- •Фонетика
- •Буын(слог)
- •Лексика
- •Синоним
- •Антоним
- •Мақал мен мәтел (пословицы и поговорки)
- •Морфология
- •Сын есім (имя прилагательное)
- •Есімдік(местоимение)
- •Етістік(глагол)
- •Етіс (залог)
- •Есімше(причастие)
- •Көсемше(деепричастие)
- •Етістіктің шақтары (времена глагола)
- •Етістіктің райлары(наклонение глагола)
- •Тұйық етістік (инфинитив)
- •Үстеу(наречие)
- •Шылау (союзы)
- •Одағай(междометие)
- •Оқшау сөздер
- •Қыстырма сөз
- •Синтаксис
- •Атаулы сөйлем
- •Сөйлем мүшелері (члены предложения)
- •Бастауыш (подлежащее)
- •Баяндауыш (сказуемое)
- •Дара, күрделі баяндауыш
- •Тұрлаусыз мүшелер (второстепенные члены предложения) Толықтауыш (дополнение)
- •Анықтауыш (определение)
- •Пысықтауыш (обстоятельство)
- •Құрмалас сөйлем (сложное предложение)
- •Қарсылықты салалас (противительные)
- •Түсіндірмелі (указательные) салалас
- •Талғаулы (разделительные) салалас
- •Кезектес (чередующиеся) салалас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
- •Қосымша мәлімет:
- •Қазақстанның астанасы
- •Қазақстан жері
- •Қазақстанның өзен – сулары өзендер
- •Қазақ тілі жайлы
- •XviiIғ.Ғ. Батырлар
- •Қазақтың шешендік өнері
- •Үй жануарлары
- •Құрал-жабдықтар
Есімдік(местоимение)
Есім сөздерді (зат есім, сын есім, сан есім) ауыстырып, солардың орнына жүретін сөзді есімдік дейміз.Сондықтан есімдікті кейде орынбасар сөз табы деп те атайды.
Мағынасына қарай: жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау есімдігі, өздік есімдігі, белгісіздік есімдігі, болымсыздық есімдіктері, жалпылау есімдігі. Жіктеу (личное) есімдігі үнемі жақ ұғымдарымен байланысты қолданылады. Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз, біздер, сендер, сіздер, олардеген сөздер жатады.
Жіктеу есімдігі зат есім орнына жұмсалады. Жіктеу есімдігі тәуелденеді, септеледі,жіктеледі. Жіктеу есімдігінің III жағы ғана тәуелденеді. Жіктеу есімдігі септелгенде, барыс септік жалғауы өзгереді. Мысалы: (мен) маған, (сен) саған, (ол) оған.
Жіктеу есімдігі жіктеледі, бірақ оларға есімдіктің өзі қай жақта тұрса, сол жақтың ғана жіктік жалғауы жалғанады.Мысалы: менмін ,сізсіз, бізбіз т.б.
Сілтеу (указательное)есімдіктері
Сілтеу есімдіктері нұсқау, сілтеу, мегзеу мағыналарында жұмсалады.
Сілтеу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, ана, анау, мына, мынау, әне,міне, әнеки, сона. деген сөздер жатады.
Сілтеу есімдігі сын есімнің орнына жұмсалады, кейде көптеліп, септеліп, тәуелденіп зат есімнің орнына да жұмсалады. Мысалы: Қонақтарды мына үйге кіргізіңдер. Мына есімдігі қай? сұрағына жауап беріп, сын есім орнына жұмсалып тұр. Бұлар осында тұрады. Бұлар есімдігі көптеліп кімдер?деген сұраққа жауап беріп, зат есім орнына жұмсалып тұр.
Сұрау (вопросительное)есімдігі
Сұрау есімдігі сұрау мағынасын білдіреді және өздеріне тиісті жауап тілейді. Сұрау есімдіктеріне мынандай сөздер жатады: кім?не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешіншіқайда? қайдан? қалай? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы?нешеу? қайда?
Кім? не? қайсы? неше? нешінші? сұрау есімдіктері көптеледі,септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.
Өздік (возвратное)есімдік
Өздік есімдігі бір ғана өз сөзі жатады.Өз есімдігі түбір күйінде ешқашан қолданылмайды. Бұл есімдік жекеше, көпше түрде тәуелденіп, содан соң септеліп, жіктеліп барып қолданылады.
Жалпылау (определительное)есімдігі
Жалпылау есімдіктері жинақтау, жалпылау мағыналарын білдіреді. Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар, күллі, бүкіл, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.
Белгісіздік(неопределенное) есімдіктері
Белгісіздік есімдігі затты, құбылысты нақты атамай, белгісіз етіп жорамалдап айтады.
Белгісіздік есімдіктеріне біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне, әлдекім, әлдене, кімде-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда,әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан.
Болымсыздық (отрицательное)есімдіктері
Болымсыздық есімдіктері болымсыздық мағынасын білдіреді.
Болымсыздық есімдіктеріне дәнеңе, ештеңе, ештеме, ешкім, ешқандай, ешбір,ешқайсысы, ешқашан, ешқайда, ешқайдан деген сөздер жатады.
Дәнеңе, ештеңе, ешкім,ешқайсысы дегендер зат есімнің орнына жұмсалады.
Ешқандай, ешбір дегендер сын есім орнына жұмсалады.
Ешқашан,ешқайдан дегендер үстеудің орнына жұмсалады.
Еш сөзі есімдіктермен тіркессе бірге жазылады, ал басқа сөздермен тіркессе бөлек жазылады.Мысалы: ешқашан, еш адам; ешқайда, еш уақытта.
