- •Бұқар жырау Қалқаманұлы
- •Жанақ Сағындықұлы
- •Дулат Бабатайұлы
- •Махамбет Өтемісұлы
- •Шернияз Жарылғасұлы
- •Шөже Қаржаубайұлы
- •Сүйінбай Аронұлы
- •Шортанбай Қанайұлы
- •Біржан сал Қожағұлұлы
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Ақан сері Қорамсаұлы
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жамбыл Жабаев
- •Шәңгерей Бөкеев
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеев
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Нұрпейіс Байғанин
- •Әсет Найманбайұлы
- •Ахмет Байтұрсынов
- •Омар (Ғұмар) Қарашев
- •Сара Тастанбекқызы
- •Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
- •Міржақып Дулатұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Мағжан Жұмабаев
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Бейімбет Майлин
- •Сәкен Сейфуллин
- •Ілияс Жансүгіров
- •Сапарғали Бегалин
- •Мұхтар Әуезов
- •Бернияз Күлеев
- •Иса Байзақов
- •Сәбит Мұқанов
- •Ғабиден Мұстафин
- •Ғабит Мүсірепов
- •Әбу Сәрсенбаев
- •Хакімжанова Мариям
- •Әлжаппар Әбішев
- •Дихан Әбілев
- •Ғали Орманов
- •Тайыр Жароков
- •Әбділда Тәжібаев
- •Бауыржан Момышұлы
- •Қасым Аманжолов
- •Жұмағали Саин
- •Қалижан Бекхожин
- •Саттар Ерубаев
- •Ілияс Есенберлин
- •Мұқан Иманжанов
- •Хамит Ерғалиев
- •Мал қайтарған үніміз
- •Қасым Қайсенов
- •Жұбан Молдағалиев
- •Тұрсынхан Әбдірахманова
- •Әзілхан Нұршайықов (1922 жылы туған)
- •Сафуан Шәймерденов
- •Сырбай Мәуленов
- •Мұзафар Әлімбаев (1923 жылы туған)
- •Тахауи Ахтанов
- •Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 жылы туған)
- •Бердібек Соқпақбаев
- •Сара Мыңжасарова
- •Шона Смаханұлы
- •Қуандық Шаңғытбаев
- •Нығмет Ғабдуллин
- •Ғафу Қайырбеков
- •Қалтай Мұхамеджанов
- •(1930 Жылы туған)
- •Мұқағали Мақатаев
- •Кәкімбек Салықов (1932 жылы туған)
- •Шерхан Мұртаза (1932 жылы туған)
- •(Әкім Тарази)
- •Әубәкіров Оспанхан
- •Сағи Жиенбаев
- •Ғаббас Қабышұлы (1935 жылы туған)
- •Жұмекен Нәжімеденов
- •Қадыр Мырза Әли
- •1935 Жылы туған
- •Рамазан Тоқтаров
- •Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)
- •Кеше үйленген араздасты екі жас,
- •Ысқақ Қалихан (1935 жылы туған)
- •Айтхожина Марфуға (1936 жылы туған)
- •Қабдеш Жұмаділов (1936 жылы өмірге келген)
- •Құмарова Шәрбану (1936 жылы туған)
- •Төлеген Айбергенов
- •Асқар Сүлейменов
- •Оразбек Сәрсенбай (1938 жылы туған)
- •Әбіш Кекілбаев (1939 жылы туған)
- •Фариза Оңғарсынова (1939 жылы туған)
- •Мұхтар Мағауин (1940 жылы туған)
- •Нұржекеев Бексұлтан (1941 жылы туған)
- •Дулат Исабеков (1942 жылы туған)
- •Дүкенбай Досжан (1942 жылы туған)
- •Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған)
- •Софы Сматаев (1942 жылы туған)
- •(1942 Жылы туған)
- •Оралхан Бөкеев
- •Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы туған)
- •Жәркен Бөдешұлы (1944 жылы 15 мамырда туған)
- •Жұматай Жақыпбаев
- •Медетбек Темірхан (1945 жылы туған)
- •Тынымбай Нұрмағанбетов (1945 жылы туған)
- •Ахметова Күләш (1946 жылы туған)
- •Мырзабеков Кеңшілік
- •Шөмішбай Сариев (1946 жылы туған)
- •Нұрлан Оразалин (1947 жылы туған)
- •Оразбаев Иранбек (иран-ғайып) Әбітайұлы (1947 жылы туған)
- •Марат Қабанбайұлы
- •Несіпбек Айтұлы
- •Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы (1954 жылы туған)
- •Есенғали раушанов (1957 жылы туылған)
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
(1942 Жылы туған)
1942 жылы 4-қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында туған. 1965 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіргеннен кейін «Қазақстан пионері», (қазіргі «Ұлан»), «Жалын», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкерліктен бастап, бөлім меңгеруші, бас редактордың орынбасары, бас редактор қызметтерін атқарды. 1979-1990 жылдары Қазақстан КП ОК-нде жауапты қызметте болып, 1993 жылдан ҚР Президенті әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарып келеді.
Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлықтарының лауреаты (2003).
Алпысыншы жылдары әдебиетке келген Т.Әбдіковтің алғашқы «Көкжиек» атты шығармалар жинағы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері ол ұлттық әдебиетімізді «Күзгі жапырақтар» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме, повестері мен «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты», «Парасат майданы» (2002) атты романдарымен байытты. Оның орыс тіліндегі әңгімелер жинағы «Истина» деген атпен шықса, «Эллада ерлері» атты грек аңыздарын қазақ тілінде сөйлетті.
Жазушының шағын жанрға құрылған әңгіме, повестерінің өзіндік ерекшелігі бар. Оның «Бас сүйегі» – психологиялық талдауға құрылған әңгіме.
З.Фрейд концепциясы жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге қатысты екені мәлім. Адам өміріндегі қақтығыс, дағдарысқа толы күрделі кезеңді санасыздық ұғымы арқылы сипаттауға болады. Адам санасын билеп алған санасыздық түс көру, сандырақтау, аңғармай сөйлеу, еріксіз қозғалу сынды құбылыстарға жетелейді. Мұндай құбылыстарды зерттеу – психо-аналитиктердің негізгі міндеті. Адам өміріне қатты әсер еткен осындай санасыздықтың бір көрінісін жазушы шығармаларынан келтіруге болады.
«Бас сүйектен» мүсінші-антрополог Хамит өміріндегі психологиялық қақтығыс пен күйзелісті көреміз. Белгілі мүсінші ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз руынан шыққан Жаубөрі батырдың бас сүйегін алып, оның мүсінін жасамақшы болады. Патша отаршыларына қарсы күресте ерлікпен қаза тапқан Жаубөрі батыр туралы тарихи деректерді толық білмегендіктен, бес жыл уақытын бір мүсінге арнаса да, ештеңе өндіре алмайды. Автор бес жыл ішіндегі Хамит санасындағы санасыздық құбылыстарына үңіледі. Әңгіменің өн бойындағы шашылған бөлме, түс көру, Мұқаш шалды іздеп келу, тарихқа үңілу, т.б. әрбір штрих, детальдар мен сюжеттердің мүсінші бейнесін аша түсері анық.
Хамит қанша жерден өз ісінің маманы болғанмен, Жаубөрінің кім екенін білмей тұрып, оның мүсінін жасай алмайтынына көзі жетеді. Сондықтан Жаубөрінің көзін көрген Мұқаш шалды іздеп келіп, батырдың өмір тарихына қаныға түседі. Шын мәнісінде Жаубөріні Бекетханның құйыршықтары өлтірген екен. Осыдан кейін батырдың сүйектерін Хамит арулап орнына қояды да, бас сүйегін алып кетеді. Батыр соңғы жорыққа аттанарда: «Қалың қазақ тірі де қәдірімді білмеп еді, өлген соң басыма күмбез орнатпаңдар» деген екен. Бұл жолы мүсінші жігіт бас сүйекті үйіріп айналдырмай, сәби көтергендей қолы қалтырап, қаймыға ұстап, машинаға қарай бара жатып: «Менің тұрғызған күмбезім енді осы болсын» деп іштей күбірледі. Оның үлкен іске кірісуге бекінгенін автор осылай жеткізген. Жазушы әңгімеде шалағайлықпен ештеңе бітпейтінін меңзеп отыр.
