Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать
  1. Қобыз аспабының жасалу тарихына байланысты сұхбат құраңыз.

Мұғалім мен оқушылар арасындағы сұхбат

-Балалар, Қорқыт атамызды бәріміз білеміз бе?

-Йә

-Ол кім?

-Ұлы ойшыл, жырау, қобызшы.

-Дұрыс айтасыңдар. Қобызды кім жасағанын білесіңдер ме?

-Жоқ, айтып беріңізші.

-Аңыз бойынша қобызды жасаған адам Қорқыт атаның өзі. Қорқыт кішкентай кезінен ұғымтал, құймақұмалақ болып өсті. Сол кездегі аспаптардың бәрінде жақсы ойнаған. Алайда оның жаңа бір аспап жасағысы келіп, қарағайды кесіп алып, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ ары қарай не істейтінін білмей қалады. Бір күні ол түс көреді. Түсіне періште кірген екен. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар түйенің терісінен шанақ, ор текенің мүйізінен тиек, бесті айғырдың құйрығынан қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса аспабың сайрайды», - деп кеңес береді. Қорқыт оянып кетіп осының бәрін жасайды. Сөйтіп, қобыз деген аспап пайда болады.

-Қандай қызық аңыз екен.

  1. Алматы қаласының көрікті жерлері жөнінде сұхбат құраңыз.

Мен және басқа қаладан келген құрбымның сұхбаты.

-Алматыға қош келдің! Мен бүкіл емтихандарымды жақсы тапсырдым, енді сені қыдыртам.

-Рахмет! Алматыдағы ең көркем жерлерді көрсетесің ғой.

-Әрине, ең бірінші Көктөбеге барамыз. Алматыдағы ең көрікті демалыс орны болып саналады. Бүкіл Алматы көрінеді, өте әдемі көрініс. Ол жақта әр түрлі мейрамханалар, кафелер, аттракциондар бар. Алматыдағы менің ең сүйікті жерім. Кезектісі Медеу болады. Ол кіші Алматы шатқалында орналасқан. Дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Әдемі тауларды көреміз, ең таза ауаны жұтып келеміз, коньки тебеміз. Келесісі біздің бірінші президентіміздің паркі. Ол жақта көптеген ағаштар отырғызылған, орман ішінде жүргендей боласың. Ең әдемісі – бұрқақтар(фонтаны). Олар әр түрлі түстермен құбылады, кешке қарай барған жөн. Енді мәдени жерлерді ойластырайық, мысалға театрлар. Менің ең сүйіктім – Абай атындағы опера және балет театры. Ғимараты ең әдемі архитектуралық шеберліктерге жатады. Ішіне кіргенде өзіңді сарай ішінде жүргендей сезінесің.

8. Қазіргі жастар қандай? Жастардың тәрбиесі, мәдениеті, білімі, қызығушылығы туралы сұхбат құраңыз.

- Болатбек Жұмабекұлы, 2005 жылдан бастап «Жас ұлан» жастар қанатында жұмыс жасап келесіз. Сол жөнінде айтып өтсеңіз?

- «Жас Ұлан» жастар қанатының жалпы қала ішінде болсын, алға қойған мақсаттары мен бар, әртүрлі бағытта жұмыс жасаймыз. Сол бағыттардың бірі – жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, еліне жеріне деген сүйіспеншіліктерін дамыту болып табылады. Жалпы алға қойған жоспарымызда, жастарымыздың 30 пайызы патриоттық тәрбие мәселесі көзделген. Сондай-ақ, сауықтыру, мәдени, спорттық шаралар, түрлі акциялар өткізіп тұрамыз. Жалпы айтқанда, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлеміз

- Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда?

- Тәуелсіздік күніне орай мектептерде, оқу орындарда, қаладағы ұйымдарда кездесу өткізіп, тәуелсіздік жылдарда жеткен жетістіктерімізді баяндау мақсатында саяси, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар, оқушылар арасында патриоттық тақырыптарда шығармалар сайысын, отансүйгіштік, Отан тақырыптарына, ұйымдастырамыз. «Жас Ұлан» жастар қанатының мүшелері жастар арасында патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында алуан түрлі асулардан асып келеді

-Қазіргі жастарымыздың тәрбиесі, жайлы айта кетсеңіз?

