Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать
  1. Т. Әубәкіров, т.Мұсабаевтар туралы шағын әңгіме жазыңыз.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, техника ғылымының докторы, профессор, Қорқыт ата атындағы Қызылорда ұлттық университетінің профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқалы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясында жоғары әскери ұшқыштар училищесін, авиация институтын бітірген. 1969 — 75 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадриля командирінің орынбасары. 1976 — 1992 жылдары Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, медицина, металлургия салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.

Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы (7.1.1951ж.туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы.) Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын 1974 ж. және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін 1993 ж. бітірді. Алматы облысындағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер. 1986 ж. азаматтық авиацияның 30-оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды. 1989 ж. Ульяновск қаласындағы ұшқыштар, диспетчерлер және инженерлік-техникалық кадрлар дайындау орталығын бітіріп, Алматы біріккен авиаотрядының 1-ұшу отрядында ТУ-134 ұшағының 2-пилоты болды. 16-негізгі бағдарлама бойынша 1994 ж. 1 маусымнан 4 қарашаға дейін ұзақтылығы 127 тәулік «Союз ТМ» ғарыш кемесінде борт-инженер ретінде ғарышта болды. 2001 ж. 28 сәуір мен 6 маусым аралығында «Союз –ТМ-32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыштық стансасына барған бірінші экспедициясының экипаж командирі. Бұл ұшу кезінде ғылыми-зерттеулер мен эсперименттердің қазақстандық 4-бағдарламасын орындады. Талғат Мұсабаев Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы»және Ресей Федерациясының Батыры, «Отан», «Халықтар достығы»ордендерімен, NASA-ның «Ғарышқа ұшқаны үшін» медалімен марапатталды. 2000 жылдан Ю.А.Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындау орталығының топ командирі

  1. «Туыстық атаулар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

Қазақта әр адамның туыстары і жұртқа бөлінеді. Бірінші жұрт – ағайын жұрт. Ағайын жұрт деп әке жағынан болатын туыстарды айтады, алайда әйел адамдар ағайын жұртын төркін деп атайды. Екінші жұрт – ана жағынан болатын туыстар, яғни нағашы жұрт. Үшінші жұрт – қайын жұрт. Уйленгеннен кейін күйеуі мен әйелі бір-бірінің туыстарын қайын жұрт деп атайды. Бірге туған апалы-сіңлілі, ағалы-інілі балалар бір-біріне ағайынды болып келеді. Ата-аналар ұлдан туған баланы немере, қыздан туған баланы жиен деп атайды. Немеренің баласы шөбере, жиеннің баласы жиеншар болады. Келін мен күйеу баланың аталары мен әкелері бір-бірін құда, ал әжелері мен апалары бір-бірін құдағи деп атайды. Құда-құдағилар қыз бен жігіттің сіңлілерін құдаша, ал інілерін құда балалар дейді. Келін мен күйеу бала үшін бір-бірінің әке-шешелері қайын ата мен қайын ене, ағалары қайнаға, әпкелері қайынбике болады. Әйелі күйеуінің қарындасы мен інісін қайынсіңлім және қайным десе, күйеуі балдыз деп атайды. Ағайынды екі қыздың күйеулері бір-бірін бажа деп, ал балалары бөле деп атайды. Ағаның әйелі – жеңге, інінің әйелі – келін. Бір үйдің екі келіні бір-бірін абысын – ажын дейді. Жаңа туған сәбидің кіндігін кескен адамды кігдік шеше не кіндік әке дейді. Ал әкенің орнындағы әкені өкіл әке, шешені өкіл шеше деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]