Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhuz_sheber_sony.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.6 Mб
Скачать

(Әкім Тарази)

1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педаго­гика институтының филоло­гия факультетін (1955), Мәскеудегі сценаристердің жоғары курсын бітірген. 1955-1956 жж. Жамбыл облысының ауыл мектебінде мұғалім, 1956-1958 жж. «Ара» журналында фельетонист, 1959-1959 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жауапты хатшы, 1962-1970 жж. «Қазақфильм» киностудиясында редколлегия мүшесі, Бас редакторы, 1970-1971 жж. «Литературная газетінің» Қазақстан бойынша меншікті тілшісі, 1971-1980 жж. Кинематографистер одағы басқармасының бірінші хатшысы, 1986 жылы Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып істеген.

Алғашқы кітабы «Құйрықты жұлдыз» повесі 1956 жылы жарық көрді. Одан бері «Үлкен ауыл» (1968), «Асу-асу» (1970), «Қиян-соқпақ» (1976), «Бұлтқа салған ұясын» (1978), «Тасжарған» (1980), «Қыз махаббаты» (1982), «Гнездо на облаках» (1984), «Журавли-журавушки» (1984), «Басынан Қаратаудың...» (1985), «Кен», «Тәж» (1986) повесть, әңгімелері, романдары жарияланды. Сондай-ақ «Күлмейтін коме­дия» (1966), «Жақсы кісі» (1968), «Жолы болғыш жігіт» (1972), «Қос боздақ» (1985), т.б. пьесалардың, «Тұлпардыңізі» (1984, реж. М. Бегалин), «Арман атаман» (1965, реж. Ш. Бейсенбаев), «Қараш-қараш оқиғасы» (1972, реж. Б. Шәмшиев), «Мұстафа Шоқай», т.б. кинофильм сценарийлерінің авторы. Бірқатар кітаптары шетел тілдеріне аударылған. Қазақстанның еңбек сіңірген әдебиет институтын бітірген. 1959-1969 жж. «Жазушы» баспасында, кейін екі жылдай «Қазақстан» баспасында редактор болған. 1975-1983 жж. Авторлық құқық қорғау жөніндегі Бүкілодақтық агенттігі Қазақ республикалық бөлімшесінде инспектор, аға әдеби кеңесші қызметтерін атқарған. 1983 жылдан бері 2-топтағы еңбек мүгедегі.

Алғашқы өлеңдері 1950 жылы «Қазақстан» (қазіргі «Простор» журналы) альманахы мен «Ленинская сме­на» газетінде жаряланған. Шығармаларын орыс тілінде жазады.

Медальдармен, екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Орта Азия әскери округының Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Шығармалары: Черный жаворонок. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1960; Слово. Балаларға арналған өлеңдер. А., «Жазушы», 1962; Орлы гибнут в вышине. Романдилогия. 1-кітап. А., «Жазушы», 1965; l-2-кітаптар. М., «Художе­ственная литература», 1968; К Днепру! Повесть. А., «Жазу­шы», 1972; Сказки-валенки. Повесть. А., «Жалын», 1977.

Ә.Таразиды қаламгер ретінде атын шығарған шығармалардың бірі – «Құйрықты жұлдыз» повесі. Шығарма бір жағынан лирикалық планда жазылса да, реалистік суреттерімен, әсерлі штрихтарымен оқырман есінде сақталып қалады.

