
- •Фонетика
- •Буын(слог)
- •Лексика
- •Синоним
- •Антоним
- •Мақал мен мәтел (пословицы и поговорки)
- •Морфология
- •Сын есім (имя прилагательное)
- •Есімдік(местоимение)
- •Етістік(глагол)
- •Етіс (залог)
- •Есімше(причастие)
- •Көсемше(деепричастие)
- •Етістіктің шақтары (времена глагола)
- •Етістіктің райлары(наклонение глагола)
- •Тұйық етістік (инфинитив)
- •Үстеу(наречие)
- •Шылау (союзы)
- •Одағай(междометие)
- •Оқшау сөздер
- •Қыстырма сөз
- •Синтаксис
- •Атаулы сөйлем
- •Сөйлем мүшелері (члены предложения)
- •Бастауыш (подлежащее)
- •Баяндауыш (сказуемое)
- •Дара, күрделі баяндауыш
- •Тұрлаусыз мүшелер (второстепенные члены предложения) Толықтауыш (дополнение)
- •Анықтауыш (определение)
- •Пысықтауыш (обстоятельство)
- •Құрмалас сөйлем (сложное предложение)
- •Қарсылықты салалас (противительные)
- •Түсіндірмелі (указательные) салалас
- •Талғаулы (разделительные) салалас
- •Кезектес (чередующиеся) салалас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
- •Қосымша мәлімет:
- •Қазақстанның астанасы
- •Қазақстан жері
- •Қазақстанның өзен – сулары өзендер
- •Қазақ тілі жайлы
- •XviiIғ.Ғ. Батырлар
- •Қазақтың шешендік өнері
- •Үй жануарлары
- •Құрал-жабдықтар
Аблаева А. Д.
ФОНЕТИКА, ЛЕКСИКА, МОРФОЛОГИЯ, СИНТАКСИС, ҚАЗАҚСТАН
Орыс сыныптары үшін
ҰБТ-ға арналған әдістемелік құрал
Қазақ тілі
5-11 сынып
Алматы, 2014 ж.
Құрастырушылар:
Аблаева Айша Дулатқызы – “EDTECH-KZ” Халықаралық білім орталығының мұғалімі.
Рецензенттер:
Құдаймендинова Үмітжан Құрманбайқызы – Қазақ тілі пәні мұғалімі
Айтмухаметова Тоғжан Мәдениетовна – Орыс тілі пәні мұғалімі
Ұлан Еркінбай – Филология ғылымының кандитаты,Сүлеймен Демирел атындағы университетінің қазақ әдебиеті мен журналистика кафедрасының меңгерушісі.
Техникалық редактор: Әліп Нұрдана
АЛҒЫ СӨЗ
Құрметті оқушы! Міне, қазақ тілінен мектеп қабырғасында алған бүкіл біліміңізді қорытындылап, жинақтайтын соңғы межеге де жеттіңіз. Он жыл бойы ана тіліңіздің қадір-қасиетін сезіндіретін сан алуан тілдік құбылыстармен, заңдылықтармен таныстыңыз, қазақ тілі білімінің ғылыми негіздерінен хабардар болдыңыз. Біліміңіз ғана тереңдеп қойған жоқ, білігіңіз де дамыды.
Оқу-әдістемелік құрал талапкерлердің ҰБТ мен кешенді тестілеуге дайындалуына көмек ретінде ұсынылады.Орта мектеп мұғалімдері мен оқушылар тест жинағын оқу барысында пән бойынша білім деңгейін бақылауға пайдалана алады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің мемлекеттік қорытынды аттестаттауы мен орта білімнен кейінгі және жоғары білім ұйымдарына қабылдау емтихандары біріктіріліп өткізілетін сынақ.Білім туралы Заңға сәйкес ҰБТ-ға міндетті пән - қазақ тілі.
Қазақ тілінен жоғары оқу орнына түсушілерге арналған бұл оқу құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы негізіндегі жаңа буын оқулықтары бойынша құрастырылған.
ЖОО-на түсу үшін тапсырылатын Ұлттық бірыңғай тестілеудегі негізгі пәннің бірі - қазақ тілі. Бұл - пән мұғалімдеріне де зор жауапкершілік жүктейді.
Дайындалушы түлектерге тиімділігі ескеріле отырып,оқу құралында тақырыптық тест тапсырмалары мектеп бағдарламасына сәйкес қазақ тілі білімінің салалары бойынша топтастырылып берілген.
ҰБТ-да сәттілік тілейміз!
Фонетика
Қазақ тілінде 42 әріп,37 дыбысбар.
12 дауысты, 25 дауыссыз дыбыс бар.
Дифтонг дыбыстар - я, ю,ё, бұлар екі дыбыстың қосындысы - й+а, й+у, й+о
ь - жіңішкелік белгісі,ъ - айыру белгісі
Дауысты дыбыстар(Гласные звуки) - а,ә,о,ө, ы, і,и, ү, ұ, у, е, э.
Ауа өкпеден еш кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстардыдауысты дыбыстардейміз.
Дауыстыдыбыстар 3 топқабөлінеді:
Тілдің қатысына қарай: Жуан (твердый) - а, о, ы, ұ, (у).
Жіңішке (мягкий) - ә,ө,і,и, е,э,ү,(у).
У дыбысы бірде жуан :ту, бу, ну, жу, су.
Удыбысы бірде жіңішке:кему, сену, келу, кету.
Жақтың қатысына қарай:Ашық (открытый) - а,ә,о,ө,е, э.
Қысаң(сжатый, узкий) -ы, і, и,ү,ұ,у.
Ерін мен езудіңқатысына қарай :Еріндік(губные) - о,ө,ұ,ү,у
Езулік(негубные) - а,ә,ы,і,и,е,э
Буын талғайтын дыбыстар:ә, ү, ұ,ө,о.
Бұл дыбыстар сөздің алғашқы буынында жазылады: әке, әже, әпер,ұя, ұршық, ұран, үкі, үміт, үлкен, ине, имек, иіл, өнер, өрік т.б.
Күмән, күнәсөздерінде және біріккен сөздерде ә,ү,ұ,ө дыбыстары соңғы буында да жазылады.Күләндә, бұлбұл, Айткүл, Ақтөс т.б.
