Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Байболат Л.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

11. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, мазмұндаңыз:

Елордамызда ең жоғары әкімшілік-басқару құрылымдарының шоғырлануы – мамандар қатарының өсуіне жол ашуда. Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Жоғары сот ғимараттарының аса берік салынғандығын, сәулеттері жағынан қарапайымдылығы мен үндестігін ерекше атап өтуге болады.

Қаламызда екі аудан орталықтарының (Алматы және Сарыарқа) әкімшілік ғимараттары бар. Сондай-ақ елордамызда Қазақстан Республика министрліктері мен агенттіктерінің де орналасқанын айта кеткен орынды сияқты. Олар: ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Спорт және туризм министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР Халықты әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамту министрлігі, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Сауда және индустрия министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктер пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктер.

12. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Өркениет, құрылым сөздерін қалай түсінесіз?

2. Еліміздің экономикасы мен мәдениетінің өркендеп-дамуына қандай 3. жағдайлар, қажеттіліктер керек?

4. Қаламызда қандай денсаулық сақтау мекемелері жұмыс істейді?

5. Сіз болашақта қандай маман иесі болып жұмысқа орналасасыз?

13. Төмендегі министрліктер атауларын толықтырыңыздар:

1. Спорт және ....

2. Әділет .....

3. Білім және ....

4. Мәдениет және ....

5. Халықты әлеуметтік қорғау және ....

6. Қоршаған ортаны .....

7. Энергетика және .....

14. Сіз қандай әкімшілік-басқару орындарында болдыңыз, олар қайда орналасқан? Қысқаша әңгімел

9- САБАҚ

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Қазақ халқы ырымшыл, той-думаншыл халық. Той қуанышта ел шақырылып, ойын-сауық өткізілетін халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрі. Баланың дүниеге келген күнінен бастап, ержеткен ұлы мен бойжеткен қызы қосылып, оларды отау етіп шығарғанға дейін ата-ана баласына арнап той жасаумен болады.

«Шілдехана» жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Халқымызда бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы деп есептеледі. Бесікке салу елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Ол адам бесікті отпен аластап, үстіне 7 бағалы заттар жауып, баланы бөлейді. Мерекелік дастархан жасалып, бесікке салған адамға кәде беріледі. Сондай-ақ баласы ержеткенде әр ата-ана баласын уақытында үйлендіріп, жақсы келін түсіруді армандайды. Болашақ келін бір үйлі жанның, тіпті бір ауылдың тіршілігіне ұйтқы мен үй болуға байланысты халқымыздың құда түсу, қыз ұзату, жасау беру сияқты т.б. салт дәстүрлері бар. «Үйлену», «Шілдехана» т.б. тойларында бәйге балуан күрестіру, сайыс, көкпар, қыз қуу, теңге алу, ұлттық ойындары көрсетіледі.

«Көкпар» өте ертеден келе жатқан ойынның бір түрі. Жадырап жаз келгенде «жаманшылықтың бәрі кетсін» деген сеніммен, қара ешкі сойылып, ортаға салынады екен. Көкпарды тарту тәртібі көкпаршылар алаңды айналып тұарды. Қолында көкпары бар төреші оны алаң ортасына салып, «баста» деп бұйрық береді. Лап қойған жігіттер лаққа бас салады. Белгіленген межеге кім бұрын әкелсе, сол жігіт жеңімпаз атанып, тиісті сыйлығын алады.

«Теңге алу» ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға он сегізден асқан адамдар қатысады. Тақыр жерде ақ шүберекке түйілген ақша тасталады. Ойыншылар атқа мініп, 30-40 метрдей жерге шауып бара жатып, ақ шүберекке түйілген тиынды еңкейіп алулары керек. Іліп алған адам жеңімпаз атанып, жүлде алады. Алғашқы адам тиынды іліп әкетсе, оның орнына тағы салынады. Ат ойыншының қалауынша шабады, бірақ теңге жерге келгенде баяулауға немесе тым қатты шабысқа түсуге болмайды.

Сөздік

ырымшыл-сувереный ер жету-подрастать

қасиетті-священны жүктеу-возложить

баланы бөлеу-укладывать ребенка в люльку (бесік)

кәде-подарк сенім-вера

тегіс-ровный, гладкий баяулау-замедляться