ орналасады, ал оның орта жағынан күңгірт М-сызығы немесе мезофрагма өтеді. Көрші жатқан екі Z-сызықтарының арасындағы миофибрилдің аймағы саркомер деп аталады.

Саркомер-миофибрилдің құрылымдық-қызметтік бірлігі. Оның құрылымына кіреді: Z-сызығы, Iдискісінің ½, А-дискісі,I-дискісінің ½, екінші Z-сызық. Әр саркомер жіңішке актинді және қалың миозинді жіпшелерден тұрады. Миофиламенттер жиырылғыш ақуыздардан құралған. Актинді жіпшелердің құрамына актин ақуызы, сонымен бірге тропонин мен тропомиозин ақуыздары кіреді. Қалың жіпшелердің диаметрі 12 нм және құрамында миозин ақуызы бар. Миозиннің әрбір молекуласы екі бөлімнен тұрады: басы мен құйрығынан және екі жерден бүгілуі мүмкін (шарнирлы аймақтар). Миозиннің басында АТФ-аза белсенді болады және жиырылуға, сонымен бірге босаңсуды жүзеге асыруға кететін энергияны түзеуімен АТФ ыдыратуға қабілеті бар. Саркомердің құрамында қалың жіпшелер А-дискісінде ғана жатады. Жіңішке жіпшелер I дискісінде жатады, бірақ соңдарымен миозинді жіпшелердің арасына А дискісіне кіре орналасады. А дискісінің актинді де, миозинді де жіпшелері бар бөлімі күңгірт болып, ал оның тек миозинді жіпшелерден тұратын аймағы ақшыл болып көрінеді. Бұл Н-жолағы. М-сызығы Н-жолағының ортасында-бұл барлық миозинді жіпшелердің бір-бірімен қосылған жері. Олардың жабысуына миозин мен С-ақуызы қатысады. Миофибрилдің көлденең кесіндісінде қалың бір жіпшенің айналасында оның бұрыштарын құрай алты бұрышты түрінде алты жіңішке жіпшелерді көруге болады. Жіңішке жіпшелер Z-сызықтарына жылжымайтындай болып жабысқан. Олардың құрамына -актинин, десмин, виментин ақуыздары кіреді.