О дыбысы орыс тілінен енген сөздерде соңғы буында да жазылады: кино, пальто т.б.
Ұ,Ү,Өдыбыстары өзінен кейін келгенЫ,І,Едыбыстарын еріндік дыбысқа айналдырады.
Құлын - құлұн, үкі- үкү,өнер- өнөр
Дауыссыз дыбыстар(Согласные звуки)
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдан тұрады. Олар 3-ке бөлінеді:
Қатаң(глухие):п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,ч,ц,х,һ;тек салдырдан жасалады.
Ұяң(звонкие):б,в,г,ғ,д,ж,з;үннен салдыры басым болады.
Үнді(сонорные):р,л,м,н,ң,й,у;салдырдан үні басым болады.
Жұп дауыссыздар(парные согласные):п - б, ф- в, к- г, қ- ғ, с- з, ж- ш, т – д.
Ж ұ п қ ұ рай алмайтын дауыс с ы з д а р: ч , щ , ц .
Қазақ тіліне тән дыбыстар (9): ә,і,ғ,қ,ү,ұ,ң,ө,һ.
Щ дауыссызы қазақтыңащы, тұщы, кеще (ақымақ) деген үш сөзінде ғана кездеседі.
Буын(слог)
Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесін буын дейміз. Буынның үш түрі бар:ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын немесе жалғыз дауыстыдан тұратын буындыашық буын дейміз. Мысалы: ба- ла, а - на, қа - ла, да - ла, ә - же.Ба- ашық, ла- ашық; а- ашық, на- ашық; қа- ашық, ла- ашық; да- ашық,ла- ашық; ә- ашық, же- ашық буын.Жалғыз дауыстыдан тұратын буын жалаң ашық буын деп аталады.
Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буындытұйықбуындейміз. Мысалы: aт, үн, от, аң, ал, ер, ел.
Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталса бітеу буын болады. Мысалы: көз, бал, бұлт, қант, тарс, жұрт.
Жазушылар, аттандысөздерін буынға бөліп, түріне қарай ажыратайық ;аң-шы-лар, аң-тұйық, шы – ашық, лар – бітеу; су-рет-ші-лер, су-ашық, рет-бітеу, ші-ашық, лер-бітеу.
Егер барлық буын ашық болса, онда ол бірыңғай ашықбуын болады. Мысалы: қа- ла-да. Қа- ашық, ла- ашық, да- ашық; бірыңғай ашық буын; кейде бірыңғай ашық буынды сөйлем де болады. Мысалы: Ба-ла те-ре-зе жу-ды.
Егер барлығы бітеу буын болса, онда ол бірыңғай бітеу буын болады. Мысалы: Дос- жан, құс- тар,дәп- тер, мақ- caт- тар.
Үндестік заңы(закон сингармонизма).
Түбір мен қосымша арасындағы немесесөзбен сөз арасындағы дыбыстардың бір-біріне әсер етіп,ықпал етуін үндестік заңы дейміз.
Үндестік заңы екіге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі.
Түбірдің жуан, жіңішкелігіне байланысты қосымшаның бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып жалғануынбуын үндестігі немесе сингармонизм деп атаймыз.Мысалы: бала-лар, кеме- лер, қала- данбыз, үй- дегілер, күрек- тер, оқушы- лар, әнші- лер.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
-мен,- бен,- пен;атам- мен,бала- мен, қобыз- бен, күрек- пен;
-паз;әсем- паз, өнер- паз. -қор;пәле- қор.-қой;сән- қой
-дікі, -нікі, -тікі;балам-дікі, атам-дікі-кер,-гер;қалам- гер,жұмыс- кер
-кеш; арба- кеш.-хана;шебер-хана,дәрі-хана
-күнем;пайда- күнем
-ов,-ев,-ова -ева,-ин,-ина;Алтынсар-ин, Арманба-ев.
-еке;ат - еке, -жан;әке-жан.
-тал;өсім- тал. -тай; әже- тай, әпке- тай т.б.
Буын үндестігіне бағынбайтын сөздер - кірме сөздер,біріккен сөздер,қос сөздер. Мысалы: математика, депутат, мұғалім, Рахима, биология, Тұрғанбек, некен-саяқт.б.
Буын үндестігіне ықпал ететін дыбыс- дауысты дыбыс.
Сөз ішінде немесе сөз аралығындағы көрші дыбыстардың бір- біріне ықпал етуін дыбыс үндестігідейміз.
Дыбыс үндестігі екі түрге бөлінеді:ілгерінді ықпал, кейінді ықпал.
Түбір мен қосымшаның немесе сөз аралығындағы көрші дыбыстың алдыңғысыкейінгі дыбысқа ықпал етіп өзгертуін ілгерінді ықпал дейміз.
Мысалы: қара қой (қара ғой), боз құнан (боз ғұнан), ала кел( ала гел), атың кім (атың гім).
6.Түбірдің соңы қатаңға аяқталып, қосымша ұяңнан басталса,айтуда ұяң дыбыс қатаң дыбысқа айналады. Мысалы: Қамыс- бай (Қамыс- пай), Жүніс-бек (Жүніс-пек), Қоныс- бай(Қоныс- пай).
Сөз ішінде немесе сөз аралығындағы көрші дыбыстың соңғысы алдыңғы дыбысқа ықпал етуін кейінді ықпал дейміз.
1.Түбірдің соңық,к,п дыбыстарына аяқталып,қосымша дауысты дыбыстан басталса,қ,к,п дыбыстары ғ,г,б дыбыстарына айналады. Мысалы:
доп-ы(доб-ы), тарақ-ы (тарағ-ы), жүрек-і(жүрег-і), төк-ілді(төг-ілді), төк-у (төг-у), теп-у (теб-у).
2.Түбірдің соңы н дыбысына аяқталып,қосымша б, п дыбысынан басталса н дыбысы м дыбысына айналады.Мысалы: сен-бе(сем-бе) , Жан-пейіс (Жам- пейіс), Құрман- бек (Құрмам- бек).
3.Қатар келген екі дыбыстың біріншісі н , ал екіншісі г, ғ, к, қ дыбыстары болса, н дыбысы ң болып айтылады. Түнгі, бұрынғы.
