- •Фонетика
- •Буын(слог)
- •Лексика
- •Синоним
- •Антоним
- •Мақал мен мәтел (пословицы и поговорки)
- •Морфология
- •Сын есім (имя прилагательное)
- •Есімдік(местоимение)
- •Етістік(глагол)
- •Етіс (залог)
- •Есімше(причастие)
- •Көсемше(деепричастие)
- •Етістіктің шақтары (времена глагола)
- •Етістіктің райлары(наклонение глагола)
- •Тұйық етістік (инфинитив)
- •Үстеу(наречие)
- •Шылау (союзы)
- •Одағай(междометие)
- •Оқшау сөздер
- •Қыстырма сөз
- •Синтаксис
- •Атаулы сөйлем
- •Сөйлем мүшелері (члены предложения)
- •Бастауыш (подлежащее)
- •Баяндауыш (сказуемое)
- •Дара, күрделі баяндауыш
- •Тұрлаусыз мүшелер (второстепенные члены предложения) Толықтауыш (дополнение)
- •Анықтауыш (определение)
- •Пысықтауыш (обстоятельство)
- •Құрмалас сөйлем (сложное предложение)
- •Қарсылықты салалас (противительные)
- •Түсіндірмелі (указательные) салалас
- •Талғаулы (разделительные) салалас
- •Кезектес (чередующиеся) салалас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
- •Қосымша мәлімет:
- •Қазақстанның астанасы
- •Қазақстан жері
- •Қазақстанның өзен – сулары өзендер
- •Қазақ тілі жайлы
- •XviiIғ.Ғ. Батырлар
- •Қазақтың шешендік өнері
- •Үй жануарлары
- •Құрал-жабдықтар
Қазақстанның астанасы
1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола-ресми астана болып белгіленді
1998 жылғы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын “Ақмола” деп атауға жарлық шығарды
1998 жылғы 10 маусымда жаңа астананың халықаралық ресми тұсаукесері өтті
1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның “Әлем қаласы” сыйлығына ие болды
Астана қаласы жайлы жалпы мәліметтер:
- Құрылған жылы - 1832жыл
- Темір жол бекетінің атауы – Астана станциясы
- 1961жылға дейін – Ақмола қаласы
- 1961жылдан 1992жылға дейін – Целиноград қаласы
- 1993жылдан 1998жылға дейін – Ақмола қаласы
- 1997жылғы 20қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды
- 1998жылғы 6мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді
- Астана – қасиетті Сарыарка жерінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан әсем қала
- 2008жылгы 25маусымда “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізіліп, “6шілде-Астана күні” болып өзгертілді
Қазақстан жері
Қазақстан жері Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік болып бірнеше экономикалық аймаққа бөлінеді
Батыс Қазақстанға – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары жатады.
Атырау – мұнай қоры мол аймақ . Ол – Еуропа мен Азияны түйіскен жерінде орын тепкен.
Каспи теңізі, Жайық өзені, Маңғыстау шығанағы және Ноғай хандығының астанасы болган көне Сарайшық қаласы осы аймақта.
Бұл жерде Әйтеке Би, Сырым батыр, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы, Құрманғазы мен Дина, Әлия мен Мәншүк дүниеге келген
Солтүстік Қазақстан - астығы мол өлке. Ол- Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар сияқты солтүстік аудандар. Бұл жерде темір, асбест кен орындары, Екібастұз жылу энергиясын өндіретін өндіріс орындары бар. Атақты сұлу жерлері:Көкшетау, Баянауыл.
Орталық Қазақстан – бұл негізінен Сарыарқа деп аталатын аймақ. Ол – Қарағанды мен Жезқазғанды және Ақмола, Павлодар облыстарының біраз бөлігін қамтиды.
Сарыарқа - Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы. Мұнда алтын, мыс, қорғасын, вольфрам, молибден, марганец т.с.с метелдар көп
Қазақстанның мәдени ескерткштерінің бірі – Алаша хан күмбі Қарағанды облысынағы Қаракеңгір өзенінің оң жағында. Ол – X-XI ғ.ғ сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған күмбез.
Шығыс Қазақстан – Семей және Өскемен өңірін қамтиды. Мұнда Зайсан, Марқакөл сияқты әсем көлдер бар
Марқакөл көлі Алтай тауының арасында орналасқан. Ол – Қазақстанда суы ең тұщы көл. Марқакөлдің солтүстігінде – Күршім тауы, оңтүстігінде Азутау қоршап жатыр
Алакөл көлі (Шұбар көл) Қазақстаннның ішкі бөгендері арасындағы көлемі жағынан екінші және республиканың ағынсыз өзендерінің арасындағы жалғыз терең көл болып табылады
Мұнда қазақтар үшін сондай қасиетті мекен – Шыңғыстау бар. Бұл жерде халқымыздың үш кемеңгер ақын – жазушысы өмірге келген. Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар.
Оңтүстік Қазақстан – Қызылорда, Жамбыл, Онтүстік Қазақстан, Алматы облысы жатады. Мұнда Алатау, Қаратау таулары, Сырдария, Іле секілді ірі өзендері бар. Ол Арал теңізінен Жоңғар тауларына Балқаш көлінен Алатау және Қаратауға, Сарыарқаға дейін созылып жатыр
Бұл өлке – мақта, көкөніс, жеміс-жидек өсірілірін аймақ. Қызылорда – күріштін, қауын мен қарбыздың отаны. Мақта тек оңтүстікте ғана өседі. Қаратау тауының ұзындығы – 420 шақырым. Ең биік жері 2176 метр. Алматы, Талдықорған өңірі ежелден бері Жетісу деп аталады. Жетісудің жеті өзені мыналар: Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратал, Іле, Шу.
Қазақстанның мәдени ескерткіштері: Арыстанбаб, Х.А.Яссауи – Оңтүстік Қазақстанда, Айша бибі, Қарахан кесенесі – Жамбыл облысында, Қорқыт ата кесенесі, Қызылорда облысында.