Ә.Тарази - өзін роман жанрында көрсете білген қаламгерлердің бірі. Оның (кітаптарының тізімі) шығармалары өз кезеңінің реалистік суреттерін бейнелеп көрсетеді. Өз уақытда оқырман назарын аударған романдарының көлемдісі – «Кен» деп аталады. Бір қарағанда, өндіріс тақырыбына арналған сияқты көрінгенімен, бұл шығарманы тұрмыстық роман деп атаған оңды. Өйткені мұнда Қараспановтардың отбасылық тіршілігі суреттеле отырып, қазақи салт-дәстүр мен мінез-құлықтың жақсы қырлары бейнеленеді. Роман беттерінде көрініп жататын бір әулеттен тараған ұрпақтардың әр түрлі тіршілігі көрініс тауып, түрлі оқиғалар осы кісілердің қарым-қатынастарынан тармақталып шығып жатады. Бір әулеттің мүшелері болғанымен, кейіпкерлердің мінез-құлықтары әр қилы. Біреулері өмірдегі келелі мәселелерге үстірттеу баға беріп жатса, енді біреулері олардың осындай жеңіл-желпі қарым-қатынастарын сынап жіберуге бейім. Пірәлі, Сағат, Ақлима, Ботабай, Жан және т.б. кейіпкерлер қазақи салт-дәстүрді бағалауда, туыстық қарым-қатынастың болашағына көңіл бөлуде өзара пікір қағысмтырып жатады.

Туысқаншылық байланыстың астарынан келіп шығатын әлеуметтік мәселелер романның алмағын арттырып, оқырманды белгілі бір ой түюге жетелейтіні сөзсіз. Осы мәселе Пірәлі мен Ақлиманың үйленгендеріне елу жыл толуына арналған той үстінде көірініп, көзқарастар арасындағы қайшылықтар одан әрман желіліеніп, дами түседі. Алтын той жай той болып ақлмай, облыс басшылары да қатысқан, ел аузында жүретін дүбірлі басқосулардың біріне айналады.

Жазушының «Бұлтқа салған ұясын» деп аталатын романында да жеке адамның тағдырына қатысты осындай мәселелер боә көрсетіп, оның шешім табуы реалистік сипатта көрінеді. Жас адамның күрделі өмір соқпақтарынан өз өмір жолын табуы, садаусулары мен жаңсақ қадамидары, ақыр соңында қордаланған түйінді мәселелерді шешу жолындағы ізденістеріоқырманды бей-жай қалдырмаса керек. Бас кейіпкер Омардың айналасындағы әр түрлі жұғымсыз жандардан зардап шегуі ішінара дрмалаық тартыстардың штирығуына әкеліп соғып отырады.

Жазушы өзінің көптеген шығармаларында адам баласының бойындағы күншілдік, парықсыздық, іштарлық, дөрекілік, тоғышарлық, бойкүйездік, безбүйректік тәрізді жағымсыз мінездерді сынай отырып, оқырманды жаманнан жиренуге жетелейді.

Ә.Таразидың «Тас жарған» романының кейіпкері де Омар шындық үшін күресуші, белсенді, принципті адам ретінде көрінген. Оның өмірден қиындық тартуы осындай мығым көзқарастарына байланысты болып келеді. Әйел болса да, Ұлмекен бейнесінен де ер адамдарға тән болы келетін осындай табандылық қасиеттері көрінеді. Бұлардың рухани даму жолдарын көрсету барысында автор психологиялық шиеленістер мен пайымдауларды жиі қолданатынын атап айту керек. Бұларда суреттелетін адам тағдырлары оқырманды бей-жай қалдыра қоймаса керек. Ал «Қорқау жұлдыз» атты романдағы басты тартыстардың әлеуметтік негізі айқын болғанымен, логикалық және психологиялық дәлелдері нанымды шыққан деп айту қиын. Кейбір тұстарында реалистік сипаттың аздығы, жазушының өзінің түпкі ойын жеткізу үшін көңіл күй әуеніне елігіп, жасанды ситуацияларға жол беріп алғаны байқалады.

Адалдық, әділдік үшін күрес оның пьесаларынан да көрініс тауып отырады. Атап айтқанда, «Жолы болғыш жігіт», «Күлмейтін комедия» және тағы басқа драмаларында осындай әлеуметтік маңызды мәселелерді қозғайды. Кейіпкерлерді тығырыққа әкеліп тірейтін ұтымды ситуациялар арқылы олардың адами болмыстарының да қоса ашылуы көңілге қонымды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]