Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орыс китап оригинал.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.44 Кб
Скачать

Лексика

Сөздің затты немесе құбылысты атап білдіретін мағынасы тура (прямое значение)мағына деп аталады.

Бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолдану ауыспалы мағына деп аталады.Мысалы: терең су - тура мағына, терең білім - ауыспалы мағына.

Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз.Мысалы: бас - тура мағынада дене мүшесі, ауыспалы мағынада таудың басы, ағаштың басы, жұмыстың басы, судың басы т.б.

Омоним

Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздерді омоним дейміз.

Ара. 1) жәндік; Гүлге ара қонды.

Ара. 2) зат; Болат базардан ара сатып алды.

Ара.3) қашықтық; Үй мен мектептің арасы жақын еді. Ақ (белый)- ақ(молочные продукты)

Іш(живот)-іш(пей)

Омонимнің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы: көп мағыналы сөздің мағыналары бір-біріне жақын, мағыналас болып келеді. Мысалы: таудың басы , судың басы, сөздің басы, киноның басы, ағаштың басы, әңгіменің басы, ойынның басы,шығарманың басы.

Омоним сөздерде мағыналары бір- біріне жақын болмайды, мағыналары бір- бірінен алшақ болады.Мысалы: алма(жеміс) , алма(іс-әрекет). Жазда алмакөп болады. Жерде жатқан затты алма.Жапырақ (зат). Жапырақ (өлшем). Гүл жапырақ аша бастады . Бір жапырақ нан.

Синоним

Жазылуы әртүрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздерді синонимдейміз.

Мысалы: амандасу, сәлемдесу; рухтандыру, жігерлендіру; тез, жедел, жылдам;көктем, жазғытұры; қайратты, қажырлы;ауру, науқас, дерт, сұлу, әдемі, көрікті; үлкен, дәу, зор, орасан т.б.

Антоним

Мағыналары бір-біріне қарама- қарсы сөздерді антоним дейміз.

Мысалы: ауыр- жеңіл, ыстық- суық, алыс- жақын, биік- аласа, қысқа- ұзын,ерте- кеш, қалың- жұқа, жас- кәрі. Антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағына бірдей емес.Мысалы: сулы - сусыз, ал - алма т.б.

.

Мақал мен мәтел (пословицы и поговорки)

Мақалда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды түйінді пікір түрінде айтылады.

Мысалы: Кең болсаң кем болмайсың.Әзіл айтсаң да әділ айт. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді.

Мәтелде ой мақалдағыдай, тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап нұсқай салу, ишара түрінде айтылады.

Мысалы: Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады.Баяғы жартac, бір жартас.Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып барама. Ит ашуын тырнадан алады.

ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ

ЛЕКСИКА

Синонимдер

1- нұсқа

1. Синонимдік қатарды табыңыз.

А) Қабанбай, Ерасыл.

В) Арлы-берлі, ойын-сауық.

С) Жабайы, тым-тырақай.

Д) Ж үйрік, қара, қалың.

Е) Әйгілі, атақты, белгілі.

2. «Оқушы» сөзіне мәндес сөзді табыңыз.

А) Жазушы

В) Ұстаз

С) Оқытушы

Д) Шәкірт

Е) Тәлімгер

3. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Жеңіл, терең, ежелгі

В) Өнер, күй, музыка

С) Тіршілік, өнер, бақыт

Д) Бағыт, бағдар, беталыс

Е) Өнерпаз, өнерсүйгіш, мәдениет

4. «Тез» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

А) Ерте

В) Орташа

С) Жылдам

Д) Жақсы

Е) Жай

5. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Апару, әкелу.

В) Кінәлі, айыпты.

С) Мәртебелі, сыйсыз.

Д) Іс, сапар.

Е) Жұмысшы, оқушы.

6. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Мықты, бос.

В) Түзу, қисық.

С) Бас,қол.

Д) Ауру, сырқат.

Е) Асау, жуас.

7. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Думан, той.

В) Бала, мұғалім.

С) Нәзік, толық.

Д) Ажарлы, ажарсыз.

Е) Үлкен, кіші.

