Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Анамның тілі – айбыным менің

1. Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз:

Құдірет, табиғи, жоғалу, шарт, айырбастау, білімділік, сыйлау, ризасың, жырлау, тебірену, қынжылту, кінәлі, алдаспан, айбын, қуат.

2. Мына сөз тіркестерінің ана тіліндегі баламасын табыңыз, сөйлемдер құраңыз: патшалық құру, ту көтере алу, ұлттың жаны, ұлттық қасиет, ұлттығыңнан айрылу, мақтан ету, қадір тұту, талап қою, бесікті тербеу, шала білу, жарқ ету, кесіп айту, тығыз байланысты.

3. Мына сөздердің антонимін табыңыз:

табиғи – өз –

айырылу – туған –

ұзақ – атақты –

4. Мына сөздердің синонимін табыңыз: ұлттың жаны, ұлттық қасиет, ұлт болу, ұлттық тіл, сыйлау, шаттық, қайғы, тебірену, шала білу, қынжылту, құлағында қалу, кесіп айту.

5. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер:

а) Ана тіліңіз қай тіл?

ә) Ана тіліңізді білесіз бе?

б) Мектепте ана тіліңізді оқыдыңыз ба?

в) Ана тілі туралы афоризмдер, нақыл сөздер білесіз бе?

г) Үйде ана тіліңізде сөйлейсіз бе?

6. Мәтінді оқыңыз. Мәтін мазмұны атына сейкес келе ме?

“Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, ертеңгі де тағдыры” – дейді Бауыржан Момышұлы.

Атақты В.А.Сухомлинский бір кезде “төрт құдірет патшалық құрған мектепте ғана мәдениет ту көтере алады” деген еді. Олар: Отан, Адам, Кітап, Ана тілі.

Адам сияқты ұлттың да жаны бар. Оның тілі мен жаны табиғи тығыз байланысты. Тілінен айрылған халық міндетті түрде ұлттық қасиетінен айрылады және жоғалады.

“Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және негізгі шарты – ұлттық тіл. Дінді айырбастауға болады. Тілді айырбастау мүмкін емес. Дұрысы тілді де айырбастауға болады, бірақ онда ұлтыңнан, ұлттығыңнан айрыласың”, – дейді ақын Қадыр Мырзалиев.

“Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады”, – дейді Г.Гегель.

“Ана тілім менің, Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім сенсің, сені мақтан етемін”, деп жырлайды дағыстандық ақын Расул Ғамзатов. “Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың” – деп қатал талап қояды Паустовский.

“Уа, туған тіл... ата-анамның тілі! Ең әуелі осы тілмен шешем бесікті тербеген, ұзақ түнге әжем менің хикаялар сөйлеген. Уа, туған тіл, әр уақытта көмегіңмен бір сенің, Сәби күннен сезілетін, шаттығым, қайғым менің” – деп тебіренеді Ғабдолла Тоқай.

“Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілін білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі” деп алдаспандай кесіп айтады Бауыржан Момышұлы..

7. Мына сөздердің қазақша баламасын мәтіннен табыңыз:

● царствование четырех владык, культура может развиваться, народ, потерявший свой язык, потерять национальность.

● “Меня очень огорчает то, что некоторые наши девушки и парни не знают родной язык. В первую очередь, в этом виноваты родители”.

(Бауыржан Момышулы)

8. Сіздің пікіріңіз.

Келісіңіз немесе қарсылығыңызды білдіріңіз.

1) Төрт құдірет – Отан, Адам, Кітап, Ана тілі.

2) Тілінен айрылған халық міндетті түрде ұлттық қасиетінен айрылады және жоғалады.

3) Тілді айырбастасаң, ұлттығыңнан айрыласың.

4) Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлау.

5) “Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың”, – деп қатал талап қойған – атақты Г.Гегель.

6) “Дінді айырбастауға болады. Тілді айырбастау мүмкін емес”, – деп тебіренген – Ғабдолла Тоқай.

