Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать

19.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Темекіге, нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін не істер едің?

-ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан Халқына Жолдауын, Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, нашақорлық пен темекі шегуге қарсы күресті қарқынды жүргізу бағытында көптеген кешенді жұмыстар қолға алынды. Әр қала мен облыста темекі мен нашақорлыққа қарсы орталықтар ашылды, жұмыс істейді. Олар апталықтар, айлықтар өткізеді. Жастарды салауатты өмір салтына шақырады.Темекінің құрамында улы никотин бар.Никотиннің темекіде болатын түсі сары сұйық зат. Суға және майға тез ериді, теріге тез сіңеді. Оны ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктерді өлтіруге пайдаланады. Никотин нерв жүйесінің жансызданып қалуына әсер етеді. Никотин адамға өте қауіпті. Онымен уланғанда көз қарауытып, тамыр қысымы күшейеді, құсады, бұл кезең темекі тартудың бірінші фазасы. Есірткіге әуестену ең қауіпті және өлімге әкелетін қазіргі заманның ең қауіпті ауруы болып саналады.

-Жастар есірткі тартуға қалай үйренеді?

-Бұған көбінесе психикалық тұрғыда әлсіз, жүйке жүйесі нашар, өз көзқарасы жоқ, жұмыссыз немесе оқымайтын, бос уақыттарында не істейтінін білмейтін жеткіншектер барады.

-Бұл дерттен қалай құтылады?

-Бұл аурудан құтылу үшін адам арнайы және ұзақ емделуі қажет, одан кейін өз денсаулығын жедел қалпына келтірге тырысуы қажет. Сондықтан да бос уақытында жастар спортпен, музыкамен, бимен шұғылданып, кітап оқып, мәдени шараларға қатысып өткізгені дұрыс деп ойлаймын.

20.Мүшел жасқа қатысты жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз.

-Ата, қазақтар мүшел деп нені атайды?

-Балам, қазақ халқы 12 жылды бір мүшел деп атайды.

-Адамның мүшел жасы қалай есептеледі?

-Адамның жасын есептегенде оның ана құрсағында жатқан кезі 1 жыл деп саналады. Оған мүшелдің 12 жылы қосылады.Демек адам бірінші мүшелге 13 жаста толады.

-Ата, мүшел жасқа байланысты қандай атаулар қолданылады?

-Сонымен, бірінші балалық мүшел – 13 жаста. Екінші ержету мүшелі – 25 жаста. Үшінші жігіттік мүшел – 37 жаста. Төртінші орта жас мүшел – 49 жаста. Бесінші ақсақалдық мүшел – 61 жаста. Алтыншы қарттық мүшел – 73 жаста. Жетінші кәрілік мүшел – 85 жаста. Мүшел жаста қазақтар әлдебір қауіп-қатерден сақтанып жүреді. Садақа беріп, келесі мүшелге дейін жаратқаннан аман-есендік тілейді. Жақын достарына киімдерін сыйлайды. Бұл іс-әрекет құдайдан кейін достың көзі, пиғылы дұрыс болсын дегенді білдіреді.

21.Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Желтоқсан оқиғасы туралы не білесіз?

-Желтоқсан көтерілісі

— 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.

-Желтоқсан оқиғасының себебі неде?

-Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

-Желтоқсан оқиғасының зардабын шеккен адамдар бар ма?

-Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

-Желтоқсан оқиғасының шындығы ашылды ма?

-Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]