8. «Үн» сөзінің орыс тіліндегі синонимдік баламасын белгілеңіз.

А) Свист, звук.

В) Звук, голос.

С) Голос, разговор.

Д) Тревожно-шумный.

Е) Шум, звук.

9. Ата-ана сөзіне синоним сөзді табыңыз.

А) Ата-әже.

В) Әпке-аға.

С) Аға-женге.

Д) Апа-ата.

Е) Әке-шеше.

10.Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Сұлу, әдемі, ең.

В) Кәрі, қарт, қария.

С) Саулық, шайлық, ірі.

Д) Мүгедек, жас, қаріп.

Е) Барлық, түгел, ерін.

11. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Асау, жуас.

В) Аз, көп.

С) Мықты, берік.

Д) Жоқ, бар.

Е) Мықты, бос.

12. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көлемі, аумағы.

В) Жер, аспан.

С) Бес, он.

Д) Үлкен, кіші.

Е) Тұр, отыр.

13. «Аспан» сөзінің синонимдерін көрсетіңіз.

А) Көк, әуе

В) Күн, планета

С) Дала, жұлдыз, ай

Д) Ғарыш, әлем

Е) Көгілдір, ашық

14. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А)Шығыс, кіріс.

В)Қорқақ, батыр.

С)Қорқыныш, үрей.

Д)Кездесу, көріспеу.

Е)Шың, шыңырау.

15. Синоним сөздерді табыңыз.

Елтаңбасы елімнің

Неткен сұлу, әдемі!

А) Неткен әдемі.

В) Елтаңбасы елімнің.

С) Сұлу, әдемі.

Д) Неткен сұлу.

Е) Елімнің елтаңбасы.

16. Синонимнің анықтамасын белгілеңіз.

А) Айтылуы әр түрлі, мағынасы бір.

В) Айтылуы бір, мағынасы әр түрлі.

С) Тура мағыналы.

Д) Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

Е) Ауыспалы мағыналы.

17. «Дәулет» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Аз.

В) Қас.

С) Үлкен.

Д) Бас.

Е) Байлық.

18. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Мұғалім, ұстаз, оқытушы.

В) Әдемі, сұлу, алтын.

С) Тақта, орындық , бүгін.

Д) Қараша, қабат, үй.

Е) Сынып, оқу бөлмесі, бірінші.

19. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Сұлу, бай, байтақ

В) Ұлаң-байтақ , кең, ұлаң-ғайыр

С) Жақын, шалғай, биік

Д) Алыс, үлкен, кең

Е) Таза, терең, мөлдір

20. «Апта» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

А) Жеті күн, жұма

В) Кешке, түнде

С) Уақыт, ай, күн

Д) Ғасыр, дәуір

Е) Кеше, бүгін

21. «Билеушілер» деген мағынаны білдіретін синонимдерді белгілеңіз.

А) Көсем, бедел, ерік.

В) Шаруа, жұмысшы.

С) Хан, патша, сұлтан.

Д) Малшы, егінші.

Е) Батыр, би, әскер.

22. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Орташа, қысқаша

В) Арық, толық

С) Көңілді, үнемді

Д) Жарық, ашық

Е) Ақылды, есті

23. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Жәрдем, көмек, қолғабыс

В) Халық, дәстүр, тарих

С) Әділ, ақыл, білім

Д) Арық, толық

Е) Парыз, жалақы, қайырым

24. «Уақыт сөзіне синонимдес қатарды табыңыз.

А) Мезгіл, кезең.

В) Тиімді, пайдалы.

С) Күшті, мықты.

Д) Күрес, арпалыс.

Е) Әдемі, көркем.

25. «Тілге бай» сөз тіркесінің синонимін табыңыз.

А) Сөзге жоқ.

В) Шешен.

С) Тілге кедей.

Д) Сөзге шорқақ.

Е) Сөзге кедей.

Синонимдер

2-нұсқа

1. Синонимдер қатарын табыңыз.

А) Түбіне-басына.

В) Бірінші-алғашқы.

С) Пікір-саяхат.

Д)Баянды-сіңірген.