7) Бауыржан Момышұлының пікірінше, кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілін білмеуіне ата-ана кінәлі.

9. Мына сұрақтарға назар аударыңыз:

а) Анаңның тілін, әжеңнің тілін құрметтейсің бе?

ә) Талай-талай ертегілер шерткен әжеңнің тілін ұмытқан жоқсың ба?

б) Түн ұйқысын төрт бөліп әлдилеген анаңның тілі, анаңның бесік жыры құлағында қалды ма?

“Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі ғылым біл” – деген ата-баба өсиеті бүгін де құнды, ертең де құнды. Бірақ сенің отаншылдығың да анаңның тілін ардақтаудан басталады. Өйткені, сенің айбының, қуатың – ана тілі.

10. Лексикалық түсініктеме

1. Патшалық құру – царствовать, царствование.

2. Құдірет – божество; всемогущество, сила.

Мәтіндегі “төрт құдірет патшалық құрған мектепте ғана мәдениет ту көтере алады” деген сөйлемде – төрт құдірет – төрт күш – Отан, Адам, Кітап, Ана тілі – құдіретті, күшті болуы керек деген мағынада.

3. Қадір тұту – почитать, уважать, оказывать почет, ценить, почитание.

Қадір тұту – қадірлеу, сыйлау, бағалау, құрметтеу, деген мағынада.

4. Қынжылу – огорчаться.

Қынжылтарлық нәтиже – плачевный результат.

5. Хикаялар сөйлеген - әңгіме, ертегі, аңыз айтқан деген мағынада.

6. Ертегілер шерткен – ертегі айту деген мағынада.

Домбыра шерткен – домбыра тарту дегенді білдіреді.

Шерту – пощелкать, пощелкивание на домбре, щелкать пальцами, шертіп жіберу – пощелкать, щелкнуть.

7. Түн ұйқысын төрт бөлу – бессонная ночь.

Бөлу – выделять, деление, делить, разбивка, раздел, разделить, разделять.

Сөз буынға бөлінеді – Слова делятся на слоги. Сіздің ойыңызды бөлемін – Я разделяю Ваше мнение.

8. Мәдениет ту көтере алады – культура может развиваться

9. Ұлттық қасиет – национальный характер

10. Ұлттығынан айрылу – потерять национальную особенность

11. Риза болу – быть довольным

12. Мақтан ету – гордиться

13. Тілді шала білу (тілді шұбарлау) – варваризм

14. Кесіп айту – резко выразиться

15. Бесік жыры – колыбельная песня

16. Құлағында қалу – запомниться

17. Ардақтау – дорожить.

11. Түсініктемеде берілген сөздерді төмендегі мысалдардан табыңыз.

1. Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, желеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған.

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Бақ жұлдызы ешқашан да жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы. (М.Шаханов)

2. Петр І патшалық құрған кезде Ресейде көп өзгерістер болған.

3. Дәл қазір үйде тыныштық патшалық құрып тұр.

4. Ата-баба өсиетін қадір тұту, құрметтеу – біздің парызымыз.

5. Менің әжем күнде ертегілер айтатын, өмірінен сыр шертетін.

6. Студенттер екіге бөлінді.

7. Ойым бөлініп кетті.

8. Халық ту көтеріп, қол бастаған батырларын ардақтайды.

9. Ұлттық қасиеттерімізді қадір тұтамыз.

10. Істеген ісің шала болмасын.

11. Ана тіліңді шала білу – білімділік емес.

12. Мына сөз тіркестерінің ана тіліндегі баламасын табыңыз: тіл шұбарлау, ұлттық ойлау, сыр шерту, ата-баба өсиеті, жарым-жартысы (жартылай) қазақша, жарым-жартысы орысша.

Грамматикалық түсініктеме

1. Тәуелдік жалғау. Зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын – субстансивтенетін сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысал: Заттың жаңа + сы жақсы, Достың ескі + сі жақсы.

