- •Фонетика
- •Буын(слог)
- •Лексика
- •Синоним
- •Антоним
- •Мақал мен мәтел (пословицы и поговорки)
- •Морфология
- •Сын есім (имя прилагательное)
- •Есімдік(местоимение)
- •Етістік(глагол)
- •Етіс (залог)
- •Есімше(причастие)
- •Көсемше(деепричастие)
- •Етістіктің шақтары (времена глагола)
- •Етістіктің райлары(наклонение глагола)
- •Тұйық етістік (инфинитив)
- •Үстеу(наречие)
- •Шылау (союзы)
- •Одағай(междометие)
- •Оқшау сөздер
- •Қыстырма сөз
- •Синтаксис
- •Атаулы сөйлем
- •Сөйлем мүшелері (члены предложения)
- •Бастауыш (подлежащее)
- •Баяндауыш (сказуемое)
- •Дара, күрделі баяндауыш
- •Тұрлаусыз мүшелер (второстепенные члены предложения) Толықтауыш (дополнение)
- •Анықтауыш (определение)
- •Пысықтауыш (обстоятельство)
- •Құрмалас сөйлем (сложное предложение)
- •Қарсылықты салалас (противительные)
- •Түсіндірмелі (указательные) салалас
- •Талғаулы (разделительные) салалас
- •Кезектес (чередующиеся) салалас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
- •Қосымша мәлімет:
- •Қазақстанның астанасы
- •Қазақстан жері
- •Қазақстанның өзен – сулары өзендер
- •Қазақ тілі жайлы
- •XviiIғ.Ғ. Батырлар
- •Қазақтың шешендік өнері
- •Үй жануарлары
- •Құрал-жабдықтар
Морфология
Сөз таптары
Зат есім (имя существительное)
Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз. Сұрағы:Кім?Кімдер? Не? Нелер?
Зат есім мағынасына қарай: деректі зат есім, дерексіз зат есім; жалпы есім, жалқы есім болып бөлінеді.
Көзге көрінетін, денеге сезілетін, нақтылы тануға болатын зат есімді деректі зат есім дейміз. Мысалы: мектеп, қалам, үй, бала, ұстаз, табиғат, тау, өзен, су. Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын зат есімді дерексіз зат есім дейміз. Мысалы: Алғашқы махабат, ой, арман, тәрбие, қиял.
Біркелкі көптеген заттардың жалпылама атын көрсететін зат есімді жалпы(нарицательные) есім дейміз.Мысалы: облыс, аудан, қала, көше, мектеп, көл, тау, газет, журнал.
Көптеген заттың ішінен дараланған жеке нәрсенің арнаулы атын білдіретін сөздерді жалқы (собственные)есім дейміз.Жалқы есімдер бас әріппен жазылады. Мысалы: Алматы, Анар, «Айқын» газеті, Алакөл, Каспий, «Жұлдыз» журналы.
Тұлғасына қарай:негізгі зат есім, туынды зат есім болып екіге бөлінеді. Негізгі (непроизводные) зат есім тек түбірден болады. Мысалы: сурет, кітап, газет, бөрік, сәукеле, шапан, тақия.
Туынды (производные) зат есім түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Мысалы: әдепті, оқушы, суретші, жазушы, мәдениетті. Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар екіге бөлінеді.
Есімдерден зат есім тудырушы жұрнақтар:
Жұрнақтар |
Мысалдар |
-шы, -ші |
Жазу+шы, сурет+ші, балық+шы |
-лық, -лік,-дық,-дік, -тық, -тік |
кісі+лік, дос+тық, адамгерші+лік. |
-шық,- шік |
Ойын+шық, қап+шық. |
-шақ,-шек,- ша, -ше |
құлын+шақ, кітап+ша, бала+ша, орыс+ша. |
-лас,-лес, -дас, -дec,-mac, -тес |
Ат+тас, қалам+дас, сынып+тас, ауыл+дас, қаарын+дас. |
-стан |
Қазақ+стан, Түркмен+стан |
-ылдырық, -ілдірік, -кер-, гер |
көз+ілдірік, өміл+дірік, қызмет+кер, іс+кер, дәрі+гер.
|
Етістіктен зат есім жасайтынжұрнақтар:
Жұрнақтар |
Мысалдар |
|
-ма,- ме, -ба,-бе,-па, -пе, -мақ, -мек |
Кезбе, кеспе, таспа, маспа. |
|
-ым, -ім, -м |
Алым, салым, күзем, қиқым. |
|
-ыс, -іс, -с |
Айтыс, таныс, тартыс, күрес. |
|
-қ, -к, -ық, -ік,-ақ, -ек |
Қайғақ, жайпақ, қайрақ, күрек. |
|
-қыш, -кіш, -ғыш, -гіш |
Сызғыш, өшіргіш, сыпырғыш, ұшқыш. |
|
-ыш,-іш |
Өлшеуіш, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. |
|
- уік, -ар, -аң, - ең |
Тістеуік, сөзуар, тозаң, көлденең |
|
Зат есімқұрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара (простые) зат есімге түбір және туынды зат есімдер жатады. Мысалы: құмыра, қамшы, домбыра, қобыз, бөрік, асық.
Күрделі (сложные) зат есім екі немесе одан көп түбірден құралған зат есімненболады. Оған біріккен сөз, қос сөз, тіркес сөз, қысқарған сөздер жатады.
Біріккен (сращенно-слитные) зат есім: Екібастұз, Көкшетау, Жаңатас, кемпірқосақ, Алакөл т.б.
Қосарланған (парные)зат есім: ата- ана, үгіт-насихат, бақа-шаян, бала-шаға, құрт-құмырсқа т.б.
Тіркескен (словосочетания)зат есім: ауыл шаруашылық, балалар бақшасы, күн тәртібі,сары майт.б.
Қысқарған(сложно-сокращенные) зат есім: ҚазМУ, медколледж, ұжымшар, ҚР, АҚШ, БАҚ, ҰБТ т.б.
