
- •Бұқар жырау Қалқаманұлы
- •Жанақ Сағындықұлы
- •Дулат Бабатайұлы
- •Махамбет Өтемісұлы
- •Шернияз Жарылғасұлы
- •Шөже Қаржаубайұлы
- •Сүйінбай Аронұлы
- •Шортанбай Қанайұлы
- •Біржан сал Қожағұлұлы
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Ақан сері Қорамсаұлы
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жамбыл Жабаев
- •Шәңгерей Бөкеев
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеев
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Нұрпейіс Байғанин
- •Әсет Найманбайұлы
- •Ахмет Байтұрсынов
- •Омар (Ғұмар) Қарашев
- •Сара Тастанбекқызы
- •Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
- •Міржақып Дулатұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Мағжан Жұмабаев
- •Сұлтанмахмұт Торайғыров
- •Бейімбет Майлин
- •Сәкен Сейфуллин
- •Ілияс Жансүгіров
- •Сапарғали Бегалин
- •Мұхтар Әуезов
- •Бернияз Күлеев
- •Иса Байзақов
- •Сәбит Мұқанов
- •Ғабиден Мұстафин
- •Ғабит Мүсірепов
- •Әбу Сәрсенбаев
- •Хакімжанова Мариям
- •Әлжаппар Әбішев
- •Дихан Әбілев
- •Ғали Орманов
- •Тайыр Жароков
- •Әбділда Тәжібаев
- •Бауыржан Момышұлы
- •Қасым Аманжолов
- •Жұмағали Саин
- •Қалижан Бекхожин
- •Саттар Ерубаев
- •Ілияс Есенберлин
- •Мұқан Иманжанов
- •Хамит Ерғалиев
- •Мал қайтарған үніміз
- •Қасым Қайсенов
- •Жұбан Молдағалиев
- •Тұрсынхан Әбдірахманова
- •Әзілхан Нұршайықов (1922 жылы туған)
- •Сафуан Шәймерденов
- •Сырбай Мәуленов
- •Мұзафар Әлімбаев (1923 жылы туған)
- •Тахауи Ахтанов
- •Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 жылы туған)
- •Бердібек Соқпақбаев
- •Сара Мыңжасарова
- •Шона Смаханұлы
- •Қуандық Шаңғытбаев
- •Нығмет Ғабдуллин
- •Ғафу Қайырбеков
- •Қалтай Мұхамеджанов
- •(1930 Жылы туған)
- •Мұқағали Мақатаев
- •Кәкімбек Салықов (1932 жылы туған)
- •Шерхан Мұртаза (1932 жылы туған)
- •(Әкім Тарази)
- •Әубәкіров Оспанхан
- •Сағи Жиенбаев
- •Ғаббас Қабышұлы (1935 жылы туған)
- •Жұмекен Нәжімеденов
- •Қадыр Мырза Әли
- •1935 Жылы туған
- •Рамазан Тоқтаров
- •Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)
- •Кеше үйленген араздасты екі жас,
- •Ысқақ Қалихан (1935 жылы туған)
- •Айтхожина Марфуға (1936 жылы туған)
- •Қабдеш Жұмаділов (1936 жылы өмірге келген)
- •Құмарова Шәрбану (1936 жылы туған)
- •Төлеген Айбергенов
- •Асқар Сүлейменов
- •Оразбек Сәрсенбай (1938 жылы туған)
- •Әбіш Кекілбаев (1939 жылы туған)
- •Фариза Оңғарсынова (1939 жылы туған)
- •Мұхтар Мағауин (1940 жылы туған)
- •Нұржекеев Бексұлтан (1941 жылы туған)
- •Дулат Исабеков (1942 жылы туған)
- •Дүкенбай Досжан (1942 жылы туған)
- •Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған)
- •Софы Сматаев (1942 жылы туған)
- •(1942 Жылы туған)
- •Оралхан Бөкеев
- •Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы туған)
- •Жәркен Бөдешұлы (1944 жылы 15 мамырда туған)
- •Жұматай Жақыпбаев
- •Медетбек Темірхан (1945 жылы туған)
- •Тынымбай Нұрмағанбетов (1945 жылы туған)
- •Ахметова Күләш (1946 жылы туған)
- •Мырзабеков Кеңшілік
- •Шөмішбай Сариев (1946 жылы туған)
- •Нұрлан Оразалин (1947 жылы туған)
- •Оразбаев Иранбек (иран-ғайып) Әбітайұлы (1947 жылы туған)
