Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Догалов2012.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
1.06 Mб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Күні: _______ 2012 г.

Екінші баспа

«Экономикалық теория негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен

ПОӘК ЕҰУ

Бет . 70 ден 70

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«БЕКІТЕМІН»

Экономика факультетінің деканы

_______э.ғ.к., доцент Алибекова Б.А.

«______»________________2012 ж.

«Экономикалық теория» кафедрасы

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

коды 1109 «Экономикалық теория негіздері»

пәні бойынша: Құр – 11, 13, 15, 17, 19, 19-1;

ККТЖТ -21, 23, 25; ГК -21; СТИС – 11, 13; ОПДЭТ – 11, 13;

ТТиТ – 11, 13, 15, 17; ТПГС – 21; 23; РПЗС - 21, 23 - мамандықтарға арналған

.

Астана 2011

Оқу-әдістемелік кешенді дайындаған э.ғ.к., доцент ____________________ А.Н.Доғалов

Кафедра отырысында талқыланды.

Кафедра меңгерушісі э.ғ.д.,профессор_____________________________________Т.Ү.Садықов

Хаттама 1, « 31 » тамыз 2011 ж.

Әдістемелік коммиссиямен мақұлданды.

Төрағасы _________________________________________С.Д.Жобаев

Хаттама 1, « 31 » тамыз 2011 ж.

Мазмұны

Бағыттың нөмері

Бағыттың атаулары

Беттері

1

Силлабус. Студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (SyLLABUS)

3-8

2

Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар

9-12

3

Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәрісті оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар

13-71

4

Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі

72-73

5

Білім алушының оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар және/немесе тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау

73-85

Семинар сабағын өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау

89-93

6

Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау

96-99

7

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау

99-101

8

Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға арналған оқу пәні бойынша иллюстрациялық материал және олармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқау

102

9

Пәнді оқуға қажетті қосымша материалдар жинағын көрсететін хрестоматия немесе қосымша

102

10

Оқу пәндерінің бағдарламалық және мультимедиялық материалдары

102

1. «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша

жаратылыстану, сәулет және дизайн

Факультеттің барлық бакалавриаттарына арналған силлабус

1. Доғалов Амангелді Нәжмиденұлы, э.ғ.к., «Экономикалық теория» кафедрасының доценті, жұмыс телефоны - 55-01

Ғылыми қызығушылығы: Экономикалық ілімдер тарихі. Қазақстатның экономикалық тарихі. Қазақстаның экономикалық даму мәселелері.

Ғылыми мектеп: С.М.Киров ат. Қазақ мемлекттік университеті, Экономикалық ілімдер тарихі, ғылыми жетекшісі- э.ғ.д., академик А.Қ.Кошанов.

2. «Экономикалық теория негіздері» пәні, 2 кредит, коды 1109

3. Сабақ өтетін уақытпен, жері: 1 семестр, сабақ кестесіне сәйкес сабақ жүргізіледі.

4. Оқу пәндерінің деректемелері:

Пререквизиттер: Философия, Математика, Қазақстан тарихы.

Постреквизиттер: Микроэкономика, Макроэкономика, Халықаралық экономика.

5. Оқу тәртібінің мінездемесі

5.1. Оқу тәртібінің бағыты: әртүрлі экономикалық жүйеде қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды, экономикалық көрсеткіштердің мәнін жүйелі түрде білуге, шектеулі ресурстар жағдайында нарықтың өзін-өзі реттеу тетігін білуге және т.б. үйренуге бағытталған.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерге қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының заңдылықтары мен эволюциясының теориялық аспектілерін түсіндіре отырып, шектеулі ресурстар жағдайында адамдардың іс-әрекеті мен оның қағидаларын, сол сияқты мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының іске асуына белсенді азаматтық көзқарасын білдіруге бағытталған.