- •Бұқар жырау Қалқаманұлы
- •Жанақ Сағындықұлы
- •Дулат Бабатайұлы
- •Махамбет Өтемісұлы
- •Шернияз Жарылғасұлы
- •Шөже Қаржаубайұлы
- •Сүйінбай Аронұлы
- •Шортанбай Қанайұлы
- •Біржан сал Қожағұлұлы
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Ақан сері Қорамсаұлы
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жамбыл Жабаев
- •Шәңгерей Бөкеев
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеев
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Нұрпейіс Байғанин
- •Әсет Найманбайұлы
- •Ахмет Байтұрсынов
- •Омар (Ғұмар) Қарашев
- •Сара Тастанбекқызы
- •Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
- •Міржақып Дулатұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Мағжан Жұмабаев
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Бейімбет Майлин
- •Сәкен Сейфуллин
- •Ілияс Жансүгіров
- •Сапарғали Бегалин
- •Мұхтар Әуезов
- •Бернияз Күлеев
- •Иса Байзақов
- •Сәбит Мұқанов
- •Ғабиден Мұстафин
- •Ғабит Мүсірепов
- •Әбу Сәрсенбаев
- •Хакімжанова Мариям
- •Әлжаппар Әбішев
- •Дихан Әбілев
- •Ғали Орманов
- •Тайыр Жароков
- •Әбділда Тәжібаев
- •Бауыржан Момышұлы
- •Қасым Аманжолов
- •Жұмағали Саин
- •Қалижан Бекхожин
- •Саттар Ерубаев
- •Ілияс Есенберлин
- •Мұқан Иманжанов
- •Хамит Ерғалиев
- •Мал қайтарған үніміз
- •Қасым Қайсенов
- •Жұбан Молдағалиев
- •Тұрсынхан Әбдірахманова
- •Әзілхан Нұршайықов (1922 жылы туған)
- •Сафуан Шәймерденов
- •Сырбай Мәуленов
- •Мұзафар Әлімбаев (1923 жылы туған)
- •Тахауи Ахтанов
- •Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 жылы туған)
- •Бердібек Соқпақбаев
- •Сара Мыңжасарова
- •Шона Смаханұлы
- •Қуандық Шаңғытбаев
- •Нығмет Ғабдуллин
- •Ғафу Қайырбеков
- •Қалтай Мұхамеджанов
- •(1930 Жылы туған)
- •Мұқағали Мақатаев
- •Кәкімбек Салықов (1932 жылы туған)
- •Шерхан Мұртаза (1932 жылы туған)
- •(Әкім Тарази)
- •Әубәкіров Оспанхан
- •Сағи Жиенбаев
- •Ғаббас Қабышұлы (1935 жылы туған)
- •Жұмекен Нәжімеденов
- •Қадыр Мырза Әли
- •1935 Жылы туған
- •Рамазан Тоқтаров
- •Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)
- •Кеше үйленген араздасты екі жас,
- •Ысқақ Қалихан (1935 жылы туған)
- •Айтхожина Марфуға (1936 жылы туған)
- •Қабдеш Жұмаділов (1936 жылы өмірге келген)
- •Құмарова Шәрбану (1936 жылы туған)
- •Төлеген Айбергенов
- •Асқар Сүлейменов
- •Оразбек Сәрсенбай (1938 жылы туған)
- •Әбіш Кекілбаев (1939 жылы туған)
- •Фариза Оңғарсынова (1939 жылы туған)
- •Мұхтар Мағауин (1940 жылы туған)
- •Нұржекеев Бексұлтан (1941 жылы туған)
- •Дулат Исабеков (1942 жылы туған)
- •Дүкенбай Досжан (1942 жылы туған)
- •Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған)
- •Софы Сматаев (1942 жылы туған)
- •(1942 Жылы туған)
- •Оралхан Бөкеев
- •Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы туған)
