- •Бұқар жырау Қалқаманұлы
- •Жанақ Сағындықұлы
- •Дулат Бабатайұлы
- •Махамбет Өтемісұлы
- •Шернияз Жарылғасұлы
- •Шөже Қаржаубайұлы
- •Сүйінбай Аронұлы
- •Шортанбай Қанайұлы
- •Біржан сал Қожағұлұлы
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Ақан сері Қорамсаұлы
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жамбыл Жабаев
- •Шәңгерей Бөкеев
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеев
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Нұрпейіс Байғанин
- •Әсет Найманбайұлы
- •Ахмет Байтұрсынов
- •Омар (Ғұмар) Қарашев
- •Сара Тастанбекқызы
- •Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
- •Міржақып Дулатұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Мағжан Жұмабаев
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Бейімбет Майлин
- •Сәкен Сейфуллин
- •Ілияс Жансүгіров
- •Сапарғали Бегалин
- •Мұхтар Әуезов
- •Бернияз Күлеев
- •Иса Байзақов
- •Сәбит Мұқанов
- •Ғабиден Мұстафин
- •Ғабит Мүсірепов
- •Әбу Сәрсенбаев
- •Хакімжанова Мариям
- •Әлжаппар Әбішев
- •Дихан Әбілев
- •Ғали Орманов
- •Тайыр Жароков
- •Әбділда Тәжібаев
- •Бауыржан Момышұлы
- •Қасым Аманжолов
- •Жұмағали Саин
- •Қалижан Бекхожин
- •Саттар Ерубаев
- •Ілияс Есенберлин
- •Мұқан Иманжанов
- •Хамит Ерғалиев
- •Мал қайтарған үніміз
- •Қасым Қайсенов
- •Жұбан Молдағалиев
- •Тұрсынхан Әбдірахманова
- •Әзілхан Нұршайықов (1922 жылы туған)
- •Сафуан Шәймерденов
- •Сырбай Мәуленов
- •Мұзафар Әлімбаев (1923 жылы туған)
- •Тахауи Ахтанов
- •Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 жылы туған)
- •Бердібек Соқпақбаев
- •Сара Мыңжасарова
- •Шона Смаханұлы
- •Қуандық Шаңғытбаев
- •Нығмет Ғабдуллин
- •Ғафу Қайырбеков
- •Қалтай Мұхамеджанов
- •(1930 Жылы туған)
- •Мұқағали Мақатаев
- •Кәкімбек Салықов (1932 жылы туған)
- •Шерхан Мұртаза (1932 жылы туған)
- •(Әкім Тарази)
- •Әубәкіров Оспанхан
- •Сағи Жиенбаев
- •Ғаббас Қабышұлы (1935 жылы туған)
- •Жұмекен Нәжімеденов
- •Қадыр Мырза Әли
- •1935 Жылы туған
- •Рамазан Тоқтаров
- •Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)
- •Кеше үйленген араздасты екі жас,
- •Ысқақ Қалихан (1935 жылы туған)
- •Айтхожина Марфуға (1936 жылы туған)
- •Қабдеш Жұмаділов (1936 жылы өмірге келген)
- •Құмарова Шәрбану (1936 жылы туған)
- •Төлеген Айбергенов
- •Асқар Сүлейменов
- •Оразбек Сәрсенбай (1938 жылы туған)
- •Әбіш Кекілбаев (1939 жылы туған)
- •Фариза Оңғарсынова (1939 жылы туған)
- •Мұхтар Мағауин (1940 жылы туған)
- •Нұржекеев Бексұлтан (1941 жылы туған)
- •Дулат Исабеков (1942 жылы туған)
- •Дүкенбай Досжан (1942 жылы туған)
- •Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған)
- •Софы Сматаев (1942 жылы туған)
- •(1942 Жылы туған)
- •Оралхан Бөкеев
- •Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы туған)
- •Жәркен Бөдешұлы (1944 жылы 15 мамырда туған)
- •Жұматай Жақыпбаев
- •Медетбек Темірхан (1945 жылы туған)
- •Тынымбай Нұрмағанбетов (1945 жылы туған)
- •Ахметова Күләш (1946 жылы туған)
