- •Бұқар жырау Қалқаманұлы
- •Жанақ Сағындықұлы
- •Дулат Бабатайұлы
- •Махамбет Өтемісұлы
- •Шернияз Жарылғасұлы
- •Шөже Қаржаубайұлы
- •Сүйінбай Аронұлы
- •Шортанбай Қанайұлы
- •Біржан сал Қожағұлұлы
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Ақан сері Қорамсаұлы
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жамбыл Жабаев
- •Шәңгерей Бөкеев
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеев
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Нұрпейіс Байғанин
- •Әсет Найманбайұлы
- •Ахмет Байтұрсынов
- •Омар (Ғұмар) Қарашев
- •Сара Тастанбекқызы
- •Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
- •Міржақып Дулатұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Мағжан Жұмабаев
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Бейімбет Майлин
- •Сәкен Сейфуллин
- •Ілияс Жансүгіров
- •Сапарғали Бегалин
- •Мұхтар Әуезов
- •Бернияз Күлеев
- •Иса Байзақов
- •Сәбит Мұқанов
- •Ғабиден Мұстафин
- •Ғабит Мүсірепов
- •Әбу Сәрсенбаев
- •Хакімжанова Мариям
- •Әлжаппар Әбішев
- •Дихан Әбілев
- •Ғали Орманов
- •Тайыр Жароков
- •Әбділда Тәжібаев
- •Бауыржан Момышұлы
- •Қасым Аманжолов
- •Жұмағали Саин
- •Қалижан Бекхожин
- •Саттар Ерубаев
- •Ілияс Есенберлин
- •Мұқан Иманжанов
- •Хамит Ерғалиев
- •Мал қайтарған үніміз
- •Қасым Қайсенов
- •Жұбан Молдағалиев
- •Тұрсынхан Әбдірахманова
- •Әзілхан Нұршайықов (1922 жылы туған)
- •Сафуан Шәймерденов
- •Сырбай Мәуленов
- •Мұзафар Әлімбаев (1923 жылы туған)
- •Тахауи Ахтанов
- •Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 жылы туған)
- •Бердібек Соқпақбаев
- •Сара Мыңжасарова
- •Шона Смаханұлы
- •Қуандық Шаңғытбаев
- •Нығмет Ғабдуллин
- •Ғафу Қайырбеков
- •Қалтай Мұхамеджанов
- •(1930 Жылы туған)
- •Мұқағали Мақатаев
- •Кәкімбек Салықов (1932 жылы туған)
- •Шерхан Мұртаза (1932 жылы туған)
- •(Әкім Тарази)
- •Әубәкіров Оспанхан
- •Сағи Жиенбаев
- •Ғаббас Қабышұлы (1935 жылы туған)
- •Жұмекен Нәжімеденов
- •Қадыр Мырза Әли
- •1935 Жылы туған
- •Рамазан Тоқтаров
- •Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)
- •Кеше үйленген араздасты екі жас,
- •Ысқақ Қалихан (1935 жылы туған)
- •Айтхожина Марфуға (1936 жылы туған)
- •Қабдеш Жұмаділов (1936 жылы өмірге келген)
- •Құмарова Шәрбану (1936 жылы туған)
- •Төлеген Айбергенов
- •Асқар Сүлейменов
- •Оразбек Сәрсенбай (1938 жылы туған)
- •Әбіш Кекілбаев (1939 жылы туған)
- •Фариза Оңғарсынова (1939 жылы туған)
- •Мұхтар Мағауин (1940 жылы туған)
- •Нұржекеев Бексұлтан (1941 жылы туған)
- •Дулат Исабеков (1942 жылы туған)
- •Дүкенбай Досжан (1942 жылы туған)
- •Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған)
- •Софы Сматаев (1942 жылы туған)
- •(1942 Жылы туған)
- •Оралхан Бөкеев
- •Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы туған)
- •Жәркен Бөдешұлы (1944 жылы 15 мамырда туған)
- •Жұматай Жақыпбаев
- •Медетбек Темірхан (1945 жылы туған)
- •Тынымбай Нұрмағанбетов (1945 жылы туған)
- •Ахметова Күләш (1946 жылы туған)
- •Мырзабеков Кеңшілік
- •Шөмішбай Сариев (1946 жылы туған)
- •Нұрлан Оразалин (1947 жылы туған)
- •Оразбаев Иранбек (иран-ғайып) Әбітайұлы (1947 жылы туған)
- •Марат Қабанбайұлы
- •Несіпбек Айтұлы
- •Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы (1954 жылы туған)
- •Есенғали раушанов (1957 жылы туылған)
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Шона Смаханұлы
(1924-1988)
Белгілі қазақ сықақшысы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және медальдармен марапатталған. 1924 жылы 2-қараша күні қазіргі Жамбыл облысы Талас ауданы аумағындағы «Ойық» деген ауылда дүниеге келген. Әке-шешесінен ерте айрылған болашақ ақын балалар үйінде, одан кейін интернатта тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті) тарих-филология факультетін бітірген.
