Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орыс китап оригинал.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417 Кб
Скачать
☆

Синтаксис

Синтаксис сөйлем мен сөз тіркестері туралы жалпы анықтамалар мен ережелер беретін грамматиканың бір бөлімінің атауы. Синтаксис сөз бен сөзді байланыстыру үшін қызмет атқарады. Сөздер бір-бірімен тек сөйлемде ғана емес, өзара тіркесіп те байланысады. Мысалы: Ардақ әдебиет жайында әлі сөйлеп отыр деген сөйлемді оқығанда белгілі бір оқиға жайында хабар білеміз. Ал осы сөйлемдер қалай құрастырылған, ондағы сөздер бір-бірімен қалай байланысып тұр дегенді грамматиканың синтаксис бөлімі қарастырады.

Егер сөздердің бастапқы мағынасын алып бір-бірімен тіркестірсек, Ардак әдебиет әлі сөйлеп отыр деген мағынасыз сөйлем шығар еді. Бұларды бір-бірімен байланыстырып тұрған қосымшалар. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен сөздердің тіркесуі арқылы байланысады.

СӨЙЛЕМ

Біршама тиянақты ойды білдіретін синтаксистік бірлікті сөйлем дейміз. Сөйлемнің өзіне тән белгілері:

Оның грамматикалық негізі, яғни бастауышы, баяндауышы болу керек. Әр сөйлем интонация арқылы тиянақталып, тұйықталады. Белгілі бір шақтағы оқиға баяндалады.

Сөйлем айтылу мақсатына қарай төрт түрге бөлінеді: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті.

Құрылысына қарай жай сөйлем, құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді.

Хабарлы (повествовательный)сөйлем

Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің басқы жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады. Мысалы: Жеңіс пен табыс дегеннің өзі талапты ерді сүйеді. Арман мен Алмат театрға барды.

Сұраулы (вопросительный)сөйлем

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы онша бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен қалады. Сұраулы сөйлемнен кейін сұрақ белгісі қойылады. Сұраулы сөйлем негізгі сұрақ, жетек сұрак, анықтауыш сұрақты білдіреді.

Бір нәрсе туралы мәлімет aлy үшін қойылған сұрақты негізгі сұрақ дейміз. Негізгі сұрақ сұрау есімдігі (кім? қашан? қанша? неге? қайда? кімдер? т.б.) ма? ме? ба? бе? па? пе? деген шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Үйде кім бар? Ауылдан қашан келдің? Мына затты кайдан алдың? Сен тамақ іштің бе? Ол сабағын орындады ма? Асан ертең сабаққа барасың ба? Ертең күн суық бола ма?

Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақты жетек сұрак дейміз.

Мысалы: - Кеште кімдер өлең айтты?

-Ұлдар өлең айтты.

-Қыздар ше?Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады. Жетек сұрақ толымсыз, сөйлем мүшесі бола алмайды.

Екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты анықтауыш сұрақ дейміз. Анықтауыш сұрак интонация арқылы жасалады.

Мысалы: - Бұл кісілер қай жердікі?

-Жетісудікі.

-Жетісудікі?

-Иә, Жетісудікі..

Лепті (восклицательный)сөйлем. Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз.

Лепті сөйлемнің жасалу жолы:

Сөйлемнің етістік формалары арқылы жасалады. Мысалы: Оның жетіп келмесі бар ма! Дауысы мұнша ащы болар ма!

Сөйлемде -ақ, -ай, -ау ғой шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы: мына зат керек -ақ екен! Үйіңе бара ғой, шырағым! Маған қайдағыны айтқыздың-ау! Көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Уһ, шаршап қалыппын ғой!

Интонация арқылы жасалады.Жау жойылды! Алақай! Жасасын Астана! Кейбір сөйлемдер әрі лепті, әрі сұраулы болып айтылады. Мұндайда екі тыныс белгі де қойылады. Мысалы: Тәуекел, жіберсем бе екен?!

Бұйрықты(приказательный) сөйлем.Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемді бүйрықты сөйлем дейміз. Бұйрықты сөйлемнің жасалу жолы: Етістіктің бұйрық райының 1-жағында –айын, -ейін жекеше, көпше түрінде; Мысалы: Мен барайын. Біз қайтайық. -2-жақ жекеше, көпше түрі мен 3-жақ түрі. Мысалы: Дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәтті бол.

Шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Түндікті жауып, есікті түріп койшы.

Жай(простое) сөйлемдер

Жай сөйлемнің түрлері:

1.Жақты(личное)

2.Жақсыз (безличный)

3.Жалаң (нераспространенное)

4.Жайылма (распространенное)

5.Толымды(полное)

6.Толымсыз(неполное)

7.Атаулы сөйлем (назывное)

Құрамына бастауыш қатысқан сөйлемді жақты сөйлем дейміз. Жақты сөйлемдер жіктіктің үш жағында сөйлейді. Мысалы: Күн де батты. Ауа райы бұзыла бастады. Мен мектепке ерте бардым деген сөйлемдерде күн, ауа райы, мен деген бастауыш қатысып тұр, сондықтан ол жақты сөйлем болады.

