Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орыс китап оригинал.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417 Кб
Скачать
☆

Қосымша мәлімет:

  • Шаңырақ - Елтаңбаның жүрегі.Шаңырақ - мемлекеттің түп-негізі,отбасының бейнесі.

  • Тұлпар - дала дүлдүлі,ер - азаматтың сәйгүлігі.Ол - жеңіске,тәуелсіздікке,бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі.

  • Қанатты тұлпар - талмас талаптың,асыл мұраттың,жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол-өлмес өмірдің бейнесі.

  • Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

  • 2006 жылы 7 қаңтарда ҚР Мемлекеттің Әнұраны қабылданды. Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әні ҚР Мемлекеттік Әнұран деп жарияланды .

  • Жұмакен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен біршама түзетулер енгізілді

  • 2006 жылдың 10 қаңтары - ресми жариялау күні - еліміздің жаңа әнұранының туған күні.

ҚР Мемелекеттік Әнұраны

сөзі: Жұмекен Нәжімеденов

Нұрсұлтан Назарбаев

әні: Шәмші Қалдаяқов

Алтын аспаны,күн

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

Қазақстан Республикасының Президенті

  • Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Елбасы 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

  • 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді.Экономика ғылымдарының докторы.

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдаракадемиясының академігі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемелекеттікұлттық университетінің құрметті профессоры.беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

  • 1960-1969 ж.ж. Қарағанды металлгурия зауытында жұмыс істеді.

  • 1969 - 1973 ж.ж. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия -комсомол жұмыстарында жауапты қызыметтер атқарды.

  • 1973-1977 ж.ж. Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

  • 1977 - 1979 ж.ж. Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы.

  • 1979 - 1984 ж.ж Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

  • 1984 - 1989 ж.ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы.

  • 1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті.

  • 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш рет Қазақстан президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

  • 1995 жылы 29 сәуірде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

  • 1999 жылы 10 қаңтарда өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесинде Н.Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды.

  • 2005 жылдың 4желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент даусын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып кайта сайланды.

  • 2010 жылғы 14 маусымда “Қазақстан Республикасының кейбір конститутциялық зандарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетылдіру мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы” №298-IV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.

  • Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.

  • Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.

  • Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.

  • Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева.

  • Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

  • Президенттің үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы; Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия-бизнеспен айналысады, “Элитстрой” құрлыс компаниясын басқарады

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТАНАЛАРЫ

  • Жалпы қазақ жерінде болған мемлекеттердің астаналарын төмендегі кестеден көруге болады

Астана

Мемлекеті

Мезгілі

Суяб

Батыс-түрік қағанаты

603-659 жж

Баласағұн

Қарахан мемлекеті

942-1213жж

Қойлық (Суяб)

Қарлұқ қағанаты

955-1222жж

Янгикент

Оғыз мемлекеті

756-955жж

Сығанақ

Қыпшақ хандығы

955-1219жж

Сығанақ

Ақорда мемлекеті

1227-1428жж

Сығанақ

Әбілқайыр мемлекеті Қазақ хандығы

1446ж бастап XVII ғ

Түркістан

Қазақстанның рухани астанасы

Семей

Алаш орда

1917-1920жж

Орынбор

КазАКСР

1920-1924жж

Қызылорда

КазАКСР

1924-1929жж

Алматы

КазКСР кейін Қазақстан Республикасы

1929-1991жж

  • XX ғасырда Қазақстанның астанасы болған қалалар:

-Орынбор (1920-1924жж)

-Ақмешіт (Қызылорда) (1924-1929жж)

-Алматы (1929-1997жж)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]