Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

5. Жазыңыз Ғасыр сыйлығы

Бүгінгі таңда сыйлықтардың “атасы” – Нобель атындағы сыйлық. Альфред Нобель 1833 жылы Стокгольм қаласында туған. Әр жылдары Ресейде, АҚШ-та, Францияда өмір сүріп, 1896 жылы Италияның Сан-Ремо қаласында дүние салды. Өзі ашқан бірқатар ғылыми жаңалықтар арасында динамитті ойлап табу да бар, оны әлемдегі ең бай адамдардың қатарына шығарды. Қайтыс боларынан бір жыл бұрын ол өз капиталын 33 миллион швед кронымен есептелетін сыйлық қорына айналдыру жөніндегі өсиет-аманатын қалдырды. Сыйлықтар бес бөлікке бөлініп: бірінші бөлігі – физика саласындағы ең маңызды жаңалықты ашқандарға, екіншісі – химия саласында ірі зерттеу немесе жетілдіру жасағандарға, үшіншісі – физиология мен медицина саласында аса зор табыстарға жеткендерге, төртіншісі – адамзат мұраттарын бейнелейтін ең елеулі әдеби шығармаларға, бесіншісі – халықтарды біріктіруге, езушілікті жоюға, әскерлер санын қысқарту мен бейбітшілік келісімдерін жасауға үлкен үлес қосқандарға беріліп келеді.

6. Мәтін бойынша тапсырма:

а. Сыйлықтар бес бөлікке бөлінген. Өте қысқаша жазып көрсетіңіз.

ә. Нобель сыйлығын алған жазушы, ғалымдарды білесіз бе? Олар кімдер және не үшін алды?

7. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

а. Ғасыр суретшісі деп кімді атар едіңіз?

ә. Ғасыр фирмасы деп қай фирманы атар едіңіз?

б. Ғасыр фильиі деп қай фильмді атар едіңіз?

8. Жазыңыз:

Ғасыр суретшісі. Әйгілі француз қылқалам шебері Пабло Пикассоның (1881 - 1973) шыққан тегі испандық, кубизм өнерінің негізін қалаушы. Ең атақты картинасы – “Герника”. Өте жемісті еңбек еткен суретшінің “Бейбітшілік көгершіні” аталатын туындысы нағыз бейбітшілік, достық символына айналды. 78 жыл бойы тынымсыз сурет салған ол 13500 картина, 100 мың гравюра, 34 мың кітап иллюстрациясын, 300 мүсін мен керамикалық фигуралар жасаған екен. Пикассоның бүкіл туындылары 500 миллион фунт стерлингке бағаланған.

9. Мәтін бойынша тапсырма:

а. Мәтіндегі цифрлар нені айтады?

ә. Қандай суретшілерді білесіз? Олардың қандай туындылары бар?

10. Тәуелдік жалғауды естеріңізге түсіріңіздер. Жіктелуін жазыңыз.

Жоғарыдағы мәтіндерден тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз. Сабақтың жүйесі тәуелдік жалғауына негізделген. Тәуелдік жалғауы туралы оқытушының шолуы, қорытындысы.

11. Тыңдаңыз (Мәтінді оқытушы оқиды немесе магнитофон таспасы арқылы беріледі):

Аудиомәтін бойынша тапсырма:

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

а. Апат қайда, қашан болды?

ә. Радиация мөлшерін Хиросима, Нагасакимен салыстырыңыз. Қандай цифрлар аталды?

Ғасыр апаты

1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом стансасында болған қайғылы апат бүкіл әлемді елеңдетті. Апат зардабын сөзбен айтып жеткізу еш мүмкін емес. Апат кезінде ауаға жайылған радиацияның мөлшері 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 30-40 есе көп, ол 30 шақырымдық радиусты қамтыған.

Өзіңізді өзіңіз бағалаңыз:

  1. мұны орындау қиын емес;

  2. жасай аламын, бірақ қиын;

  3. орындай алмаймын.

Ауызша мәтіннен және жазбаша материалдардан ғасыр кереметтері мен кейіпкерлерін табыңыз

Ғасыр адамы туралы ақпараттар тауып, әңгімелеңіз.

Мәтіннен ғасыр кереметіне қатысты сөздерді табыңыз.

Ғасыр ғаламатына байланысты (ғасыр апаты, ғасыр сыйлығы) ақпаратты әңгімелеңіз.

Ғасыр ғаламаты мен кейіпкерлері туралы өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Осы тақырыпқа байланысты көршіңізден сұраңыз.

Осы тақырып туралы әңгімені бастаңыз/ аяқтаңыз.

Ақпаратты хабарлаңыз.