- •Фонетика
- •Буын(слог)
- •Лексика
- •Синоним
- •Антоним
- •Мақал мен мәтел (пословицы и поговорки)
- •Морфология
- •Сын есім (имя прилагательное)
- •Есімдік(местоимение)
- •Етістік(глагол)
- •Етіс (залог)
- •Есімше(причастие)
- •Көсемше(деепричастие)
- •Етістіктің шақтары (времена глагола)
- •Етістіктің райлары(наклонение глагола)
- •Тұйық етістік (инфинитив)
- •Үстеу(наречие)
- •Шылау (союзы)
- •Одағай(междометие)
- •Оқшау сөздер
- •Қыстырма сөз
- •Синтаксис
- •Атаулы сөйлем
- •Сөйлем мүшелері (члены предложения)
- •Бастауыш (подлежащее)
- •Баяндауыш (сказуемое)
- •Дара, күрделі баяндауыш
- •Тұрлаусыз мүшелер (второстепенные члены предложения) Толықтауыш (дополнение)
- •Анықтауыш (определение)
- •Пысықтауыш (обстоятельство)
- •Құрмалас сөйлем (сложное предложение)
- •Қарсылықты салалас (противительные)
- •Түсіндірмелі (указательные) салалас
- •Талғаулы (разделительные) салалас
- •Кезектес (чередующиеся) салалас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
- •Қосымша мәлімет:
- •Қазақстанның астанасы
- •Қазақстан жері
- •Қазақстанның өзен – сулары өзендер
- •Қазақ тілі жайлы
- •XviiIғ.Ғ. Батырлар
- •Қазақтың шешендік өнері
- •Үй жануарлары
- •Құрал-жабдықтар
Сын есім (имя прилагательное)
Заттың түрін, сипатын,сынын,түрін,көлемін, сапасын,дәмін білдіретін сөзді сын есім дейміз.Сұрағы: Қандай? Қай?
Сын есім заттың мынандай белгілерін білдіреді:
Заттың түрін, түсін білдіреді: ақ, қара, көк, сары, қоңыр, қызыл, құла, күрең, құба т.б.
Заттың көлемін, аумағын, салмағын білдіреді:ауыр, жеңіл, тap, ұзын,қысқа, алыс, жақын т.б.
Заттың дәмін, иісін, басқа да белгілерін білдіретін сөздер:ащы, тұщы, кермек, тәтті, күлімсі, суық, жылыт.б.
Заттың сипаты мен сапасын білдіретін сөздер:нашар, әдепті, білгіш, қорқақ, мақтаншақ, зерек, үркек, өткір, қу, елгезек, жалқау, сөзуар, батыл,сотқар, сыпайы, тәуірт.б.
Тұлғасына қарай: негізгі сын есім, туынды сын есім деп бөлінеді. Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімдінегізгі сын(непроизводные) есім дейміз. Мысалы: ақ, таза, жақсы, терең, үлкен, көк, аласа, биік, тар, сары, кең,жылы,ауыр,тығыз.
Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды(производные) сын есім дейміз.
Мысалы: тазалау,жастау, өнер+лі, су+сыз, көтер+іңкі, бала+лы, жалп+ақ,ас+палы.
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар екі түрге бөлінеді: есім сөздерден сынесім тудыратын жұрнақтар, етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар.
Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар:
-қы, -кі,-ғы,-гі; женелі, қысқы, жазғы, күзгі.
-лы, -лі, -ды, -ді,-ты, -ті; таулы, денелі, әдепті, күшті, қарлы, дәмді.
-сыз, -сіз; шексіз, елсіз, сусыз, дәмсіз, тұзсыз.
-шыл,- шіл; уайымшыл, үнемшіл.
-дай, -дей, -тай, -тей; таудай, айнадай, күндей, жібектей.
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік; аудандық, облыстық, орталық, қалалық.
-шаң, -шең;көйлекшең, сөзшең, ашушаң.
-қой, -қор, -паз,-ымпаз,-імпаз; әзілқой, сәнқой, кәсіпқой, жемқор, өнерпаз,білімпаз, сөйлемпаз, жағымпаз.
-и ; тарихи, мәдени, саяси, рухани, әдеби, әскери.
Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар:
-ақ,- ек, -ық, -ік, -к, -қ; сынық, жабық, ашық, сирек, ісік.
-ыңқы-,іңкі, -ңқы, -ңкі; басыңқы, ісіңкі, көтеріңкі.
-ынды,-інді, -нды, -нді;туынды, жаттанды, жасанды.
-малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі; ауыспалы, таңдамалы, серіппелі, бүрмелі.
-шақ,- шек; қызғаншақ, түртіншек.
-қыш, -кіш,-ғыш,-гіш;сенгіш, сезгіш, тапқыш, тоңғыш.
-ымды,-імді,-мды,-мді; жарамды, сенімді, тиімді, қонымды.
-улы,-улі; ерттеулі, жинаулы, бүктеулі..
-қақ,-кек, -ғақ, -гек; жабысқақ, тоңғақ, майысқақ.
-аған, -еген; сүзеген, қабаған, қашаған.
-ма,-ме,- ба, -бе, -па, -пе; қызба, бөспе, даурықпа, құрама.
Еліктеу сөзден сын есім тудыратын жұрнақ;
-ыр, -ір; жылт+ыр, былд+ыр, былб+ыр
Құрамына қарай: дара сын есім және күрделі сын есім болып екіге бөлінеді. Дара (простые)сын есімдерге түбір және жұрнақ арқылы жасалған сын есімдер жатады. Мысалы: аласа, аласалау, қонымды, сүйкімді, сары, биік, түнгі, сұлу, қоңыр.Күрделі (сложные)сын есімдергесөз тіркесінен және қосарланып жасалған сын есімдер жатады.Мысалы: сары ала, өткір көзді, жақсы-жаман, биік-биік, алыс-жақын. Аппақ, көкпеңбек дегендер күрделі сын есімге жатады, бірақ бірге жазылады.
Мағынасына қарай сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып бөлінеді.
Сапалық және қатыстық сын есімдер
Заттың түр-түсін, сыр-сипатын, сапа белгісін білдіретін сын есімді сапалық(качественные) сын есім дейміз. Мысалы: жеңіл, ауыр, ыстық, суық, ұзын, қысқа, биік, аласа.
Белгілі бір заттың сын-сипатымен белгісін басқа бір заттың қатысы арқылыбілдіретін сын есімдер қатыстық(относительные) сын есім деп аталады. Қатыстық сын есімдерге есімдерден, етістіктен жасалған сын есімдер жатады.Мысалы: жібектей, қылдай, тұзды, ақшалы, балалы.
Сынесімнің шырайлары(степень сравнения прлагательных)
Бір түрлі сынның әр түрлі дәрежеде болатынын білдіретін сын есім түрін сын есімнің шырайы деп атаймыз.Сын есімнің екішырайы бар: салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай.
Салыстырмалы (сравнительная)шырай заттың сынын екінші бір сынмен салыстыру арқылы бірінен - бірінің не артық , не кем екенін білдіреді Мысалы: көкшіл, көгірек, көктеу, көгілдір.
Жасалу жолы:
-рақ, -рек, -ырақ, -ірек; сарырақ, кішірек, қызылырақ,үлкенірек.
-лay, -леу, -дay, -деу, -тay,-теу; сарылау, кішілеу, қоңырлау, жасылдау, биіктеу,пысықтау.
-қыл,- ғыл-,қылт,-ғылт,-қылтым,-ғылтым; бозғыл, бозғылт, бозғылтым.
-шыл,- шіл, -шылтым, -шілтім; ақшыл, ашқылтым, көкшіл, көкшілтім.
-аң,-қай, -ғыш, -ілдір; бозаң, қуаң, қоңырқай, сарғыш, көгілдір.
Күшейтпелі (превосходная)шырай заттардың біркелкі сапа дәрежесінің не өте артық, не өте кем екенін көрсететін сын есімнің түрі.Күшейтпелі шырай күшейткіш буын арқылы және аса,өте, тым, тіпті, нағыз, ең, орасан сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалады.
Мысалы: жап-жақсы, қап-қара, әп-әдемі, сүп-сүйкімді, аса үлкен, тымкішкене, өте ауыр,ең жақсы, орасан зор т.б.