Е)Белгілі-белгісіз.

2. «Бетінен оты шығу» фразеологизмінің синонимін табыңыз.

А) Тез.

В) Қорқақ .

С) Ұялу.

Д) Жылдам.

Е) Жоғалу.

3. «Қоян жүрек»фразеологизмінің синонимін табыңыз.

А) Жақсы.

В) Жақын.

С) Кішкентай.

Д) Қорқақ.

Е) Үлкен.

4. Синоним емес қатарды көрсетіңіз.

А) Сабырлы, ұстамды.

В) Жуас, момын.

С) Бет, жүз.

Д) Аласа, биік.

Е) Нәрсе, зат.

5. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Көрікті.

В) Атақты.

С) Ақылды.

Д) Белгілі.

Е) Көп.

6. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Менен, жетеу.

В) Көркем, сұлу, көрікті.

С) Қыс, жаз, күз, көктем.

Д) Сырмақ , шекпен, алаша.

Е) Сөк, түс, көз.

7. Синоним сөздердің тізбесін көрсетіңіз.

А) Ат, есім.

В) Адал, арам, азат.

С) Жетім, жесір, жігіт.

Д) Ту, жалау, елтаңба.

Е) Алаң, ал, алды.

8. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А)Туылу, дүниеге келу.

В)Терең, саяз.

С)Жүрек, сезім.

Д)Ортаншы, кіші.

Е)Таразы, тартылу.

9. Синоним сөздер тізбегін көрсетіңіз.

А) Төңірек, құрбы, мінез.

В) Пысық , үлкен, ынта.

С) Арман, асыл, әрең.

Д) Ескі, көне, ежелгі.

Е) Жайдары, құрғақ , ақырын.

10. Синонимді анықтаңыз.

А) Ұқыпты-тиянақты.

В) Үлкен-кішкентай.

С) Сары-жасыл.

Д) Жарық-қараңғы.

Е) Саусақ-қол.

11. «Адам» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Ағайын.

В) Құда.

С) Құдаша.

Д) Кісі.

Е) Құдағи.

12. Синонимді табыңыз.

А) Сыйлау-құрметтеу.

В) Әке-шеше.

С) Өлім-өмір.

Д) Ақ-қара.

Е) Отан-отаншыл.

13. «Мөлдір» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Әдемі.

В) Жуан.

С) Тұнық .

Д) Үлкен.

Е) Тәтті.

14. Синоним сөзді көрсетіңіз.

А) Шын, өтірік.

В) Жаңбыр, дауыл.

С) Қарулы, нашар.

Д) Оқулық , оқушы.

Е) Құнды, бағалы.

15. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Ақылдасу, кеңесу.

В) Алды-арты.

С) Жүзік, алқа.

Д) Бала, туыс.

Е) Қой, ешкі.

16.Синоним емес қатарды көрсетіңіз.

А) Ағайын, туыс.

В) Ар, ұят.

С) Атақ , даңқ .

Д) Жақын, алыс.

Е) Арам, харам.

17.Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) орақ ,балға, балта.

В) қулық , сұмдық , арамдық .

С) қол, аяқ , саусақ .

Д) ажар, өң, келбет, сақал.

Е) жауынгер, қорқақ , қаһарман.

18. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Терең, таяз.

В) Қара, бурыл.

С) Бас, қол.

Д) Заман, намаз.

Е) Бет, жүз.

19. «Ұлаң-байтақ» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Кең, ұлан-ғайыр.

В) Жақын, тар, ұзын.

С) Басқа, шалғай, шалқар.

Д) Шетсіз, қиыр-шығыс, алыс.

Е) Ұзақ , алыс, шалғай.

20. Артық сөзі бар синонимдік қатарды белгілеңіз.

А) Жиналыс, мәжіліс.

В) Сұлу, әдемі, әсем.

С) Мезгіл, уақыт, рет.

Д) Күрес, арпалыс, тартыс.

Е) Тиімді, пйдалы, қажетті.

21.Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жылдам, тез.

В) Ауру, сау.

С) Дос, қас.

Д) Бас, аяқ .