Соғыстан кейін біраз жыл Жамбыл облысының Талас ауданындағы ауылдық мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. Ш.Смаханұлының бұдан кейінгі өмірі бірыңғай әдебиетке, онан кейін журналистикаға арналған. 1957 жылдан бастап баспа, баспасөз салаларында жұмыс істейді. Алдымен «Мектеп» баспасында редактор, «Қазақстан мұғалімі» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Қазақстан пионері» газетінде бөлім меңгерушісі, сатиралық «Ара-Шмель» журналының редакциясында фельетонист, ал 1973-1983 жж. «Жазушы» баспасында редактор, кейінірек редакция меңгерушісі болған.
Мысал-сықақтары республикалық баспасөз беттерінде 1950 жылдардың ортасынан бастап жариялана бастаған. Жиырма шақты әзіл-сықақ, өлең және прозалық кітаптардың авторы.
Алғашқы жинағы «Тотияйын» деген атпен 1959 жылы басылып шаққан. Одан кейін жарық көрген әзіл-сықақ кітаптарының белгілілері – «Шимайбек пен Шыңқетпе» (1960), «Қу түлкінің сыбағасы» (1961), «Көріп жүр ғой көздерің, үкімін айт өздерің» (1965), «Шымшыма» (1966), «Ұры тіс» (1967), «Алтын жұмыртқа» (1969), «Ұр, тоқпағым, ұр» (1970), «Айға ұшамын» (1971), «Жүз шымшыма, қырық қышыма» (1974), «Қоңыраулы шеңгел» (таңдамалы шығармалары, 1974), «Кездік» (1976), «Сандықтан шыққан сайтан» (1977), «Жымияды жеңешем» (1981), «Жасырайын несіне» (1983), «Өткірдің жүзі» (1985), «Елпекбайдың телпегі» (1987), «Айнабұлақ» (1989), «Әнші әтеш» (2005). 1984 жылы тарихи тақырыпқа арналған «Үміт жұлдызы» деген повесі жарық көрген. Таңдамалы сықақтарының бір тобы «Купорос» деген атпен Мәскеудеге жарық көрген.
Шона Смаханұлының шығармалары сатира жанрының талаптарына толық жауап бере алатын көркемдік деңгейінің жоғарылығымен оқырмандар көңілінен шыға білді. Қаламгер өзі мақсат етіп алған жанрына бүкіл шығармашылық ғұмырында адал қызмет етіп, оның қыр-сырына мүмкіндігінше тереңірек енуге тырысып, түрлі көркемдік барлаулар жасап отырды. Соның нәтижесінде әзіл-сықақ жанрының әр саласында көңіл тұщытарлық еңбектер туғызды. Оның сатиралық әңгімелері юморескалары, мысалдары мен шымшымалары, пародиялары мен скетчтері іліп түсетін өткірлігімен есте қалады.
Қаламгер күнделікті өмірде кездесіп жататын жайсыз көріністерді, адам-мінез құлығындағы оғаш қылықтарды ащы мысқылмен түйреп, қоғам назарын дер кезінде аудара білуімен де бағалы болды. Автор көбінесе күлбілтелеп, астарлап жатпастан, өзі байқаған негізгі кемшілікті тікесінен айтып салуға, кемшіліктің неде екендігі бас-көзге бірден шұқып көрсетуге бейім.
