- •Фонетика
- •Буын(слог)
- •Лексика
- •Синоним
- •Антоним
- •Мақал мен мәтел (пословицы и поговорки)
- •Морфология
- •Сын есім (имя прилагательное)
- •Есімдік(местоимение)
- •Етістік(глагол)
- •Етіс (залог)
- •Есімше(причастие)
- •Көсемше(деепричастие)
- •Етістіктің шақтары (времена глагола)
- •Етістіктің райлары(наклонение глагола)
- •Тұйық етістік (инфинитив)
- •Үстеу(наречие)
- •Шылау (союзы)
- •Одағай(междометие)
- •Оқшау сөздер
- •Қыстырма сөз
- •Синтаксис
- •Атаулы сөйлем
- •Сөйлем мүшелері (члены предложения)
- •Бастауыш (подлежащее)
- •Баяндауыш (сказуемое)
- •Дара, күрделі баяндауыш
- •Тұрлаусыз мүшелер (второстепенные члены предложения) Толықтауыш (дополнение)
- •Анықтауыш (определение)
- •Пысықтауыш (обстоятельство)
- •Құрмалас сөйлем (сложное предложение)
- •Қарсылықты салалас (противительные)
- •Түсіндірмелі (указательные) салалас
- •Талғаулы (разделительные) салалас
- •Кезектес (чередующиеся) салалас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
- •Қосымша мәлімет:
- •Қазақстанның астанасы
- •Қазақстан жері
- •Қазақстанның өзен – сулары өзендер
- •Қазақ тілі жайлы
- •XviiIғ.Ғ. Батырлар
- •Қазақтың шешендік өнері
- •Үй жануарлары
- •Құрал-жабдықтар
Анықтауыш (определение)
Сөйлемде зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болған мүшені сындық, сандық, иелік, қатыстық жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз. Сұрақтары: қандай? қай? қанша? неше? кімнін? ненің?
Сын есім. Мақсұт күріштің жапырағындағы мөлдір(қандай?)шықты байқады.
Зат есім. Құрлысшы(қандай?) қыз көміршілер қаласына абыроймен оралды.
Сан есім. Қазір зәулім мектепте алты жүз(қанша?)бала оқиды.
Есімдік.Сіздің(кімнің?) бар(қандай?)шығармаңыз осы(қай?) үйден табылады.
Етістіктің есімше түрі. Екі ұшқыш келген(қандай?) шаруаларын баяндай жөндеді.
Ілік септікті сөздер.БаймақанЖомарттың(кімнің?)кабинетіне кірді.
Бір сөзден тұратын анықтауышты дара анықтауыш дейміз. Мысалы: Жас(қандай?)қозылардың(нелердің?)жып-жылы тұмсықтары Айгүлдің(кімнің?) қолын иіскелейді. Бұл мысалдағы жас, қозылардың, Айгүлдің деген сөздер бір сұраққа бір сөз жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып тұр.Күрделі анықтауыш кемі екі сөзден тұрады. Мысалы:Қайың сапты(қандай?)кетпен қара жерге қарш етті. Айнала бар дүниеніал қара көк(қандай?) бетегеге басыпты. Кеңседеелу екі(қанша?) адам бар.Үй ішінің (ненің?) қарбалас жүрісі саябырлады. Жолбойындағы бүршікті (қандай?) сарғалдақтар көз тұндырады. Бұл сөйлемде қайың сапты, елу екі, үй ішінің, жол бойындағы бүршікті сөздері екі, үш сөзден бірігіп бір сұраққа жауап беріп тұр.
Пысықтауыш (обстоятельство)
Сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл,себеп, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені пысықтауыш дейміз. Сұрақтары: қашан? қалай? қайда? кім арқылы? не арқылы? кім үшін? не үшін? т.б сұрақтарға жауап береді. Байланысу түрі: меңгеру, жанасу, қабысу.
Пысықтауыштың жасалу жолы:
Үстеу. Бізілгері(қалай?)жүріп кеттік.Ертеңіне(қашан?) екі өзен аралығына екі бірдей тікұшақ келіп қона алды. Перизат біраз(қанша?) үнсіз отырды. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктер тұлғасында тұрып, мекен, мезгіл, бағыт, сын-қимыл мағыналарында жұмсалып, пысықтауыш қызметін атқарады. Мен ауылға(қайда?) беттеп келемін. Қырман басынан(қайдан?) электр жарығы жымыңдайды. Гүлсая зор дайындықпен(қалай?) кірісті.
Мезгіл мәнді зат есімдер.Сол күні(қашан?)Тілеуқабыл түні бойы(қашан?)
Дөңбекшіп, әлденеден ұйықтай алмады.
Септеулік шылаулы есім сөздер. Күні бүгінге шейін бұл елдің жаз жайлауы - Қарақұрым бойы. Абай халық үшін, халық Абай үшін алысады.
Етістік. Шешесі баласының бетіне мейірлене қарады.
Еліктеуіш. Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді.
Сын есім. Айнала жұрт сөзге қатты сүйсінді.
Сан есім.Сабақ сегізде басталады.
Есімдік.Шай әлдеқашан жиналған.
Бір сөзден тұратын сөзді дара пысықтауыш дейміз. Мысалы: шопанның үні мейірімді естілді. Мен қарттың жүзіне бағдарлай қарадым. Ауылға кештетіп жеттік. Алыстан бірнеше салт атты көрінді.
