- •Фонетика
- •Буын(слог)
- •Лексика
- •Синоним
- •Антоним
- •Мақал мен мәтел (пословицы и поговорки)
- •Морфология
- •Сын есім (имя прилагательное)
- •Есімдік(местоимение)
- •Етістік(глагол)
- •Етіс (залог)
- •Есімше(причастие)
- •Көсемше(деепричастие)
- •Етістіктің шақтары (времена глагола)
- •Етістіктің райлары(наклонение глагола)
- •Тұйық етістік (инфинитив)
- •Үстеу(наречие)
- •Шылау (союзы)
- •Одағай(междометие)
- •Оқшау сөздер
- •Қыстырма сөз
- •Синтаксис
- •Атаулы сөйлем
- •Сөйлем мүшелері (члены предложения)
- •Бастауыш (подлежащее)
- •Баяндауыш (сказуемое)
- •Дара, күрделі баяндауыш
- •Тұрлаусыз мүшелер (второстепенные члены предложения) Толықтауыш (дополнение)
- •Анықтауыш (определение)
- •Пысықтауыш (обстоятельство)
- •Құрмалас сөйлем (сложное предложение)
- •Қарсылықты салалас (противительные)
- •Түсіндірмелі (указательные) салалас
- •Талғаулы (разделительные) салалас
- •Кезектес (чередующиеся) салалас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
- •Қосымша мәлімет:
- •Қазақстанның астанасы
- •Қазақстан жері
- •Қазақстанның өзен – сулары өзендер
- •Қазақ тілі жайлы
- •XviiIғ.Ғ. Батырлар
- •Қазақтың шешендік өнері
- •Үй жануарлары
- •Құрал-жабдықтар
Атаулы сөйлем
Іс-оқиға жайында баяндамай, тек соған байланысты жағдайды атап көрсететін сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз. Атаулы сөйлем негізінен зат есімнен болады. Мысалы:Күз.Жаңбырлы түн. Сағым. Боран. Тау іші.
Құрамы жағынан атаулы сөйлем бір сөзді немесе бірнеше сөз тіркесінен де болады.
Мысалы:Жазық дала.Ызғырық жел бар.Түн орталаған шақ.
Сөйлем мүшелері (члены предложения)
Сөйлем құрауға қатысқан сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Сөйлем мүшелерінің белгілері: толық мағыналы сөз болу керек; сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек; сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беру керек. Сөйлем құрамында тұрса да сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер бар: шылау сөздер, одағай сөздер, көмекші етістіктер, қаратпа сөздер.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше деп екіге бөлінеді. Бастауыш пен баяндауыш сөйлем кұруға негіз болады, сондықтан тұрлаулы мүшелер дейміз.
Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек
сөйлем арқылы берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан тұрлаусыз мүшелер деп аталады. Мысалы: Бала атасының бетіне таңдана қарады. Бала қарады - тұрлаулы мүше; атасының бетіне таңдана (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш ) - тұрлаусыз мүшелер.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше дейміз. Мысалы: Бізде спортшы жастар көп деген сөйлемдегі әрбір сөз дара мүше, өйткені әр сөз жеке сұраққа жауап береді.
Күрделі сөзден, тұрақты тіркестен, сөз тіркесінен болған мүшені күрделі мүше дейміз. Мысалы: Кешке шейін балықшылар судан екі рет ау шығарды. Астаулар балыққа толып қалды. Кешке шейін, екі рет, толып қалды деген екі сөзден құралған сөздер бір сұраққа жауап беріп, күрделі мүше болып тұр.
Сөз табы |
Шарты |
Мысалдар |
Зат есім |
Кез келген зат есім |
Базаралы Апанасты қатты ұнатқан жүзбен қарап отыр. |
Жіктеу, сілтеу, өздік, белгісіздік, жалпылау т.б. есімдіктер |
Зат есімнің орнына қолданылатыны ( |
Сіздер бізге көп нәрсе үйреттіңіздер. Бұл - көктем желі. Өзіңіз ақын екенсіз ғой?! Бәрі де осы келісімге ден қойды.Әркімдер тілек- ұсыныстарын айтты. |
Сын есім |
Заттанған |
Үлкендер бала мінезіне сүйсінді. Ақылды - ісіне сенеді. |
Сан есім |
Заттанған |
Үшеуі суыт жүріп келеді. Сегіз - екіге бөлінеді. |
Етістіктің есімше, тұйық түрі |
Заттанған |
Оқығанбілер әр сөзді. Әңгіменің басталуы қиын - өрбуі оңай. |
Жасалу жолы:
Бастауыш (подлежащее)
Сөйлемде атау септігінде тұрып, оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.
Бастауыш құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінеді. Дара бастауыш бір сөзден тұрады.
Күрделі бастауыштың құрамында кемінде екі сөзден құралып, бір сұраққа жауап береді.
Күрделі бастауыштың жасалу жолы:
Сөз тіркесіненболады. Мысалы:Кеншілер сарайы адамға лық толы. Дүниенің сырын білу өзіңді білуден басталады.Жәнібек ауданы Саратов - Астрахань темір жол жүйесінің бойында орналасқан.
Негізгі сөз бен көмекші есімнің байланысуынан болады.
Заттанған күрделі сын есім, сан есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түріненболады. Атқа мінген үш салт атты суыт жүріп келеді.Жиырма бес маған қайтып келді.Сенің айтыптұрғаның - нағыз шындық.Осы келе жатқан - Шәкен ақсақал еме пе?
