- •Бұқар жырау Қалқаманұлы
- •Жанақ Сағындықұлы
- •Дулат Бабатайұлы
- •Махамбет Өтемісұлы
- •Шернияз Жарылғасұлы
- •Шөже Қаржаубайұлы
- •Сүйінбай Аронұлы
- •Шортанбай Қанайұлы
- •Біржан сал Қожағұлұлы
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Ақан сері Қорамсаұлы
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жамбыл Жабаев
- •Шәңгерей Бөкеев
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеев
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Нұрпейіс Байғанин
- •Әсет Найманбайұлы
- •Ахмет Байтұрсынов
- •Омар (Ғұмар) Қарашев
- •Сара Тастанбекқызы
- •Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
- •Міржақып Дулатұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Мағжан Жұмабаев
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Бейімбет Майлин
- •Сәкен Сейфуллин
- •Ілияс Жансүгіров
- •Сапарғали Бегалин
- •Мұхтар Әуезов
- •Бернияз Күлеев
- •Иса Байзақов
- •Сәбит Мұқанов
- •Ғабиден Мұстафин
- •Ғабит Мүсірепов
- •Әбу Сәрсенбаев
- •Хакімжанова Мариям
- •Әлжаппар Әбішев
- •Дихан Әбілев
- •Ғали Орманов
- •Тайыр Жароков
- •Әбділда Тәжібаев
- •Бауыржан Момышұлы
- •Қасым Аманжолов
- •Жұмағали Саин
- •Қалижан Бекхожин
- •Саттар Ерубаев
- •Ілияс Есенберлин
- •Мұқан Иманжанов
- •Хамит Ерғалиев
- •Мал қайтарған үніміз
- •Қасым Қайсенов
- •Жұбан Молдағалиев
- •Тұрсынхан Әбдірахманова
- •Әзілхан Нұршайықов (1922 жылы туған)
- •Сафуан Шәймерденов
- •Сырбай Мәуленов
- •Мұзафар Әлімбаев (1923 жылы туған)
- •Тахауи Ахтанов
- •Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 жылы туған)
- •Бердібек Соқпақбаев
- •Сара Мыңжасарова
- •Шона Смаханұлы
- •Қуандық Шаңғытбаев
- •Нығмет Ғабдуллин
- •Ғафу Қайырбеков
- •Қалтай Мұхамеджанов
- •(1930 Жылы туған)
- •Мұқағали Мақатаев
- •Кәкімбек Салықов (1932 жылы туған)
- •Шерхан Мұртаза (1932 жылы туған)
- •(Әкім Тарази)
- •Әубәкіров Оспанхан
- •Сағи Жиенбаев
- •Ғаббас Қабышұлы (1935 жылы туған)
- •Жұмекен Нәжімеденов
- •Қадыр Мырза Әли
- •1935 Жылы туған
- •Рамазан Тоқтаров
- •Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)
- •Кеше үйленген араздасты екі жас,
- •Ысқақ Қалихан (1935 жылы туған)
- •Айтхожина Марфуға (1936 жылы туған)
- •Қабдеш Жұмаділов (1936 жылы өмірге келген)
- •Құмарова Шәрбану (1936 жылы туған)
- •Төлеген Айбергенов
- •Асқар Сүлейменов
- •Оразбек Сәрсенбай (1938 жылы туған)
- •Әбіш Кекілбаев (1939 жылы туған)
- •Фариза Оңғарсынова (1939 жылы туған)
- •Мұхтар Мағауин (1940 жылы туған)
- •Нұржекеев Бексұлтан (1941 жылы туған)
- •Дулат Исабеков (1942 жылы туған)
- •Дүкенбай Досжан (1942 жылы туған)
- •Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған)
- •Софы Сматаев (1942 жылы туған)
- •(1942 Жылы туған)
- •Оралхан Бөкеев
- •Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы туған)
- •Жәркен Бөдешұлы (1944 жылы 15 мамырда туған)
- •Жұматай Жақыпбаев
- •Медетбек Темірхан (1945 жылы туған)
- •Тынымбай Нұрмағанбетов (1945 жылы туған)
- •Ахметова Күләш (1946 жылы туған)
- •Мырзабеков Кеңшілік
- •Шөмішбай Сариев (1946 жылы туған)
- •Нұрлан Оразалин (1947 жылы туған)
- •Оразбаев Иранбек (иран-ғайып) Әбітайұлы (1947 жылы туған)
- •Марат Қабанбайұлы
- •Несіпбек Айтұлы
- •Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы (1954 жылы туған)
- •Есенғали раушанов (1957 жылы туылған)
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Медетбек Темірхан (1945 жылы туған)
Ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері. 1945 жылы 6 наурызда қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданының Аманкелді ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтында оқыған. Қазақ телевизиясы студиясында редактор қызметін атқарған. Содан кейін Маңғыстау геологиялық барлау экспедициясында дизельші-маторшы, Маңғыстау Қазақстан Жазушылар одағы Маңғыстау облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші, облыстық «Комунистік жол» газетінде тілші, «Жазушы» баспасында редактор, республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі, республикалық «Ақиқат» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы қызметтерін атқарған.