- •Марат Қабанбайұлы
- •Несіпбек Айтұлы
- •Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы (1954 жылы туған)
- •Есенғали раушанов (1957 жылы туылған)
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Жәркен Бөдешұлы (1944 жылы 15 мамырда туған)
Қазақтың көрнекті лирик ақыны Жәркен Бөдешұлы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Түркі тілдер елдері поэзиясы фестивалінің лауреаты, Қ.Сатпаевтың 150 жылдық мерей тойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері. Тәуелсіздіктің он жылдығы медалымен, президетнттің құрмет граматасымен марапатталған. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Жәркен Бөдешұлы Қытай Халық Республикасы, Шыңжаң өлкесі, (ежелгі аты Шығыс Түркістанның) Тарбағатай аймағы, Толы ауданы, Жайыр тауында 1944 жылдың 15-мамырында дүниеге келген. Әкесі Қызыр ағасы Бөдешке Жәркенді асырап алуға береді. Ал, өз әкесі Қызыр – сол елдегі алғашқы оқығандардың бірі. Толы ауданы, Жайыр тауының Дәм деген қыстауында тұңғыш мектеп ашып, сонда директоры болған.
Кезінде, бастауыш сыныпты әкесі ашқан мектептен оқыған Жәркен, , орта мектепті Толы ауданында жалғастырды. Осы жерде оқып жүргенде, Қытай мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Серік Қапшықпайұлы мен Керейғазы Нұрсадықұлы алғашқы ұстазы болып, әдебиет пәнінен сабақ берген. Болашақ ақынның әдебиет әлеміне келуіне осы кісілердің әсері болғаны сөзсіз. Оныншы сыныпты бітіргеннен кейін, жалғасты Үрімжідегі Шыңжаң университетінің әдебиет факультетіне 1962 жылы түсіп 1967 жылы оқуын аяқтаған. Оқып жүрген кезде он жылға созылған мәдениет зор төңкерісінің ұшқыны басталып кетеді де [1966-1976 ж.ж.], оқуы аяқсыз қалды. Сол кезде Қытай өкіметінің, оқыған жастарды ұстап, түрмеге жабу оқиғасы етек алып, Жәркеннің соңынан да шырақ алып түсу басталады. Әлімғазы Дәулетханұлы мен Айтан Түсіпханұлы деген достарына ілесіп, Жабақ деген кісінің бастауымен 1969 жылы сол кездегі Кеңес одағының құрамындағы Қазақстанға қашып өтеді. Қазақстанға келгеннен кейін саяси сынақ тапсыртады. Сынақтан өткендерді Көкшетауға қой бағуға жібереді. Сонда екі жыл қой бағады. Сонда Көкшетаудағы «Көкшетау правдасы» деген газетте(1969-1973жж.) меншікті тілші болып жұмыс істейді. Онда бір жарым жыл істегеннен кейін Алматыға келіп, Алматы құрлыста 1974 жылдан 1978 жылға дейін жұмысшы болып істеген. Кейін қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп (1979-1983жж.), оны жақсы бітіріп шығады. Журналистиканы бітіргеннен кейін, сол кездегі Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап палатасы деген жалғыз қазақ палатасында 1983 жылдан 1994 жылға дейін жұмыс істеген. Сонда жұмыс істеген жылдары осы мекеменің директоры жазушы Тахауи Ахтановтың тапсырысы бойынша, төте жазумен жазылған «Айқап», «Қазақ» т.б газет-журналдардың мәтінін кирилицямен қазақ жазуына түсіреді. Сонымен бірге 1994 жылдан 2007 жылға дейін «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында» бас маман болып қызмет атқарған. 2008 жылдан қазірге дейін Қазақстан жазушылар одағының поэзия бөлімінің кеңесшісі болып жұмыс істейді.
