Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Күні: _______ 2011 ж.

Баспа: екінші

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

ЕҰУ ПОӘК

135 беттің 135-беті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кафедра: Практикалық казақ тілі

(кафедра атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

_________K (R) Ya 1105 Қазақ тілі

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

5В050600 – Экономика, 5В050400 – Журналистика

5В090500 - әлеуметтік жұмыс; 5В50100- әлеуметтану

мамандығының(тарының) студенттеріне арналған

(мамандық атау және шифрі)

Астана

2011

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Экономика, журналистика, әлеуметтану, әлеуметті жұмыс

мамандығына арналған

«Қазақ тілі» курсынан

СИЛЛАБУС

1.Курс оқытушысы: практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Байболат Л.Б.Байланыс телефоны: 56-24.

Ғылыми қызығушылығы: қазақ тілін экономика, журналистика, әлеуметтану, әлеуметтік жұмысмамандықтарына оқитын өзге тілді студенттерге ситуациялы тапсырмалармен оқыту.

Ғылыми мектебі:

2. Курс атауы: Қазақ тілі. Курстың коды: K (R) Ya Кредит саны – 6

3. Оқу пәнінің мен орны: кесте бойынша

4. Оқу пәнінің пререквизиттені мен постреквизиттері (деректемелері):

Студенттердің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі үшін қазақ тілінен орта мектеп деңгейіндегі лексикалық минимум мен грамматикалық құрылым жөніндегі алғашқы білімі болуы керек.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы.

5.1. Оқу пәнінің аты: Практикалық қазақ тілі пәні жоғары оқу орнында оқитын студенттердің мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне толық жағдай жасау үшін, оларды грамматикалық және лексикалық тұрғыда толық сауаттандыру үшін жүргізіледі. Қазақ тіліне қатысты теориялық мәселелерге қоса, қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру, мәтіндермен жұмыс жасау, көркем әдебиеттерден үзінділер оқытып, кәсіби мәтіндерді меңгерту, мемлекеттік тілде еркін және сауатты жазуға төселдіру. Аударма жұмыстарына дағдыландыру.

5.2. Оқу пәнінің мақсаты: Жоғарғы оқу орнына қабылданғаннан кейін мектеп қабырғасында алған білімін ары қарай тереңдету, өз беттерінше тұтас мәтіндерді оқып, баяндай алуына қол жеткізу.

5.3. Оқу пәнінің міндеттері.

- мемлекеттік тілді меңгеру азаматтық борыш екендігін ұғындыру;

- қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін, қажетті сөздік қорын ұғына білу-тілді еркін меңгеруге жетелейтіндігін дәлелдеу;

- қазақ тілі – көркем, оралымды, бай тіл екендігін таныту.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны:

Қазақ тілі біртұтас қазақ ұлтына қызмет ететіндіктен, мемлекеттік тіл

болып табылады. Осы тілді оқытуда қатысымдық, тақырыптық және тілдік ұстанымдар негізге алынды.

Силлабустағы жалпыміндетті оқу пәнінің мазмұны міндетті түрде МЖМБС, типтік және оқу жоспарына, ал таңдау пәндері үшін – таңдау пәндері каталогына (ТПК) сәйкес болу керек. Сонымен қатар силлабуста сипатталған оқу пәнінің мазмұны оқу үдерісінің логикасына және кәсіби дайындық жүйесіне сәйкес болу керек.

Оқу пәнінің мазмұнын силлабуста анықтау білім алушылар үшін өте тартымды және кәсіби дайындық тұрғысынан маңызды тақырыптарды сұрыптау қажет. Оқытудың кредиттік технологиясы жағдайында силлабустағы оқу пәнінің мазмұны оқытушыны таңдау үшін, ал таңдау пәндері үшін пән мен оқытушыны таңдауға негіз болады.

Оқу пәнінің мазмұнын меңгеру дегеніміз – оқытушымен тікелей (аудиториялық сабақтар, СОӨЖ, МОӨЖ, ДОӨЖ) немесе жанама (БӨЖ, пән бойынша ОӘҚ және әдебиетпен, бағдарламалық және мультимедиялық материалдар бойынша жұмыс және т.б.) байланысу барысынан күтілетін нәтиже немесе қазіргі терминологиямен айтқанда құзіреттілік.

Жоғары оқу орнының оқу үдерісінде оқытудың нәтижелері белгілі бір мамандық аясындағы құзіреттілік, білім, шеберлік, дағдылары мен шығармашылық деңгейінің дамуы болады.

Құзіреттілік дегеніміз – оқу үдерісінде қалыптасқан білімін, шеберлігін және дағдыларын тәжірибеде қолдана алуы.

Педагогикалық мағынадағы білім дегеніміз – фактілерді, ғылымның идеяларын, ұғымдарды, ұстанымдар мен ережелерді, заңдар мен заңдылықтарды, концепцияларды, теорияларды туындатып, оны жадында сақтау, түсіну.

Шеберлік дегеніміз – «іс жүзіндегі білім», яғни білімін тәжірибеде қолдану тәсілдерін меңгеру.

Дағды дегеніміз – шеберлігін көп қайталай бергеннен әдетке айналатын шеберліктер. Дағды әрекеттің қарапайым тәсілдерінен тұрады, бірақ дағдыны қалыптастыруда міндетті түрде оқытушы тарапынан бақылау мен реттеу талап етіледі.

Қарым-қатынас құрамында күнделікті өмірдегі бағалық бағамдар мен эмоционалды пікірлер қарастырылады.

Шығармашылық әрекет жаңа білім, шеберлік, дағды және қарым-қатынастарды қамтамасыз етеді.