Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

5. Сөйлемді қазақ тіліне аударыңыздар.

Они пришли в гости к ним к 8 часам вечера. Поезд прибывает в половине десятого утра. Мы встретили его детей на улице в 12.20. Позвоню тебе примерно в 9 часов вечера. Сейчас без десяти минут пять. Мне нужно позвонить маме ровно в час дня. Вы направились к нему домой в 5.45. Мой отец позвонил нам в 3 часа ночи. Мы его ждали на вокзале до 1.30.

6.Берілген ойды құптаңыз немесе құптамаңыз.

а) 1. Уақытты саналы сезініп, өмір сүріңіз.

2. Еңбек ету үшін уақыт табыңыз, бұл - табыс кепілі.

3. Оқу үшін уақыт табыңыз, бұл – білім негізі.

4. Қазір әркім өзі үшін еңбектенеді.

5. Ойлану үшін уақыт табыңыз, бұл – күш жігер бастауы.

6. Махаббат үшін уақыт табыңыз, бұл - өмірдің шынайы қуанышы.

ә) Уақытымыздың жаулары

1. түсініксіз мақсаттар

2. тыңдай білмеу

3. ұмытшақтық

4. асығыс шешімдер

5. телефонмен ұзақ сөйлесу

6. жоспарлай білмеу

7. жұмыс уақытында шай, кофе ішуге кететін уақыттар

8. «жоқ» - деп айта алмау

7. Мағынасы жақын сөзді, тіркесті жұптастырыңыз.

Мезгіл әрқашан

Үнемі аяқтау

Уақытты меңгеру босқа уақыт өткізу

Уақытты бағалау уақытты дұрыс пайдалану

Тегін уақыт кетіру уақытты қадірлеу

Бітіру мерзім, уақыт

8. Ой бөлісіңіз.

1. Күнделікті күн тәртібі туралы

2. Демалыс күні туралы

9. Апта, ай аттары, уақыт, мезгілге қатысты ұғымдарды еске

түсіріңіздер.

Апта күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі

Жыл мезгілдері: жаз, күз, қыс, көктем

Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз

Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр

Жазда, жаздыгүні, күзде, күздігүні, қыста, қыстыгүні, көктемде, жазғытұрым,

Таң, таңертең, таңертеңгі, түс, түскі, түсте,

Кеш, кешкі, кешке, түн, түнгі, түнде,

Кеше, бүгін, ертең, бүрсүні, алдыңғыгүні, қазір

Биыл (осы жылы), былтыр (өткен жылы), келесі жылы,

Күн, апта, ай, жыл, ғасыр, мыңжылдық, кезең, дәуір

10. – Қазір сағат он. Таңертеңгі сағат он. Кешкі сағат он.

11.30- Он бір жарым. Он бір сағат отыз минут.

10.15. – оннан он бес минут кетті. Он сағат он бес минут.

12.45.-Бірге он бес минут қалды. Он бес минутсыз бір.

10.Сөйлемнен сан есімнің түрлерін ажыратыңыз.

ХІХ ғасырдың басында паровоз пайда болыпты. 1984-1990 жылдар арасында бес матчта 114 кездесіп, 22 рет Каспаров, 19 рет Карпов жеңген. Д.Қонаев кезінде қазіргі Ұлттық кітапхананың іргесі салынған. ХХ ғасырдың соңында жер тұрғындары 6 миллиардқа жеткен. Мирзоян тұсында іс қағаздары қазақ тілінде болыпты. Нағашым бір жылға шетелге оқуға кетті. Қыркүйектен бастап мектеп оқушылары екінші ауысымда оқиды.Ол бірнеше жыл ғылыми жұмыспен айналысты.

11. Мына мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

1. Уақыт-алтыннан қымбат, уақыт – ұлы емші.

2. Бір жылын ойлаған адам күріш егеді, он жылын ойлаған адам ағаш егеді, жүз жылын ойлаған адам ұрпақ – өсіреді.