Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Гүлдердің тілі мен түрі

«Қызыл гүлдер, көк гүлдер, сары гүлдер» деп бұрындары жиын-той сайын

Әсет Бейсеуовтың атақты «Гүлдер» әнін шырқата жөнелткеніміз есіңде ме, замандас?

Кәдімгі әрбір гүлдің түсін түстеп, атын атаған уақытта әдемі үйлесімділікке ешқандай нұқсан келмейтінін сонда-ақ сезген екенбіз-ау.

Әрбір гүл – символ. Ақ гүл – пәктіктің, қызыл гүл – ғащықтықтың, сары хризантема – шын сүюдің белгісі.

Гүлдер арқылы алдымыздағы кісіге сүйіспеншілігімізді, оған деген көзқарасымызды білдіреміз. Дау-дамай, таластан соң бір десте гүл сыйласаң, әлгінде түсіне алмай отырған кісінің әп-сәтте жайдарланып шыға келетіні бар. Махаббатыңызды басқа да сезімдеріңізді білдіру үшін гүлдерді пайдаланыңыз. Мысалы, ақ гүл – пәктікті, қызылы – ғашықтықты, сары-жауқазын – шаршаңқылықты, сары хризантема – жауабын күтпестен беріле сүюді білдірсе, ғашықтар тілінде түймедағы – көнбіс махаббатты, ал қызық гүл – оттай жанған сезімді бейнелейді.

Интерфлора гүл қоғамның мәліметтеріне қарағанда, гүлдерді негізгі үш тілде түсіндіруге болады: «Түркі тілінде гүлдер тілі», «Ғашықтық тілінде гүлдер тілі» және «Халықаралық тілде гүлдер тілі».

Гүл атаулары сияқты олардың түстері де өзінше символ. Гүлді сыйлағанда сол символдық ерекшеліктерін біреу біліп, біреу білмейді. Сонымен ...

Ғашықтық тілінде гүлдер:

Күлгін гүл: көңілім сенді.

Жауқазын: шын ғашықтық.

Көлігдір гүл: Аллаға деген махаббат.

Анемон: махаббаттағы бақыт.

Түймедағы: момын махаббат.

Қызыл гүл: қызу махаббат.

Шырмауық гүл: қызу махаббат.

Ирис: ғашықтың естелігі.

Хризантема: меланхолия

Бәйшешек: жаңарған махаббат

Сырға гүл: жеңілтек қызығушылық

Түркі тіліндегі:

Ақ гүл – пәктік

Қызық гүл – махаббат

Сары гүл – ыстық сүйіспеншілік

Ақ қалампыр – тазалық

Қызыл қалампыр – сүйіспеншілік

Күлгін қалампыр – шын пейіл

Сары қалампыр – уайым

Анемон – жастық

Орхидея – тәкаппарлық

Виктория – жаңару

Ақ жауқазын – тазалық

Қызыл жауқазын – тазалық

Күлгін жауқазын – түсіністік

Маргарита – молшылық

Ирис –нәзіктік

Халықаралық ұғымдағы гүлдер

Лилия – сенім

Күлгін түс – мейірім

Гербера – жақсылық

Ақ түс – тазалық

Фрезия –бейкүнәлік

Көгілдір түс – жұмсақ мінезділік

Ақ хризантема – үнсіз тілек

Қою күлгін – жесірлік

Сары хризантема – жауабын күтпестен құлай сүю

Қоңыр - өткенді еске алу

Қара-қайғы

Сұр – меланхолия

(«Қазақстан Заман», 2001 ж.)

4. Мәтіннен махаббат сөзінің анықтауыштарын табыңыз.

Үлгі: момын махаббат

5. Мәтіннен үлдердің түсі туралы сөздерді теріп жазыңыз.

Үлгі: пәктік. пәк+тік

6. Мәтіннен гүлдердіғң түсі туралы сөздерді теріп жазыңыз.

Үлгі: ақ, ...

7. Мәтіннен қазақша берілген гүл атауларын теріп жазыңыз, жалғастырыңыз.

8. Халықаралық ұғымдағы гүлдерді атаңыз. Олар нені білдіреді?

9. Ғашықтық тіліндегі гүлдер тіліне дейді? Жазыңыз.