Алғашқы жыр жинағы «Жанымның жас құрағы» деген атпен 1970 жылы жарық көрді. Оннан астам өлең жинақтары жарияланып, оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасын алып келеді. Қазақ поэзиясының түркілер кезеңінен қалыптасқан романтикалық-реалистік өршіл сарынның бағытындағы жаңашыл туындыларымен байытты. «Көк түркілер сарыны» атты жинағында (2002) замана зары мен бүгінгі күн мәселелері ежелгі түркі жырлары үлгісінде айтылған, ақын көне түрге жаңа мазмұн сыйдырған. Пішін ұтымдылығынан гөрі ой ұшқырлығына көбірек иек артатын ол өлеңдерінде ерекше еркіндікті аңсайды, көне түркілердің ірілігін сағынады, рухани тоғышарлықты, ұсақталуды мінейді. Ғасырлар қойнауында елеусіз қалған ерлік рухын жаниды. Жауға деген өктемдік «Қуат жырында», «Асқанның орманын отындай өртедім. Тасқанның көлдерін астаудай төңкердім» деп беріліп, батырлар айбарын асқақтата түседі. Оның «Махамбет рухының монологы», «Күлтегін», «Тоныкөк» дастандары – ұлттық бояуы қанық, күрескер, қайсар әрі мұңшыл романтикалық болмысты толықтай танытқан поэтикалық қуатты шығармалар.
Ақын өлеңдерінен ХХ ғасырдың поэзиясына тән кең құлаштылық, публицистикалық леп басымырақ көрінеді. Темірхан Медетбек 60 жылдардағы ақындардың әбден «оты тозып кеткен тебіндігінің» тақырыбына мүлдем жоламайтын ақын:
...тұр антенна үйімнің бұрышында
Қос құлағы селтиіп, едірейіп...
Үңірейіп жан-дүнием тұр қазір
Ымырттағы аңғал-саңғал қыстаудай.
Сол бір сөзден менің қара көлеңкем
Сіңіп кетті сұр қабырға – бетонға,
- деп метафора мен теңеудің неше түрінен қиын-қиын ассоциация жасауға ұмтылып, өлеңнің әр жолының мағынасын мүмкіндігінше «ауырлатып», оны «қоюлатып» жазады. Бұл жерде ақынның өз замандастарына қарағанда, өз стилін қалыптастырған кезде ешкімге барынша ұқсамау, «жаңа жайылым, жаңа тепсең табу», соған орай бұрынғы «күйдім-сүйдім», көктем, бұлт самал, жел, аққу, достық т.б. дегендердің құрсауында қалып қоймай, тақырыптың аясын барынша кеңейтудің керектігін ұстағаны көрінеді. Оны әр кездері поэзия туралы ойларын білдіретін өлеңдерінде анық сездіріп отырады. Ол «Бір ақынға» деген өлеңінде:
Не еткен оның тап-тар еді ұғымы,
Жоқ сөзінің сөлі менен шырыны...
Жазатыны – майлап қойған арманы,
Жазатыны – баласы мен жан-жары.
Жазатыны – босағасы, шаңырағы!
Бүтін оның төрт құбыла, жан-жағы!
Ерттеп мініп сәйгүлігін «шабыттың»,
Күндіз-түні жыр жазады «ағып» бір...
Бір сөз айтпай ел мен жердің атынан,
әлі күнге селтең-селтең етеді, –
деп, өзінің поэзияда ұстанған негізгі шарттарынан хабар беріп, отбасы ошақ қасында қалып қойған, «әдеби тоғышар, нағыз конфрмист шайырсымақтың тоқмейілсіп отырған қалпына әжеуалай, ызаланып қарайды да»:
Менің сөздерім бейне бір
пайдалы қазбалар сияқты
жататын жердің астында, –
деп, өзінің ой тереңдігіне ұмтылысын сездіріп отырады. Ақын кейінірек жазған бір өлеңінде :
Өлең деп мен келемін,
Содан жол боп таралғам.
Менің әрбір өлеңім
Топырақтан жаралған, –
деп ашық айтады. Мұндағы топырақ – туып-өскен жер, туған ауыл, одан әрі Отан деген мағынада стиль жағынан алғанда – нақтылыққа, поэзиядағы реализмге құрылған өлең.
