
- •Бұқар жырау Қалқаманұлы
- •Жанақ Сағындықұлы
- •Дулат Бабатайұлы
- •Махамбет Өтемісұлы
- •Шернияз Жарылғасұлы
- •Шөже Қаржаубайұлы
- •Сүйінбай Аронұлы
- •Шортанбай Қанайұлы
- •Біржан сал Қожағұлұлы
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Ақан сері Қорамсаұлы
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жамбыл Жабаев
- •Шәңгерей Бөкеев
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеев
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Нұрпейіс Байғанин
- •Әсет Найманбайұлы
- •Ахмет Байтұрсынов
- •Омар (Ғұмар) Қарашев
- •Сара Тастанбекқызы
- •Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
- •Міржақып Дулатұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Мағжан Жұмабаев
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Бейімбет Майлин
- •Сәкен Сейфуллин
- •Ілияс Жансүгіров
- •Сапарғали Бегалин
- •Мұхтар Әуезов
- •Бернияз Күлеев
- •Иса Байзақов
- •Сәбит Мұқанов
- •Ғабиден Мұстафин
- •Ғабит Мүсірепов
- •Әбу Сәрсенбаев
- •Хакімжанова Мариям
- •Әлжаппар Әбішев
- •Дихан Әбілев
- •Ғали Орманов
- •Тайыр Жароков
- •Әбділда Тәжібаев
- •Бауыржан Момышұлы
- •Қасым Аманжолов
- •Жұмағали Саин
- •Қалижан Бекхожин
- •Саттар Ерубаев
- •Ілияс Есенберлин
- •Мұқан Иманжанов
- •Хамит Ерғалиев
- •Мал қайтарған үніміз
- •Қасым Қайсенов
- •Жұбан Молдағалиев
- •Тұрсынхан Әбдірахманова
- •Әзілхан Нұршайықов (1922 жылы туған)
- •Сафуан Шәймерденов
- •Сырбай Мәуленов
- •Мұзафар Әлімбаев (1923 жылы туған)
- •Тахауи Ахтанов
- •Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 жылы туған)
- •Бердібек Соқпақбаев
- •Сара Мыңжасарова
- •Шона Смаханұлы
- •Қуандық Шаңғытбаев
- •Нығмет Ғабдуллин
- •Ғафу Қайырбеков
- •Қалтай Мұхамеджанов
- •(1930 Жылы туған)
- •Мұқағали Мақатаев
- •Кәкімбек Салықов (1932 жылы туған)
- •Шерхан Мұртаза (1932 жылы туған)
- •(Әкім Тарази)
- •Әубәкіров Оспанхан
- •Сағи Жиенбаев
- •Ғаббас Қабышұлы (1935 жылы туған)
- •Жұмекен Нәжімеденов
- •Қадыр Мырза Әли
- •1935 Жылы туған
- •Рамазан Тоқтаров
- •Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)
- •Кеше үйленген араздасты екі жас,
- •Ысқақ Қалихан (1935 жылы туған)
- •Айтхожина Марфуға (1936 жылы туған)
- •Қабдеш Жұмаділов (1936 жылы өмірге келген)
- •Құмарова Шәрбану (1936 жылы туған)
- •Төлеген Айбергенов
- •Асқар Сүлейменов
- •Оразбек Сәрсенбай (1938 жылы туған)
- •Әбіш Кекілбаев (1939 жылы туған)
- •Фариза Оңғарсынова (1939 жылы туған)
- •Мұхтар Мағауин (1940 жылы туған)
- •Нұржекеев Бексұлтан (1941 жылы туған)
- •Дулат Исабеков (1942 жылы туған)
- •Дүкенбай Досжан (1942 жылы туған)
- •Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған)
- •Софы Сматаев (1942 жылы туған)
- •(1942 Жылы туған)
- •Оралхан Бөкеев
- •Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы туған)
- •Жәркен Бөдешұлы (1944 жылы 15 мамырда туған)
- •Жұматай Жақыпбаев
- •Медетбек Темірхан (1945 жылы туған)
- •Тынымбай Нұрмағанбетов (1945 жылы туған)
- •Ахметова Күләш (1946 жылы туған)
- •Мырзабеков Кеңшілік
- •Шөмішбай Сариев (1946 жылы туған)
- •Нұрлан Оразалин (1947 жылы туған)
- •Оразбаев Иранбек (иран-ғайып) Әбітайұлы (1947 жылы туған)
- •Марат Қабанбайұлы
- •Несіпбек Айтұлы
- •Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы (1954 жылы туған)
- •Есенғали раушанов (1957 жылы туылған)
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Оралхан Бөкеев
(1943-1993)
1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында туған. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің екінші курсынан бастап Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым ауданы «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған ол әдебиетке публицистикадан келді. Облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер болған Оралхан кейін республикалық «Лениншіл жас», «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» газет-журналдарында бөлім меңгерушілігінен бастап, бас редактор қызметтеріне дейін көтерілді.
