- •Бұқар жырау Қалқаманұлы
- •Жанақ Сағындықұлы
- •Дулат Бабатайұлы
- •Махамбет Өтемісұлы
- •Шернияз Жарылғасұлы
- •Шөже Қаржаубайұлы
- •Сүйінбай Аронұлы
- •Шортанбай Қанайұлы
- •Біржан сал Қожағұлұлы
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Ақан сері Қорамсаұлы
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жамбыл Жабаев
- •Шәңгерей Бөкеев
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеев
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Нұрпейіс Байғанин
- •Әсет Найманбайұлы
- •Ахмет Байтұрсынов
- •Омар (Ғұмар) Қарашев
- •Сара Тастанбекқызы
- •Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
- •Міржақып Дулатұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Мағжан Жұмабаев
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Бейімбет Майлин
- •Сәкен Сейфуллин
- •Ілияс Жансүгіров
- •Сапарғали Бегалин
- •Мұхтар Әуезов
- •Бернияз Күлеев
- •Иса Байзақов
- •Сәбит Мұқанов
- •Ғабиден Мұстафин
- •Ғабит Мүсірепов
- •Әбу Сәрсенбаев
- •Хакімжанова Мариям
- •Әлжаппар Әбішев
- •Дихан Әбілев
- •Ғали Орманов
- •Тайыр Жароков
- •Әбділда Тәжібаев
- •Бауыржан Момышұлы
- •Қасым Аманжолов
- •Жұмағали Саин
- •Қалижан Бекхожин
- •Саттар Ерубаев
- •Ілияс Есенберлин
- •Мұқан Иманжанов
- •Хамит Ерғалиев
- •Мал қайтарған үніміз
- •Қасым Қайсенов
- •Жұбан Молдағалиев
- •Тұрсынхан Әбдірахманова
- •Әзілхан Нұршайықов (1922 жылы туған)
- •Сафуан Шәймерденов
- •Сырбай Мәуленов
- •Мұзафар Әлімбаев (1923 жылы туған)
- •Тахауи Ахтанов
- •Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 жылы туған)
- •Бердібек Соқпақбаев
- •Сара Мыңжасарова
- •Шона Смаханұлы
- •Қуандық Шаңғытбаев
- •Нығмет Ғабдуллин
- •Ғафу Қайырбеков
- •Қалтай Мұхамеджанов
- •(1930 Жылы туған)
- •Мұқағали Мақатаев
- •Кәкімбек Салықов (1932 жылы туған)
- •Шерхан Мұртаза (1932 жылы туған)
- •(Әкім Тарази)
- •Әубәкіров Оспанхан
- •Сағи Жиенбаев
- •Ғаббас Қабышұлы (1935 жылы туған)
- •Жұмекен Нәжімеденов
- •Қадыр Мырза Әли
- •1935 Жылы туған
- •Рамазан Тоқтаров
- •Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)
- •Кеше үйленген араздасты екі жас,
- •Ысқақ Қалихан (1935 жылы туған)
- •Айтхожина Марфуға (1936 жылы туған)
- •Қабдеш Жұмаділов (1936 жылы өмірге келген)
- •Құмарова Шәрбану (1936 жылы туған)
- •Төлеген Айбергенов
- •Асқар Сүлейменов
- •Оразбек Сәрсенбай (1938 жылы туған)
- •Әбіш Кекілбаев (1939 жылы туған)
- •Фариза Оңғарсынова (1939 жылы туған)
- •Мұхтар Мағауин (1940 жылы туған)
- •Нұржекеев Бексұлтан (1941 жылы туған)
- •Дулат Исабеков (1942 жылы туған)
- •Дүкенбай Досжан (1942 жылы туған)
- •Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған)
- •Софы Сматаев (1942 жылы туған)
- •(1942 Жылы туған)
- •Оралхан Бөкеев
- •Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы туған)
- •Жәркен Бөдешұлы (1944 жылы 15 мамырда туған)
- •Жұматай Жақыпбаев
- •Медетбек Темірхан (1945 жылы туған)
- •Тынымбай Нұрмағанбетов (1945 жылы туған)
- •Ахметова Күләш (1946 жылы туған)
- •Мырзабеков Кеңшілік
- •Шөмішбай Сариев (1946 жылы туған)
- •Нұрлан Оразалин (1947 жылы туған)
- •Оразбаев Иранбек (иран-ғайып) Әбітайұлы (1947 жылы туған)
- •Марат Қабанбайұлы
- •Несіпбек Айтұлы
- •Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы (1954 жылы туған)