Күрделі пысықтауыш кемінде екі сөзден тұрып, бір сұраққа жауап береді. Мысалы: бұл кезде пойыз Хантауға еліп тоқтады. Толғанбай Алаколден Есік көліне келді. Орталап қалған айбатысқа таман сызылып барады. Тілек досына көмектесу үшін ерте келді.Үйірлі сөзден тұратын пысықтауышты үйірлі пысықтауыш деп атайды. Мысалы: Уақытым барда кітапханаға барып дайындалсам деймін. Ит жоқта қораға шошқа үреді.
Пысықтауыштың түрлері:
Түрлері |
Сұраулары |
Мысалдары |
1.Мекен пысықтауыш |
Қайдан?қайда?қалай қарай? |
Жарқын мен Сапартөменқарады. Асқартөрге қарайбарды. Самарқанодан әріжүрмеді.Асан ілгері қарай қадам басты. Асан машинасымен алға, артқа қарай жылжи бастады. |
2.Мезгіл пысықтауыш |
Қашан?қашаннан бері? қашанға шейін? |
Бүгін сол елдің барлығы жылы үйлеріне кіре бастады. Бұл екеуікешке дейін үнсіз келе жатты. |
3.Мөлшер пысықтауыш |
Қаншама? қаншалық? қалайша? Қаншалап? |
Жаңбырдың жауғаны сонша, жер бетін көлкіген су басып кетті. Биыл оқушылардың білімі анағұрлым көтерілді. |
4.Қимыл-сын пысықтауыш |
Қалай?қалайша?қайтіп? қаншарет?неше рет? |
Әкем сөзімдіүндемей отырып тыңдады. Зейнеп бұргышылардықолма-қолтаныстырып шықты. Олсәлойланып қалды. Ректор оған қаттыұнады. Райхан бала күніндеталай рет бұл үйге келген. |
5.Мақсат пысықтауыш |
Не үшін? не мақсатпен? неге бола? |
Тынық Донның ұлдары Жарқырап туғанелі үшінаямайда жанын да. Бізәдейісаған келдік. Сен мұны қасақана істеген жоқсың. Сізмаған бола келдіңіз бе? |
6.Себеп пысықтауыш |
Неліктен? не үшін? не себепті? неге? |
Кейін келген бала ұялғанынан үйден шыға жөнеліпті. Осымінезің үшін дос болғым келіп тұр. |
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (однородные члены предложения)
Қызметі мен сұраулары ортақ болып, өзара салаласа байланысқан екі я одан көпмүшелерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.Мысалы:Досан, Есен, Әлмен, Бәрменде аса сүйсінген ажар танытты. Бұл сөйлемде төрт бастауыш бар, бәрі бір ғана ажар танытты деген баяндауышпен байланысып, кім? деген ортақ сұраққа жауап беріп түр. Досан, Есен, Әлмен, Бәрмен - бірыңғай бастауыш.Сүгірәлиева Алтын -жақсы әнші, әсем биші - бірыңғай баяндауыш.Аңшы, мергендер, жортуылдар - күнделік аңыз тудырғанқайратты, өнерді,
қастық-араздықтыда баян етеді - бірыңғай толықтауыш.
Оразорта бойлы, кең жауырынды, төстек кеуделі, ақ сақалды, дөңестеу мұрынды, дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қас, кең маңдайлыадам еді - бірыңғай анықтауыш.
Көктемде, жазда жәнекүзде ауыртікұшақтар тайгадағы бұрғылардың үстінде қалықтап жүреді – бірыңғай пысықтауыш.
Бірыңғай мүшелердің негізгі белгілері:
Бірыңғай мүшелер өзара салаласа байланысады және санамалау интонациясымен айтылады.
Ортақ бір сұраққа жауап береді.
Бірыңғай мүшелер көбіне бірыңғай тұлғада болып, бір сөз табына жатады.
Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады.1.Ыңғайластық (соединительные) жалғаулықтар:да, де, та, те, және, әрі, мен, бен, пен; Ағыстың жылдамдығына арнаның тереңдігі де оның формасы да, өзеннің өз жолында кездестіретін бөгеттері де әсер етеді. Ел сөзі әрі мақтан, әрі міндет.
Ербол мен Абайосыншалық үлкенсыншылықпен және аңшылықпенайтылған шындыққа барынша ден қойып отыр.
2.Қарсылықты (противительные )жалғаулықтар: ішінде тек бірақ деген түрі ғана біыңғай мүшелердің арасында тұрады. Тек жері биік болғандықтан, жеміс өседі,бірақ піспейді.
3.Талғаулы (разделительные) жалғаулықтар:я,не, немесе, әлде; Аудан, шаруашылық басшыларыныңнекеңселерінен, не үйлерінентаба алмадым.
4.Кезектестік (чередующиеся) жалғаулықтар: бірде, біресе, кейде. Мысалы: Алысырақта өгіз шағала біресежылаған балаша, біресе қарқылдап күлген адамшаәр түрлі дауысқа салады.
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері:Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса, араларына үтір койылады. Мысалы: Аспанайқын, ашық.
Егер жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшенің әрқайсысымен қайталанып айтылса, араларына үтір қойылады. Мысалы:Инженер де, мүғалім де, еңбегі асқанекпінді де осы үйден табылады.
Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылық жалғаулығы арқылы байланысса,араларына үтір қойылады. Орта бойлы, бірақ толықша қара сұр жігіт еді. Мынандай жағдайда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды. Бірыңғай мүшелердің арасын пен, және жалғаулықтары бір рет байланыстырса, үтір қойылмады. Қарағандының өзіндеорысша және қазақша драмалық театр, бірнешекинотеатр және филармония бар.
Да, әрі, не, немесе, яки жалғаулықтары қайталанбаса, бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды. Төрт бөлмелі тас үйсалкын да жайлы.