1970 жылы шыққан «Қамшыгер» атты тұңғыш жинағынан кейін әр жылдары «Үркер», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау», «Ән салады шағылдар», «Үркер ауып барады», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Өз отыңды өшірме», «Тоқадан қалған тұяқ» сынды прозалық шығармалар мен «Құлыным менің» атты пьесалар жинағын ұсынды. Өз замандастарының жандүниесіне үңіліп, адам баласының жұмбақ сырларын ашуға ұмтылған жазушы «Біздің жақта қыс ұзақ» атты кітабы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
«Құлыным менің», «Текетірес», «Қар қызы», «Зымырайды поездар», «Жау тылындағы бала» (Қасым Қайсеновпен бірігіп жазған), «Мен сізден қорқамын», «Бармысың, махаббат?», «Екі әйелдің әңгімесі» атты заман тынысын арқау еткен пьесалары республикалық және алыс-жақын шетелдердің театрларында сахналанды. Оның шығармалары бойынша «Кісікиік», «Шайтан көпір» көркем фильмдері түсіріліп, «Кербұғы» әңгімесінің желісі бойынша балет-спектакль қойылды. Жас драматургтердің Бүкілодақтық байқауында үшінші сыйлық алған «Құлыным менің» драмасы бойынша қойылған спектакльдер түркімен, башқұрт, қырғыз, якут, азербайжан театрлары мен Чехословакияда сахнаға шығарылған.
О.Бөкеев «Қамшыгер» атты алғашқы жинағына енген «Қамшыгер», «Бура», «Оралу», «Терісаққан», «Сарыарқаның жаңбыры», «Ұйқым келмейді», «Жесірлер» атты әңгімелерінен-ақ өзіндік өрнегімен танылды. Көбіне астарлы ой тастайтындықтан, оның әңгімелерін бір оқығанда толықтай түсіп алу қиын. Кезінде сыншылардың “Бура” әңгімесін зоологиялық тақырыпта жазылған деп қабылдағаны да сондықтан. Ал, жазушы ол жөнінде: «Терісаққан» мен «Бурада» қазақ халқының трагедиялық тіршілігін символ арқылы берген едім. Оны сыншылар сол қалпында қабылдап жүр», – дейді. «Терісаққан», «Бура», «Қамшыгер», «Кербұғы» әңгімелеріне тән ерекшелік – мазмұн тереңдігі, идея сонылығы. Әңгімелер автордың қоғамға, өмірге, табиғатқа көзқарасы тұрғысынан баяндалғандықтан, философиялық ой-тұжырымдарға елеулі орын берілген.