Романтикалық, фантастикалық әңгіме шеберінің «Оң қолы» – осы жанрдағы ерекше туынды. Жазушы жас қыздың өз қолы өзіне қастандық жасауы негізінде адам қолымен жасалатын сан алуан жауыздықтың себебін іздеп қана қоймай, ол жөнінде философиялық түйін жасайды. Дүниедегі бар жамандық атаулы адам қолымен жасалатынын көрсету үшін автор әңгіменің шешімін трагедиялы халмен айшықтаған. Сұлулыққа, өмірге құштар Алманың аяқ астынан мерт болуы да сондықтан. Психикалық дертке ұшыраған қыздың диагнозы – «Бір дененің ішінде екі түрлі «жан иесі» кездесіп, не қатар өмір сүруі». Адам миында шешілмей жатқан мұндай жұмбақтарға медицина ғылымының жауап бере алмауы да қиын. Авторлық ұстаным бұл шешімді өзінше жеткізеді. Ол – «Бірінші байлық – денсаулық» деген халық даналығы. Жаны да, тәні де сұлу Алманың осындай дертке ұшыруы өкінішті. Денсаулық болмаса бәрі де бекер деген қорытынды жасайды автор.
Оның шығармаларына негізінен өмірдің көлеңкелі тұстарын арқау ететіндігін «Жат презент» әңгімесінен көруге болады. Мұнда адамдар арасындағы бітіспес қысастық ашық бейнеленген. Әңгімеге жұмысының кемшілігін ұжым алдында сынап, сөгіс бергізгені үшін өзіне жау санап, одан кек алуды ойлаған жанның әрекеті арқау болған. Сынағаны үшін Рүстемді мұқатпақ болып, оның жарының төсегіне барған жанның жеті жылдан соң, мектепке барған өзінен аумайтын баласының жауының жетегінде кетіп бара жатқандағы күйін жазушы шебер бейнелей білген. Жалғыз қыздың артынан бала ермей, жас иісті аңсап жүрген жанның ұлы өзін танымай, танығысы да келмей, мәңгі жат болып өсетіндігі, кезінде кек алуды ғана ойлаған қас дұшпанын әкем деп қабылдауы орны толмас қасірет. Автор өмірде кездесетін осындай шынайы оқиға арқылы өмір, махаббат, перзент туралы үлкен сауал тастай білсе, «Райхан», «Мансап» әңгімелерінде де махаббат мәселесін көтерді. Автор «Махаббат мешітіне кіре беріп, көңіліңе арам ой алып қойсаң… біттің. Сол ой сені құртпай тынбайды. Әзәзіл шайтандай бүкіл өміріңді улайды», – деген Естайдың ойы арқылы махаббат туралы ұстанымын ұсына білді. Оның махаббаттан мансапты жоғары қойып, сүйгені Камшатты профессордың қызы Асяға айырбастауы көп кешікпей отбасынан да, перзентінен да айырылуға әкеліп соғады. Бұл Естайдың өз өміріне өзінің балта шабуы еді.