-Шынымды айтсам, барлық жастар жаман емес, мәселе бала тәрбиесінде, тәрбие басқаша, қазір кім бұлай істесем әкем олай істемейсің дейді деп өз айтқанынан бас тартады? әке отбасында ақылды, әрі ең сыйлы адам болу керек, өмір өзгере бәрі қалпына келетініне сенімдімін, себебі қазір айтқандай өмір иә қиынырақ, бірақ жақсы тәрбиеленген адам баласы бәрін де өзгете алады, қиындық көріп өскен адамға ақыл қалай қонбас? бәрі де есуас болып кеткен жоқ Ол үшін арғы түбіміз қазақ екенімізді ұмытпауымыз керек, қазіргі жастар деп бәрін тұтас сондай-сондай деп айта алмаймын, Жақсы адам жақсылыққа сенеді, ал жамандыққа сену бұл күнә деп ойлаймын, не болса да алдымызда жақсы нәрселер күтіп тұрады деп сену қажет.

-Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады.

-Жастардың мәдениеті, қызығушылығы жайлы өз пікіріңізді айта кетсеңіз

-Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Жастар оларды көргенде «керемет» деп тамсанады, қызығып, еліктейді, ал үлкендер «жастар қайда барады» деп күрсінеді, енді біреулер «бәрі ерекшелену үшін» деп жақтырмай да жатады. Осылайша, сан қырлы пікірлер кете береді. Егер сіз, қадірлі оқырман, көшеден жүріс-тұрысы мен киім киісі, жалпы мәдениеті басқалардан оғаш көрініп тұратын өзгеше жандарды байқасаңыз, қандай пікір ұстанып, нендей ой түйер едіңіз

- Қала жастарына не айтасыз?

- Болашақты биіктерге жетелейтін – білімді жастар. Ең бастысы, болашаққа лайықты білім алып, таңдаған мамандықтарын тиісті деңгейде оқыса деймін. Сондай-ақ, қалалық саяси шараларға, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында өткізілетін іс-шараларға белсене қатысып, Қазақстанның гүлденуіне атсалыссын деген тілегім бар.

Можете отсюда че нить добавить:

Жастарымыздың сөйлеу мәдениетінен айналып өту мүмкін емес. Әр түрлі шетелдің маағынасыз сөздерімен қоса бір – біріне саусақтарын желбіретіп сөйлеу дәстүрі қалыптасты. Ерте кезде мұндайды көрген аталарымыз «Жынды» деп бағалаған болар еді. Алайда, бұл «жындыларымыз» бүгінгі таңда құнды болып тұр.

Шетелдің қызықтыра жаққан алау оттарының бірі біздің жастарымызды да шарпып өтті. Құлақты бірнеше жерден, тіл, иек асты, мұрын, кіндік, қабақты тестіріп пирсинг, жылтыр да сан түрлі темір – терсекті іліп тағу етек алды. Бұл Үнді қыздарына еліктегені десең де, қазақ қыздары мен ұлдарына тән іс пе?! Бұл да кезегімен қазақтың сән үлгісіне енді. Ал одан бетер теріге инемен тесіп сурет салғызу татуировка тағы бар. Қазіргі жастардың тәрбиесі бұрынғыдай емес,бұрында 50теңге үшін барлығын жасаушы еді қазір олай емес.Бірақ бұрынғы жастар арақ-шарап көп ішетін,қазіргі жастар ондай емес,барлығы спорт жағынан кеткен.Бірақ араларында Темекі шегетін,арақ-шарап ішетіндерде бар,бұрынғы уақыттан гөрі аз,бірақ қатты аз деп айта алмаймын.Және қазіргі жастар көпшілігі техника жағынан кеткендер.Және автобусда орын бермегені жаман,бір орын үшін кондуктормен қоса ұрысады.Бірақ бұрынғы жастар қазіргі жастарға қарағанда жақсы. . Сонымен қатар қазіргі жастар басқа шет елдің сөздеріне қатты еліктегіш болып келеді. Мысалы қазақтың Салем сөзін айтудың орнына Привет,қалайсың деудің орнына каксын деп қазақтың сөзін қорлайды. Өзге елдің тілін білу әрине жақсы ,бірақ өз еліңде өзге елдің сөзін сөйлеу бұл нағыз мәдениетсіздік.Біз осылай алдағы өмірімізде еліктей берсек тіліміздің болашағы не болмақ....алтын сөз қорымызды қалай толтырамыз. Сондықтан өзге елге еліктемей,керісінше тілімізді басқа елдерге паш етуміз қажет.Сонда ғана өзге елджер бізге қызыға қарайтындай ел боламыз!!!....

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]