- •Жәркен Бөдешұлы (1944 жылы 15 мамырда туған)
- •Жұматай Жақыпбаев
- •Медетбек Темірхан (1945 жылы туған)
- •Тынымбай Нұрмағанбетов (1945 жылы туған)
- •Ахметова Күләш (1946 жылы туған)
- •Мырзабеков Кеңшілік
- •Шөмішбай Сариев (1946 жылы туған)
- •Нұрлан Оразалин (1947 жылы туған)
- •Оразбаев Иранбек (иран-ғайып) Әбітайұлы (1947 жылы туған)
- •Марат Қабанбайұлы
- •Несіпбек Айтұлы
- •Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы (1954 жылы туған)
- •Есенғали раушанов (1957 жылы туылған)
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Сара Мыңжасарова
(1924-2002)
1924 жылы 29 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қара Шоқат деген жерде туған. Ақтөбедегі мұғалімдер институтында оқып, оқу-ағарту саласында жауапты қызметтер атқарған. 1952 жылы республикалық екі жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімін бітіріп шығып, ұзақ жылдар Талдықорған, Алматы облысы редакцияларында қызмет істеген. 1971-1973 жж. Байланыс министрлігінің мерзімді баспасөзді тарату басқармасының баспасөзге жазылу бөлімін басқарған.
Бірнеше очерктер кітабы мен көркем аударма саласында қазақ тіліне біршама еңбектерді тәржімалаған. Қазақ прозасына «Қыр қыздары», «Әйел бақыты», «Төзім шеңбері» атты романдармен бірге «Өмір көріністері» атты повестер мен әңгімелер жинағын қосқан жазушы.
«Қыр қыздары» атты романында ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы қазақ әйелдерінің тағдырын сөз етеді. Қаншайым, Гауһар, Зейнегүл бейнелері арқылы сол тұстағы қазақ әйелдерінің басынан өткен қиын-қыстау өмірін көркем бейнелеп көрсеткен. Жазушының «Әйел бақыты» атты романы бұрын шыққан «Қыр қыздары» деген кітаптың өңделген, толықтырылған нұсқасы. Роман оқиғасы Жетісу өлкесіне келген алғашқы революция дабылын, байлардың есігінде жүрген жалшы-батырақтардың бас көтеріп, ауылда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысуын көрсетуге арналған. Романның негізгі желісі қазақ төңкерісіне дейін теңдік ала алмаған, мал орнына сатылып келген қазақ қыздарының, әйелдердің қасіретті тағдырын, жарқын болашаққа ұмтылуын ашып көрсетуге құрылған. Романның оқиға желісі Сарманның Қаншайым, Гауһар деген екі қызының төңірегінде өрбиді. Қаншайымды айттырған Досанның үлкен ұлы Асыл қатты науқастан кенеттен қайтыс болып, кіші ұлы Қалдыбек он үшке толған бойда оған жесірін алып береді. Жазушы Қаншайымның Қалдыбектің ержетуін күтіп жүруі арқылы қазақ қыздарының басынан кешкен күйін аша түскен.
Жаңа заман тууының арқасында Гауһардың өмірге деген көзқарасы да басқа. Оны Жұманның алып қашуынан түк те шықпайды. Гауһардың неке суды төгіп тастауы – қазақ қыздарының жаңа заңға сүйеніп, бас бостандығы үшін күресе бастауын байқатады.