- •Мырзабеков Кеңшілік
- •Шөмішбай Сариев (1946 жылы туған)
- •Нұрлан Оразалин (1947 жылы туған)
- •Оразбаев Иранбек (иран-ғайып) Әбітайұлы (1947 жылы туған)
- •Марат Қабанбайұлы
- •Несіпбек Айтұлы
- •Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы (1954 жылы туған)
- •Есенғали раушанов (1957 жылы туылған)
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Кәкімбек Салықов (1932 жылы туған)
Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов 1932 жылы 22-қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы Еңбек аулында туған. Мәскеудің Түсті металл мен алтын институтының бітірген (1955). Институттан кейін Жезқазған кенішінде кен мастері, участке бастығы, бас инженер, шахта бастығы, кен-металлургия комбинатының партком хатшысы (1956-1969) қызметтерін атқарған. Содан партия жұмысына ауысып, Жезқазған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық партия комитетінің екінші хатшысы (1969-1975), СОКП орталық комитетінінде инспектор (1975-1984), Қарақалпақ обкомының бірінші хатшысы қызметтерін істеген, Өзбекстан КП Орталық Комитетінің бюро мүшесі (1984-1989) болған. КСРО Жоғарғы кеңесі экология мен табиғат байлығын тиімді пайдалану комитетінің төрағасы (1989-1991), Қазақстан Республикасының су ресурстары комитетінде Арал проблемасы бөлімінің бастығы, ұлттық кеңестің бас сарапшысы (1991-1995), халықаралық Қ.И.Сатпаев қорының президенті (1995-2000) сияқты жауапты жұмыстарда болған.
Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» деген атпен 1970 жылы жарық көрген. Содан бері үздіксіз жазып, 20-дан астам кітап жарияланған. Шығармалары орыс және басқа халықтар тілдеріне аударылған.
Ақындық жолды кенші болып бастаған Кәкімбектің алғашқы өлеңдерінде кен маманына тән психологиялық суреттер, көзқарас, ой мен сыр көбірек көрінеді. Ол байыпдағы талантын ұштай жүріп, өзіне таныс өмірді жырлады. Ақындық пен кеншілікке тұтас қарады. Жаны – ақын, жүрек қалауы – ақындық болғандықтан, оны негізгі мамандығына қоса мәпеледі. Ол күні бүгінгі шейін «кенші ақын» деген атты мақтан тұтады. Кенші боп өмір тануын өлеңге түсіріп, ақындығына қанат бітірген кеншілігіне риза көңіл білдіреді.
Ақындық пен кеншілік сағы сынбай,
Ұшырады қос қанат қағысындай.
Өзге түгіл өзіме көрінеді
Құйысқандас қос жүйрік жарысқандай.
Арманына жетелеп алыстағы,
Өлең мен кен мәреден қалыспады.
Өзге түгіл өзіме елестейді
Сәуле менен дыбыстың жарысқаны.
Кәкімбек адамдық кең мінезді, досқа, жолдастыққа адалдықты, ұжымдық ортада адамгершілікті сақтай білуді, өмірге кең көзбен қарайтын алғырлықты, танымпаздықты жұмысшылар тәрбиесінен алады. Ол ортақ жеңіске бірге жетуді де, шындықты жалтақтамай бетке айтуды да солардан үйренген. Ризалығын көп сөзбен емес, арқаға бір қағып қалып түсіндіретін жұмысшы мінезін де ол қызық көреді. Осының бәрі Кәкімбек өлеңдерінің беттерінде сайрап тұр.
Соңғы өлеңдерінің бірінде ақын:
Ақын-кенші тірліктен үйренгенім,
Шекпен тартыс, шен тартыс күйге енбедім.
