Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орыс китап оригинал.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417 Кб
Скачать
☆

Шартты бағыныңқылы сабақтас

Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардағы ой мен іс-әрекеттің жүзеге асу шартын білдіретін сабақтастың түрін шартты бағыныңқы сабақтас дейміз. Жасалу жолы:

Бағыныңқылы баяндауыш

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Сызбасы

Шартты рай

-са, -се

қайтсе? не етсе?

/………./тыңдаса,

/………./

Көсемше

-ма+й, -ме+й,

-ма+й+ынша,

-ме+й+інше

+ жіктік жалғау ІІІ жағы арқылы

қайтпей? не етпей? қайтпейінше? не етпейінше?

/………./ таппай,

/………./

/………./үйренбейінше,/………./

Есімше

-ған+да

-ген+де

+ жіктік жалғау ІІІ жағы арқылы

қайткенде?

не еткенде?

/………./ болмағанда,

/………./

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастыңқұрамындағы бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары бір- біріне қарсы мағынада айтылады.

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Сызбасы

1.Шартты рай

-са да, -се де

Қайтсе де?

/ / шаршаса

да,/ /

2. Көсемше

-ған+мен,

-ген+мен,

-ған+ша,

-ген+ше, -ған+ы болмаса, -ген+і

-ған+ына қарамастан - -ген+іне қарамай

Қайткенмен? қайткенше? қайткені болмаса? қайткеніне қарамастан?

/ / естігенмен,

/.......... /

/........../ ұрысқанша,

/........../

/........../ шаршағаны

болмаса,/.......... /

/........../ шаршағанына

қарамастан, / /

3. Есімше

-а, -е, -й тұра

Қайте тұра?

/ /көре тұра,

/ /

Себеп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сыңары басыңқыдағы қимылдың себебін білдіреді.

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

сұрағы

Сызбасы

1.Есімше

-ған+дықтан, ген+діктен

неліктен? неге?

/..../

келгендіктен,/.../

2.Есімше

-ған соң, -ген соң

не себепті?

/..../ әкелген соң,/.../

3.Көсемше

-ма+й, -ме+й

неге? не себепті?

/.../ қаражаты болмай,/.../

4.Ашық рай

ашық рай + деп

не деп?

/.../қалды деп,/.../

Жасалу жолы:

Мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары басыңқыда айтылған ойдың мезгілін білдіреді.

Жасалу жолы

1. -ғанша, -генше;Тоқта дегенше, Бәтес жылжып ала жөнелді. Бәтес қашан

жылжып ала жөнелді?

2.-ғанда,-генде,Жүргіншілер аршалы тастақ белге шыққанда, кең қонысқа

созылып жатқан ауылды көрді. Ауылды қашан көрді?

3.-ған, -ген + соң, кейін, сайын, бері, шейін;Қайыққа көкжал толқын соққан

сайын, Мальфа бір жоғары, бір төмен теңселеді. Мальфа қай уақытта теңселеді?

4. -ған, -ген + кезед, уақытта, шақта;Үйіне барған кезде, ол үйінде жоқ болып

шықты. Ол қашан жоқ болып шықты?

5.-ғалы,-гелі;Бұлар жеке үй болғалы, қонақ шақырып, жеке көзге түсе қойған жоқ

еді. Бұлар қашан қонақ шақырып, жеке көзге түсе қойған жок еді?

6.-са,-се;Үйдегілер тысқа шықса, таң аппақ болып атқан екен. Таң қашан аппақ болып атқан екен?

7.-ысымен, -ісімен;Дәрмен сол сапарынан оралысымен, жас педагог деп Анардың назарын осы жайға аударып еді. Анардың назарын қашан осы жайға аударды?

Сын-қимыл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқысы басыңқы сыңарда айтылған қимылдың орындалу тәсілін, амалын білдіретін сабақтастың түрін сын- қимыл сабақтас дейміз.

Сын-қимыл сабақтастың баяндауыштарының жасалу жолы:

-ып, -iп, -п, -а,-е,-й көсемшенің жұрнағы арқылы жасалады; қайтіп? қалай? деген

сұрақтарына жауап береді; /........../ қосылып, /........../. /........../ жарыспай, /........../

-ған+дай,-ген+дейболып

-ған, -кен күйі қалпында

-ма+с+тан, -ме+с+тен, -па+с+тан, -бе+с+тен деген есімшенің жұрнақтары арқылы

жасалады да қалай? деген сұраққа жауап береді. / ........../ танығандай болып,

/.......... /. / ........../ ұстаған күйі, / ........../. / ........../ талмастан, / ........../.

Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары басыңқыда айтылған қимылдың мақсатын білдіретін сабақтастың түрін мақсат бағыныңқы сабақтас дейміз.

Мақсат бағыныңқы сабақтастың баяндауыштарының жасалу жолы:

1. -у үшін, -ме+с үшін; Қар қалың түскендіктен, мал қораларына пішентасу үшін,жеткізу сияқты жұмыстардың ауыр салмағы тракторларға түседі.

