- •1. «Тін» ұғымының анықтамасы
- •2. Тіндік элементтер
- •3. Тіндердің жіктелуі
- •4. Эволюция барысында тіндердің дамуы
- •5. Тіндердің дің және дифференцияланған жасушалары туралы түсінік
- •6. Тіндердің даму негізі (көзі)
- •7. Камбиальдық және камбиальдық емес (тұрақты, стационарлық) тіндер туралы түсінік, олардың гистогенезінің механизімі
- •8. Регенерация.
- •Эпителий тіндерінің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы
- •Жабу эпителийінің морфологиясы Бір қабатты эпителий.
- •Көп қабатты эпителий.
- •Секреторлық циклдың сатылары.
- •Бездердің жіктелуі.
- •Бездердің морфологиялық жіктелуі. Бездердің құрылысы.
- •Қанның құрылысы
- •Қанның пішіндік элементтері
- •Агранулоциттер
- •Қанның адам жасына байланысты өзгерістері
- •Меншікті дәнекер тіннің жіктелуі
- •Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінінің құрылысы.
- •Жасушааралық затты
- •Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушалары
- •Ұлпалық базофил (лаброцит, тучные)
- •Көрнекі материал
- •Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер
- •Көрнекі материал
- •Қаңқалық тіндердің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
- •Шеміршектің әртүрлі түрінің ерекшеліктері
- •Көрнекі материал
- •Қаңқалық бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі.
- •Көрнекі материал
- •Тегіс (жазық) бұлшық ет тіндері.
- •Жалпы морфофункциональдық сипаттамасы
- •Көрнекті материал
- •Жүйкелік талшықтар
- •Көрнекті материал
- •Сезім мүшелерінің қызметі
- •Көз алмасының құрылысы
- •Көздің мөлдір қабықшасының құрылысы
- •Торлы қабықша
- •Иіс сезу анализаторы
- •Көрнекі материал
- •Есту және тепе -теңдік сақтау мүшесінің жалпы құрылысы
- •Ортаңғы құлақ
- •Тепе-теңдік сақтау мүшесі немесе вестибулярлы аппарат.
- •Спиральды мүшенің құрылысы
- •Көрнекі материал
Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушалары
Дәнекер тіннің құрамында сырттан ауысқан және жергілікті жасушаларын анықтауға болады. Бірнеше жасушалар (фибробластылар, макрофагтар, плазматикалық, тіндік баөофильдер, эндотелиоциттер) тіке мезенхимадан дамиды. Кейбір жасушалар мезенхимадан дамыса да басқа мүшелерде жетіледі де қан ағымы мен борпылдақ дәнекер тіннің ішіне орын ауыстырады.
1.Фибробласттар негізгі және ең көп санды жасушалар. Оларжасушалық затты бөліп шығарушы жасушалар болып табылады. Фибробластылар ұршықша пішінді, өсінділі болып келеді. Ашық түсті сопақ ядросы бар. Бұл жасушаларда көптеген гидролитикалық ферменттер кездеседі: ұқышқыл фосфатаза, неспецификалыө эстераза, сілтілі фосфатаза. Фибробластылар жақсы дамыған түйіршікті эндоплазматикалық тор, Гольджи аппараты, митохондриялар, лизосомалар.
Фибробласттар – секрет бөлуші жасуша. Фибробластылардың екі популяциясын ажыратады: аз (бірнеше апта) және көп (бірнеше ай) өмір сүруші. Олармитозбен көбее алады немесе бастапқы жасушалардан пайда болады.
Дәнекер тіндегі фибробластылардың әр деңгейдегі даму сатысындағы түрлерін көруге болады: аз дифференцияланған, жетілген, кері дамушы фиброциттер, миофибробластылар, фиброкластылар. Бұл жасушалардың өздеріне тән ультрақұрылымы бар. Ал енді олардың атқаратын қызметіне келетін болсақ, аз дииференцияланған жасушалар бөлінуінің нәтижесінде көбеюге қатысады. Жетілген фибробластылар коллаген түзеу, миофибробласт – жиырылғыш. Жазық бұлшықетіндегі жасушалар ұқсас, бірақ олардың айырмашылығы жақсы жетілген эндоплазмалық торы бар. Олар жатырда жүктілік кезінде және граветациялық тіндерде кездеседі.
Фиброкласт – коллагенді ерітушіжасушалардағы затты ерітуші. Жасушада көп мөлшерде лизосомалары бар. Ерітуші фиброцит дәнекер тінінің метаболизмінің реттеу немесе механикалық қалпын сақтау қызметтерін атқарады. Олардың атқаратын қызметі орналасқан микроортасына байланысты, яғни олар мезетте керекті қызметті атқарады.
Макрофагтар (гистиоциттер). Қалыпты дәнекер тіндегі гистиоциттер қозғалыссыз жасушалар, бірақ инфекцияның дамуы кезінде гистиоциттердің көлемі ұлғайып, амеба сияқты қозғалу және фагоцитарлық белсенділік қасиеттері туындайды. Бұл жасушалар бактериялар мен зақымданған жасушаларды жеп қорыта алады. Мечников оларды макрофаг деп атаған. Оларды бос және орныққан деп екі топқа бөледі. Бос макрофагтар сірі қабықшаларда, қабыну эксудатында, өкпе альвеолаларында кездеседі.
Орныққан макрофагтар. Бауырдағы Купфер жасушалары, жүйке ұлпасының микроглиясы, мүшелердің жәнеиммундық жүйенің (қызыл жілік майы, тимус, көкбауыр, лимфа түйіні) макрофагтарды орныққан жасуларға жатады. Ортаның жағдайына қарай бұл жасушалар бос макрофагтарға айнала алады. Олардың морфологиялық және қызметтік сипаттамасы орналасқан мүшесін, ұлпасына байланысты, алайды олардың бәріне бірдей кейбір қасиеттер болады:
Макрофагтар қызыл жілік майында туындайды. Диффероны – дің, жартылай дің. Унипотентті бастапқы жасуша – монобласт – промоноцит – моноцит. Моноциттер қаннан тінге шығады да макрофагтарға айналады.
Макрофагтардың пішіні домалақ, сопақша болып келеді. Көбінесе жақсы боялған ядросы болады. Жасуша қабықшасы қатпарлар, инвагинациялар, псевдоподиялар құрайды.
Плазмолемма жасушалық рецепторлар мен қабықтық АГ мен қамтамасыз етілген.
Оларда өте жақсы дамыған лизосомальдық аппарат болады. Лизосомалар макрофагтардың негізгі қызметі – фагоцитозға қатысуын қамтамасыз етеді.
Басқа органеллалардың ішінде митохондрияларды, түйіршікті эндоплазмалық торды жәнеГольджи комплексін атауға болады. Бос және орныққан макрофагтар, макрофагтар жүйесін құрайды. Ол құрылымдық және қызметтік белгілері бірдей жасушаларды біріктіреді. Макрофагтық жүйенің белгілері:
Фагоцитозға қабілетті
Плазмолеммасында иммуноглобулиндік арнайы рецепторлар бар.
Моноциттен дамыған.
Плазматикалық жасушалар.
Плазматикалық жасушалар дөңгелек пішінді, ядросы бір шетінде орналасқан. Цитоплазмасы базофильді бір бөлігінде ашық алаң (макула) бар. Бұлжерде Гольджи комплексі және центриольдер орналасқан. Жасушаның цитоплазмасында РНК-ның өте көптігін оның базофилиясын түсіндіреді. Онда жақсы дамыған эндоплазмалық торы бар. Атқаратын қызметі антител (глобулин) бөлу.