Е) Жақсы, жаман.

22. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Шәкірт, оқушы.

В) Қараша, қабат, үй.

С) Әдемі, сұлу, алтын.

Д) Тақта, орындық , бүгін.

Е) Сынып, оқу бөлмесі, бірінші.

23. «Қайратты» сөзіне синонимдес қатарды табыңыз.

А) Мезгіл, кезең.

В) Тиімді, пайдалы.

С) Күшті, мықты.

Д) Күрес, арпалыс.

Е) Әдемі, көркем.

24. «Толық» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Қызық.

В) Жіңішке.

С) Жуан .

Д) Үлкен.

Е) Тәтті.

25.Синоним болатын сөз қатарын белгілеңіз.

А) Көп, мол.

В) Жаман, тартымды.

С) Кең, жуық .

Д) Қызық , сұлу.

Е) Биік, аласа.

Антонимдер.

1- нұсқа.

1. Антоним нені білдіретінін көрсетіңіз.

А) Мағыналары бір-біріне жуық сөздер.

В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

С) Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа.

Д) Сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Е) Сөздің дыбыстық бірлігі.

2. «Артық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) аз

В) толық

С) кем

Д) оңай

Е) ұсақ

3. Антонимдер бар сөйлемді табыңыз.

А) Ол күрделі жөндеуден өткізілді.

В) Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағам әзірленген.

С) Ақын өмірі, шығармашылығы берілген.

Д) Оның терезесі шығысқа қараған.

Е) Екі қазан орнатылған.

4. Антоним сөзді табыңыз.

А) Қағаз-көмір.

В) Ту-жалау.

С) Оқушы-шәкірт.

Д) Биік-аласа.

Е) Ақ-ағаш.

5. «Жоғары» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) төмен

В) ұсақ

С) аласа

Д) кішкентай

Е) қысқа

6. «Кеңейту» сөзінің антонимін белгілеңіз.

А) Тарылту.

В) Дамыту.

С) Нығайту.

Д) Таныту.

Е) Қолдау.

7. Антонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Қасқыр, түлкі

В)Шығарды, отырды

С) Шаңғы, боран

Д)Сүйкек, асық Е)Басталды, аяқталды

8. «Қысқа» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) биік

В) кең

С) ұзын

Д) тап

Е) аласа

9. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жанды, сөнді.

В) Қасиетті, құрметті.

С) Үлкен, ұзақ.

Д) Әдемі, сұлу.

Е) Жаны, қасы.

10. «Батыс» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Дөңгелек.

В) Орталық.

С) Шығыс.

Д) Оңтүстік.

Е) Солтүстік.

11. «Арзан» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Тегін

В) Қымбат

С) Биік

Д) Терең

Е) Алыс

12. «Мықты» сөзінің антонимін көрсет.

А) кішкентай

В) жеңіл

С) әлсіз

Д) ұсақ

Е) аз

13. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Байтақ, кең.

В) Дейін, шейін.

С) Бәрі, түгел.

Д) Көлемі, аумағы.

Е) Таулы, жазық..

14. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Биік, үлкен.

В) Биіктен түсті.

С) Келе жатыр.

Д) Мектеп, дала.

Е) Қате, дұрыс.

15. «Жиі» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Кішкентай.

В) Аз.

С) Сирек.

Д) Ұсақ.

Е) Қиын.

16. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Мектеп, сабақ.

В) Асхана, мұражай.

С) Салт, дәстүр.

Д) Ата, әке.

Е) Үлкен, кіші.

17. «Қой аузынан шөп алмас» фразеологиялық тіркесінің антонимін табыңыз.

А) Тентек.

В) Момын.

С) Жайлы.

Д) Нәзік.

Е) Баяу.

18. Антоним сөзді табыңыз.

А) Көмектесіп жүр.

В) Шапшаң, жылдам.

С) Соғыс, бейбітшілік.

Д) Алысқа кетті.

Е) Шаршап-шалдығу.

19. «Алға» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) алыс

В) кең

С) артқа

Д) төменге

Е) жоғары

20. «Дұшпан» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Дос.

В) Жер.