2. -мақ болып, -мек болып; Іргештің осы жаман әдетін қойғызбақ болып, балалар оған істемегенді істеуші едідеп көмекші етістігіне аяқталған тіркестен жасалады да не үшін? не мақсатпен?

3. не деп? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Солармен қабаттаспайын деп, тұрып қалдым.

ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ

СИНТАКСИС

Сөйлем мүшелері

1- нұсқа

1. Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

А) Ұлы жібек жолы- сауда жолы.

В) Ұлы жібек жолы өтті.

С)Қытайдың жібегі осы жолмен тасмалданған.

Д) Ұлы жібек жолы қазақтың кең даласын басып өтті.

Е) Ұлы жібек жолында талай сауда көздері ашылды.

2. Бастауышы тұйық етістік, баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Тез жазу керек.

В) Оның ойы – тез қайту.

С) Еске салу – жақсы.

Д) Айту - біздің парызымыз.

Е) Келуді қойды.

3. Дара бастауыш бар сөйлемді белгілеңіз.

А) Еңбек еткен ер атанар.

В) Ертең құрылыс жұмысы басталады.

С) Біз бірлікті ойлаймыз.

Д) Үй іші жым-жырт болды.

Е) Қазақ халқы егемендік алды.

4. Бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Келе жатқан үшеу екен.

В) Інім маған көмектесті.

С) Нұрлан мектепте оқиды.

Д) Біз Қазақстанда тұрамыз.

Е) Ертең жаңбыр жауады.

5. Анықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Досым кітап сатып алды.

В) Табиғатты қорғауды өзіңнен баста.

С) Көлдің деңгейі төмендеген.

Д) Көлдер ластанып жатыр.

Е) Ол бізбен кездесті.

6. Толықтауышты табыңыз. Досым қызық кітап сатып алды.

А) Қызық.

В) Сатып.

С) Досым.

Д) Алды.

Е) Кітап.

7. Жақсыз сөйлемде болмайтын сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) Баяндауыш

В) Пысықтауыш

С) Анықтауыш

Д) Толықтауыш

Е) Бастауыш

8. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді белгілеңіз.

А) Күрделі

В) Жақсыз

С) Атаулы

Д) Жалаң

Е) Жайылма

9. Мақсат пысықтауышты табыңыз.

Бауыржан досымен бірге Алматыға оқуға барды.

А) Барды

В) Оқуға

С) Алматыға

Д) Досымен

Е) Бауыржан

10.Сөйлемде қимыл-әрекеттің жай-күйін, мезгілін, мекенін білдіретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз

А) Пысықтауыш.

В) Толықтауыш.

С) Баяндауыш.

Д) Анықтауыш.

Е) Бастауыш.

11. Кімдер? Нелер? сұрақтары қай сөйлем мүшесіне қойылатынын көрсетіңіз.

А) Толықтауыш.

В) Пысықтауыш.

С) Анықтауыш.

Д) Бастауыш.

Е) Баяндауыш.

12. Пысықтауыштың сұрағың табыңыз.

А) Не істеді?

В) Қай?

С) Қандай?

Д) Кімдер?

Е) Қайда?

13. Сөйлемнің баяндауышын толықтырыңыз.

Біз бұлақтардың көзін ... .

А) Мол болады.

В) Болмайды.

С) Қараған.

Д) Аштық.

Е) Қорғауы тиіс.

14. Себеп – салдар пысықтауышты табыңыз.

Қара алтынды игеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр.

А) Жұмыс.

В) Көп.

С) Игеру үшін.

Д) Жасалып жатыр.

Е) Қара алтынды.

15. Сөйлемде есімше қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз.

Менің айтар сөзім-осы.

А) Толықтауыш.

В) Баяндауыш.

С) Бастауыш.

Д) Анықтауыш.

Е) Пысықтауыш.

16. Атау мен ілік септіктен басқа септік сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) Баяндауыш

В) Пысықтауыш

С) Толықтауыш

Д) Анықтауыш

Е) Бастауыш

17. Анықтауышты табыңыз.

Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.

А) Таза

В) Жер бетінде

С) Су

Д) Ресурстары

Е) Көп емес

18. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.

Қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді.

А) Есімдік.

В) Етістік.

С) Сын есім.

Д) Сан есім.

Е) Зат есім.

19. Бастауышы жоқ жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.

А) Жақсыз

В) Жақты

С) Жалаң

Д) Толымсыз

Е) Толымды

20. Тек тұрлаусыз мүшелерді анықтаңыз.

А) Толықтауыш, бастауыш.

В) Анықтауыш, толықтауыш.

С) Баяндауыш, анықтауыш.

Д) Бастауыш, баяндауыш.

Е) Пысықтауыш, баяндауыш.

21. Толықтауыш қай септікте тұрғанын көрсетіңіз. Ол бізбен кездесті.

А) Барыс септік.

В) Шығыс септік.

С) Ілік септік.

Д) Табыс септік.