«Ақиқат атты» повесте автор ақша, мансап, дүниеқұмарлық билеген қоғамда цивилизацияның адамзат санасын улап, оны адам емес, жай ғана механизмге айналдыру трагедиясын көтерді. «Дін – апиын» деп түсінген кеңестік дәуір тұсында фантастикалық деп танылған шығармаға дініміз қайта оралған тәуелсіз елдің мақсат-мүдделері тұрғысынан қарағанда, өмірдің көлеңкелі жақтары арқау болғанын байқау оңай. Себебі Роберт – Алла тағала ерекше қасиет берген көріпкел адам. Оның сол қасиетін полицейлік қылмыстарды ашу мақсатында ғылымға пайдаланғысы келеді. Тылсым дүниемен байланыстың кез-келген уақытта жасалмайтынын сезбеген ғалымдар оны күшпен өздеріне бағындырғысы келеді. Ғылымның жетістігіне сүйеніп, өмірді басқарғысы келген ғалымдар өздерінен күшті жаратушының бар екендігін, оған ешқандай ғұзырдың жүрмейтіндігін білмейді, білгісі де келмейді. Бірнеше жыл бойына медицина ғылымының профессоры Бейкер мырзаның бақылауымен полицейлік қылмыстық жұмыстарға арналған есептен тыс артық сеанстардың нәтижесінде Роберттің жүйкелері жұқарып ауруханаға түседі. Оған бас дәрігердің мына сөзі нақты дәлел: « – Сіздің науқасыңыз жоқ, – деді күлімсіреп. – Сізге тыныққан жөн. Көріпкелдік қасиетіңізді көп сынай беруге болмайды. Өйткені адамға денсаулық қажет».
Кеңестік дәуір тұсында көріпкелдігі бар жандардың айтқанына сенбеген дәрігерлер оларға жынданған деген диагноз қойып жататын. Автор оны бір палатада жатқан священник пен Роберт арқылы көрсете білген. Біраз уақыт емделген соң шаршаған жүйкелері орнына келіп, оған өзінің табиғат берген қасиеті қайта оралады. Роберттің қасында жатқан священникке айтқан адам баласын бақытсыздықтан құтқару үшін ет жеуді доғару, құмар ойындарды доғару, адамға рухани бостандық беру, дүниенің сұмдық құпиясын ашуға тақап қалған бүкіл ғылым атаулыны доғару, үлкен аурухана ашып, оған өзімшілдерді, мансапқұмарларды, атаққұмарларды, ұятсыздарды, қаскүнемдерді, қатыгездерді, опасыздарды, өсекшілерді, зинақорларды, жағымпаздарды, күншілдерді жатқызу керек… Өмірдегі ең қатерлі дерттер осылар, – деген ойларының негізі бар. Шығарманың негізгі идеясын автор осылайша кейіпкер сөзімен жеткізсе, ұсынылып отырған өмір, бақытсыздық туралы философиялық тұжырымдардың барлығы да өмірден алынған ақиқат. Роберттің адамдардың ойларын оқуы, олардың істеген істерін, өткен өмірін айна – қатесіз көруі Алла тағаланың берген ерекше қасиеті болса, оны бұл өмірден жирендірген де сол қасиет. Автор екі аяқты хайуандардың арасында өмір сүргісі келмегендіктен, өзіне қол жұмсаған Роберттің өлімі арқылы мәңгілік категориялар туралы адам баласына үлкен ой салады.
Жазушының «Әке» повесі ауыл тақырыбына арналған. Онда қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі арқылы олардың этнографиялық ерекшелігі мен сан алуан адамдардың мінез-қаракеті жинақталған. Автор Сейсен шалдың өміріне жасалған лирикалық шегініс арқылы ХХ ғасырдағы қазақ халқы басынан өткерген тарихи оқиғалардан хабар береді.
Бес ұл, үш қыз өрбіткен Жармағамбеттің төрт баласының да өз ажалынан емес, басқалардың қолынан мерт болғанын нақты деректермен аша түседі. ХХ ғасыр басындағы ақ патша әскерінің қазақ ауылына жасаған қоқайы мен Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы конпискелеу, артельдің біріге бөгет салу жолындағы тап жауларымен күресі, күшпен колхоздастыру, отызыншы жылдардағы «халық жауы» деген айдармен жаппай, қудалау жолында қазақ халқына жасалған қасгөйлік бір отбасы төңірегіне топтастырылу арқылы сол тұстағы өмір шындығы ашыла түскен. Осындай ірі-ірі оқиғалардан кейін бір әулеттен қалған жалғыз кіндік Сейсеннің артынан ерген үш қызының екеуі сүзектен, бірі бала үстінен, екі ұлдың бірін Ұлы Отан соғысы жалмауы арқылы қазақ халқының басынан өткізген сан апаттан хабар береді. Жалғыз баласынан айрылған Қалампыр кемпірдің елдің бәрін қарғап жүруі, жалғыз баласынан қарақағаз келген Жәнібек шалдың қу тізесін құшақтап қалуы, Ақсары кемпірдің қарақағаз келген баласы Жорабектің тірі келгенін естігенде, баласын көрмей жатып, жүрегі қысылып жүріп кетуі – осылардың барлығы да ел өмірінің жанды суреттері.