4.Түбірдің соңы с,з дыбыстарына аяқталып, одан кейін ш дыбысы келсе, с,з дыбысы ш дыбысына айналып кетеді.Мысалы: колхоз- шы(колхош-шы), сөз- шең(сөш-шең), жұмыс шамасы(жұмыш шамасы).
5.Түбір соңындағыз дыбысысдыбысының алдынан келсе, з дыбысысдыбысына айналады. Мысалы: көз сал (көс сал), тұз- сыз(тұс- сыз), жаз- са (жас-са).
6.Түбір соңындагыздыбысы ж дыбысының алдында келсе,здыбысы ж дыбысына айналады. Боз-жігіт (Бож-жігіт), Қыз Жібек (Қыж Жібек), Ораз- жан (Ораж-жан).
7.Көршілес дыбыстардың екеуі де дауысты дыбыс болса, алдыңғы сыңары түсіп, кейінді ықпал жасайды.Мысалы: қара ала(қарала), ала алмады (алалмады), Сарыағаш (Сарағаш).
Сөйлем ішінен ілгерінді, кейінді ықпалды тауып, теріп жаз.
Ол қансыраған аяғын қайта-қайта сипай берді.Жанғазы ән десе ішкен асын жерге қоятын жігіт. Істің бәрі де Тұрғанбек ойлағандай болмай шықты. Бозжанов, шық бері! - деген дауыстан ол селк ете түсті. Мен сіздің мына қорлықтарыңызға көне алмаймын.
Қосымша мәліметтер
Қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940 жылдан бастап орыс әліпбиіне көшті.Ежелгі жазуы - рун жазулары. Рун - құпия, бітіг - тастағы жазу деген сөз.
ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ
ФОНЕТИКА
Дауысты дыбыстар.
1- нұсқа
1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) ы
В) а
С) о
Д) у
Е) ә
2. Жуан дыбыстарды көрсетіңіз.
А) І, Ы,Е, И.
В) Е,И,У,О.
С) А,О,Ұ,Ы.
Д) А,Ғ,Ө,Ұ.
Е) О,Ө,Ұ,Ү.
3. Жіңішке буынды дәм атауын көрсетіңіз.
А) Күшті, үлкен.
В) Ащы, қышқыл.
С) Семіз, ерен.
Д) Тәтті, дәмді.
Е) Тұзды, қатты.
4. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.
А) жуан, жіңішке
В) еріндік, езулік
С) ұяң, қатаң
Д) ашық, қысаң
Е) үнді, жуан
5. Дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.
А) жуан, жіңішке
В) қысаң, ашық
С) үнді, ұяң
Д) еріндік, езулік
Е) қатаң, ұяң
6. Ашық дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) а, ұ,ү
В) у, и, і
С) у, і, ы
Д) а, о, е
Е) е, ө, й
7. «Ы» дыбысы қойылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Жазғ... .
В) Кәр... .
С) Бөр...к.
Д) М...нез.
Е) Д...мді.
8. Бірыңғай жіңішке дауыстылардан тұратын сөздерді көрсетіңіз.
А) Қиық.
В) Береке.
С) Сынып.
Д) Қиғызу.
Е) Кітап.
9. Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) сынып, парта
В) дәптер, қалам
С) мереке, білім
Д) қыркүйек, қоңырау
Е) кітап, оқушы
10. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қандай түрлерге бөлінетінін белгілеңіз.
А) Үнді, қатаң
В) Езулік, еріндік
С) Жуан, жіңішке
Д) Қатаң, ұяң
Е) Ашық, қысаң
11. Жіңішке дауыстылар қатарын көрсетіңіз.
А) ы, ұ, и
В) а, ү, о
С) ұ, е, ө
Д) ө, і, е
Е) о, э, у
12. Жуан дауысты сөзді табыңыз.
А) Кезең.
В) Куәлік.
С) Көне.
Д) Ғұлама.
Е) Билік.
13. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) у
В) о
С) а
Д) ө
Е) ұ
14. Барлық буында жазылатын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) а, ы, і
В) э, ә, и
С) о, ө, ұ
Д) у, ұ, ө
Е) ә, ү, у
15 Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз.
А) мемлекет
В) отан
С) саудагер
Д) көзілдірік
Е) достар
16. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жататынын анықтаңыз.
А) е
В) и
С) о
Д) а
Е) ү
17. Жуан да жіңішке де болатын дыбысты табыңыз.
А) О.
В) Е.
С) У.
Д) А.
Е) Ө.
18. Тек жуан дауысты дыбыстан тұрған қатарды көрсетіңіз.
А) Кінәлі, дүдәмәл.
В) Ботагөз, Өмірзақ.
С) Ақтөбе, тарихи.
Д) Су, бауырмал.
Е) Ушығу, қабілет
19. Жіңішке дауысты сөзді табыңыз.
А) Базар
В) Қора
С) Қауырсын
Д) Кілем
Е) Сауысқан
20. Жіңішке әрі ашық дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) О, И.
В) Ү,І.
С) Ә, Е.
Д) А,Ұ
Е) Е, Ы.
21. Тек жуан дауысты дыбысты сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Кенесары, өнерпаз.
В) Ұлытау, қуғыншы.
С) Емхана, арбакеш.
Д) Игілік, ержүрек.
Е) Қыстыгүні, кітаптар.
22. Жуан дауысты дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.
А) Кеңес.
В) Күндіз.
С) Сабыр.
Д) Екеуі.
Е) Келуші.
23. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарын белгілеңіз.
А) о, е.
В) а, и.
С) и, у.
Д) ө, ү.
Е) ы, э.
24. Тек жіңішке дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.
А) О, ө, у.
В) А, ә, е.
С) Ы, і, и.
Д) Ә, ө, і.
Е) Э, о, ү.
25. Дыбыстар неше топқа бөлінетінін көрсетіңіз.
А) 5.
В) 2.
С) 3.
Д) 6.
Е) 4.
Дауысты дыбыстар
2-нұсқа
1.Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз.
А) Сөз таптарын.
В) Тіл дыбыстарының жүйесін.
С) Сөз тіркесінің байланысу тәсілін.
Д) Сөз құрамын.
Е) Сөз мағыналарын.