Ел көркейсе, көкірегім кенеледі,
Нұрын төгіп, кен қазған сыйлы еңбегім,
- депті.
Осының бәрінен Кәкімбектің өмірінде кенші тағдыры мен ақындық тағдырдың қалай тоғысқаны, ақынның ұшқыр ойлары кен қазушының іскер қолымен ажырамас келісім тапқаны байқалады. Күш қызуы мен ақындық жылу да бірін-бірі толықтырып тұрады. Оның «Террикондар», «Жезқазған кені», «Шахтаға ода», «Забойда», «Шахтер мен ғарышкер», «Байқоңыр», т.б. өлеңдері ақын өмірбаянының беттерінен сыр шертеді. Ондағы ақындық пафос өмір суреттерімен нәрленіп, заман туралы толғаныстарға ұласады.
Кәкімбектің кейінгі атқарған қызметтері де ол үшін өмір мектебі болғаны даусыз. Ұзақ жылдар ел, мемлекет басшылығында жүрген ол осы жолда елін сүйген азамат, интернационалист болып, халқының бойындағы биік адамгершілік сезімдерді толғайды. Оның Мәскеу, Болгария, Қырғыз, Тү-ркімен, Қарақалпақ жырлары тақырыптық кеңдігімен ғана емес, өмірді тани білген ақынның суреткерлігімен, тапқыр, бейнелі образдарымен бағалы. Ол қайда барса да, Қазақстанын ойлайды, көргенін қазақ жерімен салыстыра отырып суреттейді. Ақынның өресі өсіп, көңіл көкжиегі кеңейгенін, шеберлігінің жетілгенін осы дәуірдегі жырлардан айқын танимыз.
Кәкімбек жырларында соғыстан қайтпай қалған әке мен оқудағы баласын күтіп, оның адам болғанын көре алмай кеткен арманды ананың бейнесі ерекше танылады. Ол «анамды сағыну мені ақын етті» дейді. Өзін әке мен анасының өмірін жалғастырушы санайды. Туған еліне арнаған бір өлеңінде:
Әкем үшін бір ісіңді тындырып,
Анам үшін жырлап өтем өзіңді, - дейді.
Ақын бойындағы ана мен әкеге деген құрмет, сүйіспеншілік, сағыныш оның «Ұрпақ сыры» атты лирикалық поэмасында айрықша көрінеді. Бұл – ақынның жүрек сыры. Онда соғыс кезіндегі тұрмыс ауыртпашылығы, әке өлімі, жесір қалған ана мен жетім бала өмірі оқырман көңілін тебірентерлік сезімталдықпен жырланған.
Кәкімбек – сезінгенін іркіп қала алмайтын, қуанышына да, ренішіне де оқырманын ортақтастыра алатын шын сезім ақыны. Сезім шыншылдығы оның өлеңдеріндегі ойды ашып, нақтыландырады. Оның табиғат, махаббат жырлары сағынышқа толы болып келеді.
Сағынышым құс жолындай жалғайды,
Жалғызтау мен Ұлытаудың арасын, - дейді ол.
Ақынның «Күз», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Ақжауын», «Есілге», «Теңізге» тәрізді өлеңдерінде сол өлкелерге тән суретпен бірге, онымен ұштасып жатқан адам сезімі, көңіл-күйі жырланады. Өлеңнің лирикалық кейіпкері кейде бұлтқа ұқсап, «Түнерсем де, кей-кейде жаумай кетем», «Сәл жабықсам, әп-сәтте ашыламын Күн сәулесін құлшына ала келген, ақ жаңбыр боп төгіле шашыламын» – дейді. Ақын табиғатты аялауды қалайды. Кейде көңілі жүдеп:
Әттең дүние-ай, жайқалған бәйтеректер
Жапырақсыз қалғанда мойып қалам, - дейтіні де бар.