«Бурада» ауылдан қашып шыққан Бураның өткен өміріне шегініс жасалып, оның тайлақ кезі арқылы қазақ тарихына шолу жасалады. Автордың тайлақ деп отырғаны – Қазан төңкерісінен кейінгі жас қазақ елі. Ата-баба қаны тамған, кіндік кесіп, кір жуған туған ауылын «талақ етуге» мәжбүр еткен заманның жымысқы саясатын автор бура арқылы көрсете білді. Жазушының «Бура», «Кербұғы» әңгімелері – бөліп-жаруға келмейтін туындылар. Бұларды жан-жануарлар туралы деп айтуға болмайды. Символдық әңгімеге заманы өткен Кербұғы мен Жасбұғының ашық айқасын арқау еткен. Ол бұғылар арасындағы жекпе-жек ашық жүрсе, адамдар арасында жасырын жүретіні қалай деген сауал тастай отырып, екіаяқтылар арасындағы бітіспес тартысты әшкерелейді. Жалған дүниеде өз пендешіліктерінен аса алмас жағымпаз, тоғышар жандар қаншама. Автор адам, өмір жайлы төмендегідей философиялық түйін жасайды: “Қиянат! Не нәрсе сұлу болса, отап тастауға, не нәрсе биік болса, құлатып тастауға, не нәрсе аппақ болса, қаралап тастауға, не нәрсе сау-саламат болса, жаралап тастауға, не нәрсе адал болса, арамдап тастауға әуес жұмыр басты пенденің өз оңбағандықтарынан аяқталар “ақиқаты” әрқашанда дайын”.
Жиырмасыншы ғасырдың басында Алаш азаматтары М.Дулатов «Оян, қазақ!» деп ұрандаса, А.Байтұрсынов «Маса» болып ызыңдап еді. Ал, О.Бөкеев сол ғасырдың екінші жартысында аға буын дәстүрін бураның зарлы боздауымен жалғастырды. Ол зымиян саясаттың шырмауынан шығуды астарлап (символмен), қатпарлап бура болып боздап, зарлап жеткізді. Кешкі ауаны шымырлата боздаған сол бір үн – болашақ ұрпақ алдындағы жазушының өз зары еді.
«Ауыл хикаялары» деген шоғырлы әңгімелеріне енген «Көк тайынша», «Бес тиын», «Апамның астауы», «Тортай мінер ақ боз ат», «Тоқадан қалған тұяқ», «Күлпәштің ұршығы», «Құлашаның шоты еді», «Қасқыр ұлыған түнде» сынды әңгімелерінен коммунистік партияның ұрандары мен үндеулерінің орындалу науқанын көреміз. Жалған жоспар беру – кеңестік дәуірдің жазылмас дерті болғаны белгілі. Жоғарыдан басшылар келе қалса, жақсы ауданға, не жақсы колхоз, совхоздарға алып барып, жаманын жасырып, жақсысымен мақтанған ел басшылары өз істеріне халық алдында есеп бермегені де өмір шындығы. Ауыл өмірінің аянышты халін көрсететін шығарманың бірі – «Қасқыр ұлыған түнде». «Терісаққан» әңгімесінде Кеңес дәуіріндегі қазақ халқының «трагедиялық хал-күйін» сездіріп өткен жазушы өзеннің теріс ағуы арқылы тоқырау жылдарындағы қазақ халқының ата-баба дәстүрінен айрылуын бейнелеген. «Апамның астауы» әңгімесінде әйел баласын қазақ елінің қасиеті ретінде көрсете білді. Ол қазақтың этникалық, этнографиялық, тіпті археологиялық байлығының негізін әйел бейнесімен байланыстырады. «Апам менің…» деген әрбір сөзінде анаға деген сағыныш қана емес, сол аналармен бірге ұлттық салт-дәстүрлеріміздің келмес сапарға аттануын көрсетер ауыр күрсініс пен ащы запыран байқалады.