Әрбір кейіпкерін типтік дәрежеге көтере білген жазушы Жармағамбет, Сейсен, Мұқаш, Қалампыр, Жәнібек, Ақсары, Құдияр, Ербатыр, Қаби, Смағұл сынды шал-кемпірлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы қазақ халқының ұлттық ерекшелігін, жерлеу рәсімі арқылы сан ғасырлардан бері қалыптасқан этнографиялық ерекшелігін нанымды бейнелеген.
Осы повестегі ХХ ғасырдың тарихи оқиғаларына жасалған лирикалық шегіністерге кейін «Өліара» (1985) романында кеңінен тоқталды. Романда қазақ ауылындағы Кеңес өкіметінің орнауы, шаруаларды артельге біріктіру, колхоздастыру оқиғаларын қайта жолығамыз. Шалғайда жатқан қазақ ауылдарына жүргізілген билік саясатының қазақ психологиясына жат екендігін автор халықтың басына түскен қиыншылықтармен жинақтаған. Зорлықпен жасалған колхоздастырудың қазақ халқының тоз-тозын шығарғаны да – өмір шындығы. Елді күшпен басқарудағы заңсыздықтарды байқаған көзі ашық Бәйтен, Оймауыттар мен Кеңес өкіметінің Назар сияқты белсенділерінің іс-әрекеттері арқылы кеңестік қоғам мен оның адамдарының тағдырына талдау жасалады. Адамгершілік мұраттарды бірінші кезекке қоя білген жазушының кеңестік дәуірдің тапқа, топқа бөлу ұғымынан ада болғандығы кеңестік дәуірдің шындығын шынайы бейнелегендігінен байқалады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жазылған «Парасат майданы» (2002) повесіне ХХІ ғасыр, яғни қазіргі заман шындығы арқау болған. Бұған дейін жазылған әңгіме, повестерінде мәңгілік категорияларды бірінші орынға қоя білген жазушы мұнда да Абайдың «толық адамын» шарқ ұрып іздейді. Авторлық ұстаным повестің бас кейіпкері Күнделік иесі арқылы жинақталған. Күнделік иесі екіаяқтылардың хайуаннан қандай айырмасы бар деген сауал тастап, одан шығар жолды қарастырады. Ақпарат құралдары мен мерзімді басылым беттеріндегі «Өзінің анасын зорлаған немесе өлтірген. Өзінің балиға толмаған қызын зорлаған не өлтірген. Сәбиін өлтіріп, қоқысқа тастаған келіншек. Өз ұлына тұрмысқа шыққан миллионер әйел. Адам етін жеген маньяктар, Еркекке үйленген еркектер, Өлікпен жыныстық қатынас жасағандар...» туралы адам ата жаралғалы құлақ естіп, көз көрмеген сұмдықтардың ХХІ ғасырда жасалып жатуы оқырманға да ой салады. Олай болса, жазушы «қалың елі, қазағының» шешімін күтіп тұрған зәру мәселелерін дер шағында көтере білген.
Қазіргі қазақ прозасының өсіп-өркендеуіне қомақты үлес қосып, типтік ортада типтік характер жасай білген Т.Әбдіковтің қаламынан туған өмірдің өзекті мәселелері мен адамгершілік мұраттарды арқау етіп, кездейсоқ ортада кездейсоқ шешім жасайтын «Оң қол», «Жат перзент», «Мансап» әңгімелері мен «Ақиқат», «Әке», «Парасат майданы» повестері, Қайта құру кезеңінде жазылған Кеңестік дәуір туралы жазылған «Өліара» атты сыншыл романының әдебиет тарихынан алар орны ерекше.
