Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

7. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:

а. Қазіргі кезде ана мен баланың құқықтық жағынан қорғалуы халықаралық құжаттар талаптарына сәйкес келе ме?

ә. Дамыған елдерде балалар бос уақытын қалай өткізуде?

б. Дамудағы елдерде балалар бос уақытын қалай өткізуде?

в. Кәмелетке толмағандар мен олардың құқын қорғау туралы заң әлі Қазақстанда жоқ. Сіз қандай баптап, ұсыныстар айтар едіңіз.

г. Қазақстанда бала құқы жөніндегі заң қабылдау аса қажет деп ойлайсыз ба?

8. Оқыңыз

Біріккен Ұлттар Ұйымының

Бала құқы туралы” Конвенциясы

(қысқаша шолу)

● Балалар өз отбасында немесе оған өте жақсы қамқорлық жасаушы адаммен бірге өмір сүруге құқылы.

● Балалар жақсы тамақтану мен таза суға құқылы.

● Бала қажетті өмір деңгейіне құқылы.

● Толық жетілмеген балалар ерекше қамқорлыққа құқылы.

● Бала өз тілінде сөйлеу құқығына ие, өз дінінде құлшылық ету, өз мәдениетін пайдалану құқығына ие.

● Бала ойынға, әр түрлі көңіл көтеретін шараларға қатысуға құқылы.

● Бала еркін білім алуға құқылы.

● Бала қауіпсіз өмір сүруге қақылы, оның денсаулығына зиян болмау керек, оларға ұқыпсыз қарауға болмайды.

● Баланы арзан жұмыс күші ретінде немесе солдат ретінде пайдаланбау керек.

● Бала қаталдықтан, әділетсіз, ұқыпсыз қараудан қорғалуға құқылы.

● Бала өз ой-пікірін айтуға қақылы және өз қатарымен көзқарастарын білдіру үшін кездесуге қақылы.

(Конвенция о правах ребенка, ООН – Нью-Йорк. 1991 г.)

Даналар сөзін тыңдайық

Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын!

А.Байтұрсынов

Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең, құл болмақшы.

А.Байтұрсынов

Ел боламын десең, бесігіңді түзе.

М.Әуезов

Туа білген халық тәрбиелей де білуі керек. Ұрпағыңды өмірге әкелген екенсің, оны баули да біл.

Ғ.Мұстафин

Әкелі бала жау жүрек.

Бұқар жырау

Баланың у-шуына жетер дүниеде не бар?

Одан өткен сазды әуенді табу мүмкін бе?

Бауыржан Момышұлы

9. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:

а. Сіз танымал, атақты адамдардың балалық шағы туралы не білесіз?

ә. Қандай танымал тұлғалардың балалық шағы Сізді қызықтырады?

б. Сізді әжеңіз, апаңыз, анаңыз қалай еркелетуші еді (қозым, ботам, күнім, жарығым, балапаным, алтыным)?

в. Анаңыз немесе әжеңіз айтатын бесік жыры есіңізде ме?

г. Әжеңіз айтатын қай ертегі есіңізде қалды?

ғ. Анаңыз Сіздің балалық шағыңыз туралы, қызықты мінездеріңіз туралы айта ма?

д. Бала бақыты, байлығы не деп ойлайсыз?

е. Балалар күнін білесіз бе? Неге бұл күн аталып өтеді?

ж. Газет бетінде жарияланған мына мақалаға Сіз не қосар едіңіз?

Баланың байлығы

Бесінші сыныпта “Байлық дегеніміз не?” атты ашық сабақ жүріп жатты. Оқушылар күбір-күбір әңгімелесіп, өз ойларын ортаға салмақ үшін дайындалу үстінде. Мұғалім стол бетіндегі қағаздарға аз-маз шолу жасап, енді іске кірісті.

  • Қане, балалар, байлық дегеніміз не?

Сол-ақ екен, алдыңғы партада отырған Сәбит қолын бірден көтерді.

  • Байлық дегеніміз – қапшық-қапшық ақша, су жаңа машина, сосын, - деп, міңгірлеп ойланып қалды.

– Отыр, Сәбит. Тағы кім жауап береді?

Кезек манадан жауап беруге ұмтылып отырған Жанарға тиді.

– Меніңше, байлыққа қора-қора қой, үйір-үйір жылқы және алты бөлмелі әсем үй жатады.

Мұғалім бұл жауаптарға қанағаттанбаған ыңғай білдірді.

– Қане, кім қалай жауап береді? Иә, Сайлыбек, сен айта қойшы!

– Байлық дегеніміз – кітап, білім және... – деп, екі сөзді кібіртіктеп әрең айтты. Қысылып, маңдайынан тер бұрқ ете түсті.

– Жарайды, отыра бер. Жақсы жауап.

Манадан екі қолын кезек-кезек көтеріп, “апайлап” отырған Сәулеге де сөз берілді.

– Біздің үйде түрлі-түсті телевизор, бейнемагнитофон және жарқыраған үй жиһаздары көп, меніңше, байлық дегеніміз осы болар.

– Жақсы, отыра бер.

Бұдан кейін Серік, Нұрболат, Құралай есімді оқушылар түздегі, үйдегі байлықтарын ортаға салды. Оқушылардың берген жауаптары мұғалім көңілінен шықпады.

Бір кезде оның көзі артқы партада үндемей, өзімен-өзі отырған моп-момақан Аманжолға түсті.

– Аманжол, сен неге үндемей отырсың? Қане, байлық дегеніміз не? Айта қойшы.

– Апай, мен бай емеспін. Егер жауап берер болсам, мен үшін ең үлкен байлық ол – әкем мен шешем, – деп, әдетінше аузын бұртита қалды. Мұғалімге оқушының мына берген жауабы қатты ұнады.

– Көрдіңдер ме, балалар, дүние-мүлік, ақша деген – қолдың кірі. Сендердің ең бірінші байлықтарың – Аманжол айтқандай, әке-шешелерің мен туған-бауырларың. Сондықтан да әрқашан отбасыларың аман болсын. Міне, нағыз байлық деген осы.

Бұл жауаптан кейін ешкім қол көтермеді. Оқушылар үнсіз ойланып қалды. (Баспасөз беттерінен)