2. А, О, Ұ, Ы қандай дыбыстар екенін көрсетіңіз.
А) Езулік.
В) Қысаң.
С) Еріндік.
Д) Жуан.
Е) Ашық.
3. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ы,И,Ү,У...
В) О,У,Е,І...
С) Ә,І,Е,Ө...
Д) Ә,А,О,Ү...
Е) И,Е,А,Ө...
4. Жуан дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз:
А) ә, и.
В) ү, і.
С) а, о.
Д) ө, ә.
Е) у, і.
5. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) ы
В) ү
С) ұ
Д) о
Е) у
6. Жуан дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.
А) Е, і, о.
В) И, ө, ы.
С) Ұ, о, а.
Д) Я, ә, е.
Е) Ү, е, у.
7. «О» қандай дыбыс екенін анықтаңыз.
А) Жуан.
В) Қысаң.
С) Езулік.
Д) Дауыссыз.
Е) Жіңішке.
8. Жуан әрі еріндік дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) е, а
В) ә, а
С) о, ұ
Д) и, ө
Е) ү, і
9. Езулік дауыстылардың саны қанша екенін белгілеңіз.
А) 8.
В) 6.
С) 10.
Д) 7.
Е) 12.
10. «У» дыбысы жуан болып тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Кету.
В) Жүру.
С) Жету.
Д) Секіру.
Е) Қайту.
11. Қысаң дауыстылар қатарын толықтырыңыз: Ы, і, у, ү, ұ, ...
А) А.
В) И.
С) О.
Д) Ә.
Е) Е.
12. «Ұ» дыбысына талдау жасаңыз.
А)Жіңішке дауысты.
В) Ұяң дауыссыз.
С) Үнді дауыссыз.
Д) Жуан дауысты.
Е) Қатаң дауыссыз.
13. Тек жуан дауысты дыбыстан құралған сөзді табыңыз.
А) Арбакеш.
В) Өнерпаз.
С) Екілік.
Д) Аққу.
Е) Биыл.
14. Қазақтың төл сөздерінде сөз соңында келмейтін дыбысты белгілеңіз.
А) А.
В) І.
С) О.
Д) Е.
Е) Ы.
15. «а» дыбысы жақтың ашылуына қарай қай дауыстыға жататынын белгілеңіз.
А) Қысаң.
В) Ашық .
С) Еріндік.
Д) Жуан.
Е) Жіңішке.
16. Бірыңғай қысаң дауыстыдан болған сөзді көрсетіңіз.
А) Іні.
В) Немере.
С) Ана.
Д) Бала.
Е) Шөпшек.
17. Бірыңғай езулік жіңішке дауыстылардан болған сөзді белгілеңіз.
А) Жоңышқа.
В) Еріншек.
С) Мүсәпір.
Д) Бүлдіршін.
Е) Бүлдірген.
18. «У» дыбысы екі рет дауысты болған сөзді белгілеңіз.
А) Жауласу.
В) Таулық .
С) Қауышу.
Д) Татуласу.
Е) Баулық .
19. Қысаң дауыстылардың саны қанша екенін белгілеңіз.
А) 7.
В) 10.
С) 4.
Д) 6.
Е) 8.
20. Тек қана жіңішке дауысты дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.
А) Оқушы.
В) Сынақ .
С) Кітап.
Д) Күнтізбе.
Е) Сынып.
21.Бірыңғай қысаң дауысты сөзді көрсетіңіз.
А) Баста.
В) Қонақ .
С) Іңір.
Д) Тағалы.
Е) Қаза.
22. Қысаң, езулік дыбысты көрсетіңіз.
А) и.
В) у.
С) ө.
Д) а.
Е) о.
23. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар екенін белгілеңіз.
А) 13.
В) 16.
С) 15.
Д) 42.
Е) 20.
24. Бірыңғай еріндік дыбысты сөзді ажыратыңыз.
А) Метр.
В) Әңгіме.
С) Көну.
Д) Білімді.
Е) Жеміс.
25. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі ашық , әрі еріндік болатынын белгілеңіз.
А) и.
В) у.
С) а.
Д) о.
Е) ы.
Дауыссыз дыбыстар.
1- нұсқа
1. Қатаң дауыссызды көрсетіңіз.
А) д, в, е
В) б, й, р
С) п, ш, қ
Д) м, ң, н
Е) ғ, л, у
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А) В,Б,Г,Ғ,Ж
В) Д,З,Һ,Т,В
С) К,С,Т,Ш,Л
Д) Б,В,К,С,Д
Е) Л,Д,Р,М,П
3. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) қ, к, п, с
В) б, в, г, ғ
С) н, р, у
Д) й, л, м
Е) д, ж, з, һ
4. Тек ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сандарды көрсетіңіз.
А) 6, 9, 1
В) 4, 10, 7
С) 5, 8, 10
Д) 4, 11, 15
Е) 100, 9, 30
5. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатар келген сөзді көрсетіңіз.
А) Қасқа.
В) Арқан.
С) Қаймақ.
Д) Алма.
Е) Алғаш.
6. Ұяң дауыссыз дыбысы жоқ сөзді көрсетіңіз.
А) лездеме
В) өзгеріс
С) міндет
Д) көмір
Е) қазба
7. Сөздің басында жазылмайтын әріпті көрсетіңіз.
А) ғ
В) ң
С) ы
Д) ә
Е) қ
8. Дыбыссыз әріптерді көрсетіңіз.
А) х, һ
В) у, й
С) с, ц
Д) ъ, ь
Е) і, ы
9. Үнді дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді табыңыз.
А) Азат.
В) Аймақ.
С) Айман.
Д) Алпыс.
Е) Сапар.
10. Қатаң дауыссызға басталып, қатаңға аяқталған сөздер қатарын көрсетіңіз.
А)Асқар, тау, базар
В)Алып, доп,кел
С)Ұлт, болашақ, жан
Д)Мал, киіз,отау
Е)Қас, шаш,құқық
11. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді көрсетіңіз.
А) Айдын, шие, әдеп
В) Кедей, емен, тау
С) Күн, мектеп, аула
Д) Аймақ, орта, мөлдір
Е) Бұлт, зерттеуші, жағажай
12. Буын құрай алмайтын дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) и
В) ү
С) ы
Д) а
Е) ж
13. Тек үнді дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздерді көрсетіңіз.