Әйелі Сұлусарыны делегат болдың, жаңа заңды қостадың деп күйеуі Елпанның ұрып өлтіруі – ХХ ғасыр басындағы өмірдің көркем бейнесі. Сұлусарыны арашалаймын деп Елпанның таяғына жығылған Қаншайымды жар ету Қалдыбектің ойында да жоқ. Ол – атам қазақтың әмеңгерлігінің жөнсіз екендігін түсінген жаңа заман жасы. Сондықтан Қаншайымның өз бақытын табуға тілектес. Жазушы ғасыр басындағы әйел теңсіздігін осындай нақты оқиғалармен аша білген. Романдағы Нұржан мен Ақтай, Кенжәлі мен Жапарқұл, Гауһар мен Балымай – жаңа заман жастары. Гауһарды оқтан аман алып қалу үшін өзін оққа тосқан сарғасқа Елпанның оғынан қаза табады. Олар Қытай ауып бара жатқан Жұма мен Елпанды қуып жетіп, Сұлусары мен Сарғасқа үшін Елпанды оққа байлайды. Елпанға оқ атқан Балымай мен Гауһар – бас бостандығы, әйел бақыты үшін күресе білген жандар.
«Төзім шеңбері» атты романы «Осылай ма едің, махабббат», «Ұждан», «Ой үстінде», «Кездесу», «Қанаттану», «Дүние кезек» деген бөлімдерден тұрады. Жазушы «Жаным, сені осылай өмір бойы көтеріп өтем» дейтін Сәлкеннің Мәскеуде он жыл оқыған соң, құдай қосқан жарынан безіне бастауының сырын ашуға тырысқан. Ғасырлар бойы қазақта әйелі мен баласын тірідей тастап кеткенін не естімеген, не көзімен көрмеген Күнсұлу Сәлкеннің қалаға барып оқыған соң, өзгеріп шыға келетінінен хабарсыз еді. «Аға өлсе, іні мұра» деп жесірін далаға тастамаған қазақтың сүйегіне сіңбеген жаман әдеттің жаңа заманмен бірге пайда бола бастағанын да жазушы әдемі көрсеткен. Күнсұлу туралы оқымаған, надан, көзқарасымыз сай келмейді деген Сәлкеннің сылтауын жазушы нақты мысалдармен жоққа шығара білген. Оған «Сал-сал Зарқом», «Жүсіп-Зылиқа», «Қобыланды батыр», «Мұңлық – Зарлық», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сынды жырларды жатқа айтатын Күнсұлудың араб әрпімен жазылған қолжазбаларының ғалымдардың жинауы бойынша ұлттық қорға еніп, ғылыми айналымға түсуі мысал бола алады.
Негізгі оқиға Күнсұлудың төңірегінде жүріп жатады. Он жыл бойы шаңырағын күзетіп, отын жағып, баласын бағып отырған Күнсұлуда артық ойдың болмағаны да жасырын емес. Күйеуі тастап кетіпті дегеннің қазақ арасында болмаған кезінде Күнсұлуды Сәлкеннің тастап кетуі – оны тірідей өлтіру еді. Адам төзбес қорлыққа шыдау оған оңай болған жоқ. Өз-өзіне қол жұмсауға балапанын қимаған Күнсұлудың құр сүлдерін сүйретіп, өмірден баз кешуі де нанымды бейнеленген. Бірақ, Құдай алдында біреудің ала жібін аттамаған, ары таза жанға абысын-ажынның жанашырлықпен қарауы оның бейнесін аша түскен. Күнсұлудың есін жиып, ел қатарына қосылуы арқылы «Абысын тату болса – ас көп, ағайын тату болса – ат көп» деген даналыққа жан бітіреді. Күнсұлуды қайтсе де тұнжыраған тұңғиықтан шығармақ болған Бәтима мен Ақлиманың: «– Неменеге қарайып жүрсің? Байсыз қаламын деп қорқасың ба? Тұғырдан түсіп отыр ма едің? Мына Бәтиманың баласы сол интернатта емес пе? Ауыл мектебін бітіргендердің бәрі-ақ ертең сол интернатқа барады. Іңкәрдің барып интернатқа кіргенінде не тұр? Сол кемшілік пе?», – деп ашу шақыра шаңқылдауы мен қайнағаларының қамқорлығы арқасында есін жинайды. Күйеуі тастап, қызы интернатқа кетіп қалған кездегі Күнсұлудың адам төзбес ауыр күйін жазушы шынайы аша білген. Оған ауыл әйелдерінің сөзбен демеу жасауы, ақсақалдардың сүйемелі оны аяғынан тік тұрғызады. Солардың ақылымен өзі де білімін көтеріп, мектептің үш сыныбын бір жылда қосып оқиды да КомВУЗ-ға оқуға түседі. Білікті агроном болып Қазақстанның атынан Мәскеуге пленумға барады.