- •Есенғали раушанов (1957 жылы туылған)
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Несіпбек Айтұлы
(1950 жылы туған)
Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Парасат» орденінің иегері, 2004 жылғы Мәдениет министрлігі жариялаған Республикалық патриоттық әндер конкурсының Бас жүлдегері Несіпбек Айтұлы 1950 жылы 22-қыркүйекте Қытай Халық Республикасына қарасты Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданындағы Теректі ауылы маңындағы «Апиынды бұлақ» деген жерде дүниеге келген. Алғаш осы жердегі бастауыш мектепке барып, сауатын ашады. 1962 жылы ата-анасымен тарихи Отаны Қазақстанға оралады да, мектептегі білімін одан ары қарай жалғастырады. Сөйтіп орта мектепті бұрынғы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан) Шұбартау ауданы Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық “Жаңа өмір” газетінде тілшілік қызметтен бастаған. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1974-1984 жылдары “Балдырған” журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, “Жалын” баспасында редактор, 1984-1994 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995-1996 жылдары “Ақын” қауымдастығының директоры, 1997-2001 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінде сын бөлімінің, “Жұлдыз” журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, 2001 жылдан бері қарай Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген. Қазір «Алтын тамыр» журналының бас редакторы.
Н.Айтұлы әдебиетке ерте араласқан ақындардың бірі. Оның алғашқы “Балалық” деген өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық “Жаңа өмір” газетінде, алғашқы жыр топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен “Лениншіл жас” (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарияланған. Алғашқы кітабы 1974 жылы “Қозыкөш” деген атпен жарық көрді. Бұдан кейін ақынның “Жүректегі жаңғырықтар”, “Әке туралы сыр”, “Жаңбыр әні”, “Түнделеп ұшқан тырналар”, “Рухымның падишасы”, “Мұқағали-Желтоқсан”, “Бәйтерек” атты жыр кітаптары бірінен кейін бірі жарық көрген.
Н.Айтұлы шығармашылығына тән көркемдік сипаттардың бірі – көпсөзділіктен қашу, айтылар ойды түйіндеп, тұжырымдап жеткізуге күш салу. Сонымен бірге өлеңнің ішікі өріміне, көркемдік табиғатына да жете көңіл бөлуге, өзіне өзі қатаң талап қоюға бейім ақындардың бірі. Өмір шындығын көркем кестелеп, әсерлі жеткізу – оның ақындық кредосының басты өрнектерінің бірі.
Ақынның лирикалық жырларының тақырыбы көбінесе туған жер, туған ұлт тағдыры, өмірдің қилы құбылыстары болып келеді. Сонымен бірге үзбей жырлайтын қастерлі тақырыбының бірі тарихи тұлғалар десек, артық айтқандық емес. Ақын қазақ жері мен қазақ халқының бостандығы үшін күрескен ерлерге сөзбен ескерткіш тұрғызып, олардың асыл бейнелерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді азаматтық парызы санайды. Мысалы, Қабанбай батырдың рухына арнаған өлеңінде ол былай дейді:
Жаза бассам жаңылып, шамырқанба, Киелім,
Бір өзіңе сыйынып, сөзден сауыт киемін.
Дамыл алып жатқандай ұлан-байтақ қазақтың
Әрбір сүйем жерінде сенің асыл сүйегің.
Сарыарқада, Сардарым, көтерілді күмбезің,
Жалт қаратып мұнартқан айдың жүзін, күн көзін.
Жеңіп бітіп жауыңды, кеттің бе ұшып ғарышқа,
Ғайып болып Ғайсадай жер бетінен мүлде өзің?