Сын есім көптік, септік, тәуелдік жалғауларында тұрып, зат есімнің орнына жұмсала береді.Мұндай сын есімдерді заттанған сын есім дейміз.(Өзі сын есім бола тұра, зат есімнің сұрағына жауап береді). Мысалы: әдептіге елікте, әдепсізден жирен.Бұл мысалда әдептіге, әдепсізден деген сын есімдер қандай ? деген сұраққа жауап беріп тұрған жоқ, олар кімге?кімнен? деген сұраққа жауап беріп, зат есімнің орнына жұмсалып тұр, яғни олар заттанған сын есімдер.
Сан есім(имя числительное)
Заттың санын, мөлшерін,ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сұрағы: неше?қанша?нешеу?қаншау?нешінші?қаншасыншы? Құрамына қарай:дара сан есім, күрделі сан есім.
Бір сөзден тұратын сан есім дара (простое) сан есім болып табылады.Мысалы:бір, екі, он, жиырма, мың, алтау, үшінші, миллион, миллиард, жүздеген т.б. Екі немесе одан көп сөзден құралған сан есім күрделі (сложное)сан есім деп аталады. Мысалы: он бір, жиырма үш, тоғыз жүз елу, мың сегіз жүз он бес,екі мың он, үш жарым, бес бүтін оннан екі, бес-алтау, алпыс-жетпістей т.б.
Мағынасына қарай алты топқа бөлінеді: есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік, топтау, болжалдық сан есімдер.
Есептік (количественное)сан есім заттың нақты санын білдіреді. Сұрағы: қанша? неше ?
Мысалы: он, бес, жиырма, қырық бес, сексен алты, бірмың тоғыз жүзт.б.
Реттік (порядковые)сан есім заттың саналу ретін білдіреді. Сұрағы: нешінші? қаншасыншы ?
Мысалы:бесінші, қырық алтыншы, мыңыншы,елу алтыншы т.б.
Жасалу жолы: -ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнағы арқылы жасалады.
Жинақтық (собирательное)сан есім заттардың жинақталу ретін білдіреді.Сұрағы:нешеу?қаншау?
Мысалы: алтау, бесеу, жетеу, екеу, біреу т.б.
Жасалу жолы:-ау,- еужұрнағы арқылы жасалады.Бұл жұрнақ бірден жетіге дейін жалғанады.
Болжалдық (предположительное)сан есім заттың санын дәл айтпай, болжалдап айтады. Сұрағы: қанша?неше? қанша шамалы ?
Жасалу жолы:
-лаған, -леген,-даған , -деген; ондаған, жүздеген,мыңдаған.
-лап, -леп, -дап, -деп,-тап,- тeп; мыңдап, жүздеп,елулеп, жиырмалап.
-дай, -дей, -тай,-тей; жетпістей, алпыстай, жүздей , мыңдай, он екідей, жиырма бестей.
-тарда, -терде,-дарда, -дерде,-ларда -лерде; жетпістерде, алтыларда, бестерде, он сегіздерде.
Сан есімге жуық, тарта, таман, жақын, шақты, шамалы, жуық деген сөздердің тіркесуі арқылы жасалады:қырық шамалы, отыздар шамасында, отыз шақты, жүз қаралы, мыңға жуық, жетпіске тарта, жүз мыңға таяу, бес жүзге жақын.
Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады:қырық-отыз, елу-алпыс, үш-төрт, жүз- жүзден,мың-мыңдаған, елу-алпыстарда, алты-жетілерде.
Топтау (разделительное) сан есім заттың санын жекелеп атамай, топтап көрсетеді. Сұрағы: қаншадан? нешеден ?
Жасалу жолы: сан есімге шығыс септігінің жалғауы жалғанады.
Мысалы: бестен, үштен, екі-екіден, алтыдан, жеті-сегізден, жиырма-отыздан, тоғыз-оннан т.б.
Бөлшектік(дробное) сан есім заттардың сандық бөлшегін білдіреді.Олар жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады.Мысалы: екіден бір, үштің бірі, оннан екісі, оннан екі.
Сол сияқты жарты, жарым, ширек сөздері тіркесіп келіп те жасалады.Мысалы: екі жарым, үшширек т.б.