Үздік оқитын Іңкәрдің әке-шешесі ажырасқан соң өз мектебіне бармай, интернатқа кетіп қалуы арқылы ата-ананың теріс әрекеті бала психологиясына қатты әсер ететіндігін көрсетуге тырысқан. Әкесінің шешесі екеуін тастап кеткенін, басқа әйелге үйленіп балалы болғанын естіген Іңкәрдің әкесіне деген көңілі суып шыға келеді. Осы арқылы жазушы балаларды алдауға болмайтынын түсіндіреді. Ал, Күнсұлу мен Андрей баланың көңіліне дық түсірмеу үшін оның дайындығын төрт жыл күте білді. Бұл тұста олардың махаббаты да пісіп-жетіліп еді. Іңкәрдің Андрейге бауыр басып, оның мамасына да ұнауын асыға күтуі олардың арасындағы сезімді шыңдай түсті.
Күнсұлудың көркіне сай жоғары ақыл-парасат иесі екенін Иннаның мына сөздері де толықтыра түскен: «– Сіз кешіріңіз, Сәлкеннің бұл мінезін ожарлық дей көрмеңіз. Жігіттерді былай қойғанда, әйел мен сізді Москвада көре сала ғашық болғам, сондағы бар нұсқаңыз, жуан бұрымыңыз әлі көз алдымда. Сәлкен үшін кешірім сұраймын. Сізді алғаш көргеннен бері өзімді кінәлі сезінуші едім. «Білмеген у ішеді» деген. Кешіруіңізді өтінем. Тіпті Сәлкен тарлық етпесе, сізбен достасқым келеді, сіңліңіз болуды тілер едім. Ал, Андрей, сіздің өмірлік сапарыңыдың сәтті болуына тілектеспін. Сіз де кешіріңіз»9. Иннаның бұл сөзі Кұнсұлудың сұлулығын ғана емес, өзінің қысылтаяң шақтағы тапқырлығын ашуға қызмет етеді. Жазушы көрік десе көрік, білім десе білім, төзім десе төзімі бар Күнсұлудың қадірін білмеген Сәлкеннің ісін «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деген халық даналығына сыйғызған. Күнсұлуды Андарейден қызғанған ол көпке күлкі болады. Автор жесірін далаға тастамаған қазақ халқының атадан-балаға мирас болған озық дәстүрін үлгі ете отырып, жаңа заманмен ілесе келген жат қылықтарды сынап, оны Сәлкен ісімен көрсете білген.
«Өмір тынысы», «Мейірім», «Өмірдің бұраң жолдар» повестері мен әңгімелері енгізілген «Өмір көріністері» атты жинақта адам өмірінде, қоғам өмірінде белең беретін құбылыстар – адамгершілік, арлылық, сондай-ақ өмірдің көлеңкелі жақтары бейнеленген. Шығармаларда еңбек пен талант ұштасқанда зерделі адам көтерілетін биік тұғыр сәулеті суреттеледі. Жазушының шығармаларында әйел-ана, махаббат тақырыбының орны ерекше. Әйелдің жанын әйел түсінбесе, басқа кім түсінеді? – деп түйген жазушы өз шығармаларына ХХ ғасыр басындағы әйел теңсіздігінен бастап, бүгінгі қазақ қыздарының қоғамның әр салада қызмет етіп жүргеніне дейінгі аралығын арқау етті. Сондықтан да оның кейіпкерлері – еңбек майданында шыңдалған адамгершілік мұраттарын бойына жинақтаған арлы жандар.