Осы жолдарда көркемдікпен көмкерілген тұлға бейнесі, оған деген бүгінгі кезеңдегі құрмет пен ізеттілік атойлап көрініс табады, халқы үшін қаншалықты қадірлі екендігі көрінеді.
Н.Айтұлы – поэзияның эпикалық жанрында да жемісті қалам тербеген ақын. Оның “Бас сүйектері” (1976), “Жасынның сынығы” (1977), “Найзағай” (1978), “Жүректегі жаңғырықтар” (1979) поэмалары кезінде “Жалын” альманағы жариялаған республикалық конкурстардың жүлделерін, “Мұхтар мен Абыз” толғауы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бас жүлдесін алған. Оқырмандар тарапынан жақсы лебізге ие болған туындыларының бірі – “Мұқағали-Желтоқсан” поэмасы. Ол 2001 жылы республикалық әдеби конкурстың жүлдесіне ие болса, “Бәйтерек” поэмасы да көпшілік назарын аударған туынды. Ақынның аталған поэмалары көркемдік-эстетикалық толымдылығымен ғана емес, тарихи сипаттарымен, философиялық түйіндеулерімен де оқырман назарын аударған туындылар. Ақын реалистік өмірді идеалдық ұғымдармен, абстракциялық көркемдік түсініктермен астастыра суреттеуге, сол арқылы өзінше тосын ой ұсынуға бейім. Оның толғаулар арқылы келтіретін ой түпкіріндегі ақындық мұратты кейде бірден түсіну де оңай болмай қалады. Ақын ойының тереңдігінің нышаны:
Белгісіз – пәниде ме, бақида ма,
Килікті шым-шытырық уақиғаға.
Тынымсыз шыр айналған өмір-өлім,
Ұқсайды сиқырлы бір сақинаға, -
деген сияқты өзіндік түйіндеулерден айқын аңғарылып отырады. Қазақтың белгілі ақындарының бейнелерін жасағанда өзі де ақын болғандықтан шығар, олардың жан дүниелерін, шығармашылық рухын қопарып аша отырып, шеберлік танытады. Жоғарыда келтірілген шумақ М.Мақатаевқа образына қатысты ой иірімдерінің бір көрінісі болса, қазақтың тағы бір келесі ақынын бейнесін сомдау барысында былай деп көркемдік кестесіне жүгінеді:
Өкпесі құрғыр шаншиды,
Кеудесі күрік-күрік жөтеліп:
Қиялы көкті шарпиды,
Қанатын дауыл көтеріп.
Бұл – асыл текті арқалы да аруақты ақын Қасым Аманжоловтың соғыстан кейінгі бейнесі. Өзінің денсаулығының нашарлығына, дімкәстігіне қарамай, ақынның қиялы тым алысқа самғағанын, оның өлмес туындылары осылай оптимистік сарында өмірге келгенін Н.Айтұлы шағын да көркем әрі түсінікті штрихтармен осылайша көркем кестелеп жеткізеді. Аталған шумақ - «Дариға сол қыз» поэмасынан алынған.
Н.Айтұлы – қазақ балалар поэзиясының да белгілі өкілі. Оның кішкене бүлдіршіндерге арналған “Балабақшаға барар жолда”, “Желкілдеп өскен құрақтай”, “Күміс күйме” (“Серебряный сундучок”) “Қартаймайды күн неге?” атты жыр кітапшалары жас оқырмандар тарапынан жылы лебізге ие болды. Сонымен бірге ол белгілі аудармашы да. “Ескендір қорғаны” (Ә.Науаи), “Игорь жорығы туралы жыр”, т.б. аударма кітаптары шыққан. Түріктің VІІ ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміре, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, итальян ақыны Д. Родаридың, сондай-ақ, М.Исаковский, А.Барто, С.Михалков, С.Баруздин, В.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуев өлеңдерін туған тілімізде сөйлеткен.
«Көз жасым» (2006), «Бөрітостаған» (2007), «Құланойнақ» (2009) атты кітаптары және «Бөгенбай», «Бердіқожа», «Шақантай», «Қараөткел қырғыны» т.б. поэмалары жарық көрген.