Ақынның «Көкшеқұрақ» (өлеңдер мен поэмалары) 1979, «Қос қанат» (өлеңдер мен поэмалар) 1982, «Аспан дауысы» (өлеңдер мен поэмалар) 1985, «Зейін» (өлеңдер мен поэмалар) 1987, «Жұлдызға орынын ай бермес» (өледер мен помалар)1996, «Бөрінің асығы», мемлекеттік тапсырыс бойынша «Бұрылыс» (2007), «Құбылыс» (өлеңдер мен поэмалар) 2009, атты жыр жинақтары жарық көрді. Ақын өзінің тағдыры туралы «Жайырдың жалғызы» атты роман жазды. Бұл роман әлі жарияланған жоқ.
Жәркен Бөдешұлының шығармалары жайлы Әбіш Кекілбаев, Қабдеш Жұмаділов, Сауытбек Әбдірахманов, Темірхан Медетбеков, Айгүл Кемелбаева, Ақеділ Тойшанұлы, Ардақ Нұрғазыұлы және т.б жоғары баға берген. Жәркен ізденіс үстіндегі ақын. Тәуелсіздіктің жемісі болып табылатын «Бұрылыс» «Құбылыс» кітаптары соның дәлелі. Ол қазақтың жыраулық поэзиясының көркемдік үлгілерін бүгінгі әлемдік, еуропалық поэзиямен ұштастыра жазған ақындарымыздың бірі.
Ақын өлеңдерінде көтерілетін негізгі тақырыптарының бірі – Отан, туған жер, туған ел, ақын Ата жұртқа келсе де, кіндік қаны тамған жеріне деген сағынышы сел болып жауады. Туған жерінің адамдары мен табиғатына деген сағынышын «Туған жер» деген өлеңінде өрнектеп көрсеткен.
Ақынның туған жерден алыстауына себеп болған, саясаттың тепкісі екенін еске алып отырудан шаршамайды. «Туған жерім Жәйір тау» өлеңінде:
Туған жерiм Жайыр тау,
Екi өркештi айыр тау.
Айыр таудан сұм тағдыр
Тiрiдей менi айырды-ау,
Тiрiдей менi айырды-ау! деп келеді. Осы өлеңды
Оқып отырғанда, Махамбеттің атақты «Қызғыш құс» өлеңі еске түсетін осынау жолдардағы ақын күйзелісі айқын. «Туған жерден кеткелі» өлеңінде ақын өзіне «көк бөріні» символ етіп алады да, «Айға қара ұлысам, ай сарғайып батады. Күнге қарап ұлысам, күн сарғайып батады. Таңға қарап ұлысам, таң сарғайып атады. Тауға қарап ұлысам, тас сарғайып қалады. Суға қарап ұлысам, су сарғайып ағады. Сарғайтпайтын заман жоқ, адал аз да, арам көп. Ұрлығы көп заманда, ұлымасқа амал жоқ» деп тебіренеді. Ақынның туған жерге деген шексіз сағыныш сезімі осы жолдардан да аңғарылады. Қай заманда да, пендеге тірек болатын, кіндік қаның тамған туған жерден басқа пана табылмайтыны өлеңде көркемдікпен түсіндіріледі. Сонымен бірге, «Туған таудың бөлшегі» өлеңінде де, өзінің бүйрегіндегі тас туралы толғанады. Ақын Алтайдан, Атырауға дейін бардым, бір емес, Алатауды алты айналдым. Жәйір таудан тартып, Алатауға дейін баспаған жері, аспаған тауым жоқ. Әсілі бұл тас туған жердің менің денемдегі бір бөлшегі болуы керек дегенді айтқысы келіп Сағынышыма демеу болатын осы тасқа да, разымын деген тың түсінік жасайды.
Туған жер – ақын поэзиясының таусылмайтын тақырыбы екеніне әр жинағын оқыған сайын көзіңіз жетеді. Жәркен Бөдешұлының «Жәйіртауы», Оралхан Бөкеевтің «Алтайы», Мұқағали Мақатаевтың «Қара Сазы» тәрізді туған жердің жарқын символына айналған.
