Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орыс китап оригинал.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417 Кб
Скачать
☆

Құрмалас сөйлем (сложное предложение)

Екі немесе одан көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы:Басқарма мәжілісінен шығып, Мамыт пәтеріне қарай беттеп келе жатты.Бұл кұрмалас сөйлем екі жай сөйлемнен құралған.

Құрмалас сөйлемнің үш түрі бар: салалас, сабақтас, аралас.

Құрамындағы сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Айгүл аттантүсіп еді, су қайтатаязданып қалғандай екен.Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы (түсіп еді) екінші сөйлемнің баяндауышы ( таязданып қалған екен) сияқты тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде салаласа байланысып тұр.

Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

1.Мағыналарының жақындығына қарай, іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады. Мысалы: Тұрайын деп еді, - тұра алмады. Таң атқанша кірпік қаққанымыз жоқ: аузымыз кеңесте, құлағымыз дыбыста. Бірінші салаластың бірінші жай сөйлемі екінші жай сөйлемніне қарама-қарсы мағынада айтылу арқылы кұрмаласқан. Екінші салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде болған оқиғаны баяндайды. Олардың ұласпалы интонация арқылы байланысында бірінші жай сөйлем аяқталған жерде дауыс ырғағы бәсеңдемей көтеріңкі қалыпта қалады да, тиянақсыз болып тұрады; одан кейін сәл кідіріс жасалып, екінші жай сөйлеммен ұласа байланысады.

2.Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Олар:

1.Ыңғайластық (соединительные)мәндегі жалғаулықтар: да, де, та, те, және, әрі;

2.Қарсылық (противительные)мәнді жалғаулықтар: бірақ, дегенмен, әйтседе, сонда да, алайда;

3.Себеп-салдар (причинно-следственные)мәнді жалғаулықтар: себебі, өйткені, сол себепті, сондықтан;

4.Талғау (разделительные)мәнді жалғаулықтар: не, немесе, я, яки, не болмаса, әлде;

5.Кезектес (чередующиеся)мәнді жалғаулықтар: бірде, біресе, кейде.

Ыңғайлас салалас (соединительные)

Құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой екіншісіндегі оймен мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде болуын ыңғайлас салалас дейміз. Ыңғайлас салалас жалғаулықты, жалғаулықсыз да бола береді. Жалғаулықты ыңғайлас салалас шылаулар арқылы байланысады; шылаулар: да, де, та, те, және, әрі. Мысалы: Оның үсынған қолын Тайман қысты да, Марат сәлемін алмастан теріс айналып кетті. Қар жауды да, күн суытты. Гүлжан емтиханға дайындалады және өзі қалаған оқу орнына түседі. Бұл мысалдар жалғаулықты ыңғайлас салалас болады.

Себеп-салдар (причинно-следственные) салалас

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас кұрмалас сөйлемнің түрін себеп-салдар салалас дейміз.

Себеп мәнді құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара былайбайланысады:

          1. Себеп мәнді жай сөйлем. Сондықтан, сол себепті салдар мәнді жай сөйлем.

          2. Салдар мәндіжай сөйлем, өйткені, себебі, неге десеңіз себеп мәнді жай сөйлем. Мысалы: Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін- келбеті де өзгерген. Бұл сөйлемде бірінші жай сөйлем себеп мәнді де, екінші жай сөйлем салдар мәнді болып тұр. Басқа үйге жиналмай, Сегізбай үйіне жиналамыз, себебі мұнда көңілді отыруға толық жағдай бар. Бұл сөйлемде бірінші жай сөйлем салдар мәнді де, екінші жай сөйлем себеп мәнді болып тұр.

Себеп-салдар салалас жалғаулықты және жалғаулықсыз болады. Құрамындағы жай сөйлемдер себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десең шылаулары арқылы байланысса, жалғаулықты себеп-салдар салалас болады. Егер жалғаулықсыз байланысса, онда ол жалғаулықсыз себеп-салдар салалас болады. Асан театрға бармады, себебі уақыты жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]