Мұндағы жаңасы, ескісі субстансивтеніп тұрған сын есімдер.

Студенттердің екеуі жоқ.

Мұндағы екеу – зат есім қызметін атқарып тұрған сан есім.

Ердің екі сөйлегені - өлгені,

Білгенімнен білмегенім көп.

Ерте келгенің жақсы болды.

Ұшарымды жел білер, қонарымды сай білер.

Мұндағы сөйлеген + і, білмеген + і, келген +ің – заттанған есімшелер, яғни есімшелер тәуелденеді, септеледі, жіктеледі, көптік жалғауын қабылдайды (Причастие в казахском языке принимает аффиксы принадлежности, форму множественного числа, аффиксы лица и падежей).

2. Модальдық мағына

Алу етістігі көсемшенің (в сочетании с деепричастиями) –а, -е, -й жұрнақтарымен тіркесіп модальдық мағына (значение модальности) береді. Жіктік жалғау көмекші етістікке жалғанады (алу - мочь). Мысалы: Мен жаз-а аламын – “я могу писать”, сендер қазақша сөйлес-е аласыңдар – “вы можете говорить по казахски”.

Негізгі және көмекші етістік қатар келгенде -а, -е жұрнақтары оқылмайды. Мысалы: сөйлес(е)+ аламын = сөйлесаламын, бар(а)+аласың = бараласың.

Болымсыз түрі (отрицательная форма): Сіздер жиналыста сөйлей алмапсыздар – Вы, оказывается, не смогли выступить на собрании.

Грамматика

Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі

1.Сөйлемдерді оқыңыз.Объектіні білдіретін сөздерге сұрақ қойыңыз.

Б.Момышұлы тіл халықтың тағдыры екенін айтты. Атақты В.А.Сухомлинский бір кезде төрт құдірет патшалық құрған мектепте ғана мәдениет ту көтере алатынын айтты. Олар: Отан, Адам, Кітап, Ана тілі. Г.Гегель білімділіктің ең басты факторы туған тіліңде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталатынын айтты. Ақын Ғабдолла Тоқай туған тілі шаттығы, қайғысы екенін айтып тебіренеді. Осы тілмен анасы бесік тербегенін, әжесі хикаялар сөйлегенін айтады.

4. Сөйлемдерді салыстырыңыз. Төл сөздің төлеу сөзге айналуына назар аударыңыз.

Атақты ұстаз: «Төрт құдірет: Отан, Адам, Кітап, Ана тілі», – дейді.

Атақты ұстаз төрт құдірет Отан, Адам, Кітап, Ана тілі екенін айтады.

Ұлы адамдар: «Тілінен айрылған халық міндетті түрде ұлттық қасиетінен де айрылады», – дейді.

Ұлы адамдар тілінен айрылған халықтың міндетті түрде ұлттық қасиетінен де айрылатынын айтады.

Ақын Қ.Мырзалиев: «Тілді айырбастау мүмкін емес», – дейді.

Ақын Қ.Мырзалиев тілді айырбастау мүмкін еместігін айтады.

Ф ЕҰУ 703-01-11 кешен. Баспа: екінші

5. Мына сөйлемдерді жазыңыз, оқыңыз. Біреудің сөзін, ойын айтыңыз.

1. «Ана тілім менің,Сен маған ризасың ба, сені мақтан етемін»,–дейді Расул Ғамзатов.

2. «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың»,–дейді Паустовский.

3. «Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілін білмеуіне ата-ана кінәлі, – деп кесіп айтады Б.Момышұлы.

4. «Ұлттың тілі мен жаны табиғи тығыз байланысты», – дейді ұлы адамдар.

Назар аударыңыз!!!

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру құрылымы былайша беріледі:

● Егер төл сөзде етістік ауыспалы осы шақта болса, төлеу сөзде – қашан келесің? Қашан кел+етін+ім+ді болып өзгереді. Яғни түбір етістік + –атын, –итін, –етін есімше тұлғасы + тәуелдік жалғауы + табыс септігі.