С) Жау.

Д) Адам.

Е) Ер.

21. Антоним сөздерді белгілеңіз.

А) Ежелгі, мекен

В) Тұрғын, өнер

С) Ескерткіш, қоршау

Д) Күмбез, ғимарат

Е) Келді, кетті

22. «Табу» сөзінің антонимін көрсетіңіз

А) Бар

В) Пайда болу

С) Әкелу

Д) Әкету

Е) Жоғалту

23. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көйлек-көншек

В) Қисық-қыңыр

С) Тамаша-әдемі

Д) Шағын-ірі

Е) Жоғары-биік

24. «Қиын» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Ұзақ.

В) Жақсы.

С) Оңай.

Д) Аудар.

Е) Көн.

25. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жер аттары.

В) Жалшы-жақыбай.

С) Таласа-тармаса.

Д) Тәтті-ащы.

Е) Жер-жаһан.

Антонимдер

2-нұсқа

1. Аласа сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Әдемі.

В) Жақсы.

С) Таза.

Д) Биік.

Е) Төмен.

2. «Дос» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) жігіт

В) бөтен

С) батыр

Д) қас

Е) көрші

3. Антонимдік жұпты табыңыз.

А) Өте-мол.

В) Әдемі-әсем.

С) Шаш-бас.

Д) Үлкен-кіші.

Е) Кітап-қалам.

4. Антонимдерді табыңыз.

А) Әдемі-сұлу.

В) Жазалау-тексеру.

С) Ақ-көк.

Д) Ақымақ-ақылды.

Е) Биік-жоғары.

5. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Жылдам, ақырын.

В) Сұлу, әдемі.

С) Алғаш, тұңғыш.

Д) Көзі, мұрны.

Е) Қыздар, әйелдер.

6. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көрші-көлем.

В) Жұт-жұрт.

С) Соғыс-бейбітшілік.

Д) Арман-мұрат.

Е) Салт-дәстүр.

7. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көктем, жаз.

В) Жақсы, жаман.

С) Өте, тым.

Д) Оқушы, бала.

Е) Мектеп, қала.

8. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Мектеп, сабақ.

В) Асхана, мұражай.

С) Таза, кір.

Д) Салт, дәстүр.

Е) Ата, әке.

9. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын табыңыз.

А) Антоним.

В) Көп мағыналы.

С) Фразеологизм.

Д) Синоним.

Е) Омоним.

10. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Шын, рас.

В) Жас, кәрі.

С) Тұлға, бейне.

Д) Ақымақ, есер.

Е) Есім, ат.

11. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Алды-арты.

В) Ту-жалау.

С) Ақ-ағаш.

Д) Қалам-көмір.

Е) Оқушы-шәкірт.

12. «Шық» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Кір.

В) Жаман.

С) Бар.

Д) Жоқ.

Е) Кіші.

13. Антоним сөздерді табыңыз:

А) Аш, жап.

В) Кілтпен ашты.

С) Әдепті бала.

Д) Әдейі, арнайы.

Е) Қалаға барды.

14. Антонимдер қатарын анықтаңыз.

А) Ескі-жаңа, жарық-қараңғы.

В) Қысқа-келте, қызыл-жасыл.

С) Ыстық-жылы, жылы-жұмсақ .

Д) Көру-қарау, есту-ұғу.

Е) Салқын-суық , ұзын-байтақ .

15. «Жаңару» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Молаю.

В) Ескеру.

С) Түн.

Д) Көпшілік.

Е) Азшылық .

16.Антонимдерді табыңыз.

А) Ит өлген жер-таяқ тастам жер.

В) Іші жылу-көз жұму.

С) Бетінен оты шығу-жүрегі жарылу.

Д) Бетінен қақпау-көз ілмеу.

Е) Өлердегі сөзін айту-екі көзі төрт болу.

17. Антонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Еңбек түбі береке.

В) Ерлік білекте емес, жүректе.

С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Д) Көз-қорқақ , қол-батыр.

Е) Балықшы балықшыны алыстан көреді.

18.Антоним сөздерді табыңыз.