Мысалы, «Шылбыр» әңгімесінде Төкіш пен Байдалы арасындағы тартысты диалогтар арқылы адамдар арасындағы түсініспеушіліктің себептері юморлық тәсілмен ашылып көрсетіледі. Төкіштің тұрақсыздығы қоғамға қатерлі болмағанымен, адамдар арасындағы жауапсыздықтың өсіп бара жатқандығын көрсетеді. Жазушының елемеждеп отырғандығы - Төкіш сияқты қалада қаңғып жүріп, сайда саны, құмда ізі жоқ жандардың тұрақсыздығы.
«Ақбоз аттың арызы» фельетоны жан-жануарлардың арызы түрінде жазылуымен-ақ оқырманның езуіне күлкі үйіреді. Бұл арада сықақшы баспасөз сияқты идеологиялық қару мен жан-жануарларды байланыстыра отырып, оқиға құрауы тосын. Баспасөзге қатысты сынды жануарлардың ауызымен жеткізуі қызықты шыққан.
Адам баласының бойындағы жеңілтектік, дүниеқұмарлық сияқты моральдық кемшіліктерді тікелей сынау тәсілі қаламгердің «Тұмаршалы келіншек», «Алма жеп отырғанда» атты шығармаларынан айқын көрінеді. Жазушының «Сандықтан шыққан сайтан» кітабынан кірген сықақ әңгімелері өз кезінде қоғамда етек алып кеткен әлеуметтік кемшіліктерді аямай сынауымен жұрт назарын аударған болатын. Әр әңгіме сюжеті де, кейіпкерлері де жеке-жеке болғанымен, айтылар ойдың құйылатын арнасы ортақ болып келіп отырады.
Сықақшының сатиралық бағыттағы қаламының қуаты, негізінен, өлеңмен жазылған әзіл-сықақтарынан көрінді. Бұл бағытта әсіресе «Қу түлкінің сыбағасы», «Ұры тіс», «Жүз шымшыма, қырық қышыма» және тағы басқа жинақтарындағы шығармаларынан айқын байқалады. «Жоспар мен тостар» деген сатиралық өлеңінде шаруашылыққа қатысты құрылған жоспардың шынайы өмірде басқаша болып шығатынын қаламгер былайша өлеңге айналдырған:
«Жоспар! Жоспар! Жоспар!» - деп,
Алынып жатты тостар көп.
Әрбір пункт, әр тарау
Табыстарға бастар деп.
Ұзамай жоспар бұзылды,
Үсті-үстіне сызылды.
Айыл-тартпасы бос екен,
Желмей, жортпай, үзілді.
Үшіншісі бөздей сөгілді,
Арам терлер төгілді.
Жоспар мен тостар қабыспай,
Өгізге арба шегілді.
Тұлпар түгіл
Тұғыр жоқ.
Қаймақ түгіл
Жұғын жоқ.
Совет заманында халық шаруашылығының жоспарлы түрде жұмыс істегені белігілі. Бұл халықтың әл-ауқаты мен мемлекеттің экономикасын көтеру жолындағы атқарылуға тиісті шаралардың бірі еді. Бірақ жоғары жақтан қойылған осындай қатаң талаптарға қарамастан, жоспарлы жұмыстардың өздері Ш.Смаханұлы көрсетіп отырғанындай ақсап жатты.
Сықақшы қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды өткір сөздерімен мейлінше сынай отырып, оқырманды сол кемшіліктердің түп-тамырына үңілуге шақырады, келеңсіздік неден пайда болды, себептері қандай деген мәселелерді зерттеуді кейде сол оқырмандардың өзіне қалдырып отырады. Коммунистік партия алға қойған ұстанымдар бойынша социалистік қоғам моральдық-әлеуметтік тұрғыдан мейілінше таза болуға тиісті еді. Бірақ соған қарамастан, советтік қоғамда осындай елеулі кемшіліктердің орын алып кетуінің себебі неде? Сықақшының көңілін осындай толғақты мәселелер алаңдататыны оның сөз саптауынан айқын көрініп отырады.
Енді сықақшының осы бағытта жазылған «Бір мекемеде» атты сықақ өлеңіне назар аударып көрейік:
Бір сағаты – мәлімет құрауға,
Бір сағаты – телефон бұрауға,
Бір сағаты – қатынас қағазға,
Бір сағаты – «анекдот-сабазға»,
Бір сағаты бағыныштысын сыбауға,
Қос өркештей қос сағат –
Мәжіліске келгендерді сынауға.
