Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

12. Етістіктермен болымсыз түрінде сөйлем құраңыздар.

Пайдалану, кешігу, үнемдеу, қадағалау, сезіну, белгілеу, меңгеру, жоспарлау.

13. Жағдаят тудырыңыз. Пікірлесіңіздер.

«Бүгінгі істі ертеңге қалдырма»

14. «Уақыт – алтыннан қымбат» деген шағын шығарма жазыңыз. Туған жер – алтын бесік

1 -тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Табиғат туралы не айтасыз?

2. Табиғат құбылыстарына не жатады?

3. Табиғатта қандай байланыс бар?

4. Қазақстан табиғаты несімен ерекшеленеді?

5. Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігінің табиғи ерекшелігі неде?

2-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыстап құрастырыңыз:

1. Елім / кең / менің / байтақ.

2. Ерекшеленеді / табиғатымен / Қазақстан / әдемі / өзінің.

3. Байлықтар / жерінде / қазбалы / өте/ қазақ / көп.

4. Қорғауы / азамат / табиғатын / әрбір / елін / керек / өз.

5. Борышымыз / сақтау / азаматтық / біздің / табиғатты.

3-тапсырма. Мәндес сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

ну орман –қалың орман

құтты мекен –жайлы, жақсы мекен

қорған –пана.

4- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз, мазмұндаңыз.

Туған жер –алтын бесік

Мен – Қазақстан азаматымын. Менің елім –кең байтақ. Қазақстан әдемі табиғатымен ерекшеленеді. Біздің елде биік таулар, айдын көлдер, ну ормандар, мөлдір бұлақтар көп. Кең жазық дала –қазақ халқының құтты мекені. Қазақ жерінде қазбалы байлықтар өте көп. Қазақстанда жабайы аңдар, сирек кездесетін жануарлар, әр түрлі құстар мен жәндіктер мекендейді. Жеріміз орманды, далалы, қыратты, шөлді болып келеді. Биікте қыран құстар ұшса, өзен-көлдерде түрлі балықтар, аққу-қаздар жүзеді. Қазақстанның солтүстігінде қыс ұзақтау, қатты болса, оңтүстігінде жаз ұзақтау, ыстық болады. Қазақстан климаты –қоңыржай. Қазақстан – тату-тәтті тұратын көптеген ұлттардың қасиетті мекені. Әрбір азамат өз елін, оның табиғатын сақтап, қорғауы керек. Отанымыз – қорғанымыз болса, табиғат – анамыз. Ата –бабаларымыз “Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас” деп қалай тауып айтқан! Себебі, әр адамның өз елі, өз жері – алтын бесігі.

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сен қайда тұрасың?

2. Қазақстан несімен ерекшеленеді?

3.Қазақ елі нелерге бай?

4.Солтүстік пен оңтүстіктің ерекшелігі қандай?

5.«Табиғат – анамыз» дегенді қалай түсінесің?

6-тапсырма. Сөйлемге керекті сөздерді қойыңыз:

1. Қазақстан табиғаты ........

2. Біздің елде .... таулар, ....өзен-көлдер, ....бұлақтар көп.

3. Солтүстік пен оңтүстіктегі ауа райы ....

4. Қазақ жері кең .....

5. Өсімдіктер әлемі өте ...

7-тапсырма. Екеуара сұхбаттасыңыздар:

  • Олег, сенің өлкеңде қандай әдемі жерлер бар?

-…

  • Саған табиғат аясына шығу ұнайды ма?

- …

  • Сен қандай жыл мезгілінде табиғат аясына жиі шығасың?

-…

  • Қыста балық аулап көрдің бе?

-…

  • Қазақстанның қай жеріне саяхатқа барар едің?

8- тапсырма. Мақал –мәтелдерді жаттап алыңыз.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Табиғатқа қиянат жасау –

Анаға қиянат жасағанмен тең.

9 - тапсырма: Ойланып жауап беріңіз:

а) Алатау, Көкшетау, Қаратау, Сарытау, Ұлытау деген тау аттары неге байланысты қойылған?

ә) Алматы, Астана, Ақтөбе, Екібастұз, Талдықорған деген жер атаулары ше?

б) Ақсу, Көксу, Жылысу, Жетісу, Айнакөл, Шайтанкөл, Ащыкөл деген өзен, көл атаулары ше?