Егер төл сөзде етістік өткен шақта берілсе, төлеу сөзде қашан келдің? Қашан кел+ген+ім+ді болып өзгереді. Яғни түбір етістік + –ған, –ген, –қан, –кен тұлғалы есімше + тәуелдік жалғауы + табыс септігі.

Төл сөзде:

Үлгі: Шешем: “Жұмыстан қашан келесің?” – деп сұрады.

Төлеу сөзде:

І жақта берілуі

ІІ жақта берілуі

ІІІ жақта берілуі

Шешем менің жұмыстан қашан келетінімді сұ-рады.

Шешем сенің жұмыстан қашан келетініңді сұ-рады.

Шешем оның жұмыстан қашан келетінін сұрады.

Назар аударыңыз!!!

● Егер төл сөзде етістік өткен шақта болса, төлеу сөзде өткен шақ есімшеге тәуелдік жалғауы, табыс септігі жалғанады.

Төл сөзде:

Үлгі: Шешем: “Балам, жұмыстан қашан келдің?” – деп сұрады.

Төлеу сөзде:

І жақта берілуі

ІІ жақта берілуі

ІІІ жақта берілуі

Шешем менің жұмыстан қашан келгенімді сұ-рады.

Шешем сенің жұмыстан қашан келгеніңді сұ-рады.

Шешем оның жұмыстан қашан келгенін сұрады.

Есіңізге түсіріңіз!

Есімшенің тәуелденуі:

Жекеше түрі:

І жақ

ІІ жақ

ІІІ жақ

Менің оқыған + ым

Сенің оқыған + ың

Оның оқыған + ы

Көпше түрі:

І жақта берілуі

ІІ жақта берілуі

ІІІ жақта берілуі

Біздің оқыған + ымыз

Сендердің оқыған + дар + ың,

Сіздердің оқыған + дар + ыңыз

Олардың оқыған + ы

Менің жаз+атын+ым

Сенің жаз+атын+ың

Сіздің жаз+атын+ыңыз

Оның жаз+атын+ы

Біздің жаз+атын+ымыз

Сендердің жаз+атын+дарың

Сіздердің жаз+атын+дарыңыз

Олардың жаз+атын+ы

Ескерту:

● Егер төл сөзде баяндауыш зат есімнен болса, төлеу сөзде одан кейін екен көмекші етістігі тіркеседі. Мысалы: Бауыржан Момышұлы тіл халықтың ертеңгі де тағдыры екен+і+н айтады.

● Төл сөздегі дейді, деп, деді орнына, төлеу сөзде айтады, айтуынша, пікірінше, айтуы бойынша, көрсеткеніндей (+ ы + н + дай) тіркестері де қолданылады. Мысалы: Гегельдің пікірінше, білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.

13. Мәтіндегі төл сөздерді төлеу сөздерге айналдырыңыз

14. Көршіңізбен әңгімелесіңіз (ұлты – орыс, кәріс, түрік, қазақ , ұйғыр, неміс)

15. Көршіңіздің әңгімесін төлеу сөз үлгісінде баяндаңыз.

16. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді түгел теріп, І, ІІ, ІІІ жақта ажыратып жазыңыз.

17. Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

а) Ана тілі туралы ата-анаңыздың пікірі қандай?

ә) Ана тілі жөнінде құрбы-құрдас, достарыңыз не дейді?

Ф ЕҰУ 703-01-11 кешен. Баспа: екінші

Өз бетінше жұмыс тапсырмалары:

1. Ана тілі туралы басқа афоризмдер, нақыл сөздер, қанатты сөздер жазып келіңіз.

2. Ана тілі туралы пікіріңізді, түсінігіңізді жазыңыз. Өзіңіз жазған мәтінге ат таңдаңыз.

3. “Қазақстанның болағашы – қазақ тілінде” деген тақырыпта щағын шығарма жазыңыз.

2- САБАҚ