Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Адам және қоғам

  1. 1-тапсырма. «Өзім туралы» деген тақырыпта әңгіме жазыңыз.

2-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, шағын мәтін құрастырыңыздар:

Ұлт, туған жер, жасы, балабақша, қалаған мамандық, ата-ана, ән салу, домбыра тарту, гитара тарту, спортпен айналысу, көңілді өткізу, қыдыру, демалу, сабаққа дайындалу, тыңдау, көру, жазу.

3-тапсырма. Сұхбаттағы қажетті сөз тіркестері мен сөйлемдерді жаттап алыңыздар:

- Танысып қоялық, менің атым-Арман.

- Өте жақсы. Ал менің атым-Ботагөз.

- Атың да, өзің де жақсы екенсің. Айып болмаса, жасың нешеде?

- Ешқандай айыбы жоқ. Менің жасым-18-де.

-Мен де 18-демін. Мен Қарағандыдан келдім. Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану факультетінде оқимын. Ал сен ше?

- Мен де осында оқимын.

- Мамандығың қандай?

- Мамандығым – шет тілінің мұғалімі.

- Ботагөз, сен қай жақтансың?

- Мен жергіліктімін.

- Сабақтарың қиын емес пе?

- Біздің сабағымыз өз қиындығымен қызықты.

- Сен қай көшеде тұрасың?

- Мен Бейбітшілік даңғылында тұрамын. Арман, сен жатақханада тұрасың ба?

- Мен ақылы бөлімде оқимын, ал жатақханада көбіне грант арқылы оқуға түскен студенттер тұрады. Ал мен пәтер жалдап тұрамын. Пәтерді жалға беруші жақсы, мейірімді адам. Ол - зейнеткер. Бұрын көп жыл балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген. Сондықтан да болар, біздерді де өз баласындай көреді. Ботагөз, сенің отбасың үлкен бе?

- Жоқ, менің отбасым онша үлкен емес. Ата-анам, екі әпкем, бір інім бар. Ал, сенің отбасың қандай, Арман?

- Менің отбасым үлкен. Атам бар, әкем, анам, бір ағам, үш қарындасым және кішкентай інім бар. Інімнің аты - Кенжебек. Біз бәріміз оны өте жақсы көреміз. Оның қылығы, сөзі тәтті.

- Арман, сенімен танысқаныма қуаныштымын. Міне, менің түсетін аялдамам да болды. Сау бол.

- Ботагөз, мен сенімен әлі кездесемін деп ойлаймын. Жарайды, жақсы, жолың болсын. Көріскенше!

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыздар:

  1. 1.Менің жас… он жеті… 2. Мен биыл оқу… түс… 3. Қолым бос кезде қыдырғанды ұната… 4. Маған жыл мезгілдерінен көктем ұнай… 5. Көктемде табиғат құлпыра…, күн шуағын төге…6. Айнала жап-жасыл болады, түрлі гүлдер жайқала… 7. Алайда жыл… барлық мезгілі өзінше әдемі. 8. Сабақты кейде табиғат аясында отырып оқыған да жақсы деп ойлай… 9. Туған жерімді, ата-анам мен бауырларымды сағын… 10. Сағыныш – адамзат… тән ұлы сезім.

5-тапсырма. Сөздердің сыңарларын табыңыздар:

Түстен …, кешке …, ерте…., сабаққа …, демалыс …, қызықты …, бас …

6-тапсырма. Төмендегі сөздерден ауызша сөйлем құраңыз.

1. Атқару-----------------------------------------

2. Көмектесу-------------------------------------

3.Жасау -----------------------------------------

4.Түсіну-----------------------------------------

5.Ескерту жасау-------------------------------

7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қоғам дегенді қалай түсінесіз?

2. Қоғамдық жұмыстар дегенді ше?

3. Университетте сіздің көмегіңіз керек жұмыстар бар ма?

4. Мереке кездерінде университетке қандай көмек көрсетер едіңіз?

5. Сіз жұмыс істеуден ерінбейсіз бе?

8-тапсырма. Жеке және қоғамдық жұмыстарды бағанаға бөліп жазыңыз.

Үй жинау, мерекелік шараға қатысу, аула сыпыру, кезекшілік, cу тасу, сенбілікке шығу, көше тазалау, шаң сүрту, жол бойына ағаш отырғызу, үтіктеу, қарттарға көмектесу, кір жуу, бала бақшадан әкелу.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өздік жұмысы

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.