Қайран сегіз осылай
Талапай болар
«Анау» менен «мынауға», – дейді сықақшы.
Бұл өлеңдегі ой қазығының алдыңғы келтірілген мәтінннің мазмұнымен үндес екенін аңғару қиын емес. Біріншісінде жоспардың орындалмауына қатысты ой айтылса, екіншісінде тағы да мемлекеттік мекеме басшыларының күнделікті тіршілігі сыналады. Істейтін негізгі жұмыстарын екінші қатарға ысырып қалдырып қойған басшылықтың уақыттарын күйкі тіршілікпен әуре болуы ұтымды шенеледі. Сықақшының сонымен бірге өз кезеңінде орын алған кемшіліктерді дөп басып дәл ұстай білуі оның қаламгер ретіндегі байқағыштық қасиетін білдіріп қана қоймай, осындай өткір ойлардың жанашырлықтан да туындап жатқаны сезіледі.
Ш.Смаханұлы – ықшам сықақтардың шебері. Ол сықақ жанрының қазақ ауыз әдебиетінде сирек те болса ұшырасып қалатын шымшыма түрін одан арман дамытушы. Шымшыма төрт жолдық бір шумақтан тұрады. Мәселен, оның белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовқа арнап шығарған:
Екі түрлі Шәмші бар:
Кейде жақсы ән шығар,
Кейде арақпен қамшылар,
Одан қандай мән шығар?
- деген бір шумақ өлеңінде кейіпкерінің бейнесі қолмен қойғандай анық. Шымшымаларында сықақшы өз ойын дәл түсіріп айтумен бірге бейнелі түрде жеткізуге тырысып отырады. Қазақша айтқанда, осындай тіліп түсетін қысқа шығармаларына қарап, оны «Сөзі мірдің оғындай» шешен тілді қаламгерге жатқызуға болады.
Күлімдеп сәлемдессем,
Күлдің деп сызданасың, ә!
Тәңірінің тегін берген
Күлкісін қызғанасың ба?
Сықақшы айтып отырғандай іші тар, күншіл нақ осындай адамдардың өмірде кездесетінін ешқандай да жоққа шығаруға болмас. Біреудің жеткен жақсылығын күндейтіндерді былай қойғанда, күлгеннің өзіне іштарлық жасау адамның моральдық бет-пішінінен айқын хабар берсе керек-ті. Басып жүрген қара жерді, жұтып жүрген ауаны қызғанатындар үшін күлкіні қызғанудың заңды болып шығуы таңсық емес. Сықақшы пенде мінезінің осындай осал тұсын дәл тауып ұстай алып, оны қолма-қол сықақ нысанына іліктіре қойған.
Жалпы әзіл-сықақтың ішінде осындай қысқа өлеңдерді «шымшыма» деп атап, оны осы жанрдың бір саласына айналдыру Ш.Смаханұлынан бастау алады десек, артық айтқандық емес. Кейін басқа сықақшылар да «Шымшымалар» жазатын болды. Ол дәстүр қазақ сатирасына осы қаламгерге еліктеуден туған деуге болады.
Ш.Смаханұлының қаламынан «Қыз сыры», «Үміт жұлдызы», «Сүрінсең де, жығылма» және т.б. бірнеше прозалық туындылар да өмірге келген. Бұлар да өз кезінде оқырман қауымнан жақсы бағасын алған. «Сүрінсең де, жығылма» повесі – өмірбаяндық шығарма. Жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарында қазақ даласы түрлі дүрбелеңді оқиғаларға толы болғаны белгілі. Ш.Смаханұлының балалық шағы кәмпеске, ұжымдастыру, ашаршылық кезеңдерімен тұспа тұс келген. Повестің негізгі арқауы сол жылдары жазушының өзінің басынан кешкен оқиғалары. Ол уақыт шындығын мүмкіндігінше дәл бере отырып, әсерлі етіп жеткізе білген. Қиын-қыстау шақта бір біріне жәрдем жасауға ұмытылған адамдар бейнесінің өмір шындығынан алынғаны оқырманды сендіреді. Ш.Смаханұлы сонымен бірге ұлт жанашыры, қоғам қайраткері болды.