А)Үн, үй, көл
В)Көз, құлақ, ауыз
С)Қонақ, кісі, қуаныш
Д)Зерек, жеміс, ерлік
Е)Бота,бала,жаға
14. Тек ұяң дауыссыз дыбыстан тұратын сөзді көрсетіңіз.
А) Баға
В) Алыс
С) Аспан
Д) Гүл
Е) Белгі
15. Қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз.
А) б,з
В) р,у
С) з,һ
Д) қ ,к
Е) л,м
16. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.
А) ж,ң,н
В) й,і,ә
С) р,д,у
Д) а,е,ы
Е) ғ,қ,һ
17. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын үй жануарын белгілеңіз.
А) Ешкі
В) Сиыр
С) Жылқы
Д) Қой
Е) Түйе
18. Қазақ тілінде неше үнді дыбыс бар екенін анықтаңыз.
А) 10.
В) 6.
С) 7.
Д) 4.
Е) 2.
19. Тек қатаң дауыссыздан жасалған сөзді табыңыз.
А) Көз.
В) Көш.
С) Қожа.
Д) Қиыр.
Е) Қияр.
20. Ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерді көрсетіңіз.
А) хабар, үміт, шағын
В) атақ, бақыт, заң
С) күн, егін, жол
Д) шөл, су, нарық
Е) жаз, жұлдыз, үздіксіз
21. Тек қатаң дауыссыздан тұратын сөздерді көрсетіңіз.
А) Заң,жарыс,бұлақ.
В) Қарға,жаға,аспан.
С) Аққу,апта,көк.
Д) Ағаш,аула,ел.
Е) Бет, жол,емен
22. Ғ - әріпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Жа...ажай.
В) Е...ін.
С) Те...іс.
Д) Үл...і.
Е) Заң...ер.
23. Құрамында қатаң дауыссыз дыбыс бар сөзді табыңыз.
А) Дөң
В) Қатық
С) Ру
Д) Ғалым
Е) Жаза
24. Үнді дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) жеміс
В) қонақ
С) достық
Д) рақат
Е) шығарма
25. Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) н, ч, ұ
В) б, в, г
С) ә, п, ц
Д) т, у, й
Е) м, л, р
Дауыссыз дыбыстар
2-нұсқа
1. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А) Ң,Р,Л,М...
В) И,Ң,В,Г...
С) Қ,Л,М,Н...
Д) Р,Л,М,И...
Е) С,У,Ш,Ң...
2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.
А) д,т,р
В) қ,ң
С) р,н,д
Д) а,о,м,д
Е) й,у,ж
3. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) г, ғ
В) л, м
С) н, р
Д) д, ж
Е) п, т
4. Тек ұяң дауыссыздарды көрсетіңіз.
А) П,Ғ,В,К...
В) П,У,Х,В...
С) Д,Ж,С,В...
Д) Б,В,Р,Л...
Е) Б,В,Ғ,З...
5. Қазақ алфавитіндегі әріп санын көрсетіңіз.
А) 33
В) 40
С) 41
Д) 36
Е) 42
6. Қатаң дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.
А) нәтиже
В) мемлекет
С) қарағай
Д) ойын
Е) пән
7. Үнді дауыссыз дыбыстары бар сөздерді көрсетіңіз.
А) қыз, ата, қар
В) жүн, қой, ет
С) бал, жүз, топ
Д) сүт, шұжық, май
Е) мың, нан, мал
8. Ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді көрсетіңіз.
А) Мәдениет
В) Біз
С) Кездік
Д) Тармақ
Е) Оқулық
9. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын мемлекет атауын көрсетіңіз.
А) Қазақстан.
В) Албания.
С) Ресей.
Д) Украина.
Е) Грузия.
10. Үнді дауыссыз дыбысқа аяқталған көне қала атын көрсетіңіз.
А) Йассы.
В) Ақмола.
С) Семей.
Д) Түркістан.
Е) Қарағанды.
11. Жалғауы ұяң дауыссыз дыбыстан басталған сөзді көрсетіңіз.
А) Тәуелсіздіктен
В) Әйелдер
С) Өнерлер
Д) Шеберлер
Е) Көшпенділерге
12. Үнді дауыссыз дыбыстармен басталған сөздерді көрсетіңіз.
А) Қазына, әдіс, ұят.
В) Наурыз, райхан, мереке.
С) Кездік, серік, бой.
Д) Отбасы, шығыс, әлем.
Е) Дауыл, бөлме, доп.
13. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) рухани
В) қоғам
С) шығыс
Д) бағыт
Е) әділ
14. «У» дыбысының дауыссыз дыбысты таңбалап тұрғанын көрсетіңіз.
А) бару, келу
В) сурет, жуан
С) сулы, сұлу
Д) тау, дау, сау
Е) су, шу, қу
15. Қатаң дауыссызды көрсетіңіз.
А) д
В) в
С) қ
Д) у
Е) р
16. Үнді дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) Емен.
В) Зерек.
С) Намыс.
Д) Теңге.
Е) Дастан.
17. Ұяң дауыссыз дыбысты көрсетіңіз.
А) й
В) б
С) қ
Д) м
Е) п
18. Қ - әріпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А) ө...іл
В) үзді...сіз
С) уа...ыт
Д) ше...ара
Е) іс...ер
19. Ұяң дауыссыз дыбыстардан қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсетіңіз.
А) қ, т
В) б, д
С) з, ж
Д) ғ, һ
Е) д, ж
20. Қатаң дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) күрес
В) үміт
С) орман
Д) байлық
Е) ғарыш
21. Мына дыбыстардың қайсысы ұяң дауыссыз дыбысқа жататынын көрсетіңіз.
А) қ ,к
В) б, в
С) й, л
Д) р, у
Е) ч, ш
22. «Баяндама» сөзіндегі әріп пен дыбыс санын анықтаңыз.
А)9 әріп, 8 дыбыс.
В)8 әріп, 9 дыбыс.
С)8 әріп, 8 дыбыс.
Д)9 әріп, 9 дыбыс.
