- •Фонетика
- •Буын(слог)
- •Лексика
- •Синоним
- •Антоним
- •Мақал мен мәтел (пословицы и поговорки)
- •Морфология
- •Сын есім (имя прилагательное)
- •Есімдік(местоимение)
- •Етістік(глагол)
- •Етіс (залог)
- •Есімше(причастие)
- •Көсемше(деепричастие)
- •Етістіктің шақтары (времена глагола)
- •Етістіктің райлары(наклонение глагола)
- •Тұйық етістік (инфинитив)
- •Үстеу(наречие)
- •Шылау (союзы)
- •Одағай(междометие)
- •Оқшау сөздер
- •Қыстырма сөз
- •Синтаксис
- •Атаулы сөйлем
- •Сөйлем мүшелері (члены предложения)
- •Бастауыш (подлежащее)
- •Баяндауыш (сказуемое)
- •Дара, күрделі баяндауыш
- •Тұрлаусыз мүшелер (второстепенные члены предложения) Толықтауыш (дополнение)
- •Анықтауыш (определение)
- •Пысықтауыш (обстоятельство)
- •Құрмалас сөйлем (сложное предложение)
- •Қарсылықты салалас (противительные)
- •Түсіндірмелі (указательные) салалас
- •Талғаулы (разделительные) салалас
- •Кезектес (чередующиеся) салалас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
- •Қосымша мәлімет:
- •Қазақстанның астанасы
- •Қазақстан жері
- •Қазақстанның өзен – сулары өзендер
- •Қазақ тілі жайлы
- •XviiIғ.Ғ. Батырлар
- •Қазақтың шешендік өнері
- •Үй жануарлары
- •Құрал-жабдықтар
Етістік(глагол)
Заттың қимылы мен амалын білдіретін сөз табын етістік дейміз. Тұлғасына қарай: негізгі етістік, туынды етістік
Тек түбірден жасалған етістікті негізгі(непроизводное) етістік дейміз. Мысалы: бар, кел , жаз, отыр, апар, жет, оқы, көр, күл, жібер, ки, жұм, кеп, тара, шаш, жи, жыла, өт, қара т.б.
Жұрнақ арқылы жасалған етістікті туынды (производное)етістік дейміз. Мысалы: ки+ін,тара+н, жұм+ыл, сипат+та, жаға+ла т.б.
Туынды етістіктің жасалу жолы
Есім сөздерден туынды етістік жасайтын жұрнақтар:
-ла, -ле, -да, -де, -та, -те; ой+ла, су+ла, гүл+де, шеге+ле, сипат+та, жаға+ла.
-ар, -ер, -р ; жас+ар, көг+ер, кысқа+р, таз+ар.
-ай,-ей, -й; көб+ей, аз+ай, қара+й.
-а, -е, -на, -не; ой+на, түн+е.
Етістіктен туынды етістік жасайтын жұрнақтар:
-н,-ын,-ін; ки+ін, тара+н, бу+ын.
-ыл, -іл, -л; аш+ыл, тес+іл, жүм+ыл.
-т;тара+т, жара+т, қара+т
-тыр, -тір,-дыр,-дір, -дірт, -тірт; кеп+тірт, жаз+дырт, күл+дір, айт+тыр.
-қыз,-кіз; айт+қыз, жет+кіз, өт+кіз.
-ыз,-із; там+ыз, ем+із.
Құрамына қарай: дара етістік, күрделі етістік.
Дара (простое)етістік тек бір ғана түбірден тұрады. Мысалы: оқы, сұра, айт, кел, бар, кет, қара т.б
Күрделі (сложное)етістікке біріккен етістік, сөз тіркесі арқылы жасалған етістіктер жатады.
Мысалы:апар (алып бар),әпер (алып бер),әкет (алып кет), әкел (алып кел) т.б.
Сатып ал, жүре бер, айта бер, жазып отыр, сурет салды, ер жетті, ат қойды т.б. Бұлардың қайсысы болса да бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.Бұл сөздердің құрамындағы сөздердің біріншісі негізгі етістік, екіншісі көмекші етістік қызметін атқарады.
Өз алдына толық мағынасы бар, сөйлемде дербес мүше бола алатын етісік түрін негізгі етістік дейміз.
Сөйлем ішінде толық мағынасы жоқ, сөйлемде дербес мүше бола алмайтын, негізгі етістікпен тіркесіп көмекшілік қызмет атқаратын етістікті көмекші (вспомогательный)етістік дейміз. Көмекші етістікке е (еді), де (деді), ет (етті), жазда (жаздады) деген етістіктер де жатады.Мысалы: жүре бер күрделі етістігін алсақ, жүре негізгі етістік, бер көмекшіетістік болады. Сурет салды күрделі етістігін алатын болсақ, сурет негізгі, салдыкөмекші етістік қызметін атқарып тұр.
Мағынасына қарай етістіктер болымды етістік, болымсыз етістік, сабақты етістік, салт етістік болып бөлінеді.
Іс-әрекеттің болуын көрсететін етістікті болымды (положительный)етістік дейміз. Мысалы: бар, оқы, жаз, күл, айт, апар, әкет, құлат, кел т.б.
Іс-әрекеттің жүзеге аспауын көрсететін етістік болымсыз(отрицательный) етістік деп аталады. -ма, -ме, -ба, -бе , -па ,-пе жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: барма, айтпа, оқыма, жазба, күлме, үзбе, көрсетпе, атама, үйренбе, суғармат.б.
Сабақты (переходный)етістік табыс жалғаулы сөзді керек етеді. Мысалы: Ғалияны шақыр.Нанға Мұратты жібер. Сен осы кітапты оқы. Сен оған хатты қазір жібер. Осы мысалдардағы етістіктер Ғалияны, Мұратты, кітапты, хатты деген табыс септігінде тұрған сөздерді қажет етіп тұр. Табыс жалғауы кейде түсіріліп айтылады. Мысалы: Мен кино көрдім. Киноны көрдім болу керек. Кітап оқыдым. Кітапты оқыдым болу керек.
Салт етістік(непереходный) табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді. Мысалы: Қалима келді. Жасан кетті.Күн күркіреді. Гүл өседі. Жер көктейді. Бұл сөйлемдегі келді, кетті, күркіреді, өседі, көктейді сөздері табыс септігіндегі сөзді қажет етіп тұрған жоқ.