Оның қазақ даласын, табиғатын төгіле жырлаған «Дала» поэмасы – соны сүйген ақынның көңіл-күйіне толы патриоттық туынды. Ол дала келбетін танытар суреттермен қоса, дала өмірі мен ондағы өзгерістерді, сырласу күйінде бейнелеп, өзін қоршаған ортаның тағлымды тұстарына мән береді.
Даламенен өлшеймін ғарыш-ғаламды,
Дала мен ана сезімтал етті санамды, - дейді.
Сырт елдерде көп жүрген ақынның осы тұста жазған жырларында ел сағынышы, туған өлкені аңсау ерекше байқалады. Бұл әсіресе, оның Мәскеу жырларында мол.
Ән салма, қалқам,
Ауылды аңсап мен барда.
Онсыз да болам
Өзімнен өзім делдал да.
Аз ғана күндер
Сағынбай жүрген болайын,
Онан да менің
Көңілімді, сәулем, сен де алда.
... Байқамаппын
Биылғы жаздың келгенін.
Жезкиіктің
Із тастап жорта жепгенін,
Қоскөлге барып,
Аққуға қарап отыру,
Елестеп кетті қисапсыз қызық ермегім.
Ол әр түсті гүлге толы Ұлытаудың етегін, қарақат көзді қыздарын кісінеген құлынының қоңырау даусын даланың көгін, мұртын сипаған егінін, даланың жауыны мен орманның, таза ауасын сағынып еске алады.
Туған өлке сұлулығын Кәкімбек оның аққуынан, жезкиігінен, ақ маралынан таниды. Бұлар – ол табынған сұлулықтың символдары, ақын бейнелеуінде, оны өмірге ғашық еткен құштар қылған әсемдік көріністері. Осы сұлулықты, өмірдің әсемдігін сақтау – оның ақындық мұраты. «Аққу әні» өлеңінде су бетінде мұңды сыңар аққудың сыңсып салған әніне «қамыс басы қамығып, су жылайды». Осы эпизодты көркем суретке айналдырған ақын:
Сырғиды аққу айдында, сырғымайды,
Жақын барып хал-жайын кім сұрайды?
Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы,
Біреу ерте, біреу кеш, бір құлайды.
- деп түйіндейді. «Адамдар, аққуларды атпаңдаршы», «Жезкиік», «Жезкиікті көрсемші», «Көрдің бе Жезқазғанның жезкиігін», «Жүрегімнің жүйткіп өткен елігі», т.б. өлеңдерде сұлулық суреті ғана емес, сұлулықтың сырын ұғуға ұмтылған адам арманы да бейнеленген. Жұбай аққудан жарастықты, махаббатты таныған ақынға заулап жүрген жезкиік арман қуып, өз биігін іздеп жүргендей көрінеді.
Есейген жылдары елге оралған Кәкімбек алаңсыз шығармашылықпен айналысты. Осы мезгілде ол «Аққу жеткен», «Көк жиекке тартқан көш», «Тәттімбет», «Қаныш аға жұлдызы», «Сәбит аға», «Түркістанға тағзым», «Ой толғақ», «Сырғалы сонеттер» атты кітаптар бастырды. Мәскеудегі «Художественная литература» баспасында ақынның бір томдық шығарма-лары орыс тілінде шықты.
Бұл тұстағы Кәкімбек жырлары ақынның үздіксіз ізденісін танытады. Ол шеберлігін жетілдіре отырып, өмірдің қайшылықты құбылыстарына кең көзбен қарауды меңгерді, әсемдікке сүйсіне білуге, адам жанын түсінуге және ардақтауға шеберлене түсті. Оның өлең-поэмалары қуанышы мен қайғысы аралас, бірақ жасампаздығын жоғалтпаған Адам және оның тағдырын тереңдей суреттеуге арналады. Оның Адамы әрқашан алға қарайды, үмітпен өмір сүреді, табиғат тылсымдарын игеруге, адамдығын жетілдіруге ұмтылады.
