Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhuz_sheber_sony.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.6 Mб
Скачать

Асқар Сүлейменов

(1938-1992)

Жазушы-драматург, сыншы, киносценаршы, аудармашы, 1996 ж. “Ситуациялар” триптихі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген.

1938 жылы 29-желтоқсанда қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Шорнақ ауылында дүниеге келген. 1953 жылы осы облыстың Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы Калинин атындағы орта мектепті бітірді.

1954-1959 жж. Қазақтың Мемлекеттік Абай атындағы педагогикалық институты тарих-филология факультетін, 1959-1962 жж. осы институт аспирантурасының толық курсын тәмамдаған.

1962-1992 жж. аралығында “Жұлдыз” журналы редакциясында, “Қазақфильм” киностудиясында, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында, Қазақстан Жазушылар одағында, “Парасат” журналы редакциясында қызмет істеді, аралығында бірнеше жыл шығармашылықпен айналысты.

1992 жылы 15-мамырда Алматыда дүние салды.

Алғашқы мақаласы 1961 жылы “Жол басы” “Лениншіл жас” газетінде жарияланған соң, республикалық әдеби басылымдарда көптеген мақаласы жарық көріп, ол жаңа сипатты сыншы ретінде танылды. 1964 жылы «Жұлдыз» журналында шыққан «Түр туралы бірер сөз» атты мақаласы әдеби ортада үлкен пікірталас тудырды. 1970 жылы алғашқы кітабы «Бесін» “Жазушы” баспасынан шықты. Бұл кітапқа көрнекті суреткер Ғ.Мүсірепов арнайы мақала жазып, жоғары баға берді.

1969-1970 жж. «Қыз Жібек” көркем фильмінің редакторы ретінде көптеген шығармашылық жұмыс атқарды.

1980 ж. Шымкент облыстық драма театрында “Кек” драма-диалогы қойылды /режиссері Қ.Жетпісбаев/, кейін ол Алматыда да көрсетілді.

1988 ж. “Адасқақ” проза кітабы “Жазушы” баспасынан шықты.

1988 ж. “Ситауациялар” триптихінің алғашқы драма-диалогы “Төрт тақта–жайнамаз” М.Әуезов театрында қойылды /режиссері Ә.Рахимов/.

1962-1989 жж. дүниежүзілік драматургияның айтулы үлгілері Б.Брехттің «Сычуанның мейірі», Ж.Мольердің «Ақымақ болған басым-ай!», Э.Хемингуэйдің «Бесінші колонна», М.Булгаковтың «Жендеттер», Т.Уильямстың «Әйнек хайуанатхана», Е.Шварцтың «Күн қыз-күл қыз», «Қар ханым», С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі», Н.Мирошниченконың «Айтыс», тағы да басқа көптеген пьесаларды қазақ тілінде көркем сөйлетті.

1992 ж. “Шашылып түскен тіркестер” атты философиялық ой-толғамдары алғаш рет “Егемен Қазақстанда” жарияланды.

«Құлагер», «Арғымақ пен шабандоз» киносценарийлерінің авторы.

Осы мәліметтерден көрініп отырғанындай, А.Сүлейменов шығармашылығы үш бағытта – әдебиет сыны, көркем проза және драматругия саласында өрбіген. Ол – осы үш салада да өзінің айқын қолтаңбасын қалдырып кеткен суреткер. А.Сүлейменов шығармаларының оқиғалары қызықты, сюжеттік желілердің шешімдері тосын болып келеді.

Кеңес дәуірінде жазылғанына қарамастан, жазушы өзінің көркем шығармаларында өткір мәселелер қоя білді. Мысалы, «Бесін» жинағына кірген «Бесатар» повесінде қазақ халқының басына түскен нәубеттердің отаршылдық зардабы екендігін көркем оймен сездіріп өтті. Қазақ халқының құқығының кейде аяқасты болуын Кеңес дәуірінде көркемсөзбен жеткізуге мүмкіндік шектеулі екендігіне қарамастан, жазушы жекелеген жайларды сездіріп өткені ол жасаған Крейгель образы басқа ұлт өкілі болуымен ғана емес, тосын көркемдік ерекшелігмен де оқырман жадында қалды.

Асқар Сүлейменов — шығармашылық тілге көп мән берген жазушы. Қалыпты әдеби шығармаларда сөз материал арқылы көркем образ жасалса, Асқар сөз материалдың өзінен көркем образ жасайды. Көркем тілге, сөзге деген құштарлық ("особый вкус к слову, к языку". Б.Эйхенбаум) Асқардың қолтаңбалық мәнерінде айқын көрініп отырады.

