Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Келер ғасыр табиғатты сыйлау дәуірі болады

Біз қазіргі таңда адамды емес, Жер – Ананы емдеу проблемасына тірелдік.

Жер – Ана дәл қазір емге зәру.

Нақты дәлелдер келтіретін болсақ, біз Чернобыль атом электр станциясының ғана зардаптарын білеміз. Ал Семей сынақ алаңының зардабына Невада – Семей қозғалысына дейін назар аудардық па? Жоқ.

Семейде алғашқы жарылыс 1949 жылдың 29 тамызында жасалыпты. Ал соңғысы 1989 жылдың 19 қыркүйегінде болды. Осы қырық жыл ішінде 470 ядролық жарылыс жасалған. Олардың 90-ы әуеде, 26-сы жер бетінде, қалғаны жер астында өткізілген. Мұның сыртында 175 химиялық қару сынағы өткізілген. Бір ғана Абыралы аймағы қаншама зардап шеккен. Бұл бұл ма, “Капустин яр”, “Азғыр” сынақ алаңдарын қайда қоясыз. Қазақстанның бүкіл денесі жаралы. Ойлап қарасаңыз, Байқоңыр да – сынақ алаңы.

Қазақстанның барлық аймағы көмекке зәру. Бұл дегеніңіз Жер атты мекенге көмек керек деген сөз. Сондықтан ХХІ ғасыр Жерді емдеу ғасыры болмақ деп ойлаймыз.

ЮНЕСКО алдағы ғасырды табиғатпен санасу ғасыры деп жариялар деген ойдамын.

(“Заман-Қазақстан”, 21.08.1998 ж.)

5. Шын немесе жалған

Ш

Ж

а) Қазіргі кезде адамды емес, Жер – Ананы емдеу проблемасына тірелдік.

ә) Жер – Ана дәл қазір емге зәру емес.

б) Семейде алғашқы жарылыс 1949 ж. 29 тамызда жасалыпты.

в) Соңғы жарылыс 1989 жылы қыркүйекте жасалыпты.

г) 40 жыл ішінде 470 ядролық жарылыс жасалған.

ғ) Қазақстанның бүкіл денесі жаралы, “шұрық тесік”.

д) ХХІ ғасыр Жерді емдеу ғасыры болмақ.

е) ЮНЕСКО алдағы ғасырды табиғатпен санасу ғасыры деп жариялар деген ойдамын.

6. Түсінікті тексеру.

а. “Капустин яр”, “Азғыр”, “Байқоңыр”, “Абыралы” сынақ аймағы ма?

ә. Абыралыда (Семейде) қанша ядролық жарылыс болған?

б. Жарылыстың қаншасы ауада, жер бетінде, жер астында сыналған?

в. ЮНЕСКО алдағы ғасырды табиғатпен санасу ғасыры деп жариялар деп ойлайсыз ба?

г. Жер атты мекенімізге көмек керек деп ойлайсыз ба?

7. Назар аударыңыз, түсінігіңізді әңгімелеңіз.

“Капустин яр” полигоны “Азғыр” атом полигонын қоса алғанда, адамдар мен тірі табиғатқа келтіретін зиянының мөлшері жөнінен әйгілі Семей полигонынан асып түседі. 1952 жылы арнайы шешіммен Орал облысындағы Орда ауданының орталық бөлігі “Капустин яр” полигонына берілген.

1992 жылға дейін “Капустин яр” полигоны туралы ешкім ештеңе білген жоқ. Тек “Нарын” қозғалысы өмірге келген соң, көп құпия мәліметтер белгілі бола бастады. 17 жер асты жарылысы Азғыр аймағында жасалған. Қазір жер асты байлығымен әлем назарын аударып отырған Қарашығанақ өңірінде 6 жер асты ядролық жарылыс жасалған. Бұл сынақ аймағының құпия атауы –“Лира”. “Капустин яр” полигонының өзге сынақ аймақтарынан өзгешелігі – бұл – әскери-соғыс мақсатында құрылған үлкен кешенді жүйе. Мұнда кеңес қаруының жаңа үлгілері, 24 мыңнан астам ракеталар жарылып, сыналған.