Е)8 әріп, 7 дыбыс.
23. Тек үнді дауыссыз дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар.
В) Айман.
С) Алпыс.
Д) Азат.
Е) Аймақ.
24. Қатаңға басталып, қатаңға аяқталған сөзді белгілеңіз.
А) Орман.
В) Жолбарыс.
С) Тауық.
Д) Торғай.
Е) Арыстан.
25. Ұяң дауыссыздан басталған қосымшаны табыңыз.
А) Қаламның.
В) Мерекеге.
С) Тойлар.
Д) Достың.
Е) Есіктер.
Дауыссыз дыбыстар
3-нұсқа
1. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін көрсетіңіз.
А) Ашық, қысаң.
В) Ұяң, жуан, қатаң.
С) Қатаң, ұяң, үнді.
Д) Үнді, жіңішке, езулік.
Е) Еріндік, езулік.
2. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз.
А) Б, В, Г.
В) Р, У, Н.
С) Б, Л, Қ.
Д) Ф, Х, Ч.
Е) Ж, Р, С.
3. Құрамында төрт дауыссыз дыбысы бар сөзді табыңыз.
А) Азан.
В) Тау.
С) Қарақат.
Д) Қарт.
Е) Сахара.
4. Тек ұяң дыбысты сөзді көрсетіңіз.
А) Халық.
В) Ұшқыш.
С) Жазғы.
Д) Айқын.
Е) Көпір.
5. Үнді дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) Наным.
В) Жаға.
С) Отбасы.
Д) Көкжиек.
Е) Бастық.
6.Ұяңнан басталып ұяңға аяқталған сөзді табыңыз.
А) Төрт.
В) Сегіз.
С) Жүз.
Д) Тоғыз.
Е) Бір.
7. Құрамында тек қатаң дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) Дөң.
В) Ру.
С) Қатық.
Д) Ғалым.
Е) Жаза.
8. Үнді дауыссызға аяқталған сөзді белгілеңіз.
А) Ұшқыш.
В) Қала.
С) Шәкірт.
Д) Көпір.
Е) Аймақ .
9. «У» әрпі қай қатарда дауыссыз болып тұрғанын анықтаңыз.
А) Жазушы, шешуші.
В) Жабу, кебу.
С) Туды, жуды.
Д) Дауыс, қауын.
Е) Бу, қу.
10. Тек ұяң дыбысты сөзді көрсетіңіз.
А) Нарық .
В) Ұшақ.
С) Жазда.
Д) Айқын.
Е) Қара.
11. Үнді дауыссызға аяқталған сөзді белгілеңіз.
А) Қонақ.
В) Дала.
С) Шәкірт.
Д) Өмір.
Е) Қаймақ.
12. Жұп болып келмейтін ұяң, қатаң дауыссыздарды табыңыз.
А) З-Х.
В) Т-Д.
С) Қ-Ғ.
Д) В-Ф.
Е) П-Б.
13. Қатаң дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) Із.
В) Қыс.
С) Май.
Д) Лаң.
Е) Біз.
14. Дауыссыз дыбыстың түрін табыңыз.
А) Ашық .
В) Жіңішке.
С) Еріндік.
Д) Үнді.
Е) Езулік.
15. Қатаң дауыссыздан басталып қатаң дауыссызға аяқталған сөзді табыңыз.
А) Парыз.
В) Сақтан.
С) Тамыр.
Д) Қайрат.
Е) Арман.
16. Үнді дауыссыздан құралған сөзді белгілеңіз.
А) Дыбыс.
В) Ынта.
С) Бұлақ .
Д) Тоқты.
Е) Аңның.
17. Бірыңғай ұяң дауыссыздан құралған сөзді белгілеңіз.
А) Қобыз.
В) Мұрат.
С) Мылтық .
Д) Мезгіл.
Е) Доға.
18. Ұяң дауыссыздар қатар тұрған сөзді анықтаңыз.
А) Наурыз.
В) Кітап.
С) Жаңбыр.
Д) Аспан.
Е) Қаздар.
19. Дауыссыз дыбыстардың үндесуін табыңыз.
А) Сингормонизм.
В) Екпін.
С) Дыбыс үндестігі.
Д) Үндестік заңы.
Е) Буын үндестігі.
20. Ұяң дауыссыздан басталатын бес арыстың бірін көрсетіңіз.
А) Ахмет.
В) Мағжан.
С) Шәкәрім.
Д) Жүсіпбек.
Е) Міржақып.
21.Тек қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз:
А) с, т, п, қ , к.
В) қ ,ш, ғ, д, г.
С) б, в, ғ, г, з.
Д) а, м, р, т, н.
Е) ы, с, х, м, ң.
22. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз.
А) Сана.
В) Ешкі.
С) Жаңа.
Д) Шана.
Е) Табиғат.
23. Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын әріпті табыңыз.
А) а.
В) в.
С) м.
Д) с.
Е) т.
24. Қос қатаң дауыссыз дыбыс тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Әліпби.
В) Етпетінен.
С) Жазғы.
Д) Арман.
Е) Түнгі.
25. «Ұжымдастыру» сөзіндегі ұяң дауыссыз нешеу екендігін көрсетіңіз.
А) 2.
В) 1.
С) 5.
Д) 4.
Е) 3.
Буын
1-нұсқа
1. Тұйық және бітеу буындары бар сөзді көрсетіңіз.
А) Ғарыш.
В) Күн.
С) Кеше.
Д) Ай.
Е) Аспан.
2.Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) ел, ер, үй
В) есік, шөп, егін
С) жел, жер, жаз
Д) су, күн, шық
Е) ұя, жыл, жүз
3. Тек ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) байлық, қорықтар
В) бай, асхана
С) жорық, кілем
Д) қала, мереке
Е) басшылық, ұлттық
4. Сөздің түбірі тұйық буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Шалқарда.
В) Кереге.
С) Оқушының.
Д) Сумен.
Е) Ұлттар.
5. Бітеу буыннан тұратын сөзді табыңыз.
А) Таразы
В) Іні
С) Шағала
Д) Жаңғақ
Е) Ұлт
6. Тек ашық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Отбасы, адам, жексенбі
В) Жеміс, егін, ағаш
С) Құстар, жаңбыр, аспан
Д) Терезе, таза, мағына
Е) Достар, автобус, демалыс
7. Жіңішке буынды қатарды көрсетіңіз.