Е) Көмектес септік.

22. Қазақ тілінде сөйлемнің соңында келетін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) Анықтауыш.

В) Пысықтауыш.

С) Бастауыш.

Д) Толықтауыш.

Е) Баяндауыш.

23. Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді көрсетіңіз.

Біз кеше мұражайға бардық.

А) Біз мұражайға.

В) Біз бардық.

С) Мұражайға бардық.

Д) Мұражайға кеше.

Е) Кеше бардық.

24. Қайда? Қалай? Қашан? қай сөйлем мүшесінің сұрақтары екенін көрсетіңіз.

А) Баяндауыш.

В) Пысықтауыш.

С) Анықтауыш.

Д) Толықтауыш.

Е) Бастауыш.

25. Пысықтауыштың түрін табыңыз.

А) Қатыстық .

В) Жанама.

С) Салыстырмалы.

Д) Тура.

Е) Мақсат.

Сөйлем мүшелері

2-нұсқа

1. Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) Баяндауыш.

В) Бастауыш.

С) Пысықтауыш.

Д) Анықтауыш.

Е) Толықтауыш.

2. Жанама толықтауышты табыңыз.

«Кәсіпкерлер кәсіптеріне қаржыны өздері табады».

А) Кәсіптеріне

В) Қаржыны

С) Өздері

Д) Табады

Е) Кәсіпкерлер

3. Сөйлемнің неше тұрлаусыз мүшесі барын табыңыз.

А) 2

В) 4

С) 3

Д) 5

Е) 1

4. Сөйлемнің соңындағы сын есім сөйлемнің қандай мүшесі болатынын белгілеңіз.

А) Бастауыш.

В) Баяндауыш.

С) Анықтауыш.

Д) Пысықтауыш.

Е) Толықтауыш.

5.Сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз.

А) 5.

В) 4.

С) 3.

Д) 2.

Е) 6.

6. Толықтауыштың сұрақтарын анықтаңыз.

А) Кіммен? Немен?

В) Қалай? Қайдан?

С) Қайтты? Не істеді?

Д) Кім? Не?

Е) Нешінші? Қайсы?

7. Сөйлемді заттық жағынан толықтырып тұратын сөйлем мүшесін табыңыз.

А) Бастауыш.

В) Толықтауыш.

С) Пысықтауыш.

Д) Анықтауыш.

Е) Баяндауыш.

8. «Әже баспалдақпен баяу көтерілді.» Пысықтауыштың түрін табыңыз.

А) Мезгіл.

В) Қимыл-сын.

С) Мақсат.

Д) Себеп.

Е) Мекен.

9. Не істеді? Не қылды? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.

А) Пысықтауыш.

В) Бастауыш.

С) Баяндауыш.

Д) Толықтауыш.

Е) Анықтауыш.

10. Толықтауыш мағынасына қарай қалай бөлінеді.

А) Тура, жанама.

В) Дара, күрделі.

С) Толықтауыш, пысықтауыш.

Д) Негізгі, туынды.

Е) Бастауыш, баяндауыш.

11. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.

А) Анықтауыш.

В) Баяндауыш.

С) Толықтауыш.

Д) Пысықтауыш.

Е) Бастауыш.

12. Анықтауышы жоқ сөйлемді табыңыз.

А) Ұлы адамдардың еңбегін бағалай білу керек.

В) Германия суды Швециядан сатып алады.

С) Жер шарының көп бөлігін ащы су алып жатыр.

Д) Үлкен қалаларда адамдар жиі ауырады.

Е) Таза сусыз өмір жоқ .

13. Бастауыштың сұрақтарын көрсетіңіз.

А) Не істеді? Не істеу керек?

В) Кімге? Неге?

С) Кім? Не?

Д) Қандай? Қай?

Е) Қалай? Қашан?

14. Тура толықтауышты табыңыз.

Сәуле дүкеннен қызық кітап сатып алды.

А) Сәуле.

В) Дүкеннен.

С) Кітап.

Д) Сатып алды.

Е) Қызық .

15. Нені? сұрағына жауап беретін сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Орманда көп балалар жүр.

В) Шешем сағатты досыма сыйлады.

С) Олар сабаққа жақсы дайындалды.

Д) Шешем базардан келді.

Е) Менің досым ауылда тұрады.

16. Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.

Оның құлағына гүріл естілді.

А) Баяндауыш.

В) Бастауыш.

С) Толықтауыш.

Д) Пысықтауыш.

Е) Анықтауыш.

17. Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз.

А) Республика сарайы адамға лық толды.

В) Ұлжан-сыншыл адам.

С) Төрт жердегі төрт-он алты.

Д) Келе жатқан-Жамал.

Е) Оның еңбегі жанды.

18. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

А) Далада қар бар.

В) Бұлар қыста келіп кеткен.

С) Бостандық өздігімен келмейді.

Д) Ауыл жастары мұндай затқа қызықпайды. Е) Олар Абаймен көп ақылдасты.

19. Пысықтауышты табыңыз.

«Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 16 жылдығын тойлайды.

А) Тойлады.

В) Қазақстан.

С) Тәуелсіздігінің.

Д) Биыл.

Е) 16 жылдығын.

20. Анықтауыш қатысып тұрған тіркесті табыңыз.

А) Кешке қарай.

В) Жалғыздың үні.

С) Қуанғанынан күлді.

Д) Еріктен тыс.

Е) Жүгіріп келді.

21. Бірыңғай толықтауышты табыңыз.

А) Өмірді сүйген-өмірден орын табады.

В) Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.

С) Бозторғайлар жер бауырлай ұшады.

Д) Ақан жастайынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болды.

Е) Тәрбие тілден басталады.

22. Үстеу – қай сөйлеммүшесі, белгілеңіз.

Қайтатын күнім – ертең.

А) Толықтауыш.

В) Анықтауыш.

С) Пысықтауыш.

Д) Баяндауыш.

Е) Бастауыш.

23. Толықтауыш қатысқан қатарды табыңыз.

А) Мен жазда келдім.

В) Алға қарай тез адымда.

С) Ол да барар.

Д) Асанда кітап бар.

Е) Жуырда келмекші.

24. Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.

Ыза мен ашу қысып, қалш-қалш етеді.

А) Пысықтауыш.

В) Анықтауыш.

С) Баяндауыш.

Д) Толықтауыш.

Е) Бастауыш.

25. Тура толықтауышты табыңыз.

А) Биыл егін бітік шықты.

В) Асан қаладан кеше келді.

С) Киім үйде ілулі тұр.

Д) Оны шайға қандырды.

Е) Ол ауылға барды

Сөйлем

1- нұсқа

1. Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын сөйлем түрін табыңыз.

А) Жайылма.

В) Толымды.

С) Атаулы.

Д) Жалаң.

Е) Жақсыз.

2. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Таулар бұлтпен тірескен.

В) Қазақстанның жері кең-байтақ.

С) Көгілдір көлде аққу қалқиды.

Д) Таулы аумақтарының табиғаты аса сұлу.

Е) Жап-жасыл дала.

3. Бастауышы зат есімнен болған жақты сөйлемді табыңыз.

А) Олар туралы оқығанмын.

В) Олар 1991 жылы ғарышқа ұшты.

С) Үлкендер бір ауыздан қолдады.

Д) Біз Жер-Ана жыламаса дейміз.

Е) Адам туған жерін аңсайды.

4. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сусыз-өмір жоқ.

В) Табиғат-тірі дүние.

С) Су-тіршілік көзі.

Д) Балқаш-көлі ең таза көл.

Е) Орман ауаны-тазартпайды.

5. Толымсыз сөйлемді табыңыз.

А) Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді.

В) Сен теледидар алдында ұзақ отырғаның үшін ата-анаңнан ескерту аласың.

С) Ол бағдарлама қанша уақытқа созылуы керек?

Д) Теледидарды көп қарайсың ба?

Е) Балаларға арналған жеке бағдарлама болуы керек.

6. Сөйлемді аяқтаңыз. Табиғатты ... !

А) Қайтар.

В) Қорға.

С) Өткіз.

Д) Апат.

Е) Күрес.

7. Сөйлем мүшелері талданбайтын сөйлем түрін белгілеңіз.

А) Атаулы

В) Жақты

С) Жайылма

Д) Жақсыз

Е) Жалаң

8. Жай сөйлемнің түрін ажыратыңыз. Қыс. Күн суық.

А) Атаулы.

В) Жалаң.

С) Жақсыз.

Д) Жайылма.

Е) Толымды.

9. Жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Таң атты.

В) Мен мектепке жиналдым.

С) Оқу басталатын уақыт та тез жетті.

Д) Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді.

Е) Бүгінгі мереке маған ұнады.

10. Сөйлемнің түрін көрсетіңіз. Түн. Тыныштық.

А) Жақты.

В) Жақсыз.

С) Атаулы.

Д) Жайылма.

Е) Жалаң.

11. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Гүлдей бер, туған жерім.

А) Құрмалас.

В) Лепті.

С) Сұраулы.

Д) Жалаң.

Е) Толымсыз.

12. Сөйлемді аяқтаңыз: Қыста ... ... .

А) Боран соғады.

В) Жидек піседі.

С) Қар ериді.

Д) Көк шығады.

Е) Жапырақтар сарғаяды.

13. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді.

В) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.

С) Біз демократиялық істерді жүзеге асырамыз.

Д) Елімізде өзгерістер көп.

Е) Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды.

14. Ойды аяқтаңыз: Табиғат адамдардан қамқорлық ... .

А) көрсетеді

В) қабылдайды

С) қажет етпейді

Д) күтеді

Е) талап етпейді

15. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Еңбек жазды.

А) Сұраулы.

В) Толымсыз.

С) Жалаң.

Д) Лепті.

Е) Хабарлы.

16. Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Бақылау жұмысы болды.

В) Мен келдім кеше.