А) Үлгі-өнеге.

В) Ілгерінді-кейінді.

С) Шеше-ене.

Д) Шаншу-түйреу.

Е) Хабар-дерек.

19.Антонимдерді табыңыз.

А) Алыс пен жақынды жүрген біледі.

В) Сабақ өте қызық өтті.

С) Қарағанды-өндірісті қала.

Д) Көктемде күн жылынады.

Е) Кітап – білім бұлағы.

20. Антонимді табыңыз.

А) Үйір-табын.

В) Арсыз-әдепсіз.

С) Жина-шаш.

Д) Жүрдім-бардым.

Е) Шұғыл-жедел.

21. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Шыбын-шіркей.

В) Бұлғақтау-бұраландау.

С) Көктем-жазғытұры.

Д) Аштық-тоқтық .

Е) Аға-әке.

22. Антонимді табыңыз.

А) Дос-жолдас.

В) Ақ-қызыл.

С) Бұзу-жөндеу.

Д) Көп-қыруар.

Е) Халайық-әлеумет.

23. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Жомарт-сараң.

В) Нәтижелі-жемісті.

С) Соқтығыс-қақтығыс.

Д) Жоламау-жуымау.

Е) Маңдай алды-бетке ұстар.

24. «Көзі ашық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Елгезек.

В) Білімді.

С) Оқыған.

Д) Аңқау.

Е) Надан.

25. Антоним қай сөз табынан жасалған, дұрысын көрсетіңіз.

Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.

А) Етістік.

В) Сын есім.

С) Үстеу.

Д) Есімдік.

Е) Зат есім.

Мақал-мәтелдер

1- нұсқа

1. Мақалды аяқтаңыз. Тау мен тасты ... бұзады, адамзатты сөз бұзады.

А) Көңіл.

В) Мұз.

С) Ой.

Д) Шөп.

Е) Су.

2. Шешендік сөзді аяқтаңыз.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшы болмаса, ...

А) Ел жетім.

В) Тау жетім.

С) Жол жетім.

Д) Күн жетім.

Е) Сөз жетім.

3. Мақалды толықтырыңыз.

... тас жарады, тас жармаса бас жарады.

А) Тіс.

В) Қол.

С) Бас.

Д) Көз.

Е) Тіл.

4. Мақалды табыңыз.

А) Ғылым-теңіз, білім-қайық.

В) Ғылым адамды биіктетеді.

С) Ғылым шыңдайды.

Д) Ғалым ғылыммен айналысты.

Е) Ол-әйгілі, білімді ғалым.

5. Мақалды толықтырыңыз. Өнер алды- ... тіл.

А) Ақ.

В) Қызыл.

С) Жасыл.

Д) Көк.

Е) Қара.

6. Туған жер туралы мақалды белгілеңіз.

А) Ұят-адамның өз бойындағы адамшылығы.

В) Тіл қылыштан өткір.

С) Әке-балаға сыншы.

Д) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді.

Е) Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.

7. Мақалды аяқтаңыз. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның ... .

А) Тіленбей.

В) Сұранбай.

С) Жыланбай.

Д) Ойланбай.

Е) Білінбей.

8. Мәтелдің жалғасын табыңыз. Сегіз қырлы, бір ...

А) өнерлі

В) сырлы

С) жырлы

Д) ақылды

Е) үлкен

9. Отан тақырыбындағы мақалды табыңыз.

А) Тәрбие басы - тіл.

В) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

С) Ғылым - теңіз.

Д) Еңбек түбі – зейнет.

Е) Кітап – тілсіз мұғалім.

10. Мақалды толықтырыңыз.

... ұстадан нұсқа.

А) Ұшқыш

В) Азамат

С) Дәрігер

Д) Ұста

Е) Шебер

Мәтелдің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Білім кілті-тіл.

А) Знание-ключ к языку.

В) Язык и знание-сила.

С) Знание-сила.

Д) Люби и береги свой язык.

Е) Язык-ключ к знаниям.

12. Мына мақалды аяқтаңыз.

Мектеп – кеме,

Білім - ... .

А) Өзен.

В) Мұхит.