А) Жақты
В) Сұраулы сөйлем.
С) Лепті сөйлем.
Д) Хабарлы сөйлем.
Е) Атаулы
8.Ашық буыннан ғана тұратын сөзді табыңыз.
А) Тамыр
В) Шам
С) Тамаша
Д) Дастархан
Е) Арқар
9. Бітеу буынды сандар қатарын көрсетіңіз.
А) 7, 5
В) 3, 2
С) 5, 4
Д) 2, 6
Е) 10, 100
10. Бітеу буыны бар сөзді табыңыз.
А) Бала.
В) Ата.
С) Мектеп.
Д) Оқушы.
Е) Оқу.
11. Бірыңғай ашық буынды сөздерді табыңыз.
А) Абырой, жұлдыз, арман
В) Баспасөз, гүлзар, даңғыл
С) Табыс, саяхат, тұлпар
Д) Уақыт, хабар, шетелдік
Е) Қазына, оқиға, табиғи
12. Бір ғана бітеу буыннан тұратын сөзді табыңыз.
А) Білім.
В) Ел.
С) Ғалым.
Д) Күш.
Е) Мақал.
13. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) дәптер, мектеп, гүл
В) кісі, таза, үн
С) сұлу, жұқа, кіші
Д) мереке, үлгі, аула
Е) ән, ас, ал
14. Бітеу буынды киіз үйдің ағашының атын көрсетіңіз.
А) Киіз.
В) Уық.
С) Адалбақан.
Д) Кереге.
Е) Қанат.
15. Тек тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Ең, өте, тым.
В) Аш, әл, әк.
С) Ал, жай, көр.
Д) Есі-дерті, еш.
Е) Ет, кет, аса.
16. Тек бітеу буыннан тұратын сөздерді көрсетіңіз.
А) жаңа, ескі, оқу
В) қызық, жарық, қалың
С) өмір, кітап, ұстаз
Д) жарыс, көрме, жалаң
Е) тіл, кең,сөз
17. Буын атауларының қатарын көрсетіңіз.
А) Дыбыс, әріп, жуан.
В) Ашық, тұйық, бітеу.
С) Тұйық, үнді, дыбыс.
Д) Қысаң, ашық, жуан.
Е) Үнді, дыбыс, әріп.
18. Тұйық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Сөйлем, барыс
В) Үтір, нүкте
С) Сұлтан, хан
Д) Үш, бес
Е) Ер, оқ
19. Ең соңғы буыны бітеу сөзді көрсетіңіз.
А) Мағына.
В) Таза.
С) Үй.
Д) Үлкен.
Е) Жақсы.
20. Бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.
А) оқушы
В) терезе
С) ай
Д) су
Е) жұмбақ
21. Тұйық, бітеу және ашық буындары бар сөзді табыңыз.
А) аққу
В) аударма
С) елдер
Д) бірлік
Е) мектеп
22. Тек ашық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) Ар-ман.
В) Дәп-тер.
С) Өрт.
Д) Ба-ла-мен.
Е) Қа-ла-ға.
23. Бірыңғай бітеу буынды көрсетіңіз.
А) ұлт
В) ара
С) данышпан
Д) тіл
Е) ойшыл
24. Ашық буыннан тұратын сөзді көрсетіңіз.
А) Күз
В) Тақпақ
С) Торы
Д) Ант
Е) Оқ
25. Бітеу буынды сөзді табыңыз.
А) Ата.
В) Өрт.
С) Әке.
Д) Бұлт.
Е) Дала.
Буын
2-нұсқа
1. Ашық буынды көрсетіңіз.
А) ой
В) жас
С) бас
Д) ал
Е) қа
2. «Серт» сөзі буынның қандай түріне жататынын табыңыз.
А) Төрт дыбысты ашық буын
В) Екі дыбысты бітеу буын
С) Төрт дыбысты тұйық буын
Д) Үш дыбысты ашық буын
Е) Төрт дыбысты бітеу буын
3. Бірынғай тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) Ең, өте, тым.
В) Аш, ат, от.
С) Есім, мысал, көп.
Д) Ал, жай, көр.
Е) Ет, кес, аса.
4. Буынға дұрыс бөлініп тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Ша-ппа-шот.
В) Көрс-ет.
С) Бас-па-сөзд-ен.
Д) А-лыс-тан.
Е) Ыст-ық .
5. Қазақ тілінде буынның неше түрі барын көрсетіңіз.
А) 2
В) 3
С) 4
Д) 7
Е) 5
6. Ашық , тұйық , бітеу буынды сөзді табыңыз.
А) Туысқан.
В) Жұрағат.
С) Қиылыс.
Д) Жиналыс.
Е) Қатысқан.
7. Тек ашық буыннан құралған сөзді табыңыз.
А) Ойбай.
В) Алтай.
С) Өзге.
Д) Шағала.
Е) Қарағай.
8. Бір буынды сөзді табыңыз.
А) Еңлік.
В) Жалт.
С) Түлік.
Д) Қуатты.
Е) Проект.
9. «Мемлекет» сөзінде қанша буын барын табыңыз.
А) 3.
В) 2.
С) 6.
Д) 4.
Е) 5.
10. Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буын түрін анықтаңыз.
А) Ашық.
В) Буын
С) Аралас
Д) Бітеу
Е) Тұйық
11. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.
А) Құ-мырс-қа.
В) Жо-лау-шы.
С) Ад-ам.
Д) Жа-рай-сың.
Е) Қа-йық.
12. Ашық буыны бар сөзді көрсетіңіз.
А) Дара.
В) Арман.
С) Алтын.
Д) Көлдер.
Е) Мектеп.
13. Сөйлемде буынның қай түрі жоқ екенін анықтаңыз:
Машинада әжелерге орын береді.
А) Ашық.
В) Тұйық.
С) Бітеу.
Д) Бірыңғай.
Е) Аралас.
14. Үш буынды сөзді табыңыз.
А) Көйлек.
В) Уақыт.
С) Дауылпаздай.
Д) Әділет.
Е) Тыйым.
15. Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз.