Ақын өз өлеңдерінде тағдырдың жаңғырық екенін, өзің біреуге қиянат жасасаң, сол өзіңе қиянат болып оралатынын қисынмен келтіруі де шеберлікің нышаны. «Туған жердің қояны» атты өлеңінде, ақын бала кезінде шидің түбінде жатқан қоянның жамбасын сындырғанын, анасы қоянды емдеп, көз алдында қоя бергенін жырлап келеді де, сол қиянаттың өз тағдырына да әсер еткенін, яғни қырықтың қырқасына шыққанда өзінің де жамбасы сынып емханаға түскенін параллель баяндайды. Тағы бір « Қызыл ала қырғауыл» атты өлеңінде де, бала кезінде анасының қолынан тұзақ ескізіп, қырғауылды ұстағанын, кейін сол істеген қиянаты, өз өмірінде де мойнына тұзақ болып ілінгенін жарыстыра отырып баяндаған. Ақынның осы өлеңдердер арқылы түйіндегені, тіршілік пендесіне қылдай қиянат жасасаң, сол қиянатың жаңғырық болып өз өміріңнен көрініс беретінін айтады. Адамзатты тіршілік атаулыға қиянат жасамауға шақырады.
Ақын туған жерден тыс, қазақтың есімі ел есінде қалған тұлғалары туралы да жазған жырлары бірсыпыра, Абай Құнанбаевқа, М.Әуезовке, Оралхан Бөкеевке, Мұқағали Мақатаевқа, Әбіш Кекілбаевқа, Қасым Аманжоловқа т.б арнаған өлеңдегі тек жалаң мақтау ғана емес, олардың өзіндік дара ерекшеліктерін де дәл бейнелей білген. «Талқы» деген поэмасында Бауыржан Момышұлының ақтық сапарға аттанып бара жатқанда, талқыға жиналғандардың батырды қай жерге жерлеу керектігін, біле алмай екі жікке бөлініп тартысқа түскенін баяндай келіп, соңғы шешімді ақынның өз рухына береді. Ұлы тұлғаның асқақтығын, өзі өлсе де, рухының биіктей түскенін поэмада нанымды жеткізеді. Әдебиетімізге жаңашыл шығарманың бірі ретінде келген туындысы – «Жақия» поэмасы. Мұнда, Махамбеттің рухының өлмейтіндігін, кешегі желтоқсанда шыққан жалынды жастардың рухын соның заңды жалғасы ретінде сезінетіні поэмада нанымды көрініс табады.
Ұлы ғалым Сәтбаевтың алғаш рет қазақ даласынан кен қорын тапқанын жырға тиек ететін «Қаныштың картасы» атты поэмасының да мазмұны терең. Қарсақбайда тұңғыш кен қорыту техникасының келуі де Қаныштың еңбегімен тікелей байланысты екендігі айтылады, осыларды айтып келеді де, даналардың – қазақтың игілігіне жұмсалса екен деген кен байлықтарының басқа жат елдерге жем болып бара жатқанын да күйзеле жырлайды.
«Керуен-керуен вагонға, тау-тау болып тиелген –
Анау көрші шығысқа,
Көмір кетіп барады, темір кетіп барады,
Тегін кетіп барады...
Ұзатылған жат жұртқа мұңлық, бейбақ қыздай боп,
Мұнай кетіп барады, жылай кетіп барады.
Темір жолдың бойында шашы ағарған ана отыр,
Ой түйінін жаза алмай,
Айдаһарға жұтылып бара жатқан сазандай» – дейді ақын.
Осы шумақты оқып отырып, ақынның ел келешегіне алаңдаушылығы айқын көрініс табады.
Поэманың соңында ғарыштағы жұлдыздардың бірі Қаныш атымен аталғаны туралы айта кетеді де, ол кісінің рухы ғарышта, бізге мәңгілік жарығын шашып тұратын сәулелі жұлдыз деген оймен поэманы тиянақтайды. Ақынның бұдан басқа да көптеген поэмалары бар. Тәуелсіздіктің алдында құлашын жаза алмай, тосырқап, жан-жағына барлай қараған арқалы ақын бұл күндері жыр майданына тайсалмай кіргенін өз өлеңдері арқылы дәлелдеп отыр. Ж.Бөдешұлы жалаң, әсіре қызылдыққа бой алдырудан аулақ. Ақын өткендегі тарихи тұлғалар мен тарихтың қатпарын аша отырып, өткен күннің елестерін жырмен кестелейді. Болашақ ұрпаққа халқының болашағын ойлайтын жастардан болуға шақырады. Темірхан Медетбековтің сөзімен айтсақ, Жәркен Бөдешұлы жұлдызынан жаңылмаған ақын.