Асқардың прозалық материалға тілдік белгі ретінде қолданбақшы болған тілі — осындай жауапкершілікке, көрсеткішке ие тіл. Бұл жөнінде жазушының жоғарыда біз келтірген тіл жайлы ұстанымы А.Байтұрсынов ұстанымымен дәл келеді.

"Бесіннен" бастап, "Адасқаққа" дейінгі шығармаларында көркем жасалаған бейнелер, ширыққан психологиялық қақтығыстар тағып көркем әдебиетке тән биіктікте орындалған. Кейде шұбалаңқылау көрінгенімен, шығармаларының композициялық бітіміндегі соны ізденістер айқын.

"Адаскақ" – образдар шығармасы. Бұнда жазушы басқа ешқандай бөтен, тұманды, көмескі мақсат көздеп тұрған жоқ деуге болады. «Адасқақтың» философиялық проза екендігі шығарманың идеясы мен мазмұнынан көрініп жатады.

Жазушы прозасындағы бірінші көзге ұрар поэтикалық ерекшелік ол — тілдік құбылыс. Өзіне тән тілдік мәнерінде бейнелі тіркестерді Асқардай көп пайдаланатын жазушы әдебиетімізде сирек. Мысалы, «көмейдегі шоқ қыжылды салқын күлмен көмдім», «күйік күшіктің қарғысын сыпырды» (А.Сүлейменов. Адасқақ, Алматы,1988.) деген тәріздес теңеулері де тың, тосын бояуға ие. Бұл тұрғыда ол бұрын-соңды поэтикалық айналымға түспеген тұрмыстық, заттық құбылыстарды прозашыға лайық шеберлікпен сәтті пайдалана алады.

Жазушының тілдік мәнерінде көп қолданылатын көріктеу құралы – эпитет. Оның эпитеттері күрделі, ауыр, көбіне метафоралық бояумен беріледі. «Енесінің емшегіне шиқан шыққыр екінді», «талапқа бергісіз бұзау тіс өтініш», «қос қайнауы ішіндегі қызыл ет әуен»... Осындай троптық әдістердің арқасында жазушыда тосын суретті эпитеттер көп жасалынады. Жазушы шығармашылығында абстрактылы ұғымдардың деректі заттармен байланысқа түсуі де тосын.

Асқардың тілдік қолданыстарындағы бұл сипат — жазушы қолтаңбасында көп шығармашылық жолдан, эксперименттік сыннан өтіп орныққан нәрсе. Кезінде бұл өрнек сынға да ұшыраған. Ғ.Мүсірепов бұны "ішкі теңеулері рабайсыз сөйлемдер" (Ғ.Мүсірепов. Кітап аты- “Бесін”, авторы – Асқар,” Қазақ әдебиеті, 27.09.1970) деп атаған. Кейіннен сол "рабайсыз" тілдік өрнек жазушының қолтаңбалық ерекшелігіне айналды. Жазушы өзінің поэтикалық, стильдік шеберханасында троптың неше түрін кеңінен, мол пайдаланады.

Асқар Сүлейменов тілі көбінесе көркем астарға ие болып келеді. Жай қарапайым баяндаудың өзінде ол қарабайырлықпен емес, шешендікпен сөйлейді. Мысалы, «Адасқақ» повесіндегі Жанботаның Біржанға тіл қатуы – нағыз көркемдіктің үлгісі десе де боларлық.

Оның сөйлем құру жүйесі көбіне инверсияға негізделеді. "Шайнамай тізесін, кемірмей тұяғын тына қояр, тынши қояр түрі жоқ"(Адасқақ). Ол оның сөйлемінің қозғалыс динамикасын арттырады, ұшқыр етеді. Асқар тілінің поэтикалық әлемін тілдік механизм тұрғысынан Р.Сыздықова жақсы талдайды (Р.Сыздықова. Асқардың сөз өрімі, Парасат падишасы, Алматы, 1998). Р.Сыздықова жазушының "Бесатар"" повесін нысана етіп алған. А.Сүлейменов үшін бүкіл көркем шығарма — салт-дәстүр, тіл, саясат, философия, дін, тарих, әдебиет, психологияны көрсететін құрылым.

Жазушы шығармаларының көркемдік мақсаты айқын, ол — ұлттық идея.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]