Глобус тұр алдымда
Монтиған киіз үйімдей...
Ондағы уық, кереге –
Бойлықтар мен ендіктер...
Төңкеріп апты шаңырақтай
Солтүстік Мұзды мұхитты...
Теміржолдар созылған
Пулеметтың лентасындай... – деген өлеңінде ақын тың бояу, соны теңеу, жаңа метафораларға толы болып келеді. Ақынның өлеңдерінің бір ерекшелігі де осында. Мұндай бейнелі жолдарды оның дүниелерінен көптеп кездестіруге болады. Тағы бір айта кететін нәрсе – ақынның бұрынғы тозған эстетикадан мүлдем бас тартып, поэзияны тіршіліктегі сирек кездесетін асқақ жағдайлардың қалтарысынан іздеумен шектелмеуі. Ол үшін өлеңге объект болмайтын нәрсе жоқ. Ақынның дүниені ерекше түйсінуге бейім екендігі оның бөрене мен ағашты, бетон мен әуежайды, фотоаппарт пен байланыс торабын, мұнайдың құбыры мен пойыздарды т.б. өлеңге айналдыра оқу білуінен байқалады. Бұл тақырыпты ол оқырманға етене таныс махаббат т.б. туралы жазылған өлеңдерден кем түсірмей, батыл түрде енгізе береді. Оған тағы да бірден бір себеп – ақынның тіршіліктің қарапайым прозасынан үлкен поэзияны көре білуі. Ол үшін өлеңдегі әдеби кейіпкердің жан дүниесі мен жаратылыстағы кез келген заттың арасында байланыс, ұқсастық, тіпті тепе-теңдік бардай. Міне, осыны өзіне шарт ретінде ұстанған Темірханның:
Айтатұғын тіршіліктің тар, кеңдігін
жапырақтан... өлең көрдім мен бүгін, –
деп жазуы. Ол үшін мына ауадағы көміртегін жұтып, құдіретті фотосинтездің арқасында ең бір қажетті зат – оттегін шығарып тұрған жапырақ та жаны бар дүние. Сол жапыраққа, шартты түрде болса да, адамға тән қасиеттерді беріп, онымен шынымен сырласып, сол арқылы адамзаттық қауымында болып жатқан мәселелерді қозғайды әуелгіде тосындау болып көрінсе де, әрі-беріден оның бәрі кәдімгі кейіпкердің жан сырындай болып сезіліп те кетеді.
Темірхан ақын өз өлеңдерінің тақырыбын алыстан іздемейді. Күнделікті өмірдің өзегінен, тіршіліктің қым-қуыт иірімдерінен оңай табады.
Асығыс ұшып әуелеп,
Дүрліге көшіп жүр ағып –
реактивті самолет
аспанның шаңын шығарып,
немесе
қап-қара түнді жара кеп,
зымырап ұшса ентелеп,
ертеңге қарай қара жер
кеңістікпенен дөңгелеп! – деген жолдардан ақын қиялының ұшқыр екенін бірден байқауға болады. «Аспанның шаңын шығара із тастап бара жатқан самолет» пен «бүгіннен ертеңге қарай кеңістікпенен дөңгелеп бара жатқан Жерді» көретін көз керек.
Медетбек Темірхан аударма саласында да көптеп еңбек етіп келеді. Өлеңдері орыс, украин тілдеріндегі жинақтарда басылды. Өзі украин ақыны Валерий Гужваның, өзбек ақыны Еркин Вахидовтың өлеңдерін қазақшаға тәржімалады. Бельгия әдебиетінен «Ессіздің әні», «Таңертең», «Лондон», «Қиырдағы баспана» атты өлеңдерін қазақша аударды. Одан басқа да 2003 жылы неміс әдебиетінен «Иесіз роман» атты романын аударды.
«Абай әлемі» (1995) және «Баба дәстүрдің мұрагері кім: туған әдебиет туралы ойлар» (2001) атты әдеби сын еңбектерінде қаламгер Абай әлемінің поэтикалық тереңдігін, қазақ мәдениетінің даму сипатын саралап, ақындық психологияның ішкі болмысына баға береді.
Ақынның «Сапар алдында» (1973), «Аңқа кептірген аңызақ» (1992), «Мәртебе» (1977), «Әуедегі толқындар» (1980), «Көгершін қауырсындары» (1982), «Сырым бар саған айтатын» (1989), «Тынышыңды алам дүние» (1998), «Тағдырлы жылдар жырлыры», «Көне түркілер сарыны» (2002) т.б кітаптары жарық көрген. «Тағдырлы жылдар жырлары» жинағы үшін ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығы берілді (2000).
