Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орыс китап оригинал.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.44 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат

  • Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығында орналасқан мемлекет. Құрлықтың орталық бөлігінде орналасқан. Республика жері батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған.

    Шекарасы

    Ұзындығы

    Жалпы ұзындығы

    13331 км-ден астам

    Құрлықпен

    Каспий теңізі арқылы

    Ресеймен (батыс-солтүстігінде)

    Қытаймен (оңтүстік -шығысында)

    Қырғызстанмен (оңтүстігінде)

    Өзбекстанмен (оңтүстігінде)

    Түркіменстанмен (оңтүстігінде)

    12 711 км

    600 км

    6467 км

    1460 км

    980 км

    2300 км

    380 км

  • Аумағы - 2 724 900 шаршы шақырым.

  • Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін,солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейіг созылып жатыр.Жерінің көлемі жөнінен дүниежүзінде 9-орында тұр.

  • Халқы- 16млн-нан астам адам.Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады.

Қосымша мәлімет: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары төмендегідей:

Халық саны

( Мың адам)

Пайыздық көрсеткіш

1999 ж.

2009 ж.

1999 ж

2009 ж

Барлық адам

14981,9

16004,8

100,0

100,0

Қазақ

8011,5

10098,6

53,5

63,1

Орыс

4481,1

3797,0

29,9

23,7

Өзбек

370,8

457,2

2,5

2,8

Украин

547,1

333,2

3,6

2,1

Ұйғыр

210,4

223,1

1,4

1,4

Татар

249,1

203,3

1,7

1,3

Неміс

353,5

178,2

2,4

1,1

Басқа ұлттар

758,4

714,2

5,0

4,5

  • Астанасы - Астана қаласы

  • Әкімшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады.Одан басқа Қазақстанда 85 қала,160 аудан,176 кент,2237 ауылдық округке біріккен 7719 ауылдық елді мекендер бар.

Қазақстан облыстары

Орталығы

1

Ақмола

Көкшетау

2

Ақтөбе

Ақтөбе

3

Алматы

Талдықорған

4

Атырау

Атырау

5

Батыс Қазақстан

Орал

6

Жамбыл

Тараз

7

Қарағанды

Қарағанды

8

Қостанай

Қостанай

9

Қызылорда

Қызылорда

10

Маңғыстау

Ақтау

11

Оңтүстік Қазақстан

Шымкент

12

Павлодар

Павлодар

13

Солтүстік Қазақстан

Петропавл

14

Ш ығыс Қазақстан

Өскемен

  • Республикалық маңызы бар қалалар:Астана,Алматы.

  • 1991 жылғы 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні.

  • Қазақстанның тәуелсіздігін әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып Түркия Республикасы таныды.

  • Мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

  • Ұлттық валютасы - теңге.

  • 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған конституция бойынша,Қазақстан демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылады.

  • Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.Республиканың ең жоғарғы өкілді органы-Парламент.Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады.Парламент екі Палатадан:Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

  • Қ.Р. мемлекеттік туы

  • Қ.Р. Мемлекеттік туы - Қ.Р. мемлекеттік рәмізі.

  • Қ.Р. Президентінің "ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген.

  • 1992 жылы 4 маусымда ҚР Мемлекеттік Туы қабылданды.

  • ҚР мемлекеттік Туының авторы:суретші Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.

  • Мемлекеттік Ту - көгілдір түсті тікбұрышты кездеме.Оның ортасында шұғылалы күн,күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген.Ағаш сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген.

  • Күн,шұғыла,қыран және ою-өрнек алтын түсті.

  • Тудың ені ұзындығының жартысына тең.

Қосымша мәлімет:

  • Көгілдір түс - бұлтсыз ашық аспанның және бейбітшіліктің,тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс - түркі халықтары үшін қасиетті ұғым.

  • Алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн-қозғалыс,даму,өсіп-өркендеудің және өмірдің белгісі.Күн-уақыт,замана бейнесі.

  • Қыран құс - билік,еркіндік бейнесі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.

  • ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы - ҚР мелекеттік рәмізі.ҚР Президентінің "ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген.

  • 1992 жылы 4 маусымда ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы қабылданды.

  • ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының автролары:Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков пен Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.

  • Елтаңбада көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген,шаңырақты айнала,күн сәулесіндей тарап уықтар шашылған,оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар.

  • ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының түсі-алтын және көгілдір түсті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]