- •Фонетика
- •Буын(слог)
- •Лексика
- •Синоним
- •Антоним
- •Мақал мен мәтел (пословицы и поговорки)
- •Морфология
- •Сын есім (имя прилагательное)
- •Есімдік(местоимение)
- •Етістік(глагол)
- •Етіс (залог)
- •Есімше(причастие)
- •Көсемше(деепричастие)
- •Етістіктің шақтары (времена глагола)
- •Етістіктің райлары(наклонение глагола)
- •Тұйық етістік (инфинитив)
- •Үстеу(наречие)
- •Шылау (союзы)
- •Одағай(междометие)
- •Оқшау сөздер
- •Қыстырма сөз
- •Синтаксис
- •Атаулы сөйлем
- •Сөйлем мүшелері (члены предложения)
- •Бастауыш (подлежащее)
- •Баяндауыш (сказуемое)
- •Дара, күрделі баяндауыш
- •Тұрлаусыз мүшелер (второстепенные члены предложения) Толықтауыш (дополнение)
- •Анықтауыш (определение)
- •Пысықтауыш (обстоятельство)
- •Құрмалас сөйлем (сложное предложение)
- •Қарсылықты салалас (противительные)
- •Түсіндірмелі (указательные) салалас
- •Талғаулы (разделительные) салалас
- •Кезектес (чередующиеся) салалас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
- •Қосымша мәлімет:
- •Қазақстанның астанасы
- •Қазақстан жері
- •Қазақстанның өзен – сулары өзендер
- •Қазақ тілі жайлы
- •XviiIғ.Ғ. Батырлар
- •Қазақтың шешендік өнері
- •Үй жануарлары
- •Құрал-жабдықтар
Етіс (залог)
Іс-әрекет пен істеушінің арасындағы қарым-қатынасты білдіретін етістіктің түрі етіс деп аталады. Етістің төрт түрі бар: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс.
Іс-әрекеттің іс істеушіге тікелей бағытталғанын білдіретін етістің түрі өздік (возвратный)етіс деп аталады. Жасалу жолы: -н, -ын, -ін жұрнағы аркылы жасалады. Мысалы: жуынды, киінді, таранды, буынды.
Іс-әрекеттің басқа біреу арқылы істелгендігін білдіретін етістің түрін өзгелік (побудительный)етісдеп атаймыз.
Жасалу жолы:
-т;оқыт, сөйлет, шегелет, азайт
-дыр,-дір,-тыр,-тір;жаздыр, келтір, айттыр, кептір, келтір, жүгірт.
-ғыз,-гіз,-қыз, -кіз;келгіз, айтқыз, сепкіз, кескіз.
-ыр, -ір;асыр, өсір, қашыр.
Өзгелік етістің жұрнақтары бірінен кейін бірі жалғана береді.Мысалы: оқы+т+қыз+дыр+т.
Іс-әрекет істеушінің ырқынан тыс істелетінін білдіретін етістіктің түрі ырықсыз(страдательный) етіс деп аталады.
Жасалу жолы:
-л, -ыл,-іл; шақырыл, жинал, тазартыл, киілді, таралды, жуылды, төселді.-н, -ын, -ін; шегелен, алын, ілін, төлен, салынды, әкелінді.
Өздік етістің жұрнағын ырықсыз етістің жұрнағынан ажырату үшін түбіріне қараймыз, егер түбірде л әрпі болса, онда оған жалғанған -н, -ын, -ін жұрнағы ырықсыз етістің жұрнағы болғаны.
Іс-әрекеттің іс иесінің біреу емес, бірнешеуіне бірдей ортақ, бірдей қатысты екенін білдіретін етістіктің түрін ортақ (совместный)етіс дейміз.
Жасалу жолы:
-с, -ыс, -іс; жазыс, теріс, жинас, сөйлес, ойлас, әкеліс.
Есімше(причастие)
Әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі есімше деп аталады. Есімшенің түрлері мен жасалу жолдары:
-ған, -ген, -қан, -кен; алған, қараған, сасқан, жапқан, жеткен, көшкен, ішкен, піскен, барған, келген, айтқан, кеткен.
-ар, -ер,-р -с; алар, қарар, сасар, жетер, көшер, ішер, пісер, оқымас, бармас, сөйлемес, айтпас, барар, келер, айтар, кетер.
-с жұрнағы болымсыз етістіктің жұрнағынан кейін жалғанады: бармас, келмес.
-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек; алмақ, қарамақ, саспақ, ішпек, оқымақ, бармақ,сөйлемек, келмек, айтпақ, көрмек, кетпек.
-атын, -етін, -йтін,-йтын; баратын, келетін, айтатын, сөйлейтін, оқитын, ішетін, алатын.
Есімшенің болымсыз түрі жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: барған емес, айтқан жоқ, барар емес, айтары жоқ т.б. Есімше есімдерше түрленеді, яғни көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.
Көсемше(деепричастие)
Негізгі амал, қимылды білдіретін, кейде сол амалды айқындап тұратын етістіктің түрін көсемше дейміз.Көсемшенің жұрнақтары:
-а, -е,-й; бара, келе, жаза, тұра, айта, сұрай, сөйлей, жүре, қарай, ойнай.
-ып, -іп,-п; барып, келіп, айтып, сұрап, құлап, сөйлеп, біліп, күліп, оқып, жатып, кіріп, үріп, қалғып, сүйсініп, қызарып.
-ғалы, -гелі, -қалы, -келі; айтқалы, барғалы, жатқалы, кеткелі, келгелі.
Көсемше күрделі етістік құрамында және жіктік жалғау тұлғасында қолданылады.
Мысалы: сұрай бер, шегелеп көр, айтқалы жатыр, ала кел, барыпсың, оқимын, көрерсің, баратынмын.
Көсемше тек қана жіктеледі, тәуелденбейді, септелмейді, көптелмейді. Көсемшенің -а,-е,-й және -ып, -іп, -п түрлері ғана жіктеледі,-ғалы, -гелі, -қалы, -келі түрі жіктелмейді.