А) Халық .
В) Ата.
С) Ән.
Д) Үкі.
Е) Маса.
16. Ашық буынды сөзді табыңыз.
А) Ынтық .
В) Тіле.
С) Бірлік.
Д) Күш.
Е) Шындық .
17.Соңғы буыны бітеу үш буынды сөзді табыңыз.
А) Әке.
В) Ақылдылық .
С) Керемет.
Д) Жан.
18. Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) Ант.
В) Жоқ.
С) Баспана.
Д) Анар.
Е) Бұрғы.
19. Екі буыны да ашық сөзді көрсетіңіз.
А) Әке.
В) Ақылдылық .
С) Жан.
Д) Бастық .
Е) Керемет.
20. Тұйық буыны бар сөзді табыңыз.
А) Халық .
В) Қазақ .
С) Арман.
Д) Ғылым.
Е) Адам.
21. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Өң, аса, тым.
В) Ақ, ет, от.
С) Әсем, мысал, көп.
Д) Әл, тай, көр.
Е) Ет, жет, ас.
22. Бірыңғай бітеу буынды сөзді табыңыз.
А) Қасқыр.
В) Құмырсқа.
С) Қарға.
Д) Қарағай.
Е) Қаршыға.
23.Ашық буынды күрделі сөзді табыңыз.
А) Қалада.
В) Бүге-шіге.
С) Он бірінші.
Д) Үш машина.
Е) Отбасы.
24.Бір буынды сөзді табыңыз.
А) Қанат.
В) Сезім.
С) Адам.
Д) Орман.
Е) Қант.
25.Тұйық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Қант, бұлт.
В) Сөз, қамал.
С) Ас, ұн.
Д) Қол, бас.
Е) Ағаш, сезім.
Үндестік заңы
1- нұсқа
1. Буын үндестігін құрайтын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Жуан, жіңішке.
В) Ұяң, қатаң.
С) Қатаң, жуан.
Д) Үнді, ұяң.
Е) Дауыссыз, қатаң.
2. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Іскер
В) Қайраткер
С) Қолғанат
Д) Қуанышты
Е) Саяхат
3. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.
А) Орман.
В) Өнер.
С) Жазушы.
Д) Мектептер.
Е) Қолөнер.
4. Буын үндестігіне қарай жалғанатын қатаңнан басталатын көптік жалғауларды көрсетіңіз.
А) –мен, -пен
В) –ның, -нің
С) –сыз, -сіз
Д) –мын, -мін
Е) –тар, -тер
5. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсетіңіз.
А) Оқушы.
В) Орман.
С) Ғарышкер.
Д) Мектеп.
Е) Дәптер.
6. Буын үндестігіне бағынбай тұрған біріккен сөздерді табыңыз.
А) Бірсігүні, ендігәрі.
В) Сарыарқа, Талдықорған.
С) Ақсуат, Сарысу.
Д) Көкшетау, Екібастұз.
Е) Халықаралық, өнеркәсіп.
7. Буынның жуан, жіңішкелігіне қарай болатын үндестікті көрсетіңіз.
А)Үндестік заңы.
В)Кейінді ықпал.
С) Буын үндестігі.
Д) Ілгерінді ықпал.
Е) Дыбыс үндестігі.
8. Үндестік заңындағы үндестіктің атауларын көрсетіңіз.
А) Буын үндестігі, дыбыс үндестігі
В) Үндеу, дауыстау
С) Ашақ буын, бітеу буын, тұйық буын
Д) Дауысты, дауыссыз дыбыстар
Е) Тасымал, екпін
9. Буын үндестігі заңы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) Жауынгер
В) Кәсіпорын
С) Отбасы
Д) Мұғалім
Е) Кітап
10. Үндестік заңы нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
А) 4
В) 2
С) 5
Д) 3
Е) 6
11. Буын үндестігіне қарай жалғанатын көптік жалғауларды көрсетіңіз.
А) –тан, -ден
В) –қа, -ке
С) –ған, -ген
Д) –нікі, -дікі, -тікі
Е) –дар, -дер
12. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді табыңыз.
А) Атақты.
В) Жарыс.
С) Жеңімпаз.
Д) Арман.
Е) Жүйрік.
13. Буын үндестігі бойынша жіңішке буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) ағартушы
В) ғалым, батыр
С) сыншы, шаңырақ
Д) теңіз, ұйым
Е) билік, әділдік
14. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) күзен
В) жыртқыш
С) ақбөкен
Д) тоқылдақ
Е) құр
15. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Біраз.
В) Табиғат.
С) Көжек.
Д) Жылқышы.
Е) Қонжық.
16. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.
А) Үйге
В) Балалар
С) Талапты
Д) Ағаштікі
Е) Мектепте
17. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Қаламгер, баламен.
В) Қаламдар, қыздар.
С) Жазушы, суретші.
Д) Көлдер, өзендер.
Е) Тауды, ұшқыш.
18. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөздерді табыңыз.
А) бақытты, өнерлі
В) сауатсыз, кешірімді
С) суретші, үйлер
Д) ұстаздан, өмірде
Е) таудікі, даланікі, жұрттікі
19. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді белгілеңіз.
А) Арманды.
В) Ертеңгіміз.
С) Үшінші.
Д) Қарашашпен.
Е) Балаға.
20. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
А) –лар.
В) –кеш.
С) –ым.
Д) –лық .
Е) –шы.
21. Буын үндестігін тағы қалай атауға болады, табыңыз.
А) Орфография.
В) Орфоэпия.
С) Дыбыс үндестігі.
Д) Сингармонизм.
Е) Ассимиляция.
22. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Кәсіпорын.
В) Табыс.
С) Бөлінгіш.
Д) Қарыздар.
Е) Алатау.
23. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз.
А) Көкқұтан.
В) Қосаяқ .
С) Жолбарыс.
Д) Тасбақа.
Е) Қарақұрт.
24. Үндестік заңына бағынатын қосымшаны табыңыз.
А) –мен.
В) –ды.
С) –паз.
Д) –хана.
Е) –кер.
25.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді белгілеңіз.
А) Қосаяқ .
В) Түйеқұс.
С) Асқазан.
Д) Тасбақа.
Е) Атжалман.