Жазушы «Құм мінезі», «Өліара», «Бәрі де майдан», «Шайтан көпір», «Қар қызы», «Жетім бота», «Мынау аппақ дүние», «Атау кере» повестерінде өзінің ешкімге ұқсамайтын сөз саптауын танытып, көпшілік оқырманның ыстық ықыласына бөленді. «Қайдасың, қасқа құлыным», «Елең – Алаң», «Аспирант қыздың тракторшы жігіті» сынды әңгіме-повестерінде қазіргі жастар өмірін, олардың арман-мақсаттарын шынайы бейнелеп, қазіргі замандас бейнесін жасады. «Бәрі де майдан» повесі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл өміріне арналған. Жазушы тылдағы еңбеккерлердің бәрі де «Майдан үшін!», «Жеңіс үшін!» деп, Отанды жаудан қорғауда соғыс ардагерлерінен кем ерлік жасамағанын шынайы бейнелеуде табысқа жетті. Ақан мен Алма сынды кейіпкерлердің басынан өткен шытырман оқиғалар сол тұстағы өмір шындығының картинасы. Ұлы Отан соғысы жылдарында дүниеге келген жазушы сол бір алапат жылдарды көзімен көрмесе де, мүгедек Ақанның тылдағы ерлігі арқылы қоғамға үлкен ой тастайды. «Біздің жақта қыс ұзақ» атты егіз повесінің біріншісі – «Шайтан көпір», екіншісі – «Қар қызы» деп аталады. Жазушы бұл повестерінде өмір жайында философиялық тұжырым жасаса, архитекторлар өміріне арналған «Жетім бота» повесінде адамның қайта оралмас жастық шағына деген сағынышы олардың жүрек тебіренісі арқылы жеткізілген. «Жетім бота», «Мынау аппақ дүние» повестерінде замандас бейнесі арқылы заман тынысын көрсеткен жазушы мәңгілік құндылықтарды алға тартты.
«Мұзтау» повесі мен «Ел мен жер» эссесінде, «Жылымық», «Жасын», «Жұлдыз жауған түндер-ай», «Шұғыла», «Аспанда ұшқан алты қаз», «Мезгіл әуендері» атты новеллаларында өмірдің әртүрлі қалтарыс-қатпарына үңіле білген суреткер қазіргі заманның шынайы көрінісін жасады. «Мұзтау» повесіндегі жүрегі таза Ақтан мен алаяқ Қанның арасындағы қақтығыс арқылы жақсылық пен жамандықтың бітіспес айқасына куә боламыз. Өмір жайлы өз толғамы, өз көзқарасы бар қатар-құрбыларын сөйлете білген жазушы солардың ойларынан өмір туралы философиялық тұжырым жасайды.
«Өз отыңды өшірме» атты романында қазақ даласында Кеңес өкіметін түпкілікті орнату мен Түркістан-Сібір магистралын салудағы қарапайым еңбек адамдарының жанқиярлық ерлігін шынайы қалпында бейнеледі. Құландыдағы разъезде қырық жыл бойы поездың қауіпсіздігін сақтап, бір жерден табан аудармай, обходчик болып істеген Дархан ақсақалдың өмірі арқылы сол тұстағы қазақ тарихының шындығы бейнеленген. Жазушы Түрксибтің қайлашы болып бастаған кәрі жұмысшысы туралы хикаяны жазушы оның өскен ортасымен, замандастарымен бірлікте қарастырған. Соғыс жылдарында ер азаматтың бәрі майданға аттанғанда «Рачок-сырнайшы» атанған Дарханның өмірінен сол тұстағы ауылдың ауыр халін көруге болады.
О.Бөкеев – публицистика, поэзия, проза, драматургия жанрларының әдемі жымдасуын көрсетуде жаңашылдығымен, іздемпаздығымен, даралығымен танылған талант. Жазушы прозада поэзия жанрының қалыптасқан өрнек кестесін еркін қолданады. Поэзияға тән анафора, лексикалық анафора, эпифора тәрізді айшықтау тәсілдерін үйлесімділікпен, әуезділікпен пайдалану да – Оралханға тән ерекешелік. Басқа ақын-жазушылар секілді ол да өз заманының көркем бейнесін жасаған жазушы. «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» Орал, «Өліарадағы» Қойшы, «Елең-алаңдағы» Зарлық, «Құм мінезіндегі» Бархан, «Мұзтаудағы» Ақтан, «Өз отыңды өшірмедегі» Дархан, «Шайтан көпірдегі» Аспан сияқты кейіпкерлердің әрқайсысы өзімізі күнде көріп жүрген бүгінгі замандастардың типтік бейнелері. Жазушы осы кейіпкерлердің жан-дүниесіне үңілу арқылы адамгершілік мұраттарын алға тартады.