Кейде бастауыш айтылмай, түсіп те қалады. Оны баяндауыш арқылы тауып алуға болады. Мысалы:Мен енді қорықпаймын немесе кейде бастауышында тұрған жіктеу есімдігі жасырын келеді ол кезде жақты сөйлемді баяндауыш қызметінде тұрған жіктік жалғау формасы арқылы табуға болады. Мысалы: (Мен) Енді қорықпаймын яғни «Мен» деген жіктеу есімдігі жасырын тұр. Мысалы: (Сен) Жақсы азамат боласың. (Сен) Ер болып, ер жетерсің, қарағым деген сөйлемдерде бастауыш жок, яғни бастауыштың сұрағына жауап беретін сөз жоқ. Бастауышты баяндауыш арқылы сұрақ қою арқылы тауып алуға болады. Жақсы азамат болатын кім? Сен жақсы азамат боласың. Ер болып, ер жететін кім? Сен ер болып,ер жетерсің, қарағым. Мағынасы көпке арналып, ортақ болып кеткен сөйлемдерді жалпылама жақты сөйлем дейміз. Жалпылама жақты сөйлемдерге мақал, мәтел, накыл сөздер жатады. Мысалы: көпті сөкпе, кенді төкпе Жұмыстың көзін тап, қисықтың тезін тап т.б.

Баяндауыштың бір өзі сөйлем құрауға негіз болатын сөйлемді жақсыз сөйлем дейміз. Мұнда мүлдем бастауыш болмайды, баяндауыш арқылы бастауышты да табуға болмайды.Мысалы: Маған онымен талай кездесуге тура келді. Кім кездесуге тура келді? деп сұрақ қоя алмаймыз, кімге кездесуге тура келді?деп сұрақ қоя аламыз.

Жақсыз сөйлемнің жасалу жолы:

1.-қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау райлы етістіктен жасалады. Менің арзан сөзді айтқым келмеді.

2.-уға, -уге қосымшасына бол, жара, тура, кел көмекші сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Көпшіліктің көзінше сыбырлап сөйлесуге болмайды.

Атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін сияқтысөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Біздің ашықсөйлесуіміз керек.

3.-ып, -іп,-п жұрнағына бол сөзінің тіркесуі арқылы жасалады. Бұдан ешнәрсетүсініп болмады.

Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Балалар ұйықтап кетті. Бұлар жүріп кетті деген сойлемдер тек бастауыш пен баяндауыштан құралған, сондықтан жалаң сөйлем дейміз.

Жалаң сөйлем құрлысына қарай жақты да, жақсыз да бола алады. Біз екеу едік деген сөйлем әрі жақты, себебі бастауышы бар, әрі жалаң, себебі тек бастауыш пен баяндауыштан тұр. Оқығым келеді. Бұл сөйлем әрі жақсыз, себебі сөйлем тек баяндауыш арқылы жасалып тұр, әрі жалаң, өйткені сөйлемге тұрлаусыз мүшеқатыспаған.

Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Бүгін аспан бұлтсыз деген сөйлемде бүгін деген тұрлаусыз мүше қатысып, жайылма сойлем жасап тұр. Жайылма сөйлем кұрылысына қарай жақты не жақсыз болады. Әбіш енді Дәркембайдан Базаралының бүгінгі жайын сұрап еді. Бұл сөйлем әрі жақты, әрі жайылма. Жақты болған себебі Әбіш деген бастауышы бар, жайылма болған себебі сөйлемге тұрлаусыз мүше қатысқан. Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді. Бұл сөйлем әрі жақсыз, әрі жайылма. Жақсыз болғаны сөйлемге бастауыш қатыспаған, жайылма болғаны сөйлемге тұрлаусыз мүшелер қатысқан.

Айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан сөйлемді толымды сөйлем дейміз.

Толымды сөйлемнің негізгі белгілері:

айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысады; басқа сөйлемге тәуелді болмай, дербес айтылады.

Мысалы: Абай бүгін сабаққа уақытылы екешікпей келді. Мұнда айтылуға тиісті сөздің бәрі қатысқан.

Айтылуға тиісті тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің бірі түсіп қалған жай сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз. Мысалы: - Біркелкі жақсы өсіпті. Бұл сөйлем толымсыз сөйлем, өйткені айтылуға тиіс тұрлаулы мүше түсіп қалған, яғни не біркелкі жақсы өскен? деген сұрақ қою арқылы оны толымды сөйлемге айналдыра аламыз. Мұнда түсіп қалған сөз егін. Дұрысында егін біркелкі жақсы өсіпті болу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]