- •Фонетика
- •Буын(слог)
- •Лексика
- •Синоним
- •Антоним
- •Мақал мен мәтел (пословицы и поговорки)
- •Морфология
- •Сын есім (имя прилагательное)
- •Есімдік(местоимение)
- •Етістік(глагол)
- •Етіс (залог)
- •Есімше(причастие)
- •Көсемше(деепричастие)
- •Етістіктің шақтары (времена глагола)
- •Етістіктің райлары(наклонение глагола)
- •Тұйық етістік (инфинитив)
- •Үстеу(наречие)
- •Шылау (союзы)
- •Одағай(междометие)
- •Оқшау сөздер
- •Қыстырма сөз
- •Синтаксис
- •Атаулы сөйлем
- •Сөйлем мүшелері (члены предложения)
- •Бастауыш (подлежащее)
- •Баяндауыш (сказуемое)
- •Дара, күрделі баяндауыш
- •Тұрлаусыз мүшелер (второстепенные члены предложения) Толықтауыш (дополнение)
- •Анықтауыш (определение)
- •Пысықтауыш (обстоятельство)
- •Құрмалас сөйлем (сложное предложение)
- •Қарсылықты салалас (противительные)
- •Түсіндірмелі (указательные) салалас
- •Талғаулы (разделительные) салалас
- •Кезектес (чередующиеся) салалас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
- •Қосымша мәлімет:
- •Қазақстанның астанасы
- •Қазақстан жері
- •Қазақстанның өзен – сулары өзендер
- •Қазақ тілі жайлы
- •XviiIғ.Ғ. Батырлар
- •Қазақтың шешендік өнері
- •Үй жануарлары
- •Құрал-жабдықтар
Етістіктің шақтары (времена глагола)
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін етістіктің шағы дейміз. Етістіктің шақтары үшеу: осы шақ, келер шақ, өткен шақ.
Осы шақ (настоящее время)
Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттің өтуін осы шақ дейміз. Осы шақ екі түрге бөлінеді: нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ.
Нақ осы шақ (собственно-настоящее время)қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.
Нақ осы шақ қалып етістіктері арқылы жасалады, яғни отыр, жүр, жатыр, тұр, кел, жүгір етістіктері.
Мысалы: Жанар гүлге су құйып жатыр. Ол теледидар көріп отыр.
Ауыспалы осы шақ (переходно-настоящее время)қимылдың дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді.Көсемшенің -а,-е, -й жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: Көктем келеді. Жапырақ сарғаяды. Балалармен ойнайды. Шаттанып күледі.Трактор жер жыртады.
Келер шақ (будущее время)
Келер шақ қимылдың сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіреді. Мағынасы мен жасалу жолына қарай: болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ.
Болжалды (будущее предположительное время)келер шақ қимылдың болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжап айтады.
Болжалды келер шақ есімшенің -ар, -ер, -р, -с жұрнақтары арқылы жасалады.
Мысалы: барармын, келермін, оқырсың, келмессіздер, отырарсың, жүгірерсің.
Мақсатты (будущее время цели)келер шақ қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.
Жасалу жолы: -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пекжұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Бармақпын, келмексіз, кетпекпін, оқымақпын.
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі емес сөзінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: бармақ емеспін, айтпақ емес, кетпек емессіз.
Ауыспалы (переходное будущее время)келер шақ көсемшенің - а,-е ,-й жұрнағы арқылы жасалады. Ауыспалы осы шақтан айырмашылығы, ауыспалы келер шақта мезгіл мәнін білдіретін сөз болады. Мысалы: Трактор жер жыртады- ауыспалы осы шақ; Трактор ертең жер жыртады - ауыспалы келер шақ.
Осы шақ: Ол мектепте оқиды. Бұл жерде ағаш өседі. Мен ылғи ерте тұрамын. Ол өлең жазады. Келер шақ:Ол сабағын кешке оқиды. Ағаш бұл жерде күтсе ғана өседі. Мен ертең ерте тұрамын. Өлеңді ол есейгенде жазады.
Өткен шақ (прошедшее время)
Өткен шақ қимылдың сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткенін білдіреді. Өткен шақтың үш түрі бар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ.
Жедел өткен шақ қимылдың таяу арада болып кеткенін білдіреді.
Жедел өткен шақ -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы арқылы жасалады. Бұл жұрнақетістікке тікелей жалғанады.Мысалы:барды, айтты, келді, барғызды, тазаласты,келмеді,апарды.
Көсемшенің -а,-е,-йжұрнағынан кейін -ды,-ді, -ты, -тіжалғанса, онда ол жіктік жалғауы болып кетеді. Мысалы: Мен бардым- жедел өткен шақ. Ол барады - жіктік жалғау.
Бұрынғы (результативное прошедшее время)өткен шақ қимылдың сөйлеп тұрған сәттен әлдеқайда бұрын өтіп кеткенін білдіреді.
Жасалу жолы:-ып, -іп -п, -ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: барған,айтқан, жүрген, сепкен, тартқан, барып, келіп, жетіп, сүрініп, айтып. Сөйлемде жіктеліп барып қолданылады.
Ауыспалы (переходное прошедшее время)өткен шақ-атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы жасалады.
Мысалы: баратын, келетін, сөйлейтін, жаттайтын.