Ақылға ақыл керек бас иетін
Сүйемін даналардың өсиетін.
Біреудің кем-кетігін тере бермей,
Іздеймін ең қымбатты қасиетін, - деген жолдарда Кәкімбектің бүкіл ақындық кредосы жатыр.
Кәкімбектің соңғы жылдардағы ақындық үлкен табысы есебінде «Тәттімбет» поэмасын бөліп атау орынды. Бұл – бір ақындық үлкен толғаныстан туған эпикалық құлашы кең, лирикалық сезім сәттеріне бай, өлеңмен жазылған роман дерлік көлемді шығарма. Онда Тәттімбет күйлерінің сарыны арқылы сол дәуірдегі қазақ тарихының сыры, ұлы сазгер-дің өмір жолы жан-жақты ашылады. Ақын «Кек пен қайғы аралас Тәттімбеттің мұңды сазын армансыз аралап», «Азат күнге шақырған қоңыр күй» үнімен сырласады. Тәттімбет туған өлкенің суреттерін тірілте отырып, Кәкімбек олардың жанды бейнесін күй тарихымен байланыстыра ашады. «Бұлтына мұң байланған Қарқаралы», «Сылқылдақтың» сарынына салып, шертіп, қағып, төгіліп жатқан Түндік өзені, күй тіліне қосылған Мыржықтау мен Дастар шыңы – бәрі де көркем жасалған табиғат суреттерімен, күй сарыны арқылы берілген заманалық сырларымен көз алдыңа елестейді. Ақын Тәттімбет күйлерінің ырғақ, өрісін, сарынын өлең тіліне ауыстырып, шеберлікпен, сезімталдықпен бойыңа құяды. Сұлу саздан кең даланың иісі аңқиды. Тәттімбеттің күй арқылы айтысқан Айзада қызға деген сезімі, Ақбөпеге деген сағынышы, Есім-ана туралы ойлары – бәрі тоғысып, ұлы сазгерді шығармашылыққа жігерлендірген ой мен сезім күшін бейнелейді. «Бестөреден» отаршылдыққа наразылық үнін естісе, «Саржайлаудан» азаттық идеясын таниды. Ел мен елді, қазақ даласын әлем кеңістігімен жалғастырып, табыстырып жатқан ұлы күйші өнерінің құдіретіне табынады. Тәттімбек күйлерін «Қазақ санасының толғағы» деп атайды. Тәттімбеттің Дәулеткереймен, Шоқанмен кездесуі, Кенеханның тәуелсіздік жолындағы күресіне тілектестігі шығарманы халықтық игі дәстүрлерімен байланыстырып тұр. «Көкейкестіні» мақсатына жете алмаған Кененің орындалмаған арман-мұңы ретінде бейнелеу – поэманы бүгінгі рухпен ұштастырады. Сол арқылы Тәттімбет шығармаларындағы өршіл идея әдемі ашылған. Ол мұң мен шерге толы күй сарынына көміліп қалмай, ұлы мұраны халық санасына жеткізе білген өнер күшінің оптимистігін жеткізе білген. Бұрын да бірталай поэма жазған Кәкімбек «Тәттімбет» арқылы өзінің лириктігіне қоса эпиктік кең тынысты ақын екенін дәлелдеді.
Кәкімбек орыс және басқа тілдерден бірсыпыра шығармалар аударған. Әсіресе, ақынның А.С.Пушкиннің «Евгений Онегинін» аударуы – ұлттық әдебиетіміздің үлкен табысы деп саналуға лайық.
Әсем лириктігіне қоса өзі шығарған және өлеңдеріне жазылған әндер қосылып, ақын атын ел ішіне танымал етті. Оның «Жезкиік», «Аққу жеткен», «Саумал көл», «Сарыарқа», «Дүниеде мені сүйген бір адам бар», т.б. әндері халық арасына кең жайылған.