С) Көл.

Д) Көлшік.

Е) Теңіз.

13. Достық туралы мақалды табыңыз.

А) «Көп қорқытады»

В) «Өнер алды-қызыл тіл»

С) «Жаман жолдастан таяғым артық»

Д) «Білім кілті-тіл»

Е) «Сөздің көркі-мақал»

14. Туған жер - Отан туралы мақалды табыңыз.

А) Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.

В) Жаман айтпай, жақсы жоқ.

С) Өнер алды-қызыл тіл.

Д) Сөз сүйектен өтеді.

Е) Ештен кеш жақсы.

15. Мақалды толықтырыңыз.

Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, залыммен жақын болсаң ... кетер.

А) Басың

В) Жолың

С) Жүрегің

Д) Гүлің

Е) Кітап

16. «Человека прославляет труд» мақалының қазақша баламасын табыңыз.

А) Еңбек етсең емерсің.

В) Ердің атын еңбек шығарады.

С) Не ексең, соны орарсың.

Д) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей.

Е) Көз қорқақ , қол батыр.

17. Мақалды толықтырыңыз: «Аз ... алтын, көп ... күміс»

А) Негіз.

В) Өмір.

С) Ақыл.

Д) Сөз.

Е) Ой.

18. Мақалды толықтырыңыз. «... өмір – сөнген көмір.»

А) Еңбексіз.

В) Бақытсыз.

С) Ақшасыз.

Д) Сенсіз.

Е) Жұмыссыз.

19. Достық туралы мақалды табыңыз.

А) Өнерлінің өзегі талмас.

В) Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.

С) Отан оттан да ыстық .

Д) Ұрлық түбі – қорлық.

Е) Ер дәулеті – еңбек.

20. Мақал-мәтелдерді жинастыратын сөздікті табыңыз.

А) Синонимдік.

В) Фразеологиялық .

С) Түсіндірмелі.

Д) Орфографиялық .

Е) Омонимдік.

21. Мақалды аяқтаңыз: Ер қанаты - ... .

А) серігі.

В) қару.

С) табандылық .

Д) жылқы.

Е) ат.

22. Мақалдың жалғасын табыңыз.

Жеті жұртың тілін біл,

Жеті түрлі ... ... .

А) елге құрмет.

В) тіл біл.

С) тас жарады.

Д) білім біл.

Е) ұлт жоқ .

23. Достық тақырыбындағы мақалды табыңыз.

А) Ұрлық түбі-қорлық .

В) Отан-оттан да ыстық .

С) Ата-баланың қорғаны.

Д) Жақсыны жолдасынан таниды.

Е) Бес саусақ бірдей емес.

24. Мақалды толықтырыңыз.

«Қоянды қамыс өлтіреді,

Батырды ... өлтіреді».

А) Қыз.

В) Ой.

С)Жігіт.

Д) Соғыс.

Е) Намыс.

25. Мақал-мәтелдерден антонимді табыңыз.

А) Еңбек етсең емерсің.

В) Мың досың болса да аз, бір қасың болса да көп.

С) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

Д) Мектеп-кеме, білім-теңіз.

Е) Оқу инемен құдық қазғандай.

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

1-нұсқа

1. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

А)Тұлпар-батырлар мінген жүйрік ат.

В)Бала қыздың алдына асыл тұқымды тұлпарды тарта берді

С) Тұлпар туған шұбар ат

Д) Халықтан небір тұлпарлар шығады.

Е) Түп атасы-араб тұлпары.

2. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз.

А) Қара жұмыс.

В) Ескі үй.

С) Күзгі орман.

Д) Қалың кітап.

Е) Сары бояу.

3. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) Үлкен мектеп

В) Көрші ауыл

С) Қызыл тіл

Д) Жаңа қала

Е) Жазғы кеш

4. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Туды жоғары ұстау.

В) Атасы баласын иіскеді.

С) Ұлттық намысты жоғары ұстайық.

Д) Адамгершілік туралы айту.

Е) Әдеби кітаптарды оқу.

5. Тура мағынада берілген сөзді көрсетіңіз.