С) Өлең білемін туралы Астана.

Д) Әжеме барамыз кешке.

Е) Теңге жасалған ерекше.

17. Сөйлемнің түрін табыңыз. Қыс. Аппақ қар.

А) Толымды.

В) Толымсыз.

С) Жалаң.

Д) Жайылма.

Е) Атаулы.

18. Сөйлемді толықтырыңыз. Мақал-мәтелдер біздің халық ауыз әдебиетінің ұрпаққа қалдырған... байлығы.

А) Әдемі.

В) Тұңғыш.

С) Мұра.

Д) Көркемдік.

Е) Рухани.

19. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

А) Сыныптан мұғалім жаңа ғана шығып кетті.

В) Сыныптан шығып кетті мұғалім жаңа ғана.

С) Мұғалім шығып кетті жаңа ғана сыныптан.

Д) Мұғалім сыныптан жаңа ғана шығып кетті.

Е) Сыныптан мұғалім шығып кетті жаңа ғана.

20. Бастауышы бар жақты сөйлемді көрсетіңіз.

А) Уақытын жоспарлай білуі керек.

В) Кәсіпкерлік жылдам дамыды.

С) Жұмысты тез орындаймыз.

Д) Бүгін жұмысқа шықтық.

Е) Нарықтық экономикаға бет бұрдық..

21. Жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Ол үнемі кешігіп жүреді.

В) Уақыт еш нәрсені де мойындамайды.

С) Оқу басталатын уақыт та тез жетті.

Д) Ісіңнің өрге басуы өзіңе ғана байланысты.

Е) Уақыт жоқ.

22. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Кәсіпкерлік жылдам дамыды.

А) Салалас.

В) Сабақтас.

С) Атаулы.

Д) Жақсыз.

Е) Жақты.

23. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.

В) Қыс. Сары аяз.

С) Бұл жерде суға түсуге болмайды.

Д) Менің жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келеді.

Е) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді.

24. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Тудың көгілдір түсі ненің белгісі?

А) Сұраулы

В) Жалаң

С) Жақсыз

Д) Хабарлы

Е) Толымсыз

25. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Жайылма.

В) Толымсыз.

С) Атаулы.

Д) Жалаң.

Е) Толымды.

Сөйлем

2-нұсқа

1. Толымсыз сөйлемді табыңыз.

А) Мен спорт клубына барамын.

В) Үйде отырамын.

С) Мен мектепке келемін.

Д) Мен аға- інілеріммен саяжайға барамын.

Е) Мен дүйсенбіде шахмат үйірмесіне барамын.

2. Сөйлемді толықтырыңыз. Мұғалім бізбен сөйлес... тұр.

А) –кісі

В) –мен

С) –ге

Д)-іп

Е) үшін

3. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.

А) Оның музыкалық мәдениеті өте бай.

В) Мен таңға дейін отырдым.

С) Олардың әндерін бәріміз тыңдаймыз.

Д) Ол оқып жүр.

Е) Олар қаржыны да мол табады.

4. Сөйлемді аяқтаңыз. Көктемнің алғашқы гүлі - ... .

А) Қалампыр.

В) Раушан.

С) Көкнәр.

Д) Бәйшешек.

Е) Қызғалдақ.

5. Сөйлем ішінен жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Еліміз Елтаңбасымен еңселі.

В) Айту-менің парызым.

С) Халық бар жерде – тіл де бар.

Д) Елдіктің белгісі іспетті.

Е) Зерттеулер бар.

6. Жайылма сөйлемді табыңыз.

А) Тоқтар Әубәкіров-ғарышкер.

В) Мұқанов Мұрат-құрылысшы.

С) Жетісу- жер жаннаты.

Д) Ол-шындық.

Е) Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі жерлер бар.

7. Құрамына қарай жай сөйлем түрлерінің жалпы санын көрсетіңіз.

А) 7

В) 3

С) 2

Д) 5

Е) 9

8. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.

А) Теңге үнемді сүйеді.

В) Ақша-халық байлығы.

С) Тиыннан теңге құралады.

Д) Теңге ұлттық-валюта.

Е) Ақшаны үнемдей біл.

9. Сөйлемді аяқтаңыз: Балалар қыста шанамен ... .

А) Сүйрейді.

В) Сырғанайды.

С) Отырады.

Д) Секіреді.

Е) Тұрады.

10. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Аппақ қар.

В) Олар кешігіп келді.

С) Оқушылар үйге келді.

Д) Мен әлі отырмын.

Е) Сабақ басталды.

11. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрін атаңыз.

А) Сұраулы.

В) Толымды.

С) Атаулы.

Д) Жақты.

Е) Толымсыз.

12.Сөйлемді толықтырыңыз.

Наурыз мейрамында әрбір үйге ... келеді деген сенім бар.

А) Аяз ата.

В) Мұғалім.

С) Қыдыр ата.

Д) Қонақ.

Е) Қарша қыз.

13.Жайылма сөйлемнің құрамын анықтаңыз.

