Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать

54. «Отырар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз

Отырар – ертеде бүкіл шығысқа таным ал болған. Ол да Түркістан, Тараз, Алматы сияқты Ұлы Жібек Жолы бойында салынған Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі. Тарихи деректерге қарағанда, Отырардың орнында алғашқы қоныстар осыдан екі мың жылдай бұрын пайда болған. Ал, VІ-VІІІ ғасырларда бұл шаһар Сырдарияның орта тұсында құрылған көне түркі мемлекетінің астанасы болған. Қыпшақтар қаланы Қарашоқы, ал арабтар Фараб деп атаған. Отырар қаласы биік те мықты қыш дуалдармен қоршалған. Шаһардың әр тұсында бес қақпасы болған. Билеушілер, байлар мен ірі саудагерлер қаланың орталығында тұрыпты. Қаланың сыртында тұрған шаруалар шаһарды азық-түлікпен қамтамасыз еткен көрінеді.

ХVІ-ХVІІ ғасырларда бұл қала қазақ хандығының саяси, шаруашылық және мәдени орталығына айналады. Қалада мешіт, медресе, монша, ұстахана, базар, қонақ үйі, сауда дүкендері сияқты түрлі ғимараттар салынған. Көне Отырар қаласының мақтанышы әлемдегі ең үлкен әрі бай кітапхана еді. Өкінішке орай, ол сақталмаған. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби осы көне шаһарда дүниеге келген.

  1. «Алматы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

Алматы туралы көне жазба деректердің бірі ХVІ ғасырда түркі тілінде жазылған «Бабыр наме» атты шығармада кездеседі. Бұл шығарманың авторы – Захираддин Мұхамед Бабыр. Ол казіргі Өзбекстанның Әндіжан қаласында туып өскен. Кейін Кабул аймағын билеп, Үндістанда Ұлы моғол империясының негізін қалаған. Бабыр әулеті Үндістанда аңылшындар жаулап алғанға дейін 300 билік құрды.

Бабырдың жоғарыда аталып өткен еңбегінде Алматы қаласының ертеректе Алмату деп аталғандығы және ол қаланың монғол шапқыншылығы кезінде қирап қалғандығы айтылады. Сол сияқты Алмату жөнінде қазақ тарихшысы Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты шығармасында да деректер келтірілген. Бір қызығы, Бабыр мен Мұхамед Хайдардың аналары апалы-сіңлілі болған.

Алмату немесе Алматы атауы «алма өсетін тау» деген мағынаны білдіреді. Е.Қойшыбаев деген ғалымның пікірінше, «ту» лексемасы көне түркі тілінде «тау» деген мағынаны білдірген. Кейін ол ұсақ өзгерістің әсерінен «ты» түрінде қолданылады.

1979, 1990 жылдары Алматыдағы шекарашылар училищесінің аумағында күміс теңгелер табылған. Ғалымдар оны зерттеп, Жетісу өңірінде ХІІІ ғасырда теңге сарайы болған деген болжам айтты. Теңгелерде теңге сарайының аты Алмату деп көрсетілген.

1854 жылы көне Алмату қаласының орнына Верный бекінісі салынды. 1867 жылы оған Алмалы деген атау берілді. Бірақ оның бқл атауы заңды түрде бекітілмеген. 1921 жылы Верный қаласы Алма-Ата деп аталды. Ал 1993 жылы Қазақстан Республикасының (ҚР) Конституциясына сәйкес қала өзінің тарихи атымен Алматы деп аталды.

  1. «Түркістан» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

Ғалымдардың айтуынша, ежелгі қазақ жерінде алғашқы қалалар осыдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған. Бірақ ол қалалардың көбі қазір жоқ. Бірен-саран қалалар ғана сақталған. Көбі түрлі себептермен қирап, үлкен үйінділер мен төбелерге айналған. Археологтар сол қалалардың орындарын тауып, түрлі қазба-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі – Түркістан. ІV-Х ғасырларда бұл қаланың орнында Шабғар деп аталған үлкен қала болыпты. ІХ-Х ғасырларда Шабғар шаһары көрікті қалалардың бірі болған екен. Сол кездерден бастап, ол Йасы (Ясы) деп атала бастаған көрінеді. Ал ХV ғасырдан бастап, бұл көне қала Түркістан деген атпен белгілі болған. «Түркістан» сөзі «түріктер елі, мекені» деген мағынаны білдіреді. ХVІІ ғасырдан бастап, Түркістан шаһары мен оның төңірегі қазақ хандығының билігінде болды. Қазақ хандығының құрылтай жиыны, билер кеңесі, ру-тайпа мәслихаты осы қалада өткізіліпті. Түркістан қаласында атақты Ахмет Яссауи кесенесі бар. Бұл кесене Әмір Темірдің жарлығымен тұрғызылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]