А) Қабағын түйді

В) Ақ жүрек

С) Алтын ғасыр

Д) Жарқын жүзді

Е) Қызыл алма

6. Қара деген сөздің тура мағынасында қолданылған жерін көрсетіңіз.

А) Қара қарындаш.

В) Қара дауыл.

С) Қара ниет.

Д) Қара жүрек.

Е) Қара тер.

7. Тура мағынасында қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Жуан жіп.

В) Жуан дауыс.

С) Жуан ауыл.

Д) Жуан жол.

Е) Жуан сіңірлі.

8. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.

А) Салқын ауа.

В) Суық жел.

С) Суық қолды.

Д) Кеңпейіл.

Е) Мамық төсек.

9. Тура мағынада айтылған сөздері бар сөйлемді табыңыз.

А) Адамның басы.

В) Таудың басы.

С) Бас дәрігер.

Д) Істің басы.

Е) Жиналыстың басы.

10. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Суық сөз.

В) Ыстық ықылас.

С) Ақ ниетті.

Д) Жақсы адам.

Е) Терең ойлы.

11. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз.

Жаңбырсыз жер жетім, жақсысыз ел жетім.

А) Жаңбырсыз.

В) Ел.

С) Жер.

Д) Жақсысыз.

Е) Жетім.

12. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А) Ол досына алтын сағат сыйлады.

В) Кешке қызық кино басталды.

С) Түн салқындай бастады.

Д) Айман оған жылы лебізін білдірді.

Е) Күзде жапырақтар сарғаяды.

13. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

А)Жануардың терісі.

В)Көліктің дөңгелегі.

С)Таудың басы.

Д)Құстың қанаты.

Е)Адамның көзі.

14. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А) Асыл жан.

В) Сөзге сараң.

С) Терең құдық .

Д) Арам ой.

Е) Жібек мінез.

15. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.

А) Қисық бұтақ .

В) Қызыл гүл.

С) Білімді оқушы.

Д) Қоңыр дауыс.

Е) Қара сиялы қалам.

16. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Сен менің оң қолымсың.

В) Қолды болып жүрме.

С) Ол қол ұшын берді.

Д) Қолы жеңіл.

Е) Қолыңды көтер.

17. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А) Жылы жүзді.

В) Жылы сөз.

С) Жылқы жылы.

Д) Жылы өң.

Е) Су жылы.

18. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А) Ақырын қозғалу.

В) Жел мінез.

С) Жүйрік ат.

Д) Ұйқыдан ояту.

Е) Бұзаулы сиыр.

19. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А) Баласы өсті.

В) Бұл ойды мен өсірген емеспін.

С) Өсу жолы-бұл емес.

Д) Халық саны өсуде.

Е) Сен өсіріп сөйлеме.

20. Сөздің тура мағынасын табыңыз.

А) Арқасынан таяқ үзген жоқ .

В) Ол әке-шешеден ерте қол үзді.

С) Нариман-тепсе, темір үзетін жігіт.

Д) Бала нанның жартысын үзіп берді.

Е) Қарт әбден күдер үзген екен.

21. Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін табыңыз.

А) Терең ой.

В) Ұзын арқан.

С) Тар жол.

Д) Үлкен үй.

Е) Қара шаш.

22. «Күн» сөзіне тіркесетін ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіз.

А) Жабық .

В) Бүгінгі.

С) Кешегі.

Д) Ашық .

Е) Бес.

23. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз.

А) Жеңіл жүк.

В) Қисық ағаш.

С) Ауыр сөз.

Д) Қоңыр түс.

Е) Сынық айна.

24. Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді көрсетіңіз.

А) Қара бояу, қалың киім, суық су.

В) Қара жүрек, қалың жұрт, суық хабар.

С) Қалың шөп, адал ас, қара көз.

Д) Суық жел, бет әжімі, ұлпа қар.

Е) Қоңыр сиыр, көк көйлек, жасыл жапырақ

25. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.

А) Мамық төсек.

В) Суық жел.

С) Кеңпейіл адам.

Д) Суық қолды адам.

Е) Салқын ауа.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]