А) Тұрлаулы мүшелер, тұрлаусыз мүшелер.

В) Толықтауыш, пысықтауыш.

С) Бастауыш, анықтауыш.

Д) Анықтауыш, баяндауыш.

Е) Тұрлаулы мүшелер.

14. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ол кеш келді.

В) Мектебің қайда орналасқан?

С) Туған жер қандай байтақ.

Д) Асқар бүгін ерте келді.

Е) Ауылға ертең барамын.

15. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан - ... .

А) Ынтымақ күні.

В) Конституция күні.

С) Тәуелсіздік күні.

Д) Республика күні.

Е) Жеңіс күні.

16. Жақты сөйлемді табыңыз.

А) Жұмысты тез орындағымыз келеді.

В) Оның Астанада оқығысы келеді.

С) Ертең сабаққа барғысы келмейді.

Д) Қазақстан жылдам дамыды.

Е) Қыс мезгілі.

17. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрін анықтаңыз.

А) Жалаң.

В) Хабарлы.

С) Атаулы.

Д) Жақты.

Е) Толымды.

18. Сөйлем түрін анықтаңыз. Мен бүгін мектепке келдім.

А) Атаулы сөйлем.

В) Жақсыз сөйлем.

С) Жақты сөйлем.

Д) Құрмалас сөйлем.

Е) Сұраулы сөйлем.

19. Анықтауышты сөйлемді табыңыз.

А) Болашағына сенеміз.

В) Ол Отанын сүйеді.

С) Тиыннан теңге құралады.

Д) Астанаға кеше келдім.

Е) Ол өлең оқуға құмар.

20. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Ағасы бардың - жағасы бар.

В) Киімін жинастырды.

С) Інісі бардың - тынысы бар.

Д) Таң мезгілі.

Е) Ел іші - өнер кеніші.

21. Сөйлемді аяқтаңыз: Театр - ... .

А) Мүсін.

В) Еңбек.

С) Мұражай.

Д) Өнер.

Е) Ескерткіш.

22. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді анықтаңыз.

А) Атаулы.

В) Жалаң.

С) Жақсыз.

Д) Толымсыз.

Е) Жайылма.

23. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Жаз. Егіс даласы.

В) Менің сабақ оқығым келеді.

С) Мен ауылға бардым.

Д) Ертең осы жерге кел.

Е) Балам, қайдан келдің?

24. Сөйлемді толықтырыңыз: «Мұраттың көзі ... .»

А) Қоңыр.

В) Төрт.

С) Аласа.

Д) Биік.

Е) Ащы.

25. Таң қалу, қуану сияқты сезімдерді көрсететін сөйлем түрін табыңыз.

А) Жақсыз.

В) Лепті сөйлем.

С) Толымды.

Д) Жақты.

Е) Атаулы.

Құрмалас сөйлем

1- нұсқа

1. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Әл-Фараби ежелгі Фараб қаласында туып-өскендіктен, араб елдерінде оны Фараби деп атаған.

В) Солардың 117-сінің аты белгілі, ал әзірге табылған36 кітап.

С) Ол 200-ге жуық ғылыми кітап жазған. Д) Әбу Насыр қыпшақ, оғыз, араб тілдерін жетік білген.

Е) Жұрт жиналып болған соң, Самат көрген-білгенін асықпай айтып берді.

2. Сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Жиналыс бітті де, халық тарай бастады.

В) Мен үлкенмін, содықтан сен мені тыңдауың керек.

С) Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады.

Д) Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды.

Е) Ертең күн жылы болса, біз тауға барамыз.

3.Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.

А) Бурабайға адамдар көп келеді.

В) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады.

С) Хамиттің жүзі өзгеріп кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды.

Д) Теледидарда кино да, айтыс та, ән де кезектесіп жүріп жатты.

Е) Ержан далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты.

4. Ыңғайлас салалас сөйлемді табыңыз.

А) Су табиғатта кең тараған, себебі бүкіл атмосфера судан тұрады.

В) Бүгін үш сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды.

С) Күн біресе жауады, біресе басылады.

Д) Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері.

Е) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.

5. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Жақсы оқу үшін, көп ізденіс керек.

В) Мен келгенше, сен үйде отыр.

С) Ауылдан бүгін Әсем келеді немесе Кәкен келеді.

Д) Егер сен маған келсең, біз циркке барамыз.

Е) Қатты жаңбыр жауғандықтан, біз қонаққа бармадық.

6. Құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Алма ағашы. В) Күн ұзақ. С) Қазір қыс. Д) Жел тұрды, жаңбыр жаумады. Е) Жаз айлары.

7. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Төле би 17 ғасырда өмір сүрген.

В) Раушанның қалаға келгеніне үшінші күн болғанда, жиналыс ашылды.

С) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.

Д) Мен мұғаліммен бірге құрбыма бардым.

Е) Үй іші жым-жырт.

8. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Менің мектепке келгеніме жарты сағат болды, бірақ жиналыс әлі басталған жоқ .

