Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать

22.Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.

-сәлеметсізбе балалар

-сәлеметсізбе мұғалiм

-біздің бүгінгі тақырыбымыз  - қазақтың ұлттық музыка өнері. Қазақ халқының ежелгі музыка өнері аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшеленіп, рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келеді. Музыка-халықтың жаны.Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың , соның ішінде қазақ халқының орта ғасырдағы музыкалық мәдениетті ең алдымен сол заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен музыка мұралары, музыка өнерін, музыка аспаптарын зерттеуге көптеген үлес қосқан орта ғасырлық ойшылдар, Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Мұхаммед Хайдар Дулати, сияқты үлкен ғалымдар, А.Левшин, Ш.Уалиханов, А.Затаевич және басқа көптеген ғалым-зерттеушілермен этнографтар көп жазды.  әр халықтың ерекше аспабы бар. ал қазақтардың ерекше аспабы қандай?

-Домбыра

-йә, дұрыс, балалар. Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып жасалады. қандай атақты күйшілерді білесіңдер?

-Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова.

-жарайсыңдар. ал күй деген не?

-Күй – қазақ халқы аспапты музыка мұрасының негізгі жанры. Көне шертер аспабында шертпе күйлер тамаша орындалады. Аспаптың өзіндік үні мен орындау мәнері қазақтың күйлеріне ерекше бояу беріп, құлпыртып жібереді.

23. Кітап мұражайы туралы сұхбат құраңыз.

-сәлеметсізбе балалар

-сәлеметсізбе мұғалiм

-біздің бүгінгі тақырыбымыз - кітап мұражайы. 1978 жылы Алматы қаласында Республикалық кітап мұражайы ашылды. Бұл – бұрынғы Кеңес Одағындағы Мәскеу мен Киевтен кейінгі үшінші, ал күллі кіндік Азиядағы жалғыз кітап мұражайы. Мұнда неше кітап сақтаулы?

-Мұнда елу мыңнан астам кітап сақтаулы.

-Мұражайда тағыда не бар?

-Мұражайдың алты залында түрлі халықтардың баспа ісі мен жазу тарихына қатысты экспонаттар қойылған. Қазақ жерінде туған, тұрған ғұламалардың кітаптары, түрлі-түсті суреттер, қару-жарақтар мен киіз үйдің әсем жабдықтарымен жарасым тауып тұр.

-Мұражайдың қорында қандай кітаптар бар?

-Мұражайдың қорында аса сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қоры бар. Олар араб, парсы, шағатай, латын, кириллица әріптерімен жазылған.

-Дұрыс, тағыда онда Құранның тоқсан сегіз түрі сақтаулы. Олардың ішінде ХVІІ ғасырда алтын сиямен көшірілген Құран да бар. Ал кішкентай сегіз қырлы Құран әлемде екеу-ақ екен, соның біреуі осы мұражайда сақтаулы. Ал «Пушкиннің лицейлік жолдастар мен ұстаздары» еңбек туралы не білесіңдер?

-Орыс ғалымдарын қатты қызықтырған Яков Гроттың Санкт-Петербургте шыққан «Пушкиннің лицейлік жолдастар мен ұстаздары» деп аталатын еңбегін де осы мұражайдан табуға болады.

24. Әбу Насыр әл-Фарабидің кім екенін сұқбат түрінде көршіңізге таныстырыңыз.

-сәлеметсізбе балалар

-сәлеметсізбе мұғалiм

-біздің бүгінгі тақырыбымыз – Әбу Насыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні қандай?

-Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн Ұзлағ Ибн Тархан Әл-Фараби

-Ол қашан дүниеге келген?

-Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді.

- Әл-Фараби кім болған?

-Әл-Фараби қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі, «Әлемнің 2-ші ұстазы» атанған ғұлама.

-Жарайсыңдар. Қандай елдерге сапармен шықты?

-Әбу Наср әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12-16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп, Бағдадқа сапар жасаған.

-Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады .

-Оны неге Аристотельден кейін екінші ұстаз деп атайды?

-Әл-Фарабидің шығармаларында көне замандағы дәстүрдің және "Бірінші Ұстаз" деп Шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарих барысында қалдырған әсері, неоплатонизмнің, несторианшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жақсылары мен бағалыларын әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше бағалы жағы да сол – ол Аристотель ілімінің формальдық жағымен ғана шектелмейді, диалектика элементтеріне, мәселені қарама-қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының іргетасы болып табылатынын дәлелдейді. Әл-Фараби Аристотельдің, Әл-Қиндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді.

-Оның қандай еңбектерін білесіңдер?

-Біздің заманға Әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері толассыз. «Қайырымды қала», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері», «Билеушілер тарихы» және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]