В) Ұшақ сағат бесте ұшуы керек еді, алайда ұша алмады.

С) Ән басылды, бірақ домбыра сазы тоқталған жоқ.

Д) Ертең доп ойнауға я Бейсен барады, я сен барасың.

Е) Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді.

9. Құрмалас сөйлемнің түрін көрсетіңіз.

А) Жай.

В) Жақсыз.

С) Хабарлы.

Д) Толымсыз.

Е) Сабақтас.

10. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Қоңырау соғылды, оқушылар үзіліске шықты.

А) Лепті сөйлем.

В) Жай сөйлем.

С) Аралас құрмалас сөйлем.

Д) Сабақтас құрмалас сөйлем.

Е) Салалас құрмалас сөйлем.

11.Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын көрсетіңіз.

А) Неліктен?

В) Не мақсатпен?

С) Қайткенде?

Д) Қалай?

Е) Не еткенмен?

12. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Жел тұрды да, жаңбыр жаумады.

А) Толымды сөйлем.

В) Аралас құрмалас сөйлем.

С) Жай сөйлем.

Д) Салалас құрмалас сөйлем.

Е) Сабақтас құрмалас сөйлем.

13. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Қыз баласы әдемі болып өсіп келеді.

В) Ермек шахтадан шығып кетті, себебі шахта астында жарылыс жиі болып тұрады.

С) Жігіттер келген қонақты ортаға алып, әңгіме қызығына беріліп кетті.

Д) Күн сайын жер бетінде төтенше жағдай болады, бірақ оған ешкім таңданбайды.

Е) Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді.

14. Құрмалас сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Одағай.

В) Толымды.

С) Жай.

Д) Салалас.

Е) Жайылма.

15. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

А) Сабақтас құрмалас сөйлем.

В) Жай сөйлем.

С) Толымды сөйлем.

Д) Салалас құрмалас сөйлем.

Е) Аралас құрмалас сөйлем.

16. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Қаздар, үйректер жылы жаққа ұшып кетті.

В) Оған аудармашы болу қиын, дегенмен қызмет атқарып жүр.

С) Бүгін күн бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр жауады.

Д) Бүкіл жайлау елінен, қырдан қонақтар келе бастады.

Е) Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді.

17. Себеп бағынынқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Бала жақсы болу үшін жақсы тәрбие керек.

В) Егер мен шақырсам, досың бізге келер ме?

С) Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие түсті.

Д) Абай әкесі кеткелі, үйден шыққан жоқ.

Е) Қонақ үй болмағандықтан, досымның үйіне келдім.

18. Құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Қар аралас жаңбыр жауды.

В) Күн суық болды.

С) Күн аса суық болмағанымен, ызғары бар.

Д) Үйлердің төбесін, ағаштарды, терезені қырау басты.

Е) Табиғаттың көрінісі тамаша!

19. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Қар жауса, балалар қуанады.

В) Сен оған айтқан соң, мен үндемедім.

С) Олар су ішіп, шөлдерін қандырды.

Д) Күн жарқырап тұрғанмен, қатты аяз.

Е) Сабақ оқуға уақыттары аз бола тұра, емтиханды жақсы тапсырды.

20. Құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Олар екі-үш күн ерте келгенімен, ешкімге жолыға қойған жоқ.

В) Ербол кеше сабаққа кешігіп келді.

С) Мен оған ренжи қарадым.

Д) Немересі қатты қуанды.

Е) Шешесі қызына сүйсініп те, мақтанып та қарады.

21. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Ақшамыз болмағандықтан, біз циркке барған жоқпыз.

В) Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп кітап әкеліп берді.

С) Олар су ішіп, шөлдерін қандырды.

Д) Оладамдар еститіндей қаттырақ сөйледі.

Е) Емтихан тапсырғаннан кейін, үйге барамыз.

22. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.

А) Кезектес салалас құрмалас сөйлем.

В) Іліктес салалас құрмалас сөйлем.

С) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.

Д)Сабақтас құрмалас сөйлем.

Е) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

23.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Саяхатқа баратынымызды хабарламақ болып, сынып жетекшіні іздедім.

В) Бұл күнде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді.

С) Күз түсті, күн салқындады.

Д) Бүгін біз төрт сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды.

Е) Күн суық, әрі қар борап тұр.

24. Шартты сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Не ексең, соны орарсың.

В) Күз келді де, жаңбыр жауды.

С) Сабақ ерте басталғанда, ерте бітеді.

Д) Мұғалім айтқанда, ол жазады.

Е) Ол көп уайымдап, үйге келді.

25. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.

А) Қашанға дейін?

В) Не себепті?

С) Неге?

Д) Неліктен?

Е) Не мақсатпен?

Құрмалас сөйлем

2-нұсқа

1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңыз.

Ол жақсы оқыса, университетке түседі.

А) Қарсылықты.

В) Шартты.

С) Себеп.

Д) Мақсат.

Е) Мезгіл.

2. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкенді араладық .

В) Мен барғанша, ол кетіп қалды.

С) Күн жылы болды деп, біз серуенге шықтық.

Д) Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз.

Е) Оқушылар келген соң, сабақ басталды.

3. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.

В) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды.

С) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

Д) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді.

Е) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүрді.

4. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.

В) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады.

С) Еңбек баланы мықты етеді.

Д) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды.

Е) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы.

5. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті.

В) Ауылда жаңа мектеп салынды.

С) Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.

Д) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.

Е) Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жаумады.

6. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Айжан дүкенге кетті.

В) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.

С) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.

Д) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар.

Е) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.

7. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Кеш тым ыстық болғандықтан, жұрт әтеті бойынша далаға шығып отырған секілді.

В) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жуып алыпты.

С) Ағам келетін уақыт болды.

Д) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті.

Е) Түн. Ай жап-жарық .

8. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамы қалай анықталатынын көрсетіңіз.

А) Екі жай сөйлем.

В) Атаулы сөйлем, түсіндірмелі сөйлем.

С) Жалғаулықты сөйлем, жалғаулықсыз сөйлем.

Д) Бағыныңқы, басыңқы.

Е) Толымды, толымсыз сөйлем.

9. Салаластың түрін ажыратыңыз.

Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ .

А) Ыңғайлас.

В) Қарсылықты.

С) Түсіндірмелі.

Д) Кезектес.

Е) Талғаулы.

10. Кезектес салаласты табыңыз.

А) Күн сайынғы бір жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды. В) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы тартылып қалады.

С) Қалада жаңа үйлер салынды.

Д) Машина жүрісін бірде шапшандатады, бірде баяулатып жүреді.

Е) Біз асыға кірдік.

11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) Жай сөйлем.

В) Шартты бағыныңқы сөйлем.

С) Кезектес салалас сөйлем.

Д) Қарсылықты салалас сөйлем.

Е) Ыңғайлас салалас сөйлем.

12. «Әлде» жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз.

А) Кезектес салалас.

В) Себеп-салдар салалас.

С) Ыңғайлас салалас.

Д) Талғаулы салалас.

Е) Қарсылықты салалас.

13.Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

А) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің.

В) Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма.

С) Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой.

Д) Биылғы қыс суық болған жоқ .

Е) «Бұның дұрыс болмайды»,-деп әкесі ренжіді.

14. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.

А) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды.

В) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада.

С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей.

Д) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді.

Е) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.

15. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Мен оқыған кітап қызық-ақ .

В) Әңгіме елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.

С) Онның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді.

Д) Түн.

Е) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын танып алыпты.

16. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.

А) Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл–Алматының және қала маңының картасы екен.

В) Қыздар тоғайға шие теруге кетті.

С) Бес-алты айда келді.

Д) Олкөпті көрген дана қарт.

Е) Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.

17. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз.

А) Сонымен.

В) Сондықтан.

С) Да.

Д) Бірақ .

Е) Немесе.

18. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар.

В) Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.

С) Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеймін.

Д) Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмай келеді.

Е) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.

19. Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз.

А) Ол дауыстарының шуылдамай, үйлесімді шығуын талап етті.

В) Арай хат жазып кетті.

С) Ардақ Саятты күтті, бірақ ол келмеді.

Д) Не істесем де алдыма қойған мақсатқа жетуім керек.

Е) Бүгін менің жалғыз інім келеді.

20. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ауылда бірде шам болады, бірде болмайды.

В) Таң атты, мен ояндым.

С) Риза болғаны сондай-мені құшақтай берді.

Д) Қалаға мен барсам, сен болмай шықтың.

Е) Қалаға не мен барамын, не сен барасың.

21. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді.

В) Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады.

С) Көктем енді келсе де, күн ысып кетті.

Д) Кенжебек жауап іздеп көріп еді, орынды сөз ойына орала қоймады.

Е) Абай араларынан кетісімен, сабыр бұйрық елге жайылды.

22. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ұялғанымнан да бетімнің оты шықты.

В) Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын.

С) Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді.

Д) Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын.

Е) Сабырлы Олжабектің сасқаны соңша-орнынан атып тұрды.

23. Шартты бағыныңқылы сабақтасты көрсетіңіз.

А) Үйдің іші үн-түнсіз, көңілсіздік басқан.

В) Тоқтамай сөйлей берсеңші, уақытың жетпес.

С) Айтар ойы олмаған соң, бос сөзге үйір.

Д) Тілмен тас жаруына қарама, тындыруына қара.

Е) Бір рет айтудан бұрын екі рет ойлап алсаң, екі есе жақсы айтасың.

24. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.

В) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүреді.

С) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды.

Д) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді.

Е) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

25. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Экологияны сақтайық , соған ат салысайық .

В) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады.

С) Түнгі кезекте болғандықтан, шаршап та отырмын.

Д) Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр.

Е) Онымен әр кеңескен сайын түрлі жаңалық естимін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]